Орал тілдері шоғыры


Slide 1

«Тілдердің генеалогиялық классификациясы»

Ермекова Аяулым

ИЯ-23

Slide 2

Тілдердің генеалогиялық классификациясы

Тілдердің генеологиялық (туыстық) жіктелуі деген дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға (топтар тармақтарына) топтастырылады. Қазіргі кезде әлем тілдері келесідегідей тіл жанұяларына бөлінеді:

Slide 3

1. Үндіевропа тілдеріне қазіргі үнді (хинди, урду, бенгаль, маратхи), иран (иран, тәжік), роман (француз, испан, португал, итальян, румын), славян (орсы, поляк, чех, словак, украин, белорус, серб, хорват), герман (неміс, ағылшын, дат, швед, норвег, галл), балтық (латыш, литван), грек, албан, келть, армян, нуристан тіл жанұялары жатады. Сонымен бірге өлі тіл жанұялары анатлия, тохар, иллирия, скиф, кушан т. б. енгізіледі.

2. Афразиат тілдері: семит (араб, иврит), египет, омот, кушит, чад және бербер тілдері.

3. Дравид тілдері Үндістан түбегіне таралған (телугу, тамиль, каннада, малаялам) .

4. Орал тілдеріне фин-пермь (фин, эстон, мордва), угор (венгр, ханты, мансы), самодий (ненец, эвен) тіл жанұялары жатады.

5. Алтай тілдеріне түркі (түрік, татар, азербайжан, қазақ, өзбек, ұйғыр, саха, қырғыз, тува, башқұрт), моңғол (халха, қалмақ), тунгус-манчур (манчжур, эвен, нанай) және жапон, корей тілдері жатқызылады.

6. Чукот-камчатск тілдеріне чукот және камчат тіл жанұялары жатады.

Осы аталған ірі алты тіл жанұясын нострат тілдері деп атайды. Яғни бұлардың барлығы да бұдан 10-15 мың жыл бұрын өмір сүрген нострат тілдерінен таралған деген болжам бар. Олар Африканың солтүстігінен бастап, Еуразия құрлығына өздерінен бұрын таралған палеоазиат тілдерін біртіндеп ығыстырып, осы аймаққа қоныстанады.

Нострат тілдері

Slide 4

Палеоазиат тілдері

Келесі үлкен тіл жанұясы осы палеоазиат тілдері. Оған:

1. Солтүстік кавказ тілдері (абхаз, шешен, авар, ингуш) ;

2. Син-тибет (қытай, тибет) ;

3. Енисей (кет, юг) ;

4. На-дене (аляска мен америкада таралған) тілдері жатады.

Slide 5

Нигеро-конголез тілдері

Одан кейінгі ірі тіл жанұясы тропикалық Африкаға тұтастай таралған. Бұларды нигеро-конголез тілдері деп атайды. Оның ішінде ірі тіл жанұялары бар:

1. Банту (бенуэ-конго) ;

2. Ква;

3. адамуа;

4. Индиго тіл жанұялары бар. Осы тіл макро жанұясына ніл-сахара тіл макро жанұясының жақындығы бар. Бұған шари-ниль, сахар, судан тіл жанұялары кіреді. Бұл тілдердің екі жанұясы енді нострат тілдеріне жақындасады.

Slide 6

Дүние жүзі тілдері

Дүние жүзі тілдері - Жер шары халықтары тілдерінің жиынтық атауы. “Халықаралық лингвистикалық энциклопедияның” (“The Іnternatіonal Encіclopedіa of Lіnguіstіcs”, 1992) дерегі бойынша, дүние жүзінде 1970 - 80 жылы 6604 тіл (оның ішінде 300 өлі тіл) болса, ал “Әлем тілдерінің атласы” (“Atlas of the World’s Languages”, 1994) әлемде 6796 тіл бар деп мәлімдеген. 20 ғасырдың 90-жылдарында дүние жүзінде 6 мыңдай тіл бар деу шындыққа неғұрлым сай келеді. Дегенмен, ғылымда Дүние жүзі тілдердінің ұзын саны 3000-нан 1-ға дейінгі аралықта деген тұжырым да жоқ емес.

Slide 7

Үндіеуропа тілдері шоғыры

Үнді-Еуропа тілдерi - Еуразиядағы ең ірі тіл шоғырының бірі.

Үнді-Еуропа тілдері тарихи кезеңдерге байланысты Еуропаға, Иран мен Үндістанға, Алдыңғы Азия мен Орталық Азияға, Кавказға, кейін Оңтүстік пен Солтүстік Америкаға, Сібірге, Австралия мен Африканың кейбір бөліктеріне тараған. Үнді-Еуропа тілдер құрамына кіретін тілдер тобы: хетт-лувия немесе анатолия; үнді тілдері; иран тілдері; армян тілі; фригий тілі; грек тілі; фракий тілі; албан тілі; иллирий тілі; венет тілі; италий тілі; роман тілдері; кельт тілдері; герман тілдері; балтық тобы: батыс, балтық-прусс, ятвяж; славян тілдері; тохар тобы: тохар A немесе карашар; тохар Б немесе кушан, т. б.

Slide 8

Алтай тілдері шоғыры

Алтай тілдері - Азия және Шығыс Еуропада, Балқаннан Мағадан облысына дейін және Таймырдан Иран және Рюкю аралдарына дейін таралған, 60-қа жуық тілден тұратын ұя.

Алтай тілдерінде сөйлейтін халық саны шамамен 380 млн адам (2004 ж. санақ бойынша) . Құрайтын бұтақтарының генетикалық туыстығы дәлелденбеген: кейбір ғалымдардың пікірінше, олар ежелгі замандағы тілдердің терең қарым-қатынасынан алынған.

Кең таралған көзқарас бойынша, алтай тіліне түркі тілдері, моңғол тілдері, түнгіс-манзу тілдері, максималды нұсқамен корей тілі жапон-рюкю тілдері жатады.

Глоттохронология мәліметтері бойынша, ежелгі алтай тілінің бөлінуі б. з. д. 5000 жыл бұрын басталған.

Slide 9

Орал тілдері шоғыры


Ұқсас жұмыстар
Тілдердің классификациясы
Түркі тілдері
Тұрғын халықтың ұдайы өсіп - өну географиясы
Ұлттық мемлекет құру жолындағы қазақ халқының қозғалыстарының бастаулары
XIX ғасырдағы салыстырмалы-тарихи тіл біліміне ғалымдардың қосқан үлесі
МАЙЛЫ ЗЫҒЫР
КӨНЕ ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІ
Кейбір лингвисттер түркі халықтарының тамырын
Бастауыш мектепте қазақ тілі грамматикасын оқыту
Өсімдіктер физиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz