ПРОТЕИНДІК ПАРЕНХИМАЛЫҚ ДИСТРОФИЯЛАР




Презентация қосу
1-ші зертханалық сабақ

ТАҚЫРЫБЫ: ПРОТЕИНДІК ПАРЕНХИМАЛЫҚ
ДИСТРОФИЯЛАР: ТҮЙІРЛІ, СУЛАНУ, ГИАЛИНДІ-
ТАМШЫЛЫ, КҮСТЕНУ ДИСТРОФИЯЛАРЫ

Сағат саны: 2 сағат.
Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: микроскоптар,
макро және микропрепараттар, атлас, түрлі – түсті
карандаштар, интерактивті тақта.
Жұмысты орындауда пайдаланылатын әдістемелік құралдар:
«Жануарлар патологиясы» пәнінен ветеринариялық медицина
мамандығы студенттеріне арналған оқу әдістемелік құрал,
таратылым материалдары, іскерлік ойындар, мультимедиалық
жобада дайындалған материалдар, № 9а, №14, №14а
гистопрепараттар, кестелер.
Түйін сөздер: дистрофия, сулану дистрофиясы, күстену
дистрофиясы, гиалинді-тамшылы дистрофия.
Тақырыпқа байланысты қолданылатын әдебиет: 1.
Ө. Ығылманұлы. Ветеринариялық патологиялық
анатомия. Алматы, 2010 ж.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге жалпы
патологиялық процесстерді және дистрофиялық
өзгерістерді үйрету. Қызметі жағынан жоғары
маманданған торшаларда зат алмасуының бұзылуы
нәтижесінде болатын протеиндік паренхималық
дистрофиялардың себептерін, мәнін және
морфологиясын оқып зерттеу.
Негізгі қарастырылатын сұрақтар: 1) дистрофияның
анықтамасы;
2) протеиндік паренхималық дистрофиялар;
• Паренхималық дистрофия деп
функциясы жоғары маманданған
паренхималық торшаларда зат алмасу
бұзылып, құрылымның өзгеруін айтады.
Протеиндік дистрофия дегеніміз -
денедегі протеин (белок) алмасуының
бұзылуына байланысты торшаның,
ұлпаның құрылымы мен қызметінің
өзгеруі.
Паренхималық протеиндік дистрофияның түрлері

Түйіршікті
дистрофия

Сулану
Гиалин- тамшылы

Күстену
Сулану дистрофиясы - торшада
цитоплазмалық сұйықпен толған
қуыстардың пайда болуы.
Морфогенезі - Цитоплазманың
колликвацияға ұшырап, сұйылуы
(лизосомалық гидролаза белсенділігінің
артуы) сулану дистрофиясы
торшаның дымқыл ошақты некрозы
(баллондық дистрофия) торшаның
түгел дымқыл некрозға ұшырауы.
Гиалин-тамшылы дистрофия -
цитоплазмада қышқыл бояулармен
боялатын, ірі-ірі, мөп-мөлдір нәруыз
тамшыларының пайда болып, торша
ультрақұрылымдық элементтерінің
бүлінуімен сипатталады.
Морфогенезі - цитоплазма
нәруыздарының табиғи түр сипатынан
айырылып, коагуляцияға ұшырауы
гиалин-тамшылы дистрофия
торшаның құрғақ ошақты некрозы
торшаның түгелімен құрғақ некрозға
ұшырауы;
Түйіршікті дистрофия - цитоплазмада көптеген
майда нәруыз түйіршіктерінің пайда болуымен
сипатталатын, жиі кездесетін, негізінен
бауырды, бүйректі, жүректі зақымдайтын
дистрофия түрі.
Макроскопиялық
сипатта: мүшенің шеткі
жиектері доғалданып
көлемі ұлғайған, пішіні
доғалданған, түсі
сұрғылт, көмескі,
жұмсарған, кесіп
қарағанда ішкі суреті
анық емес.
Түйіршікті дистрофия
Морфогенезі: Түтікшелердің
ішкі қабырғасын тыстап
орналасқан эпителий
торшаларының көпшілігі
эозинмен қызыл түске боялған,
көлемі ұлғайып ісінген,
нәтижесінде түтікшелердің
қабырғасы қалыңдап, қуысы
тарылған. Эпителий
торшаларының аралық
шекарасы білінбейді, сонымен
қатар торшалардың ядролары
көрінбейді, кейбіреулері
бүріскен (пикноз) және еріп
кеткен (лизис).
Цитоплазмаларда көптеген
эозинмен қызыл түске боялған
ұсақ түйірлер орналасқан.
Күстену дистрофиясы - деп көп қабатты
мүйізгектенетін эпителийде күстену затының
шамадан тыс көп пайда болуы және сол күстену
затының әдетте кездеспейтін жерлерде пайда
болуын айтады.
Безноитиозбен
зақымдалган қара мал
терісінің гиперкератозы:
тері 2 -3 есе қалыңдаған,
беті кедір - бұдырлы, сұр
түсті, күстену
қабыршақтарымен
жабылған ол жерде тері
жүні сиреген, терінің
тілік бетінде сарғыш
түсті түйірлер көрінеді
(безноитиоз цисталары).
Гистопрепарат 14.
Терінің күстену
дистрофиясы.
Эпидермистің тым
қалыңдағаны және оның
бүртіктеріні ұзарғаны
байқалады. Үстіңігі
күсті қабат бірнеше есе
қалыңдаған, қызғылт -
сары түске боялған.
Эпидермистің
астындағы түк қынабы
мен май бездері
жойылған.
А - авитаминозбен
ауырған тауықтың өңеш
бездерінің күстену
дистрофиясы: Өңештің
кілегейлі қабағында
ірімшік тәрізді күстену
қабыршақтары және
көптеген көкнәр дәнінің
көлеміндей сұрғылт түсті
түйіншектер көрінеді. Бұл
түйіншектер зақымдалған
өңеш бездері. Олардың
көлемі ұлғайған,
күстенген.
Морфогенезі: Бездердің көлемі ұлғайған,
қуысы көрінбейді. Бездің қабырғасы көп
қабатты күстенген жалпақ эпителиймен
тысталған, қалыпты жағдайда без
қабырғасы бір қабатты куб тәрізді
эпителиймен тысталады. Бездің қуысы
эозинмен қызғылт түске боялған, күстену
затымен толған.

Ұқсас жұмыстар
СТРОМАЛЫҚ - ҚАНТАМЫРЛЫҚ ПРОТЕИНДІК ДИСТРОФИЯЛАР
Көмірсулы дистрофиялар
Фибриноидты ісіну
Уланудың патологиялық морфологиясы
Антигендер мен антиденелер
Билирубин алмасудың бұзылыстары. Гемолиттік сары ауру
Азықтың протеиндік қоректілігі
Жасуша бүліністерінің этиологиясы
Бауырдың биохимиясы және хромопротейдтердің алмасуы Билирубин алмасуының бұзылыстары. Сары аурулардың түрлері және олардың диагностикасының тәсілдері
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. 2. Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық факторлары
Пәндер