Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері: теориялық, эмпирикалық және аксиологиялық аспектілер


Slide 1

Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері.

Ермекова Аяулым

ИЯ-23

Slide 2

Педагогикалық зертеудің әдіснамалық негіздері.

Педагогика әдіснамасы - педагогика білімі жөніндегі ілім және оны табу үдерісі, яғни педагогикалық таным, алғашқы қалып, құрылымы, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әрекеттері мен әдістері.

Педагогикалық зерттеу әдісінің әдіснамадан айырмашылығы, бұл педагогикалық құбылыстарды оқудың тәсілдері, заңдылықты байланыстар мен қатынастарды қалыптастыру мақсатындағы ғылыми ақпарат жинау.

Педагогикалық зерттеу әдістері деп педагогикалық құбылыстармен педагогикалық процестер, олардың элементтері мен компоненттер арасындағы заңды байланыстарды, қатынастарды, тәуелділіктерді тағайындау және ғылыми теорияларды құру мақсатында ғылыми информациялар алу тәсілдерін айтады. Зерттеулерде жалпы теориялық әдістер, әлеуметтік және психологиялық әдістер, математикалық әдістер пайдаланылады.

Slide 3

Жалпы теориялық әдістерге анализ, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, абстракциялау, жалпылау, нақтылау, модельдеу әдістері жатады.

Әлеуметтік-психологиялық әдістерге сауал-сұрақ, интервью алу, треннинг әдістері жатады.

Математикалық әдістерге рангілеу, шкалалау, корреляция әдістері жатады.

Slide 4

Педагогикалық зерттеу әдістері шартты түрде

Теориялық әдіс

Эмпирикалық әдіс

Slide 5

Теориялық әдістерге анализ, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, абстракциялау, жалпылау, нақтылау, модельдеу әдістері жатады.

Эмпирикалық әдістерге бақылау, әңгімелесу, сауалсұрақ, тестілеу, бағалау, алынған мәліметтерді өңдеу (математикалық, статистикалық, графикалық, кестелік), зерттеу нәтижелерін педагогикалық іс-тәжірибеге ендіру жатады.

Slide 6

Аксиологиялық әдіснамаға сипаттама.

Адам әрдайым болып жатқан құбылыстарды дүниетанымды бағалауға (саяси, құлықтық, эстетикалық және т. б. ), міндет қоюға, шешімін іздеп, табуға, оны жүзеге асыруға мәжбүр. Адамның қоршаған ортаға (қоғамға, табиғатқа, өзіне) көз-қарасы екі жақты белгіленеді: практикалық және теориялық. Практикалық және теориялық көзқарастардың байланысын аксиологиялық (грек. Axia - құндылық және logos - ғылым), немесе құндылықты тұрғы жүзеге асырады, ол, бір жағынан құбылыстарды зерттесе, екінші жағынан қоғамды гуманизациялау (ізгілендіру) міндетін атқарады.

Slide 7

Аксиологиялық тұрғының мәні аксиологиялық принциптер жүйесі арқылы көрсетіледі:

Біртұтас гуманистік құндылықтар жүйесінде олардың мәдени және этникалық ерекшеліктерін сақтай отырып, философиялық көз-қарастардың теңдігі;

Дәстүр мен шығармашылықтың бірмәнділігі принципі, өткен ғылым мен тәжірибені зерттеу мен қолдану және рухани баюдың мүмкіншілігінің қажеттілігін тану принципі.

Адамдардың экзистенциалдық теңдігі, принципі, құндылықтар жайындағы жарыссөздерден әлеуметтік мәдени прагматизмге көшу принципі.

Slide 8

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері
Педагогика ғылымындағы плюрализм және педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері
Педагогикалық зерттеулердің теориялық және эмпирикалық әдістері
Педагогикалық зерттеу әдістері: теориялық және эмпирикалық тәсілдер
Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлерінің сипаттамасы
Эмпирикалық зерттеу әдістері: теориялық негіздері мен практикалық қолданылуы
Арнайы педагогика мен арнайы психологияның теориялық-әдіснамалық негіздері және ғылыми-зерттеу әдістері
Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері
Педагогикалық зерттеулердегі әдіснамалық тәсілдер мен қағидаттар
Ғылыми зерттеу әдістері: теориялық және эмпирикалық тәсілдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz