Белгілердің тұқым қуалаушылығы




Презентация қосу
Селекцияның генетика-
математикалық әдістері

1. Жалпы түсінік.
2. Белгілердің тұқым қуалаушылығы.
3. Коррелятивті байланыс, регрессия.
4. Селекция тиімділігін болжау.
Жаңа тұқымдарды шығару және өнімділігі жоғарыларды
жетілдіру, мал ағзасындағы болып жатқан барлық
үдерістер- ді басқаратын генетикалық жүйелердің қайта
түрленуіне байланысты. Селекционер селекция үшін өте
маңызды шаруашылыққа құнды белгіліерін анықтауды
және олардың өзгеру сипатын және тұқым
қуалаушылығын, олардың қалыптасу деңгейіне сыртқы
ортаның әсерін бөліп қарастыра білуі қажет.
Малдың шаруашылыққа тиімді белгілерінің негізгі бөлігі
сандық категориялар қатарына жатады. Малдардың
сандық белгілерді мұра қылуы көптеген ғалымдардың
пікірінше, аддитивті әсер етуші гендердің көп болуына
байланысты. Олар сандық белгілердің белгілі бір деңгейде
дамуы малдардың өмірінің жағдайына байланысты.
осы,ған байланысты сандық белгіліер генетикасында
популяциялық генетика әдісі қоладанылады.
Мәселенің осылайша қойылуы селекцияда математика
әдістерін қоладану қажеттілігн тудырады.
Генетика-математикалық әдістер мал
табынында және тұқымдарында асыл тұқымдылық
жұмыс нәтижесіне талдама жасауға, генотиптің
және қоршаған ортаның белгілердің дамуына әсер
етуін бағалауға мүмкіндік береді. Асылдандыру
кезінде белгілердің дамуына генотиптің әсерін
математикалық әдіспен келесі көрсеткіштерді
анықтауға мүмкіндік береді. Осыған жататындар:
тұқым қуалаушылық, қайталану, белгілердің
корреляциясы, регрессия, селекциялық
дифференциал, селекцияның әсері және т.б.
Белгілердің тұқым қуалаушылығы.

Селекцияның нәтижесінің тиімділігі және
болжамы бойынша ғылыми мәселелерді дайындау
Райт, Фишер, Лаш негіздеген тұқым қуалаушылқ
коэффициентіне (һ) байланысты. Ол осы белгі
бойынша генетикалық вариацияның фенотипті
өзгеруіндегі тұқым қуалаушылыққа байланысты осы
белгінің өзгеруін білдіреді. Осы көрсеткіштің көлемі
практикалық селекция үшін өте маңызды.
Тұқымқуалашылық коэффициенті табынның
генетика- лық құрлымына байланысты.
Сұрыпталмаған табындарда тұқым қуалау жоғары.
Сондықтан будандарды сұрыптағанда нәтижесі
жоғары болады. Ұзақ асылдандыру нәтижесінде
табын неғұрлым біркелкі жоғары өнімді болғанда
тұқымқуалаушылық төмендейді.
Тұқымқуалау коэффициентіне тағы да малды
дұрыс азықтандыру жеке күту, олардың жасы,
жыл мезгілі және т.с. әсер етеді. Нашар
азықтандыру тек қана тұқым қуалаудың
төмендеуіне ғана емес, әр түрлі генотипті малдар
оған әр түрлі жауап, бағалау рангтері өзгереді.
Біздің зерттеулеріміз дегерес тұқымының
табындарында жоғары өзгергіштік тән екенін
көрсетті. Тұқым қуалау коэффициенті дене
салмағы бойынша жасы ұлғайған сайын -0,25; -
0,55 жүн қасиеттері -0,3 ; -0,47

Тұқым қуалаушы коэффициенті 0 ден 1-ге
дейін болады. Оны белгісімен белгілейді. Егер
>0,4 болса тұқымқуалаушы коэффициенті
жоғары болып саналады, =0,2-0,4орташа, және
<0,2 төмен.
Егер малдың төмен болса бұл осы табында
осы белгі бойынша (фенотипі) сұрыптау тиімсіз
екенін көрсетеді. Бұл жағдайда малдарды
аталық із немесе оларды басқа мал тұқымымен
будандастыру керек екендігін көрсетеді. Ал
қөрсеткіші жоғары болса, онда бұл малдарды
фенотипі бойынша сұрыптаудың пайдалы
екендігін көрсетеді. Яғни көрсеткіші арқылы
малдың селекциясының бағытын анықтауға
болады.
Дегерес қойларының селекциялық
белгілерінің генотиптік өзгергіштігі
Белгілер Һ квадрат
Денесінің салмағы: туғанда 0,31
4-4,5 айлығында 0,25
12 айлығында 0,55
3,5 жаста 0,40
Бір жылдық жаста жүнің қалыңдығы 0,47
Бір жылдық жастағы жуылған жүннің 0,38
қырқлуы
Жуылмаған жүнің қырқылуы: 1 жылда 0,31
3 жылда 0,33
Бір жылдық жаста жүннің ұзындығы 0,35
Бір жылдық жаста дене бітімінің түрі 0,25
Өсімталдылық 0,12
Белгілердің коррелятивті байланысы

