1922 жылдар аралығындағы аштық сипаты




Презентация қосу
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕР» КАФЕДРАСЫ

Презентация
Тақырыбы:Қазақстандағы аштық- 1921-1922 жж:
құжаттар, статистика, ақпарат
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1921-1922 жылдар аралығындағы аштық сипаты
Ашаршылық салдары
Аштық шығу себебі
Ашаршлықпен күрес
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ашаршылық — саяси-әлеуметтік процестер
мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары
болып табылатын әлеуметтік апат.
1921-1922 жылдар аралығындағы
аштық сипаты
1921-1922 жылдардағы аштық қазақ халқының басына түскен
аса ауыр нәубет. Қаншама азаматтарымыз аштықтан көз
жұмып, ай далада көмусіз қалды. Қаншама қазақтың ошағы
сөнді. Бір үзім нанға зар болып, қолын жайып, қайыр тілеп,
ауыл-ауылды аралап, қала көшелерінде тентіреп, босып шет
жұртқа кете барды
Қазақ жерінде аштыққа ұшыраған Орынбор, Ақтөбе, Орал,
Қостанай, Бөкей губерниялары мен Адай уезінің жағдайы аса
ауыр болды. Бұл өңірлер осы уақытқа дейін де көп
қиыншылықты бастан кешірген еді. Кеңестік жүйе орнағанға
дейін патша үкіметінің қыспағын көрген, жерінен айырылған,
отарлаушыларға кіріптар болса, ал азамат соғысы кезінде ақтар
мен қызылдардың қанды қылышына ілікті.
Ауа райының қуаңшылығына
байланысты астық шықпай қалып,
елді аштық жайлады.- 1921–1922
жылдары Қазақстан халқының 1/3
бөлігі осы аштық қасіретін бастан
кешірді. 1921 жылдары ашыққан
адамдардың саны – 1 млн. 508 мың
адамды құраса, 1922 жылдары
олардың саны 2 млн. 303200 адамды
құраған.Аштық әсіресе Қазақстанның
Батыс аймағын қамтыды,1922 ж.
маусымда 82 % қамтыды.Ал астық
мол шыққан Семей, Ақмола
губернияларында жиналған астықтың
80% орталыққа әкетілді. Қазақстан
Ресейдің Мәскеу, Петроград, Самара,
Қазан, Саратов өлкелерінің
ашығушыларына көмек көрсетті.
•1921-1922 жылдардағы аштықтың салдары
• Демографиялық жағдай нашарлап кетті.
• 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп
кетті.
• Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны 1/3 –
ке дейін азайды.
1922 жылы КазАКСР-інің партия ұйымдары мен кеңес органдарының
барлық күш-жігері ашаршылықпен күреске бағытталды. Ашыққан
халыққа көмек көрсету жөніндегі Орталық комиссия мен жергілікті кеңес
органдары жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 1922 жылдың ортасына
қарай 777 192 адамды тегін тамақтандыру мүмкіндігі туды
1922 жылы егістікке себілген дәннің 60% Кеңес өкіметі берген болса,
сонымен қатар ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алу
үшін 25 млн. сом қаржы бөлінді.
Түркістан ашыққан Ресей өлкелеріне астық беріп қана қоймай, 20 мыңға
жуық ашығушыларды өз еліне паналатты.
Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халықтарға 14 вагон балық
жіберді.
Қаңғып қалған балаларға ерекше назар аударылды.1922
жылдың бірінші жартысында республиканың 5
губерниясында аш және қараусыз балаларды тамақпен
және киіммен тегін қамтамасыз ететін 575 балалар үйі
мен 9 станция пайда болды. Ресей Федерациясының
жағдайы қанағаттанарлық деп есептелген кейбір
губернияларына 18 496 қаңғып қалған балалар мен
жетім балаларды тиеген 16 әскери-санитарлық поезд
жөнелтілді.
Қазақстандағы аштықпен күресте ұлт зиялылары Тұрар
Рұсқұловтан бастап, Мәннан Тұрғанбаев, Міржақып Дулатов,
Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Шаймерден
Тоқжігітов, Уәлитхан Танашев және тағы басқалар баспасөз
беттеріне ойларын ашық жазған. Олардың аштық жайлап
жатқан кезде халықтың салық төлеуін қисынсыз, азық-түлікті
тұрғындарға бөлуде әділетсіздік орын алып отырғандығын
ашық жазып, ұсыныстар білдірді. Мәселен, У. Танашев салық
салуда егін шықпай қалған аудандарды ескеру қажеттігін
көтерді.М. Тұрғанбаев та газетке жариялаған «Аштарға
жәрдем бер» деген мақаласында аштықтың алдын алуда келесі
жылға дайындықты күшейтіп, егін салу, пішенді жөндеу
жұмысына қамды алдын-ала жасау қажеттігіне үндеген
Аштыққа көмек қолын Семей қаласындағы М. Дулатов, Ж. Аймауытов,
Р. Мәрсеков бастаған ұлт зиялылары созды. Олардың басқаруымен
жиналыс өткізіліп, халықты көмек беруді шақырған үндеу жарияланды
