Оқушылардың білім, білік дағдыларын есепке алу және бағалау




Презентация қосу
Оқушылардың білім, білік
дағдыларын есепке алу
және бағалау
ЕРМЕКОВА АЯУЛЫМ
ИЯ-23
Оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру,
бағалау және қадағалау туралы түсінік
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік дағдыларын есепке
алу бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып
есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс
ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу–тәрбие процесінің
табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу
материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап
отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде
білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың
маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді
меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасуы дәрежесі
анықталады.
Осы тұрғыда білім, білік дағдысын есепке алу және бағалау
мәселесіне тоериялық және практикалық талдау жасаудың
маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық
мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К.Исақов,
Е.И.Перовский, С.Ф.Сухорский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктің
ғылыми – педагогикалық еңбектерінде талданған.
Бақылауды ұйымдастырудың жекелеген әдістемелік мәселелері
жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л. Коган және
т.б. теориялық талдау жасаған.
Оылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің
теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды
шығаруға болады, себебі “есепке алу”, “бақылау”, “бағалауды”
ұйымдастырудың мәні, олардың оқу–тәрбие прорцесіндегі қызметі,
формалары мен тәсілдері анықталған.
Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген
мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде
оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін
атқарады, олардың творчестволық күші мен
қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі қорытындылау
сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын,
дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу–таным
әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін
оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық
деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен
дағды көлемін анықтайтын құрал.
Қадағалаудағы ұстанымдар және білімді
тексеру кезеңдері
Оқу процесіндегі қадағалау әртүрлі, көп формалы бола келіп, сан
қилы әдістермен атқарылады. Педагогикалық тәжірбиеде қадағалаудың
бірнеше түрін атауға болады: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық,
қорытынды және өтілген материал ізімен.
Алдын-ала қадағалау - әдетте, диагностикалық міндеттерге орай
жүргізіледі. Ондағы мақсат – оқушылардың оқуды бастауға дейін
игерген білім, ептілік, дағдыларының деңгей, дәрежесін анықтау. Бұл
жұмыс жыл басында не тақырыпты өту алдынан өткізіледі. Алдын-
ала қадағалау нәтижесінің негізінде мұғалім оқу жұмыстарының тиімді
түрлері мен формаларын таңдастырады.
Ағымдағы (күнделікті) қадағалау – оқу барысында ұйымдастырылып,
білім, ептілік және дағдылардың қалыптасу дәрежесін, сонымен бірге
игерілген материалдың қаншалықты терең және берік бекігенін анықтау
үшін қолданылады.
Мерзімді қадағалау – белгілі уақыт аралығындағы
жұмыстардың қорытындысын алуға пайдаланылады. Ол не
тоқсан не жыл жартысы аяғында жүргізіледі.
Тақырыптық қадағалау – тақырып, бөлім материалдары
өтіліп болған соң өткізіледі.
Қорытынды қадағалау – оқу процесінің соңғы нәтижелерін
жинақтау үшін қолданылады. Ол пән бойынша бүкіл білім,
ептіліктер мен дағдылар жүйесін қамтиды.
Өтілген материал, тақырып ізімен қадағалау – тақырып,
курс, бөлім өтіліп, бірқанша уақыт озған соң қалдық
білімді анықтау үшін қолданылады. Мерзім үш айдан
жарты жылға дейін не одан көп созылуы мүмкін. Мұндай
қадағалау оқу процесінің тиімділігін соңғы нәтиже
бойынша пайымдау талаптарына сәйкес келеді.
Оқығандықты тестілеу

Оқығандықтың тестісі – оқыту мазмұнының белгілі бір бөліктерінің
меңгергендік деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалардың
жиынтығы.
Тестіні құруға қойылатын талаптар:
аз уақытқа есептеліну, тестіні орындауға көп уақыт кетпеуі керек;
бірмәнділігі, тестілік тапсырманы әрбіреуі өзінше түсінбеуі тиіс емес;
бұрыстығы, көп мәнді жауап беретін жағдай болмау керек;
қысқалылығы, қысқаша жауап беруді талап ету;
ақпараттығы, бағалауды қамтамасыз етуі;
қолайлылығы, тез нәтижесін анықтауға болатындығы;
стандарттығы, кеңінен қолдануға келетіндігі.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы
Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі
Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелері
Оқушының шығармашылық кітапшасы
Есепке алу және бағалаудың ролі мен маңызы
Сыныптағы оқу үдерісінің жалпы жағдайының диагностикасы
Модульдік оқытудың құрылымы
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
Сай болуға Педагогикалық этика
Шешім қабылдай білу қабілеті
Пәндер