Сөз таптары туралы мәселенің тіл білімінде қойылысы




Презентация қосу
«Сөз таптары туралы
мәселенің тіл білімінде
қойылысы »

Ермекова Аяулым
ИЯ-23
Сөз таптары
Сөз таптары — өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және
синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз
топтары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады:
а) Белгілі топқа жататын сөздердің семантикалық жағынан
бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар, етістікке қимылдық
атаулар жатады);
ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы;
б) Синтаксистік қызметінің ұқсастығы. Бірақ бұл үш белгі сөз таптарының
бәрінен бірдей табыла бермейді. Мысалы, зат есім, етістіктен үш белгінің үшеуі
де табылады, ал одағайға екінші (морфологиялық) белгі тән емес.
Сөз таптарының саны тілдерде бірдей емес. Мысалы, қазіргі орыс тілі
грамматикасында 10 сөз табы, ал қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр.
Олар: Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Еліктеу сөздер
Шылау, Одағай.
Сөз таптарының табиғаты жайында әр
түрлі көзқарастар мен пайымдаулар.

Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты
жайында әр түрлі көзқарастар мен пайымдаулар
бар. Олардың бірі бойынша, сөз таптары
сөздердің лексика-грамматикалық категориялары
болып саналса, екіншілері бойынша, сөз таптары
сөздердің формальды-грамматикалық
категориялары, үшіншілері бойынша, сөздердің
таза грамматикалық топтары болып саналады.
Сөз таптарын сөздердің лексика-грамматикалық
категориялары деп қарайтындар сөздер өзіне тән
белгілері, атап айтқанда, семантикалық,
морфологиялық және синтаксистік белгілері
бойынша топталып, тиісінше белгілі бір сөз табына
телінеді деп есептейді. Мысалы, А. А. Шахматовтың
пікірі бойынша, әрбір сөз табының мағынасы сөздің
негізгі лексикалық мағынасы мен оған қосымша
грамматикалық ұғымдардың, грамматикалық
категориялардың жиынтығынан құралады.
Ф.Ф. Фортунатов және оның мектебі сөз таптарын
формальды-грамматикалық (дәлірек айтқанда
морфологиялық) категория деп қарады. Ф.Ф.
Фортунатов сөздерді «түрленетін» сөздер деп
топтастырады да, «түрленетін» сөздерді
«жіктелетін» (етістіктер), «септелетін» (зат
есімдер) сөздер септелетіндердің ішінде тек (род)
категориясына орай сөз түрлендіруші формаларға ие
болатын сөздер (сын есімдер) деп іштей жіктейді. Ф.
Ф. Фортунатов үстеулерді «түрленбейтін», бірақ сөз
тудырушы формаларға ие болатын топқа жатқызады.
Сөз таптарын таза грамматикалық категория деп қарайтын
лингвистер де бар. Мысалы, О.П.Суник сөз таптарын
классификациялауда тіл білімінде негізге алынып жүрген
заттық, атрибутивтік, іс-әрекет (процесс) тәрізділерді
лексикалық мағына емес, жалпы грамматикалық мағына деп
есептейді. Оның пікірінше, заттылық – зат есімдерге тән
және оны басқа сөз таптарынан ажырататын жалпы
грамматикалық мағына. О.П.Суник сөз таптарының
әрқайсысына тән жеке грамматикалық категориялар мен
мағыналарды, грамматикалық формаларды сөз таптарын
ажырататын белгілер ретінде емес, сөз таптарының
әрқайсысының өзіне тән жалпы грамматикалық мағынасынан
туатын, соған бағынышты құбылыстар деп қарайды.
Сөз таптардың шығуы мен
дамуы
Тілдегі сөздерді топтастыру мәселесі тіл білімі ғылымында алғашқы
грамматикалардан басталған. Аристотельдің сөздерді есім және етістік деп
бөлгені белгілі. Содан бері ғылым дамып, эр тілдің грамматикаларында
сөздердің топтары нақтыланып, барған сайын анықталып келеді. Бір тілдін
өзінде сөздер әр заманда түрліше таптастырылып отырғаны белгілі.
Мәселен, 1914 жылы баспадан шыққан А. Байтұрсыновтың "Тіл құрал"
атты оқулығында сөздерді алдымен атауыш сөздер, шылау сөздер деп екі
үлкен топқа бөлген. Атауыш сөздерге: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік
деген бес сөз табын жатқызған. Ал, шылау сөздерге үстеу, демеу,
жалғаулық, одағай сөздерді жатқызған. Бұл қазақ тілінде жазылған
алғашқы оқулық екені белгілі. Ахмет Байтұрсынов "Тіл құралдың" 1915
жылғы басылымында сөз таптары туралы пікіріне біраз өзгерістер енгізген.
Оқулықтың бұл басылымында ғалым сөздерді бұрынғы басылымдағыдай
екі үлкен топқа бөлмеген. Сөздерді 9 топқа бөлген: зат 5есім, сын есім, сан
есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулықтар, одағай.

Ұқсас жұмыстар
Одағай сөздердің шығуына ғалымдардың пікірі
Нөлдік морфема
Лингвистикалық мектептер
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері
Фонетиканың зерттелу тарихы
Тарихи морфология
ҚАЗАҚ ТІЛІ СӨЗЖАСАМЫНЫҢ ІРГЕТАСЫНЫҢ ҚАЛАНУЫ ЖӘНЕ БАСҚА САЛАЛАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Нөлдік форма
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Көне түркі тілі: сөйлем мүшелері
Пәндер