Селекция жұмыстарында өте маңызды параметр
белгілер арасындағы корреляция коэффициенті
болып табылады. Оның маңыздылығы – ағзаның
біртұтас болуы. Ағзадағы барлық мүшелер, ұлпалар
және белгіліері бір-бірімен байланысты. Осы
байланыстың көлемі мен бағыты селекция
деңгейіне және тұқым ерекшеліктеріне, белгі
табиғатына байланысты. Корреляция деңгейі
генотип пен ортаның күрделі ара қатынас нәтижесі.
Генетикалық факторларға гендердің плейотроптық
әсері жатады. Плейотропты генмен анықталған
белгі бойынша сұрыптау екінші байланысты белгіні
өзгертеді. Сондықтан корреляциялық байланыс
деңгейін, бағытын сұрыптаумен реттеуге болады.
Регрессия. Орташа көрсеткішке оралу
тенденциясын мал сұрыпталуында регрессия деп
аталады. Оның мағынасы жақсы малдың ұрпақтар
өнімділігі неғұрлым төмен болады, төмен
өнімділердікі ата-анасынан біршама жоғары.
Регрессия коэффициенті (R) бір-бірімен байланысты
бір белгінің көлемі бір бірлікке өзгергенде екіншісі
қаншаға өзгеретінін орташа көрсеткіші. Мысалы,
дегерес қойларындағы жүн қырқымымен дене
салмағының арасындағы регрессия коэффициенті
R=+0,04 болса, дене салмағы 1 кг жоғарласа жүн
қырқымы 40 г ұлғаяды деген.
Селеция тиімділігін болжау. Сұрыптаудың
тиімділігін болжау арқылы төлдің өнімділігін
анықтауға болады. Селекционер үшін бұл өте
маңызды. Соның арқасында белгілі бір өнімділікке
жету үшін неше ұрпақ немесе неше жыл сұрыптау
қажеттілігін анықтауға болады.
Сұрыптау тимділігі деп белгілі сұрыптау
қарқындығында асылдандыру арқасында
популяцияда екінші ұрпақта өнімділіктің
жоғарлауын айтады.
Асылдандыру дифференциал (SD) көмегі
арқылы асылдандырудың белсенділігі
көрсетіледі.
Асылдандыру дифференциалы дегеніміз –
іріктеп алынғандардың орташа белгісі мен
популяцияда орташа белгінің айырмасы. Оны
мына формула арқылы көрстуге болады:
SD=X ірікт. – Xпопул.

Өзара сұрыптау тиімділігі белгінің
тұқымқуалауына () және асылдандыру
дифференциясына немесе асылдандыру
белсенділігіне байланысты көрсеткіші белгілі
болса, іріктелген жануарлар ұрпағының
асылдандыру екпінділігін келесіформуламен
анықтауға болады:
SE=xSD
Мұнда, SD - ix, яғни SE= xix
Бұл асылдандыру бір ұрпақ ауысқанда
белгінің өсуін көрсетеді.
Бірақ экономикалық жағынан, асылдандыру
екпінділігі ұрпақтан-ұрпаққа берілуі ғана емес,
сонымен бірге жыл бойы жоспарлануы керек.

Ұқсас жұмыстар
Генетиканың даму кезеңдері
Эпистаз
Хромосомалық ауруларды анықтауда
Хромосомалардың картасын жасауда
Тұқым қуалайтын белгілер
Гликогеннің алмасуы
Генетикалық экологиялық аурулар
Адам геномы
Тіркесіп тұқым қуалау және кроссинговер. 2. Генетикалық карталар. 3. Жынысты анықтаудың баланстық теориясы. 
Өсімдіктер белгілерінің тұқым құалаушылығы және өзгергіштігі
Пәндер