Қабылдау қасиеттері


Slide 1

Қабылдау

Орындаған: Тұраш Назерке, Мұхтар Аяулым

Тобы: Логопедия-21-1

Slide 2

Жоспары: 1. Қабылдаудың жалпы сипаттамасы 2. Қабылдаудың негізгі тәсілдері мен теориялары 3. Қабылдаудың қасиеттері 4Қабылдаудың бұзылуы 5. Қабылдаудың түрлері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Қабылдау туралы жалпы сипаттама

Қабылдау дегеніміз - заттар мен құбылыстардың миымызда тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, исі, формасы т. б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы: алманы қабылдауды алайық. Алма қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі бірмезгілде әсер етеді де, тұтас зат бейнесі пайда болады. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше орын алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп тұрады. Бұлардың бәрін дұрыс қабылдай алмайды. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды.

Slide 4

Егер адам түйсіну арқылы дүниедегі заттардың жеке қасиеттерін ғана сәулелендіретін болса, қабылдау арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстарды бүтіндей, тұтас зат күйінде сәулелендіреді. Түйсіну, қабылау пайда болуы үшін дүниедегі заттар мен құбылыстар адамның сыртқы сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп отыруы керек. Қабылдау процесінде адам өзінің ойы мен ақылын бір мақсат көздеп, соған жұмсап отырады. Бұл адамның қабылдау процесінің қатысу арқылы жалпылау элементтері де ұшырайды. Қабылдаған заттарды жалпылағанда кей кезде адам оларды да бір-біріне қосып, бір әрекет етіп отырады. Бұл жөнінде Л. Фейербах ойлаудың барлық сезімдерімізге қатысының барлығын «тап-таза» көру процесінде де ойдың қатысып отырғандығын, егер көретін заттарға адам зейін бұрмаса, оларды айналасындағы басқа заттардың бөліп, бөлшектеп, даралап алып қарамаса, адамның оларды жақсылап көре алмайтындығын, сезе алмайтындығын айтады.

Slide 5

Қабылдаудың физиологиялық негізі

Қабылдаудың физиологиялық негізі - ми қыртысындағы талдағыштар (анализатор) жүйесінің бірлескен анализдік - синтездік қызметінің нәтижесі. И. П. Павлов қабылдауды мидағы «қатынас рефлексінің» жұмысы. Сөйтіп қабылдау түйсіктегідей бір анализатордың қызметі емес, бірнешеуінің қызметі. Мысалы: киноны кӛру 2 анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс істеуінен болады.

Slide 6

Қабылдау қасиеттері

Slide 7

Қабылдау тұтастығы

Тұтастығы: Заттарды қабылдағанда біз оны белгілі бір құрамға ие тұтас зат деп түсінеміз. Мысалы: телефон арқылы сөйлескенде кейбір дыбыстарды шала естісек те, әңгіменің мағынасын түсінеміз. Егер «Қыз Жібек» операсындағы «Гакку» ариясының бір бөлшегін құлағымыз шалса да біз «Гакку» әнін толық қабылдайтын боламыз. Төрт аяқты столдың суретте 3 аяғы салынса да, оның 4-ші аяғын елемей, 4-аяқты стол есебінде қабылдаймыз.

Slide 8

Қабылдау тұрақтылығы

Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы) . Константтылық деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бірқалыпты болып қабылдануын айтады. Мысалы: ақ қағазға жасыл лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканың жарығы түссе де бәрі бір ақ болып қабылдана береді.

Slide 9

Қабылдаудың мағыналығы

Қабылдаудың мағыналылығы мен жалпылау. Адам өзі үшін белгілі маңызы бар заттарды қабылдағанда, мысалы: ӛзіміз түсінбейтін тілде сӛйлеген сөзді мүлдем ұқпайтын болсақ, азын - аулақ хабарымыз бар тілді шала - шарпы қабылдаймыз. Мысалы: көпшілік арасынан таныс адамды бірден тану, көп киімнің ішінен өз пальтоңды бірден тану оңай болдаы. Әрбір жеке заттарды немесе құбылыстарды қабылдаумен бірге біз оларды жалпылап, ұқсас заттардың тобына енгізіп, жіктеп, топтап отырамыз. Мысалы: біз шортанды қабылдағанда, оның балық екенін еске алып, балық тобына қосып қабылдаймыз.

Slide 10

Қабылдаудың таңдамалылығы. Адамға әсер ететін заттар мен құбылыстардың молдығы сонша біз олардың барлығын бірдей бір мезгілде қабылдап, жауап қайтара алмаймыз. Толып жатқан объектінің ішінен біреуін іріктеуіміз (оның қасиетін, сапасын) қабылдаудың таңдамалылығы делінеді.

Slide 11

Апперцепция. Қабылдаудың мазмұны мен бағыт - бағдарының адамның тәжірибесіне, білім байлығына байланыстылығын апперцепция деп атайды (Апперцепция - латынның апперцептио деген сөзінен алынған, қазақша қабылдауға қосымша деген мағынаны білдіреді)

Әр түрлі иллюзиялардың негізінде адам жаңсақ пікірде болады, мұны уақытша апперцепция дейді. Апперцепцияның уақытша түріне А. С. Пушкиннің «Вурдалак» деген өлеңі жақсы мысал бола алады. Осы өлеңінде Ваня деген қорқақ бала түнде зират арқылы жүріп бара жатады. Ол қорыққаннан қара терге түседі, сүйек кеміріп жатқан итті қабырдан шыққан өлікке балайды. өйткені оның өзі осындай кереметтердің «болатынына» сенетін.

Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Мысалы: «түбір» деген сөзді әр адам түрліше қабылдайды. Тіл маманы «сөздің түбірі», ал ботаник «шөптің түбірі», математик «санның түбірі» деп қабылдайды.

Slide 12

Қабылдаудың бұзылуы

Өткір физикалық немесе эмоциялық шаршау кезінде адам әдеттегі сыртқы тітіргендіргіштерге аса сезімтал болады. Дыбыстар даурығып естіледі, есіктің сартылдауы оқ атылғандай естіледі, иістер тітіркеніп өткір болып қабылданады. Денеге жанасқан металдар кедір-бұдырл болады. Бұл кезде адам галлюцинацияға ұшырайды галлюцинацияға ұшыраған адамды галлюцинаторлық бейненің жоқтығына сендіру мүмкін емес.

Slide 13

Галлюцинацияның түрі псевдогаллюцинация

Галлюцинацияның тағы бiр түpi - псевдогаллюцинацияда бейнелер сыртқы кенiстiкте емес, iште көрiнедi, яғни "бастың iшiнде дауыс eстiлгендей болады". Псевдогаллюцинация кез келген сезiмдiк сферада болады: тактильдi, дәм, көру, кинестикалык, дыбыстық, бiрақ олар ұсак детальды, нақты немесе тұракты және үздiксiз бейнелер болғанымен өмiрдегi шын заттармен ұқсастырылмайды. Псевдогаллюцинациянын жатсынушылқық, жатырқаушылық, "бiреудiн колымен жасалғандық" симптомымен байланысуы Кандинский синдромы деп аталады: адамда өзге жақтан әсер сезiмi пайда болады. Бул синдромнын, үш компонентiн бөлуге болады:1) идеаторлык - "ой зорлығы", "iштей ашылуға" жағымсыз сезiм пайда болады; 2) сенсорлық - "туйсiктер зорлығы" ("картиналарды зорлықпен көрсетедi . . . ") ; 3) моторлық - (қозгалыстар зорлығы" («әлдебiреy қолымен, аяғымен, денесiмен әрекет жасайды, әдеттен тыс оғаш журуге, epci қимылдар жасауға мәжбір етедi… ) .

Slide 14

Галлюцинациядан иллюзия

Қабылдаудағы иллюзия. (иллюзия латын сөзі, қазақша алдану деген мағынаны білдіреді) . Заттарды қабылдау кейде қате болып шығады. Қателер (иллюзиялар) әр түрлі талдағыштар қызметінде де кездесіп отырады. Көру иллюзиясы көбірек белгілі: Мысалы: ақ көйлекті әйел, қоңырқай киімдіге қарағанда толықтау болып кӛрінеді. Көлденең жолақты мата мүсінді толықтай, тік жолақты биіктеу етіп кӛрсетеді. Иллюзияны тәжірибе арқылы тексеріп көру - қабылдаудың дұрыстығының бірден - бір өлшемі.

Slide 15 Slide 16

Иллюзия түрлеріне анықтама

Аффектілік иллюзия - көбіне қорқыныш, мазасыз көңіл - күйде басталады. Бұл жағдайда бөлменің бұрышында ілінген киім немесе халат жасырынып тұрған кісі өлтіруші, асханадан естілген дыбыстар соны ӛлтіретін қаруға ұқсап кетеді.

Вербалдық иллюзияда әңгіменің мазмұнын жалған қабылдауға байланысты. Айналадағы адамдардың әңгімелерінен, сұрақтарынан ауруға қатысты болмасада, олар өзіне арналған айыптаулар, сөгіс, кінәлау деп қабылдайды.

Парейдолиялық иллюзия. Оның мазмұны қиялға ұқсайды. Бұйымдардың жиектері, киімдегі ою - өрнектер, қабырғаның жарығында түсқағаздар бәрі әрекеттен тыс киім киген адамдар, ертегі кейіпкерлері, сұлу кӛріністер ретінде қабылданады.

Slide 17

Қабылдау түрлері


Ұқсас жұмыстар
Қабылдау - ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, тұтастай заттық түрде бейнеленуі
ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Түйсік пен қабылдау
Қарым - қатынас процесіндегі тұлғааралық қабылдау мен өзара түсіністіктің ролі
Қоршаған ортаны қабылдау
Қабылдаудың жалпы ұғымы
Қабылдаудың негізгі қасиеттері
Көру түйсігі
Түйсік негізгі заңдылықтары
Психология адам мінез - құлығын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz