СТРОМАЛЫҚ - ҚАНТАМЫРЛЫҚ ПРОТЕИНДІК ДИСТРОФИЯЛАР




Презентация қосу
2-ші зертханалық сабақ

ТАҚЫРЫБЫ: СТРОМАЛЫҚ - ҚАНТАМЫРЛЫҚ
ПРОТЕИНДІК ДИСТРОФИЯЛАР
Сағат саны: 2 сағат.
Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: микроскоптар, макро
және микропрепараттар, атлас, түрлі – түсті карандаштар,
интерактивті тақта.
Жұмысты орындауда пайдаланылатын әдістемелік құралдар:
«Жануарлар патологиясы» пәнінен ветеринариялық санитария
мамандығы студенттеріне арналған оқу әдістемелік құрал,
таратылым материалдары, іскерлік ойындар, мультимедиалық
жобада дайындалған материалдар, кроссворд және скандвордтар,
гистопрепараттар, кестелер.
Түйін сөздер: стромалық – қантамырлық протеиндік дистрофия,
мукоидты ісіну, фибриноидті ісіну, гиалиноз, амилоидоз.
Тақырыпқа байланысты қолданылатын әдебиет: 1. Ө.
Ығылманұлы. Ветеринариялық патологиялық анатомия. Алматы,
2010 ж.
Сабақтың мақсаты: Дәнекер, тірек - қоректену және
лимфоидты тоқымаларда зат алмасуының бұзылуына
байланысты протеиндік стромалық қантамырлық
дистрофиялардың даму себептерін, механизмін және
морфологиялық көріну ерекшеліктерін оқып зерттеу.
Негізгі қарастырылатын сұрақтар:
1) Стромалық – қантамырлық дистрофия;
2) Гиалиноз;
3) Амилоидоз;
Студенттің есіне: Қарастырылатын сұрақтарға
толық жауапты дәріс, бейнесабақ және таратылым
материалдарынан ала - аласыз.
Қарастырылатын сұрақтарға қысқаша түсінік: Стромалық -
қантамырлық протеиндік дистрофия деп - дәнекер ұлпада,
қантамырлар қабырғасында протеин алмасуының бұзылуынан
олардың құрылымының өзгеруін айтады. Стромалық -
кантамырлық диспротеиноздардың: мукоидтық, фибриноидтық
ісіну, гиалиноз және амилоидоз деген түрлерін ажыратады.
Гиалинозға ұшыраған талшықты дәнекер ұлпада күрделі белок
гиалиннің пайда болуынан ұлпаның әдеттегі құрылымы жойылып,
бірыңғай затқа - гиалинге айналады. Гиалинозға әдетте ұсақ
қантамырлар, дәнекер ұлпалы қабықтар және трабекулалар
шалдығады.
Амилоидоз - стромалық-қантамырлық протеиндік
дистрофияның бір түрі, дәнекер ұлпадағы ретикулалық
талшыктарға, ұсақ тамырлардың қабырғаларына, без
мембраналарына күрделі гликопротеид - амилоидтың шөгуімен
сипатталады. Нәтижесінде торшалар жайылып, атрофияға
ұшырайды. Амилоидқа метахромазия қасиеті тән, яғни белгілі бір
бояудың түсін басқа бір бояудың түсіне айналдырады. Мысалы,
генциапвиолетпен - қызыл түске боялады.
Студенттермен тақырыпқа байланысты
макропрепараттармен жұмыс жасау
Студенттермен тақырыпқа байланысты
гистопрепараттармен жұмыс жасау
Фолликулалар ішінде орналасқан
артериялардың қабырғасының қа- Гистопрепарат №11. Көкбауыр
лыңдығына. Қабықтың кейбір қабығының және қантамырларының
жерлері тым калыңдаған, эозинмен гиалинозы.
қызғылт боялған ол жердің кәдімгі
талшықты құрылымы жойылған,
торшалардың саны кеміген,
бірыңғай құрылыссыз затқа
айналған. Фолликулалар көк түсті,
домалақ пішінді, тығыз орналасқан
лимфоциттерден тұрады.
Фолликуланың орталық
артериясының қабырғасы
қалыңдаған, эозинмен қызыл түске
боялған, қуысы тарылған, тамыр
қабырғасының әдеттегі құрылымы
(торшалар, талшықтар) жойылып,
бірыңғай затқа гиалинге айналғаны
байқалады.
Гистопрепарат № 12б. Бауыр амилоидозы.

Бөлекшелердің шеткі
аймағында беларалар бір-
бірінен алшақтаған және
жіңішкерген, олардың
арасы қызғылт
құрылымсыз массамен
толған. Бұл масса Диссэ
қуысында орналасқан, яғни
синусоидпен бауыр
торшаларының арасында
жатқан амилоид.

Ұқсас жұмыстар
Фибриноидты ісіну
ПРОТЕИНДІК ПАРЕНХИМАЛЫҚ ДИСТРОФИЯЛАР
Эпителий жасушалары
Антигендер мен антиденелер
Азықтың протеиндік қоректілігі
Бауыр және оның микроқұрылысы
Жасуша бүліністерінің этиологиясы
Көмірсулы дистрофиялар
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. 2. Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық факторлары
Регенерация. Минералды дистрофия
Пәндер