Физикалық шаманы өлшеу тәсілдері


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ

«ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА» КАФЕДРАСЫ

Пән: FOA 3214, FOA 2212 - Физиканы оқыту әдістемесі Білім беру бағдарламасы: -«6В01513 - Физика-информатика»

- «6В01582 - Физика»

БАКАЛАВР

ҚЫЗЫЛОРДА 2022

Slide 2

Лекция №. «Физикадан оқушылардың алатын білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын тексеру және ұйымдастыру. Оқушылардың білімін тексерудің ауызша және жазбаша тәсілдері, түрлері, оларды бағалау. Тест және оның түрлері, ұйымдастырылуы»

Жоспар:

Негізгі және орта мектепте оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексерудің ерекшеліктері

Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің әдіс-тәсілдері.

Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау

Сабақтың мақсаты: Студенттерді оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексерудің әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

Slide 3

Физикадан үлгерімді тексеруге - білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру кіреді.

Оқушылардың үлгерімін тексерудегі негізгі талаптарға

тексерудің жүйелілігі

бағаның әділ қойылуы жатады.

Оқушылардың физикадан білімін ауызша және жазбаша, ал іскерліктер мен дағдыларды эксперименттік және графиктік есептерді шығарудың, бақылау және лабораториялық жұмыстардың көмегімен тексереді.

Slide 4

Оқушылардың білімін тексерудің ең кең тараған түрі - ауызша тексеру. Оның көмегімен мұғалім мен оқушының арасында тікелей байланыс жүзеге асады. Білімді ауызша тексеруді сабақтың барысында, қайталау уақытында және жаңа материалды оқып үйренуге дайындық кезінде, сабақтың соңында өткізуге болады.

Білімді ауызша тексеру тәсілі екі формада: жеке және жаппай өтеді.

Ауызша тексеру тәсілі

Slide 5

Білімді тексерудің жазбаша тәсілі бақылау жұмыстарын, тест тапсырмаларын өткізу жолымен жүзеге асады.

Жұмыстың ұзақтығы түрліше болуы мүмкін: 10-15 минуттан бір сабақ бойына дейін. Бір сағаттық бақылау жұмысын бір тоқсанда бір-екі рет өткізеді.

Жазбаша тексеру тәсілі

Slide 6

Практикалық іскерліктер мен дағдыларды тексеруді приборлар мен аспаптардың көмегімен оқушылардың түрлі тәжірибелерді орындау жолымен өткізеді.

Мұндай практикалық тексеру жұмыстары жеке-дара, сондай-ақ жаппай өткізіледі.

Slide 7

Оқушыладың білімі бес балдық жүйемен бағаланады. Бағаларды қою кезінде мұғалім анықталған критерийлерді жекетшілікке алады, оларға білімдердің тереңдігі, көлемі және меңгерген білімді жалпылай алу мен талдай білу, алған білімдерін танымдық және практикалық іскерліктерге қолдана білу жатады.

Білімдерді бағалау кезінде мұғалім физика бойынша жалпы білім беру бағдарламасында келтірілген білімдерді бағалау нормаларын басшылыққа алады. Бағдарламада бағалау кезінде қолданылатын білімдер мен іскерліктер ажыратылып көрсетілген. Оларға мыналар жатады:

1. Құбылыстың белгілері, оның анықтамасы.

2. Оның өту мен байқалу шарттары.

3. Ол құбылысты қазіргі заманғы ғылыми көзқарас тұрғысынан түсіндіріп, дәлелдеу.

4. Оның басқа құбылыстармен байланысы.

5. Құбылыстың практикада ескерілуі.

Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау

Физикалық құбылыс жайында:

Slide 8

1. Физикалық шамамен сипатталатын құбылыстың қасиеттері.

2. Бұл шамамен басқа шамалардың арасындағы байланысты көрсететін формула.

3. Физикалық шаманың анықтамасы.

4. Оның өлшеу бірліктері.

5. Физикалық шаманы өлшеу тәсілдері.

1. Физикалық заң қандай шамалардың арасындағы байланысты тағайындайды.

2. Заңның тұжырымдамасы.

3. Заңды дәлелдейтін тәжірибелер мен эксперименттік факт.

4. Заңды осы заманғы ғылыми теориялар негізінде түсіндіру.

5. Заңды практикада қолданудың (ескерудің) мысалдары.

Физикалық шама жайында:

Физикалық заң жайында:

Slide 9

1. Құрылғының қызметі.

2. Құрылғының сызбасы (схемасы) .

3. Құрылғының жұмыс істеу принциптері.

4. Қолданылуы.

1. Тәжірибенің мақсаты.

2. Тәжірибенің сызбасы (схемасы) .

3. Тәжірибе өтетін жағдайлар.

4. Тәжірибе жасау.

5. Тәжірибенің қорытындысы.

1. Нысанның жалпы сипаттамасы.

2. Пайда болу шарттары.

3. Нысанның физикалық қасиеттері.

4. Сапалық сипаттамалары.

5. Модель.

6. Нысанды сипаттайтын негізгі теңдеулер.

7. Оның мүмкін күйлері.

8. Практикада пайдаланылуы.

Приборлар жайында:

Нысан жайында:

Тәжірибе жайында:

Slide 10

Бағалауға келесі іскерліктер жатады:

табиғат пен техниканың құбылыстарын түсіндіру үшін ұғымдарды, заңдарды және теорияларды қолдану;

оқулықпен өзбетінше жұмыс істеу;

белгілі заңдар мен формулалар негізінде есептерді шығару;

физикалық шамалардың анықтамалық кестелерін пайдалану.

Лабораториялық жұмыстарды бағалау кезінде келесі іскерліктер ескеріледі:

тәжірибені жүргізуді жоспарлау;

схема бойынша қондырғыны жинау;

өлшеуіш приборларды қолдану;

бақылаулар жүргізу, өлшеуіш приборлардың мәліметтерін алу, шамалар тәуелділіктерінің кестесін құру және графиктер тұрғызу;

өлшеу нәтижелерін бағалау және өлшеу қателіктерін есептеу (жоғарғы сынып үшін) ;

істелеген жұмыс бойынша қысқаша есеп беру және қорытынды жасау.

Slide 11

Бағдарламада оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау нормасының мысалы келтірілген.

Slide 12

Бақылау сұрақтары:

Негізгі және орта мектепте оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексерудің ерекшеліктерін атаңдар.

Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің әдіс-тәсілдерін көрсетіңдер.

Оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларын тексерудің маңызы мен қажеттілігі қандай?

Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалаудың түрлерін көрсетіңдер.

Slide 13

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Өлшеу. Өлшеудің қателіктері. Пайда болу сипаты бойынша түрлері. Өлшеу классификациясы
Біріктірілген және жиынты өлшемдер
Өлшеу қателіктері
Өлшеуіш аспаптар
Бастауыш сынып математикасында шама ұғымын оқыту әдістемесі
Өлшеу түрлері
Өлшеулер қателерінің теориясы
Мультипликативті қателік - шамасы өлшенетін шамаға пропорционал қателік
Өлшеу және өлшеу құралдарын жіктеу
Жанама өлшеулер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz