Ғылыми зерттеу, оның эмпирикалық зерттеуден айырмашылығы




Презентация қосу
Ғылыми зерттеу, оның
эмпирикалық зерттеуден
айырмашылығы
Орындаған: Мұсайл Гауһар
Тобы: МЕП-21-1нк2
Ғылыми зерттеу
• Ғылыми-зерттеу – қол жеткен білімдерді кеңейту және жаңа
білімдер алу, ғылыми топшылауларды
тексеру, табиғат пен қоғамда көрініс
табатын заңдылықтарды анықтау, жобаларды ғылыми тұрғыда
жинақтап қорытындылау, ғылымды негіздеу мақсатындағы
зерттеулер, тәжірибелер жүргізумен, ғылыми ізденістермен
байланысты ғылым сипаттағы жұмыстар, талдамалар.
• Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім
берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың
тиімді тәсілі болып саналады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары студентте ғылыми-
зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастырып, қазіргі заманғы
маман дайындау талабына сай зерттеуші (ғалым), басқарушы
(менеджер), практик деңгейінде шығармашылық бастамаларын
дамытып, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін тәжірибеде
қолдануға бағытталуы қажет.

ҒЗЖ-ға қатысу студентті кәсіби пәнді терең меңгеруге, олардың
ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге,
жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар
тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдейді.
Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының басты мақсаты:

- жоғары білімді мамандар даярлау сапасын нарықтық
экономика талаптары сұранысына сәйкестендіре арттыру;
- таным мен зерттеудің ғылыми тәсілдерін қалыптасыра
отырып, шығармашылық-кәсіби ойлау дағдысын қалыптастыру;
- бірыңғай білім (оқу және тәрбие), ғылым және тәжірибелік
үдерістерді қамтамасыз ету;
- әр студентке шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға,
ғылыми зерттеу және ғылыми шығармашылық бағыттағы
конкурстарға әрқайсысына сұранысқа сай және мақсатты
ұстанымдары мен мүмкіндіктеріне орай толыққанды қатысуды
қалыптастыру, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық
т.т. бағытта өсуіне жағдай жасау және оны дамыту,
Эмпирикалық зерттеу
• Эмпирикалық зерттеу зерттеудің қорытындылары нақты
эмпирикалық, демек, «тексерілетін» дәлелдерден қатаң
түрде шығарылатын кез келген зерттеу ретінде анықталады.
Бұл эмпирикалық дәлелді нарықты сандық зерттеу және
сапалы нарықты зерттеу әдістерінің көмегімен алуға болады.
• «Егер мен көрмесем сенбеймін» деген дәйексөзді естіген
шығарсыз. Бұл ежелгі эмпириктерден шыққан және бұл
Ренессанс кезеңінде ортағасырлық ғылымның пайда болуына
түрткі болған және қазіргі біз білетін заманауи ғылымның
негізін қалаған іргелі түсінік. Сөздің өзі Грециядан бастау
алады. Ол гректің empeirikos сөзінен шыққан, «бастан кешіру»
дегенді білдіреді.
Эмпирикалық зерттеудің
түрлері мен әдістері
• Сандық зерттеулер
• Сапалық зерттеулер
• Мәліметтерді талдау
• Эксперименттік зерттеу
• Корреляциялық зерттеу
• Бойлық зерттеу
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Әдістеме деңгейлері
ТАҒАМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
Эмпирикалық әдістер
Ежелгі грек этикасы
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ
Биология пәні бойынша қалыптасатын биологиялық ұғымдарды одан әрі биология курсында дәйекті дамытуға бағытталған қызметін жоспарлау
Ғылыми таным әдістерінің деңгейлері
Эмпирикалық деңгей
Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтік білімнің құрылымы
Әлеуметтану ғылым ретінде
Пәндер