және осы іс-шараға белсене кірісіп, елден «жылу» жинай бастады. Семей
өңірінен жиналған малдарды аштық тырнағына ілініп, әбден титықтаған
Торғай уезіне айдап апару, оларды малсыз қалғандарға бөліп беру ісінде
басшылық жасады. Өкінішке орай олардың бұл іс-әрекеттері кейін
өздеріне керісінше тиіп, кейбірі істі болып, сотталып та кетті. Мысалы,
М. Дулатов 1929 жылы 1 қаңтарда ОГПУ өкіліне берген жауабында
Торғай, Ырғыз, Қостанай уездері мен Орал губерниясының ашыққан
тұрғындарына арнап көмек көрсету жөнінде бірінші болып «Қазақ тілі»
газетіне үндеу тастағанын жазып, өзінің Семей губерниясының үш уезін
аралап «жылу» жинауға қатысқандығын, соның нәтижесінде 2-3 айдын
ішінде 15 мыңдай ірі қара мал жиналып, атаған уездердегі аштарға
үлестіріліп берілгенін айтқан. Алайда осыдан кейін ол Семейге келген
кезінде тұтқындалып, Орынборға жіберіліп, біршама уақыттан кейін
қайтадан босатылады
Ұлт зиялыларынан аштықты ауыздықтауға
белсенді кіріскен азаматтың бірі – Мұхтар
Әуезов болды. Аштықпен күреске қатысты
өткізілген конференция барысында
Қазақстан халқына аса үлкен нәубет
әкелгендігін, аштықпен күресуде
партиялық ұйымдардың босаңдығын, әлі
күнге дейін нақты шығын турасында
ешқандай да мәліметтің жоқтығын, дала
халқына арнап нақты жоспар
қабылданбағандығын баса көрсете келе,
тез арада одан шығу жолын іздестіруді
қажеттігін көтерді . М.Әуезов «Қазақ тілі»
газетіне ең бірінші болып, қазақ жерінде
аштық басталғандығы жөнінде дабыл
қаққан. Ел аштықтан құтылудың бірден бір
жолы егін салу деп көрсетеді
Қорытынды:
1921-1922 жылдардағы аштықтан қазақтың отбасы тұтастай
қырылды. Аман қалғандары шет мемлекеттерге кетті.
Қазақстандағы ашаршылық ұлт зиялыларын бей-жай
қалдырмады. Барлығы қолынан келгенше халықтың аман
қалуын тілеп, жоғары үкімет орындарына, Орталық үкіметке
хат жолдап, көмек сұрады. Өздері елді аралап, ашыққандарға
арналған асханалар ашу, оларды азық-түлікпен қамтамасыз
етуге бар күштерін жұмылдырды.Ұлт қамын ойлаған қазақ
зиялылары мен жекелеген аймақтардың көрсетілген көмектері
арқасында бұл күндер де артта қалды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. Монография.
Екінші кітап. –Алматы: , 2017. – 656 б.
Тлеужанова, М. К. Қазақстан тарихы. 1-т.: оқу-
әдістемелік кешені / - Алматы : Эверо, 2016. -
316 бет. С
https://www.google.com/url?sa=i&url=https%3A
%2F%2Fppt-online.
http//edu.e-history.kz/ru/publications/view/449
Глосарий:
1921-1922 жыл аштық қазақ халқының
түскен аса ауыр нәубет.
Ашаршылық саяси-әлеуметтік процестер мен
табиғаттағы қолайсыз ахуалдар
салдары болып табылатын әлеуметтік
апат.
Қуаңшылық ауа температурасының күрт көтерілуі
мен ылғалдың шұғыл азаюы әсерінен
туатын күрделі метеорологиялық
құбылыс.
Салық мемлекеттік бюджетке заңды және жеке
тұлғалардан белгілі бір мөлшерде
түсетін міндетті төлемдер.
Жұқпалы ауру бұл ауруды тудыратын
микроорганизмдердің кесірінен пайда
болатын және жұқтырған адамнан
(немесе жануардан) сау адамға
берілетін ауру турлері.
Отаршылдық өз елінің шет жағында бос жатқан
жерлерді қоныстану және
шаруашылық үшін игеру («ішкі
отаршылдық»), сондай-ақ басқа
елдерде қоныстар салу («сыртқы
отаршылдық»).
Індет немесе пандемия жұқпалы ауру қоздырғышының ауру
ағзадан сау ағзаға жұғып, үздіксіз
таралуы.
Жұт ауа райының аса қолайсыз құбылыстары
(қуаңшылық, жерді көк мұз басуы, тағы
да басқа) салдарынан белгілі бір аймақ
тұрғындарының экономикалық күйзеліске
ұшырауы.
Жылу жинау Бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үй–
мүлкі, малынан айырылғанында ауыл
тұрғындары, көрші-көлемі, туған-
туыстары мал, дүние, ақшалай көмек
көрсетеді
Кестені толтыр!
Сұрақ Жауап
Ашаршылық жылдары
Болу себебі

Аштыққа ұшыраған аймақтар

Ашығушылар саны

Іс-шаралар ұйымдастыру

Зардаптары

Ұқсас жұмыстар
Жаңа экономикалық саясатқа көзқарастар
Қазақ ауылы
Ашаршылықпен күрес
Қазақстан ашаршылық жылдары
Қуғын - сүргін, ашаршылық құрбандарын еске алу
Екінші ашаршылық
Қазақстандағы 1921-1922 жж, 1931-1933 жж ашаршылық
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері
Өмірінің соңғы жылдары
Жаңадан табылған шығармалары
Пәндер