СЕПСИСТІҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МОРФОЛОГИЯСЫ
Презентация қосу
3 дәріс
Тақырыбы:ИНФЕКЦИЯЛЫҚ
ПАТОЛОГИЯҒА КІРІСПЕ.
СЕПСИСТІҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ
МОРФОЛОГИЯСЫ
Дәріскер: Ибажанова Асем Сериковна
Қарастырылатын сұрақтар:
Инфекциялық патологияға сипаттама және
патоморфологиялық негіздері;
Сепсистің патологиялық морфологиясы.
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
1. Ығылманұлы Ө. Ветеринариялық
патологиялық анатомия. Алматы, "Cyber Smith",
3 том, 2017.
2. Жаров А.В. Патологическая анатомия с/х
животных - М.: КолосС, 2006 - 543 с.
4. Салимов В.А. Практикум по патологической
анатомии животных. М., Колос, 2018.
5. Ибажанова А.С. Жануарлар патологиясы.
Дәрістер жиынтығы.
ЕСКЕРТУ: дәрісте қолданылған суреттер
дәріскердің ғылыми жұмыстарынан алынған және
авторлық құқыққа ие
Әртүрлі микроорганизмдермен қоздырылатын
ауруларды инфекциялық аурулар деп атайды. Әдетте,
микроорганизмдер белгілі бір ауруға бейім организмде
ауру қоздыра алады. Ауру қоздыратын
микроорганизмдерге – саңырауқұлақтар, бактериялар,
рикетсиялар жатады. Организмге енген ауру
қоздыратын микроб пен организм иесінің арасында
туындайтын қарым-қатынастың күрделі реакциясын
инфекциялық процесс деп атайды.
Бұл жағдайда аурудың даму сипаты микробтың
ерекшеліктеріне, сонымен қатар малдың түрі, жасы,
жеке ерекшеліктері және реактивтілігіне байланысты.
Қоздырғыштың организмге енген жері мен жолы
инфекцияның ену қақпасы деп аталады.
Енген қоздырушылар организм ұлпаларында көбейеді,
нәтижесінде микробтар көп мөлшерде шоғырланып
қабыну ошағын тудырады – бұл алғашқы
инфекциялық ошақ деп аталады – аффект. Ал,
инфекциялық қақпада зақымданулар болмаған
жағдайда алғашқы инфекциялық ошақ ауруларға
төтеп беру қабілеті төмен мүшелерде дамиды.
Мысалы, туберкулез кезінде өкпенің зақымдалуы.
Көптеген инфекциялық аурулар кезінде,
қоздырушылар организмге енгеннен соң, аурудың
клиникалық белгілері бірден көрінбей, біраз уақыт
өткеннен соң байқалады – осы аралықты
инкубациялық кезең деп атайды.
Инфекциялық агент алғашқы ошақта көбейгеннен соң, ол
организмге таралып кетуі мүмкін. Бұл процесті –
қоздырушының дисеминациясы деп атайды. Қоздырушы
лимфалық немесе қан тамырларына өтуі мүмкін.
Бактериялардың қанға өтуін – бактериемия, вирустардың
– вирусемия деп аталады. Мұндай өзгерістер қабыну
процесінің алғашқы даму сатыларында үнемі тұрақты
түрде көрінеді. Инфекцияның ағзаға әсер етуінің 2 түрі
бар: жалпы және жергілікті.
Сепсис – (грек septein-шіру, іріңдеу) қанның
құрамында айналымда жүрген әртүрлі
микроорганизмдермен және токсиндермен
қоздырылатын инфекциялық ауру. Сепсис кезінде
қанның құрамында бактериялар мол болады,
ылғалды және кілегейлі қабықтарда қанталаулар,
мүшелер мен ұлпадерде терең дамыған
дистрофиялық өзгерістер байқалады. Сепсистің
тұрақты қоздырушысы болмайды. Сепсисті жиі
стрептококктар, стафилакокктар, сальмонеллалар,
диплококктар т.б. қоздыра алады. Бұл микробтар
организмге инфекция қақпасы арқылы еніп (жара,
төлдің кіндігі т.б.) сепсистік ошақта көбейгеннен
қанға өтеді. Сепсис әдетте, жіті, кейде өте жіті өтіп
малды бірнеше сағат немесе 1 - 2 күн ішінде) өлімге
әкеліп соқтырады.
Септикопиемия - инфекция қақпасында іріңді
қабынулармен және көптеген мүшелер мен ұлпаларда
бактериялық эмболия және іріңді ошақтардың түзілуімен
сипатталатын сепсистің бір түрі. Сепсистің бұл түрі
стрептококтармен, стафилококтармен және іріңді
таяқшалармен қоздырылады. Септикопиемия кезінде,
сепсистік ошақ жаңадан туылған төлдің кіндігіндегі,
инфекцияланған жара, іріңді мастит, іріңді метрит т.б.
болуы мүмкін. Инфекция қақпасындағы сепсистік
ошақтың маңында зақымдалған ұлпадердің іріңді
қабынуы, іріңді лимфангит, лимфаденит және
тромбофлебит және тромбалық бактериялық эмболия
дамиды. Мүшелердегі метастаздық іріңді ошақтардың
көлемі өте ұсақ және кейбіреулерінің диаметрі 1 см-ге дейін
жетеді.
Сепсистік эндокардит – жүрек қақпақшаларында
сепсистік ошақтардың түзілуімен сипатталатын
сепсистің ерекше бір түрі. Сепсистік эндокардит
әдетте, шошқа тілмесінде, жылқыларда және басқа
жануарлар түрлерінде стрептококтік септицемияда
кездеседі. Өтуіне қарай сепсистік эндокардит жіті,
жітілеу және созылмалы түрлерде өтеді.
Зақымдалу түрлеріне қарай ойылымды және
сепситстік эндокардит түрлерін ажыратады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz