Тығыз қоректік орта




Презентация қосу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

МИКРОБИОЛОГИЯ, ВИРУСОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«Бактериологиялық зерттеу нәтижелерін талдау»

Орындаған:
Бекбауов Еркебұлан

Қабылдаған: Кө
Сабақтың мақсаты: Бактериологиялық зерттеу
нәтижелерін талдау

• Жоспар:
• 1. Бактериоскопиялық тексеру
• 2.Микробтардың таза культурасын бөліп алу
және олардың морфологиялық,
өсінділік,биохимиялық,антигендік қасиеттерін
тексеру
• 3.Зардаптылық қасиеттерін (биосынама)
тексеру
Бактериоскопиялық тексеру
• 1. Жағынды даярлау. Препаратты дайындау техникасы қарапайым
және келесі кезеңдерден тұрады. Сұйық дақылдан материалдың
тамшысын заттық шыныға тамызады және ілмекпен жаяды. Тығыз
ортадағы дақылдың аз бөлігін ілмекпен алады, физиологиялық
ертіндімен араластырады және шыны бетіне жаяды.Жұғындыны
даярлап болған соң ілмешекті спиртовка жалынына
күйдіріп,залалсыздандырады.
• 2. Бекіту. Жағындыны ауада кептіреді, сосын оны бекітеді. Ең
қарапайым және кең таралған әдіс – ыстықпен бекіту. Шынының
жағынды жасалған бетін жоғары қаратып спирт шамынан үш рет
өткізеді. Препарат күйіп қалмауы үшін бекіту уақыты 5 – 6 секунд болу
керек, оттың тікелей әсер ету уақыты – 2 секунд. Бұл жағдайда
жағынды шыныда жақсы ұсталады.
• 3. Бояу. Микробтарды бояу үшін ең бір қолайлысы анилин бояулары, соның
ішініде оның ең негізгісі бейтарап түрі. Пфеффер фуксинімен жұғынды 1-
2мин мерзімде ғана, ал метилен көгімен 3-5мин ішінде боялады.
4. Сумен шаю. Бояу мерзімі өткеннен соң бояудың артығын заттық
әйнектен төгіп,сумен жуады.
• Бактериялардың дақылын бөліп алу материалды қорек орталарына себу
жолымен жүргізіледі.

• Қоректік орталар 3-ке бөлінеді
1. Жай қоректік орталар (ЕПС,ЕПА)
2. Арнайы қоректік орталар (Китт-Тароцци,ЕПЖ,қантты ЕПС, қантты
ЕПА,Мартен орпасы және агары,Хоттингер сорпасы т.б )
3. Дифференциалды-диагностикалық орталар (Гисс ортасы, Гисс сұйық
ортасы, Гисс жартылай сұйық ортасы,Эндо ортасы, Левин агары т.б)
• Бактериологиялық табақшаларға тығыз қорек орталарына
себу жасау орта бетіне материалдың бірнеше тамшысын
шпательмен жағу арқылы жүргізіледі. Өлтірілген немесе өлген
жануарлардың паренхиматозды мүшелерін зерттеу кезінде
мүшенің кішкентай кесегін күйдіреді немесе фламбирлейді,
сосын оларды стерильді қайшымен үстінен тіліп кеседі және
пинцеттің көмегімен кесілген бетімен табақшадағы қорек
ортасының бетінен жүргізеді. Сұйық ортаға материалды себу
үшін пастер пипеткасын қолданады. Тығыз қорек ортасында
микробтардың оқшауланған колонияларының өсуін алу үшін
және зерттеу бактерияларын ілеспелі микроорганизмдерден
айыру үшін Дригальский әдісімен бөлшектеп себу жүргізіледі.
Себу жүргізілген табақшаларды және пробиркаларды
бактериялардың әрбір түрінің өсуі үшін қолайлы
температурада (жиі 37 °С), 1-2 тәулік, кейбір жағдайларда
(туберкулез бактериялары) - 3 – 4 апта термостатта
инкубациялайды.
Тығыз қоректік орта
Тазаөсіндінібөліпалу

• Таза өсіндіні бөліп алу үшін микроптардың қоспасынан немесе басқа
материалдардан ерітінділері дайындайды. Ол үшін натрий хлоридінің
0,85%-дық ерітіндісі қолданылады. Дайындалған ерітінділердің үлгісін
тығыз қоректік орталарға себеді. Ілмектің немесе пипетканың көмегімен
Петри шынысындағы қоректік ортаға материалдың бір тамшысын
тамызып, оны шпательмен таратады. Жекеленген микробтардың
колонияларын алу үшін материалдың тамшысын бір шпательдің
көмегімен бірнеше Петри шынысындағы қоректік орталардың бетіне
таратады. Осылай кейінгі шыныларда жекеленген микробтардың
мекендерін бөліп алуға болады. Шпательді шыны таяшалардан
жасайды. Олардың бір ұшы үш бұрышты болып келеді. Петри шыны
аяғының қақпағы себу кезінде жалын бағытында ашылады. Себуді
аяқтағаннан соң шпатель күйдіріліп, штативке қойылады. Петри
шынысы термостатқа аударылып қойылады. Аударылып қойылған
шыныларда микробтардың колониялары бір-бірімен қосылмай өседі.
Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын дисктер әдісімен анықтау.

• Зерттелетін бактерия дақылын Петри табақшасынадағы қорек ортасына
газонмен себеді, содан кейін оның бетіне пинцетпен біркелкі
арақашықтықта әртүрлі антибиотиктердің белгілі дозасы бар қағаз
дискілерін орналастырады (43 сурет). Себулерді 37°С келесі күнге дейін
инкубирлейді. Стафилококк дақылының өсу тежелу аймағының диаметрі
бойынша оның сәйкес антибиотиктерге сезімталдығы туралы айтады.
Өсудің тежелу аймағының диаметрі 10 мм дейін болғанда дақыл аз сезімтал,
ал 10 мм жоғары болса – өте сезімтал деп бағаланады. Егер қағаз дискілерге
бір антибиотиктің әртүрлі концентрациялары сіңірілген болса, зерттелетін
бактерия дақылы сезімтал препараттың ең аз дозасын анықтауға болады.
Бактериялардың сахаролиттік қасиеттері
• Бактериялардың сахаролиттік қасиеттерін оларды әр түрлі
көмірсулары мен индикаторы бар дифференциалды диагностикалық
орталарға себу арқылы анықтайды. Осы мақсатта Гисса ортасы жиі
қолданылады. Әр түрлі көмірсулары бар орталардың жиынтығы
(глюкоза, лактоза, мальтоза, сахароза, дульцит, арабиноза, сорбит
және т.б.), майсыздандырылған стерильді сүт, лакмусты сүт,
метилен көгі бар сүт – «түрлі-түсті қатар» деп аталады.
Микроорганизмдердің өсінділерін бактериологиялық ілмектің
немесе Пастер пипеткасының көмегімен аталмыш қоректік
орталарға себеді. Қоректік орталарды белгілі бір уақыт аралығында
термостатта ұстағаннан кейін ферментациялану (өзгеріске ұшырау)
деңгейін анықтайды: қоректік орта түсінің өзгеруі (Андредэ
индикаторы болғанда қызыл түске өзгереді) көмірсулардың
ыдырауы мен қоректік ортада қышқыл өнімдерінің түзілуінің дәлелі
болып табылады.
АГГЛЮТИНАЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ

• Агглютинация (лат. agglutinatio — жабысу) — арнайы антиденелердің
(агглютининдер) әсерімен корпускулдық антигендердің (бактериялар,
қан клеткалары, басқа клеткалар) бір-біріне жабысуы және тұнба
(агглютинат) жасауы. Қанның қызыл және ақ түйіршіктері бір-бірімен
кейбір жұқпалы ауру қоздырғыштарыныц (мысалы грипп, парагрипп
вирустары) әсерінен де жабысады. Бұл тәнді реакция, сондықтан
бактерия және вирустар туғызатын ауруларды анықтау үшін кеңінен
қолданылады.
Агглютинация реакциясы. Агглютинация, немесе микробтардың
жабысуы, ағзада агглютининдердің барымен белгіленеді.
АГГЛЮТИНАЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ
• АР-ды пайдаланудың мақсаттары:
ž1. Аурудың қан сарсуындағы антиденені анықтау үшін.
Мысалы, сарыпта (Райт, Хеддельсон реакцияларьі), іш
сүзегінде (Видаль реакциясы) және тағы басқа жұқпалы
ауру түрлерінде;
2. Аурудан бөлініп шығарылған қоздырғыштың түрін
анықтауға;
Реакцияны өткізу үшін қажетті заттар
1. Зерттелетін сары су,
2. Бактериялардың өлтірілген дақылы (антиген)
3. Сары суға қосу үшін және бактериалдық ерітіндіні
дайындау үшін физиологиялық ерітінді.
• Бақылау сұрақтары:

• 1.Жағындыны қалай дайындаймыз?
• 2. Бокс дегеніміз не?
• 3. Препарат дайындау үшін қандай бояу қолданылады?
• 4. Желінсау қоздырушысы?
• 5. Стрептококктардың қанша тобы бар және оларға қысқаша сипаттама.
• 6. Қоректік орталар қаншаға бөлінеді және түрлері?
• 7. Зертханалық істер номенклатурасы.
• 8. Зертханалық жануарлар дегеніміз не?
• 9. Таза өсіндіні бөліп алу?
• 10. Жануарларға ауру жұқтыру әдістері?
• 11. Шошқа тілмесінің қоздырушысы?
• 12. Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын дисктер әдісімен анықтау?
• 13. Шошқа тілмесінің жұғу және ену жолдары?
• 14. Стафилококктардың марфологиясы.
• 15. Бактериологилық зерхана дегеніміз не?
• 16. Агглютинация реакциясы?
• 17. Орта пісіру бөлмесі деген не?
• 18. Бактериялардың сахаролиттік қасиеттері?
• 19. Диагноз қоюдың әдістері?
• 20. Бактериялардың сахаролиттік қасиеттері?
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !

Ұқсас жұмыстар
Қоректік орталарды дайындау
Бактериялардың өсу фазалары
ҚОРЕКТІК ОРТАЛАР
Қатты қоректік орталарда беттік әдіспен микроорганизмдерді культивирлеу
Микроорганизмдердің өсуі және дақылдау
Микроорганизмдерді дақылдандыру
Микроорганизмдерді жасанды жағдайда өсіру
Қоректік орта
БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ АНТИБИОТИКТЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫҒЫН ДИСКТЕР ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ
Дәнекер ұлпасы
Пәндер