Жұқпалы емес ішкі аурулар




Презентация қосу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Ауыл шаруашылық
малдарының жұқпалы емес
ауруларын зерттеудің негізгі
әдістері, жалпы терапия негізі,
жүрек тамырлар жүйесінің
аурулары

Орындаған: Бурибаева Зарина
Тобы: ВМ-202
Қабылдаған: Шынар Касеновна
ЖОСПАРЫ
1)Жұқпалы емес ішкі аурулар;
2)Жұқпалы емес ішкі
аурулармен күресу шаралары;
3)Жүрек қан-тамырлар
жүйесінің аурулары және
оның алдын алу жолдары.
Жұқпалы емес ішкі аурулар
Жұқпалы емес ішкі аурулар – ауру малдардан сау
жануарларға берілмейтін жүрек-қан тамырлар
жүйесінің, тыныс алу, азық қорыту, жүйке, несеп
және организмнің басқа да жүйелерінің
ауруларын зерттейтін ғылым. Бұл аурулар малды
шаруашылық дұрыс бағытта пайдаланбай,
азықтандыру ережесін сақтамағандықтан және
дұрыс күтіп байламағандықтан туындайды. Олар
жалпы аурулардың 90 % шамасын құрайды.
Әсіресе төлдердің азық қорыту және тыныс алу
мүшелері жиі бұзылады. Ал, ересек малдардың
арасында көбінесе зат алмасу (кетоздар,
остеодистрофия, авитаминоздар) аурулары жиі
кездеседі.
Жұқпалы емес ішкі аурулар малдың өнімділігін
төмендетеді, сонымен қатар жалпылай
бедеуліктің, іш тастаудың, өлі туудың, мал
өлімдерінің себептері болып табылады, емдеу
көптеген шығынды керек етеді, ал олардан
келетін экономикалық шығын, індетті және
инвазиялық ауруларға қарағанда орасан зор.
Жұқпалы емес аурулардың пайда болуының әр
түрлі себептері болады. Олар ешқашанда дененi
жайлап алатын микробтардан, бактериялардан
немесе басқа да тiрі организмдерден пайда
болмайды. Сол себепті микробтармен күресетiн
антибиотиктер немесе дәрiлер жұқпалы емес
ауруларды емдегенде көмектеспейтiнiн
түсiнген жөн.
Жұқпалы емес ішкі ауруларға ринит,
бронхопневмония, ларингит, бронхит,
жемсау, вирусты диареялар, журек
аурулары, айналма және т.б. жатады.

Ларингитпен ауырған ит Ринитпен ауырған
ірі қара
Жұқпалы емес ішкі арулармен
күресу шаралары
Жұқпалы емес аурулармен күресу
бағытында ең маңыздысы сақтандыру
шаралары болады, оның негізгісі азықтың
құнарлылығын бақылау, жем- шөптің,
судың сапасына бақылау жүргізу, байлап-
күту, жұмысқа пайдалану кезінде
зоогигиеналық ережелерді сақтау болып
табылады. Сонымен қатар малдың серуенін
ұйымдастыру сұрақтары, уақтылы
сақтандыру шараларын жүргізу және
ауруды емдеудің де атқаратын маңызы аз
емес.
Мемлекетiмiздiң мал шаруашылығын, оның
iшiнде-мал, кұс және басқа жануарлардан өнiм
алуды дамыта отырып, елiмiзде қажеттi азық-
түлік, өндiрiске керекті шикізаттар алу ушiн
жануарларды тиімді пайдалану бугiнгi күннiң
өзектi мәселесі.Сондықтан да жедел
ветеринарлық жәрдемнiң тез көрсетiлуiнiң,
мамандардың кажеттi жабдықтармен және ауру
мал мен жануардын организмiне әсер ететін
дәрілермен қамтамасыз етiлуiнiң манызы зор.
Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал
тұрған жерде көрсетiледі: ветеринарлық
мекемеге әкелінген мал мен жануарларға
күрделі оперативтік ем қажет болған кезде
емдеу мекемесiнде стационар жағдайында
жәрдем жасалады.
Жүрек қан-тамырлар жүйесінің аурулары
және оның алдын алу жолдары.
Жүрек-қантамыр синдромы артериялық
қысымның көтерілуімен, сол жақ
қарыншалардың гипертрофиясымен, қолқа
тамырында екінші саздың күшеюімен,
тамыр соғуының қатаңдауымен және
тахикардиямен сипатталады. Бұл синдром
диффузды нефритке және нефросклерозға
тән. Нефроздарда, егерде бүйректе қан
жүруі бұзылмаса онда артериальді
гипертония болмайды.
Журек пен қан тамырлар жүйесi- мал организмiндегi
ең басты жуйенiң бiрi.Малда жүрек пен қан-тамырлар
аурулары көбiнесе iндеттi немесе турлi жұкпалы емес
аурулардың асқынуынан болады. Кейде негiзгi ауруды
жойғаннан кейiн малдың шығынға ұшырауына жүрек
пен қан тамырларының қайтадан орнына келмейтіндей
болып өзгеруi себепкер болады. Бұл аурулар арнайы
бағыттандырылған шаруашылықтар мен өнеркәсiптiк
кешендерде жиi кездесiп турады. Осы бағыттағы
өндiрiс барысында кездесiп туратын себептер (малдын
тығыз орналасуы, үздiксiз жұмыс iстеп тұрған
тетiктердiң шуылдары т.б.) малды ылги урейлендiрiп,
жуйкелерiн қажытып, журек пен қан тамырлар
жүйесiнiң қызметтерiн бұзуларына әсер етуі журек пен
қан тамырлары қызметiнiң бәсендеуi көбiнесе жүрек
етінің жиырылу қабілетінің әлсіреуiнен болады. Тыныс
алу және басқа да жүйелер мен ағзалардың аурулары
әр түрлі дәрежеде жүрек пен қан тамырлары
қызметтерiнiң бәсеңдеуіне себепші болады.
Жүрек қан-тамырлар жүйесінің аурулары
Жарақаттанған перикардит – жүрек қабының қабынуы бөгде
заттардың енуінен пайда болады. Ауру көбінесе ірі қара мал
арасында жиі, ешкіде сирек кездеседі.
Этиологиясы. Тақия қарын арқылы енген бөгде заттар (істік
темірлер, шегелер, инелер, шыны сынықтары) жүрек қабына
әсерін тигізеді. Бұл заттар тақия қарынға жем-шөппен түседі.
Істік темірлер жүректің қабын, көк етін, ішкі қабатын жарақаттай
отырып, жүрек қабының қуысына түрлі микрофлораларды
енгізеді. Іріңді-сасық қабыну дамиды, жүрек қабының ішіне 20 мл-
ге дейін жалқылы сарысу жиналады. Жиналған жалқық жүрекке
әсерін тигізіп, организм түгелдей бөліктерімен барлығы уланады.
Белгілері. Ауру малдың жалпы күйі нашарлайды, селқостанады,
көбінесе алдыңғы аяқтарын алшақтататып ұстайды. Жүректің
тұсын сипағанда немесе басқанда ауырсынады. Жүрек соғуы
дыбыстарына жүрек қан тамырының үйкеліс шуылдары қосымша
араласады. Ауру 2-3 аптаға созылады да, өліммен аяқталады.
Емі. Малды етке тапсырған жөн. Емі жоқ.
Сақтандыру. Сусымалы жемдерді магнитті қондырғылардан
өткізеді және темір-терсектермен ыластанған жайылымда малды
жаймау керек.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде сарапталуы. ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы жайлы
Қояншаруашылығы өнімдерін жұқпалы ауру кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптаулар
Жұқпалы емес аурулар
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
НОЗОЛОГИЯ ТУРАЛЫ
Шалабай ЖШС
Өсімдіктердің ауру қоздырғыштарға төзімділігін арттыру
Жалпы індеттану
Пәндер