Сөздердің байланысу тәсілдері
Презентация қосу
«Сөйлем мен сөз
тіркесі. Сөздердің
синтаксистік
байланысу түрлері»
Ермекова Аяулым
ИЯ-23
Сөйлем
Сөйлем дегеніміз – әр алуан сөздердің өзара тіркесіп
келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құрамы да
түрлі болады. Сөйлемді жеке сөз немесе сөз тіркестері
құрайды.
Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге
болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында
кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен
нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.
Сөйлемдер:
• айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты,
лепті;
• құрылысына қарай жай және құрмалас;
• баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және
болымсыз;
• тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына
қарай жалаң және жайылма;
• баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай
есімді және етістікті;
• бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз;
Жай сөйлем
Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен
сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана
ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі
ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-
бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін
тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады.
Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден
де, екі не одан да көп сөзден де тұрады.
Мысалы, “Жаз”. “Жаз келді”. “Жазда жеміс-
жидек піседі”.
Жай сөйлем түрлері
• Жақты сөйлем – бастауышы бар,жасырын тұрғанда да
баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем түрі. Мысалы: Арада
сүт пісірімдей уақыт өтеді. Кенет отқа көзі түсіп кеткен т.б.
• Жақсыз сөйлем – баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын
жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем деп атайды. Мысалы:Менің
айтқаным келді. Бір жерде көргенім бар т.б.
• Жалаң сөйлем – тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлемді атайды.
Мысалы: Ойын қызық. Үй жылы.Қарағың келеді т.б.
• Жайылма сөйлем – тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлемді атайды.
Мысалы: Едіге ұзақ жол жүрді. Алыстан мұнар тау көрінеді т.б.
• Толымды сөйлем – ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы
қатынасқан сөйлемді атайды. Мысалы: Шашубай мерген еді. Ол
шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді т.б.
• Толымсыз сөйлем – ойға қатысты сөйлем мүшесінің біреуі түсіп
қалған сөйлем түрі. Мысалы: Қарлығаштар тағы келді. Қайта-қайта
келе берді т.б.
• Атаулы сөйлем – кейбір жай сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды,
тек заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын ғана білдіреді
ондай сөйлемдер атаулы сөйлем деп аталады. Мысалы: Дала. Егін
даласы рақат құшағында т.б.
Құрмалас сөйлем
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып,
күрделі ойды білдіретін сөйлемдер құрмалас сөйлем
деп аталады. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай 3
түрге бөлінеді: а) салалас құрмалас сөйлем; ә)
сабақтас құрмалас сөйлем; б) аралас құрмалас
сөйлем.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары
тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан
құрмалас сөйлемнің түрі салалас құрмалас деп
аталады. Мысалы: Сақадай сайланған қырық жігіт
маңдайды батысқа қойды да, төскейді үзеңгіге ала
жүріп кетті.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-
қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем алты
түрге бөлінеді: 1) ыңғайлас салалас; 2) себеп-
салдар салалас; 3) қарсылықты салалас; 4)
кезектес салалас; 5) түсіндірмелі салалас; 6)
талғаулы салалас.
Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің
бірінде айтылған ой мен екіншісіндегі ой мезгілдес, бағыттас,
ыңғайлас мәнде айтылады. Мысалы: Төлеутай әскерге кетті
де, содан қайтып оралмады. Ыңғайлас салалас құрмаластың
құрамындағы жай сөйлемдер да, де, та, те, және, әрі деген
ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің
алдыңғысы соңғысының, соңғысы алдыңғысының себебін
білдіріп тұрады. Мысалы: Көмекші жігіт қойларды ерте айдап
әкеліпті, себебі күннің арты бұзылып келе жатқанын байқайды.
Себеп-салдар салаласты байланыстыратын жалғаулық
шылаулар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті, неге
десеңіз.
Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің
біріндегі іс-оқиға екіншісіндегі іс-оқиғаға қарама-қарсы
болады. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер
бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген
шылаулар арқылы байланысады.
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысын нұсқап,
ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мағынасын ашып, түсіндіріп
тұратын құрмаластың түрі түсіндірмелі салалас деп
аталады. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай
сөйлемдер жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып байланысады
да, арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Ернеудің бір
айналма тұсында із екі айырылды: бірі ернеуді бойлап ілгері
кетті, екіншісі төмен қарай түскен.
Құрамындағы жай сөйлемдерде айтылған іс-
әрекеттің біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін
саласатың түрі талғаулы салалас деп аталады.
Талғаулықты салаластың құрамындағы жай
сөйлемдер не, немесе, я, яки, не болмаса, я
болмаса, болмаса, әйтпесе, әлде деген
талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы
байланысады.
Кезектес салаластың құрамындағы жай
сөйлемдері айтылған іс-әрекеттің кезектесіп жүзеге
асуын көрсетеді. Кезектес салаластың құрамындағы
жай сөйлемдер бірде, біресе, кейде деген
кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы тек
салаласа байланысады да, араларына үтір
қойылады. Мысалы: Бірде желбіреген ақ сәулелі
дала кездеседі, кейде қызыл бұйра тобылғылы
адырлар ұшырасады, біресе көкала қамысты көлдер
кездеседі.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының
баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағына
байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас
құрмалас деп аталады.
Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы бағыныңқы
мен басыңқы сөйлемдерінің мағыналық қарым-
қатынасына қарай алты түрге бөлінеді: 1) шартты
бағыныңқы; 2) қарсылықты бағыныңқы; 3) себеп
бағыныңқы; 4) мезгіл бағыныңқы; 5) қимыл-сын
бағыныңқы; 6) мақсат бағыныңқы.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің біріншісі екіншісіндегі
істің орындалу не орындалмау шартын білдіретін
құрмаластың түрі шартты бағыныңқы сабақтас деп
аталады. Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның
тіленбей.
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің
бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары:
1) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің -са, -се
шартты рай тұлғасынан болады.
2) көсемше тұлғалы етістіктің -ма+й, -ме+й немесе -
майынша/мейінше, -байынша/бейінше, -пайынша/
пейінше жұрнақтарынан болады.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің
бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары бір-біріне қарама-
қарсы мағынада қолданылады. Қарсылықты бағыныңқы
сабақтастың бағыныңқы сыңары қайтсе де, не етсе де,
қайткенмен, не еткенмен, қайткенше, не еткенше,
қайткеніне (не еткеніне) қарамастан, қайте тұра, не ете
тұра? сұрақтарына жауап береді.
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс
екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрі
мезгіл бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мезгіл бағыныңқы
сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары қашан, қашанға дейін,
қашаннан бері, қай кезде? деген сұрақтарға жауап береді.
Себеп бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқысы басыңқыдағы
айтылған ойдың себебін білдіреді. Себеп бағыныңқы сабақтас
неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап
береді.
Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы
істің, қимылдың қалай орындалғанын білдіретін құрмаластың
түрі қимыл-сын бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы:
Күн батар алдында балықшы жігіт сыртқа әлденеше рет шығып,
биік жар басынан теңіз жаққа көз салды.
Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы
істің, қимылдың мақсатын білдіретін құрмаластың түрі мақсат
бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Жалпақ ел
жауабын өз аузынан айтпақ болып (не етпек болып?), ұлыққа
таң атпай келіп еді.
Аралас құрмалас сөйлем. Құрамындағы жай
сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та
байланысатын құрмаластың түрі аралас құрмалас
сөйлем деп аталады. Аралас құрмалас
сөйлемнің құрамында кем дегенде үш жай
сөйлем болады. Аралас құрмаластағы жай
сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады: 1)
ешбір жалғаулық шылаусыз іргелес тұру
арқылы; 2) жалғаулық шылаулар арқылы.
Аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай
сөйлемдердің – бағыныңқы,
басыңқы сыңарларының орын тәртібі әр
түрлі болады. Мысалы: Көктем шығып, күн
жылынды, бірақ таудағы қар әлі еріген
жоқ. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
Сөз тіркесі
Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және
мағыналық жағынан байланысқан тобы сөз тіркесі
деп аталады. Сөз тіркесінің негізгі белгілері:
сөздердің байланысуы сөйлем ішінде
анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде
танылады;
толық мағыналы кем дегенде екі сөзден тұрады;
сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен
белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы
байланысады;
сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты
білдіреді.
Сөйлем ішіндегі сөздердің әртүрлі байланысуына
қарай сөз тіркесі еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз
тіркесі болып бөлінеді.
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөздердің байланысу тәсілдері – сөйлемнің, сөз
тіркесінің құрамындағы сөздердің синтаксистік
байланысқа түсу жолдары.
Сөз тіркесі болу үшін сөздер белгілі
заңдылықпен байланысады. Сөздер бір-бірімен 4
тәсіл арқылы байланысады: 1) жалғау арқылы;
2) шылау арқылы; 3) орын тәртібі арқылы;
4) интонация арқылы.
Сөздердің септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары
арқылы байланысуы жалғау арқылы байланысу деп
аталады. Мысалы, достардың кеңесі.
Сөздер шылау арқылы да байланысады. Мысалы,
досым үшін ұялдым.
Сөздер бір-бірімен орын тәртібі арқылы
байланысады. Мысалы, ашық мінез, жапырақты ағаш.
Сөздер интонация арқылы да байланысады.
Мысалы, Абай – ақын.
Сөздердің байланысу түрлері
Сөздердің байланысу түрлері – сөз бен сөзді
байланыстыруға дәнекер болатын тәсілдер негізінде
туып, қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесі.
Қазақ тілінде сөздердің байланысу түрлерінің 5 түрі
бар. Олар: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу,
жанасу.
• Қиысу – сөз бен сөздің жіктік жалғауы арқылы
немесе жіктелу ретімен бастауыштық және
баяндауыштық қатынаста жақ жағынан үйлесе
байланысқан түрі. Мысалы, Мен оқимын (І ж.), сен
оқисың (ІІ ж.), олар келеді (ІІІ ж.), біз дайындаламыз (І
ж.).
• Матасу – сөз бен сөздің ілік септік жалғауы мен
тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы. Мысалы,
Алматтың үйі, ағаштың бұтағы, менің жолдасым, т.б.
• Меңгеру – сөз бен сөздің барыс, табыс,
жатыс, шығыс және көмектес септік
жалғаулары арқылы байланысқан түрі.
Мысалы, балаға мейірімді, үзілісті күту,
тауда жолығу, мектептен келу, еңбекпен
табу, т.б.
• Қабысу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз,
тек орын тәртібі арқылы іргелес
байланысқан түрі. Мысалы, кең бөлме,
орындалған арман, тоғызыншы сынып,
үйдегі қызық оқиға, т.б.
• Жанасу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз,
кейде алшақ кейде іргелес тұрып
байланысуы. Мысалы, телефон арқылы
сөйлесу, үйге дейін бару, әдейі келу.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz