Девиантты мінез - құлық типологиясы мен классификациясының критерийлері




Презентация қосу
Отбасы Әлеуметтануы
Девиантты мінез-құлық типологиясы мен
классификациясының критерийлері

Орындағандар: Молдахан Е. Абдрахимов А. Торали А.
Рахымбай Ә. Қонысбаев Р.
Отбасы әлеуметтануы— отбасын
әлеуметтік институт ретінде зерттейтін
социологиядағы негізгі бағыттардың бірі.
Негізгі мәселелері отбасылардың өз
қызметін орындау сипатын, әр түрлі
типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу
себептері мен салдарын және т.б зерттеу
болып табылады.
Отбасы сияқты әлеуметтік
институттардың табысты қызмет өтуін
тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға
болады. Отбасының дүниеге келу сәті
бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы
отбасылық үй шаруасы, отбасының
бірлескен әлеуметтік және өндірістік
әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы
әр түрлі қызметке байланысты.
Социологтардың отбасын
бірнеше ондаған жылдар бойы
зерттегеніне қарамастан,
қоғамның осы бөлігін анықтауда
келісім де, оны зерттеуде бір ізді
әдіс те жоқ. Социологияның
пайда болуымен есімі тығыз
байланысты Огюст Конт қоғамды
отбасы арқылы тану керек,
өйткені отбасы — адамзат тегін
жалғастырушы, ондай қоғам
антропологиялық деңгейде дами
алмайды,- дейді. Адамзаттың
сақталуы - әлеуметтік ұйымдасу
әрекетінің қорытындысы,
әлеуметтік жүйенің табысты
нәтижесі. Конт отбасын зерттеу
адамның өңдірістік әрекетін
түсіну мүмкін емес дейді. Оның
отбасы тұжырымдамасында
ажырасуды айыптайды.
XX ғасырдың ортасынан қазіргі
кезге дейін социологиялық әдістің
бес түрі қалыптасты:
интеракционистік, құрылымдық -
функционалдық, жағдаяттық,
эволюциялық және
институционалдық. Отбасы
ұғымын анықтаудағы әр түрлі
пікірлерді ескере отырып,
төмендегі дефиницияға келісуге
болады: "Отбасы — ортақ тұрғын
үйімен, экономикалық
кооперациямен, ұдайы өндірумен
сипатталатын әлеуметтік топ.
Отбасына ең болмағанда екеуі
әлеуметтік бағытталған жұп пен
бір немесе одан да көп өз
балалары, сондай-ақ тәрбиелеуге
алған балалары бар ересек топ
кіреді.
Билік формасына қарай
отбасыпатриархалды (күйеуі
отбасының
басшысы), матриархапды (әйелі
басшы), құрамына қарай —
отбасы нуклеарды (ата-анасы мен
балалары),кеңейтілген (нуклеарды
отбасы және бірнеше ұрпақтан
тұратын туыстары) болып бөлінеді.
Отбасы пайда болуы үшін экономика
мен жеке меншіктің болуы, билік
қатынасы мен бағыну, яғни
отбасында, бүтіндей қоғамдағы
сияқты, билікті бөлу төртібі бар,
онда кімнің материалдық игілігі көп,
сол басқарады. Отбасында билікті
бөлуге жұбайлар арасындагы
маххабат әсер етеді, мұнда сүйетін
жұбай аз билікке ие, яғни
психологиялық бағыныштылық
болады. Егер жұбайлар бір-бірін
бірдей мөлшерде сүйсе, онда
отбасында бірдей билікке
ие.Отбасын, қоғамның бір бөлігі
ретінде, социологтар оның қызметін
орындауға қатысты қарастырады.

Кеңейтілген отбасы:
Отбасының қызметі дегеніміз отбасы
мен оның мүшелерінің белсенділігі,
тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына
қатысты, отбасының тұлғаға қатысты
және тұлғаның отбасына қатысты
қызметтерін анықтауға болады. Осыған
байланысты отбасының қызметін
әлеуметтік (қоғамға қатысты) және жеке
(тұлғаға қатысты) деп бөлуге болады.
Отбасы қызметі отбасы институтындағы
қоғам қажеттіліктері мен отбасы тобына
жоятын жеке тұлғаның
қажеттіліктерімен тығыз байланысты.
Отбасы қызметінің тарихы тереңде
жатыр, қоғамның әлеуметтік-
экономикалық жағдайымен тығыз
байланысты, сондықтан уақыт өте келе
қызмет сипаты қалай өзгерсе, иерархия
да солай өзгереді.
Отбасы көптеген коғамдық ғылымдардың:
әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың,
этнографияның, психологияның, педагогиканың,
саясаттанудың және демографияның зерттеу
объектісі болып саналады. Олардың әрқайсысы өз
пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір
сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп
қарастырады. Мысалы, әлеуметтану отбасына талдау
жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде
құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді
атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады,
сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының
себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын
зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік
институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін әз
төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның
өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін
әлеуметтанудың тағы бір саласы — отбасы
әлеуметтануы қалыптасты.
Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері.

Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық
қатынастардың формалары түрліше болуының
себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен
және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен
анықталады. Қазіргі кезде бар отбасының типтері
Мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальды
туыс топ,патриархальды отбасы және жеке отбасы.

Патриархальды туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда үндіевропалық халықтардың бәрінде болған, ал
кейбір халықтарда қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні,
апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу-ол отбасының атасы болып табылады.
Ұрпақтардың шығу тегіне қарай бұл отбасы матриархальды немесе патриархальды отбасы болады. Біріншісі
отбасының ең көне түрі. Мұнда көп күйеуі болу жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және Оңтүстік Индияда
тұратын тода деген халықта кездеседі.
Моногамды патриархальды отбасында оның басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып саналады. Бұл жеке
меншіктің шығуына байланысты болған отбасылық қатынас.
Девиантты мінез-құлық
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio -
ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден
ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы
ережелерді бұзатын адамдар мен
әлеуметтік топтардың қылықтары;
қабылданған құқықтық немесе моральдық
нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
[1]

Кең мағынасында девиантты мінез-құлық
кез келген әлеуметтік ережелерден
(мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық,
аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан
ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен
қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық
тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін,
дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту,
өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт-
қушылықты білдіреді.
Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын
қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік
девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині
француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-
құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің
әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық,
геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік,
өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз
мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері
де өз ықпалын тигізеді:

қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-
дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе,
референтті топ,);
микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы
өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды
адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және
криминалды мінез-құлық.
Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес
келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі.
Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан,
еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат
қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның
мынадай типтері бар:
Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін
дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс
береді.
Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-
үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты
жат мінез-құлық.
Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі
арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар
девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын
түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен
топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе,
екіншілері оларды бөлмей:
•жанұяда берекенің болмауы;
•ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
•тәрбие берудегі кемшіліктер;
•өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді
жеңе алмау;
•өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы
адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа
түсе алмауы;
•сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше
шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта
алмау;
•психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
•агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
•мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің
нашар дамуы;
•балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының
проблемалары
Қорыта айтқанды, девиантты мінез-
құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын
жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір
адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап
талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы
ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып,
девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман
ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін
түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің
талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас
жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса
дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл
педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам
өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер
мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра,
адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық,
жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.)
нормаларымен ұштастырыла жүзеге
асырылғанда, балалар бойында девиантты
мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды
мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге
мүмкідік жасалады.
Назарларыңызға
Рахмееееет

Ұқсас жұмыстар
Девиантты мінез - құлықтың себептері
ҰЛЫҚБҮБІ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ
Девиантты мінез
Девиантты мінез - құлық ұғымы
Девиантты мінез - құлықты балалармен педагогикалық жұмыс жайлы ақпарат
Девиацияның формалары
ӘЛЕУМЕТТІК ДЕВИАЦИЯ
Девиантты мінез-құлықты балалармен педагогикалық жұмыс
Девиантты мінез - құлық психологиясына қысқаша сипаттама
“Девиантты мінез-құлықты баллармен педагогикалық жұмыс”
Пәндер