НОВОКАИНДЫ ТЕЖЕУ


Slide 1

Көкірек аумағының топанатомиясы. Көкірек аумағындағы тежеулер. Көкірек аумағын тесу.

Slide 2

Көкірек қуысының топанатомиясы.

Көкірек қуысы, кейде Кеуде қуысы (лат. Cavum thoracіs) - дене қуысының жоғарғы бөлігі (сүтқоректілерде алдыңғы бөлігі) . Көкірек қуысын құрсақ қуысынан көк ет бөліп тұрады. Көкірек қуысында тыныс алу жолдары, өкпе, өңеш, жүрек, айыршық без, кеңірдекше және лимфа бездері, қантамырлары, лимфа тамырлары және жүйкелер болады. Көкірек қуысының ішкі беті сірі қабықпен көмкерілген.

Slide 3 Slide 4

Көкірек қуысы - оң және сол жақ сірі қабық қапшықтары аралығында орналасқан, алды-тос сүйегімен, арты - омыртқаның кеуде түсы бөлігімен, төменнен- диафрагмамен, жоғарыдан - кеуде қуысының жоғарғы апертурасымен шектелген кеуде қуысының бір бөлігі.

Көкірекаралық өкпеқаптар арасындағы кеңстікті толтыратын ағзалар кешені Көкірекаралық деп аталады. Бұл ағзалар кешені екі өкпе қаптары арасында перде түзетін сияқты. Көкірекаралық ағзалар күрделі нерв-тамыр түзілістері бар шелмаймен қоршалған.

Slide 5

Көкірек қуысының ішкі беті сір қабығы мен көмекерілген. Көкірек қуысы 12 жұп қабырға, төстік және омыртқа жотасын кеуде бөлігінің омыртқаларынан құралған. Көкірек қуысының жоғарғы және төмеңгі тесігі бар. Оның төменгі жағы мен іш қуысының аралығын көкет (диафрагма) бөліп тұрады.

Slide 6

Зерттеу әдістері:

Рентгендік зерттеу:

-рентгеноскопия

-рентгенография

Томография - өкпені қабат бойынша рентгендік зерттеу.

Трахеобронхоскопия - бронхоскоп көмегімен зерттеу.

Цитологиялық зерттеулер;

Компьютерлік томография;

Бронхография - бронхтардың контрасты заттармен толтырылғаннан кейінгі рентгендік зерттеуі;

Ангиопульмонография - өкпе тамырларын контрасты зерттеу;

Жоғарғы кавография - жоғарғы қуысты венаның контрасты зерттеуі;

Бронхиалды артерияның артериографиясы;

Slide 7 Slide 8

Ірі мүйізді малдың мойын краниальды симпатикалық түйінін тежеу

Көрсеткіші: Кератоконъюктивит, панофтальмит.

Тежеу техникасы. Малды станокта бекітеді. Басты аздап жоғары көтереді, мүйіз ұшынан ұстайды. Атлант қанатының алдыңғы жағы және шүйде сүйек аралық тереңдікте мойындырықтық өсіндіні сипап тауып алып, инені оның алдыңғы жағынан кранио-дорсальды бағытта 3-4 см тереңдікке енгізіп, 60-80 мл 0, 5%-тік новокаин ертіндісін енгізеді.

Slide 9

Кеуде қабырғасын жансыздандыру

Көрсеткіші: Кеуде қабырғаларына операция жасау.

Қабырға аралық және вентралдік кеуде жүйкелерін тежеу. Нейролептиктерді қолдану міндетті. Тежелетін қабырға аралық жүйкелердің саны операция жасалатын көлемге байланысты. Ине шаншу нүктесі қабырғаның артқы ұзын және мықын қабырғалық бұлшықеттерден құрылатын науашадан тұрады. Кеуденің дорсалді бұтағын тежеу үшін тері астына 10 мл 3%-дық новокаин ернтіндісін инъекциялайды. Содна соң инені қабырғалардың артқы жақ шетіне сәл жылжытып оны 0, 5-0, 75 см тереңдікке тағы да сол мөлшерде новокаин енгізеді.

Slide 10

М. М. Шакуров тәсілімен ішкілік кеуде жүйкелерді және шекаралық бағандарды тежеу

Көрсеткіші: Жиі бұзауларға қолданады. Жіті тыныс ағзалардың аурулары, пневмоторакс, плеврит және өкпе пневмониясы кезінде жасалған тежеулерден емдік тиімділігі айқын байқалады.

Тежеу техникасы. Ірі қара мал болса тұрып тұру, ал бұзауды жатқызып бекітеді. Шынтақ буыны толық бүктелгенше кеуде аяғын алға тартады. Иненің шаншу нүктесі 4-ші қабырға аралығында жауырдың каудовентралді жағы 5-ші қабырғалар алдымен айқасқан горизанталдық сызыққа 5-8 см тереңдікке қадалады. Ине ұшы омыртқа денесіне тірелу қажет. Алдымен 1-2 мл 0, 5%-дық новокаин ертіндісін енгізеді, сонан соң шприц ажыратылады, иненің дұрыс орналасқандығын байқау үшін, инеден дем алу және шығаруна синхронды тамшылар ағады. Дәл осылай екінші бетінеде жасалады. Тежеу үшін жаңа дайындалған жылы 0, 5%-ды новокаин ертіндісін жануардың тірі салмағына байланысты: бұзауларға-10-20, ересек ірі қара малға - 60-80, қозыларға - 3-5, қойларға -10-12 және итке 5 -15 мл-ден әр жағына жеке-жеке енгізеді.

Slide 11

Новокаинды тежеу

Симпатикалық жұлдызша ганглилерді тежеу көрсеткіші: мойын және алдыңғы аяқ қабынуларында, экссудативті бронхит, өкпенің қабынуы, пневмония, плеврит, жүрек және өңеш аурулары. Новокаиндік тежеу дұрыс жасалса кеуде аумағындағы вагус тежелмейді.

Ірі қара малда, қойда және итте симпатикалық жұлдызша ганглий 1-ші қабырға арлығындағы ¼ проксималді деңгейде орналасады, қабырғаның басынан 2-3 см төмен, жылқыларды оң жағындағы ганглидің орналасуы дәл осылай, ал сол жағында 2-ші қабырғамен жабылған немесе 2-ші қабырға деңгейінде орналасқан. Барлық жануарларда ол ұзын мойын бұлшықетінің латералді беткейінде орналасқан, болбыр клечаткамен қоршалған, кеуде қуысы жағынан плеврамен жабылған.

Slide 12

Плевроцентез

Плевроцентез - плевралық қуысқа инені немесе троакарды енгізу арқылы кеуде қабырғасын тесу, диагностикалық немесе емдік мақсатпен жүргізіледі.

Slide 13

Плевра пункциясы және плевраның биопсиялық пункциясы.


Ұқсас жұмыстар
Алдыңғы және артқы аяқ жүйкелерінің салдануы
Ішек өтімсіздігінің консервативті емі
Автомобильдің беріліс қорабы
Бұрғылау шығырларының тежегіштері
АЯҚ ЖҮЙКЕЛЕРІНЕ ӨТКІЗГІШТІК АНЕСТЕЗИЯ ЖАСАУ
Тежеу жүйесі
ПРОКАИН ГИДРОХЛОРИДІ
Косметикалық операция кезде ауырсындырмау жасау және оның техникалары
Гемагглютинация және гемагглютинацияны тежеу реакциясы
Гормоналды дәрілік заттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz