Жұлынның өткізгіш жолдары
Презентация қосу
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Жұлынның өткізгіш жолдары
Орындаған: Пернебеков М.Э.
Тобы: В-ЖМҚА 09-21
Қабылдаған: Сатыбалдиева Н.М.
Шымкент 2022ж
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Жүйке жүйесіне жалпы сипаттама
2.2. Жұлынның нейрондық құрылымы
2.3.
Жұлынның өткізгіш жолдары
III.Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Жұлын – ОЖЖ ең көне бөлігін құрайды. Ол омыртқа жотасының өзегінде орналасқан,
өткізгіш және рефлексті қызмет атқаратын ОЖЖ бөлімі. Адамның жұлыны 31-33 сегменттен
тұрады:
8 мойын,
12 кеуде,
5 бел,
5 сегізкөз,
1-3 құймышақ.
Жүйке жүйесі жалпы сипаттама
Жүйке жүйесі —ми мен жұлыннан және
олардан тарайтын нервтерден тұрады. Ми мен
жүлынды орталық нерв жүйесі, олардан
тарамдалған нервтерді шеткі нерв жүйесі деп
атайды. Жалпы нерв жүйесі нерв тінінен -
нейрондар мен нейроглиядан т. б. тіндерден
түзілген. Нейроглия жүйке торшасының тірегі
болумен бірге, оған белгілі бір пішін беріп,
оларды қоректендіру (трофикалық) жұмысына
қатысады. Нейрон — толық келген негізгі
бөлімінен — денесінен және одан тарамдалған
ұзынды-қысқалы өсінділерінен түзілген. Денесі
сұр түсті протоплазма мен ядродан тұрады.
Қысқа тарамдалған өсінділерін дендриттер, ал
ұзын өсіндісін аксон(нейрит) деп атайды.
Жұлынның нейрондық
құрылымы
Адам жұлыны құрамына 13,5 млн. жуық нейрондар енеді,
олардың 3% эфферентті нейрондар, 97% интернейрондар
(ендірме) құрайды, ал сезімтал нейрондар денесі жұлыннан тыс
жұлындық немесе интрамуралдық ганглийларда орналасады.
Эфферентті нейрондар ішіне альфа мен гамма
мотонейрондарды, сонымен қатар преганлионды нейроны
вегетативті жүйке жүйесінің ганглийге дейінгі нейрондары
жатады . Альфа мотонейрондар, адам бетінен басқа, барлық,
қаңқа бұлшықеттерімен байланысқан. Альфа нейрондар
аксондары қаңқа бұлшықеттерінің экстрафузалды талшықтарына
қозуды 70-120 м/сек жылдамдықпен өткізеді . Нейрондар тұтасып
жеке бұлшық еттерді жүйкелендіретін мотонейронды пул түзеді.
Мотонейронды пул құрамына жұлынның әр түрлі сегменттерінен
мотонейрондар енуі мүмкін.
Жұлынның нейрондық
құрылымы
Жұлынның гамма мотонейрондары. Олардың аксондары интрофузальды бұлшық ет
талшықтарына немесе бұлшық ет ұршықтарына қозу өткізеді. Бұл
мотонейрондардан шыққан қозу мидың адам қалыпты күйіне жауап беретін
бөліктеріне әсер етеді. Гамма мотонейрондардың аксондары қозуды 15-40 м/сек
жылдамдықпен өткізеді.
Жұлынның интернейрондары қозу мен тежелу интерграциясына қатысады .
Жоғары бағытталған нәзік буда (Голл будасы) және сына тәрізді жіпше (Бурдах
будасы). Олар жұлынның артқы бағанын құрайды. Проприорецепторлар, терідегі
жанасу рецепторлары және висцерорецепторларынан қозу өткізеді. Бұл будалар
сопақша миға жетіп Голл-Бурдах ядроларына жеткізіледі. Мұнда олар таламустың
арнамалы нейрондары арқылы үшінші нейрондарға жеткізіледі де ми қыртысында
талдануға апарылады. Бұл жолды құрайтын нейрондардың бүлінуі тактилдік сезім
жойылуы мен қимыл-қозғалыс тепе-теңдігін сақтау бүлінуіне әкеп соғады.
Жұлын нейрондары топтары:
Мотонейрондар немесе қозғалтқыш – алдыңғы түбір;
Интернейрондар – жұлын ганглийлерінен ақпарат алатын артқы
түбір;
Симпатикалық және парасимпатикалық бүйір түбір; олардың
аксондары жұлыннан алдыңғы түбірлер арқылы шығады.
Ассоциативті жасушалар – жұлынның меншікті нейрондары,
сегменттер арасында байланыс қамтамасыз етеді.
Жұлын 1- сопақша ми
2- мойын аймағындағы жуандаған
жері
3- жұлын сүйектері
4- мойын жүйкелері
5- жұлынның артқы орталық тесігі
6- артқы бүйір жүлгесі
7- кеуде жүйкелері
8- бел аймағындағы жуандаған жері
9- ми конусы
10- бел жүйкелері
11- сегізкөз жүйкелері
12- отырықшы жүйкелер
13- терминалды жіпше
Жұлынның өткізу қызметі
Жоғары бағытталған жолдар:
Жұлынды-таламусты жолдар латералды және вентралды жолдарды құрайды. Олар
арқылы ауырсыну, ыстық, суық сезімдері, жанасу сезімдері аралық миға жеткізіледі.
Дорсалды жұлын-мишық жолы ол арқылы бұлшық ет, сіңір, тері қысымы және жанасу
сезімдері өткізіледі.
Вентралды жұлынды-мишықты жол (Говерс), алдыңғы топтағыдай.
Жұлын-жамылғыш жол, бұл жол арқылы көру және ауырсыну сезімдеріне байланысты
импульстер өткізіледі
Жұлынның өткізу қызметі
Төмен бағытталған жолдар:
Латералды қыртыс-жұлындық жол (пирамидалық), қаңқа бұлшық еттеріне
бағытталған импульстер өткізу.
Қызыл ядро-жұлындық жол (Монаков), қаңқа бұлшық еттерін қатайтушы
импульстерді өткізеді.
Кіреберіс-жұлындық дорсалды жол, дене қалпын, тепе теңдігін қамтамасыз етуге
бағытталған импульстерді өткізу.
Оливо-жұлындық жол (Гельвег), таламустық рефлекстерге қатысты.
Жұлынның өткізу қызметі
Кіреберіс-жұлындық вентралды жол, дене тепе-теңдігін, кеңістіктегі
позаны сақтау .
Торлы құрылым-жұлындық жол (алдыңғы), бұлшық еттер тонусын
қамтамасыз ету.
Жамылғы жұлындық жол, есту және көру сезімдеріне байланысты.
Қыртыс-жұлындық, ерікті қимылға қатысты қаңқа бұлшық еттерінің
жұмысына байланысты.
Ауырсыну және температура
сезімталдығының өткізгіш жолдары.
Кейбір зерттеушілер ауырсыну сезімі
ми қыртысында ғана емес, таламуста
да қабылданып, сол жерде
сезімталдық алуан түрлі эмоциялық
рең алады деп есептейді. Ауырсыну
жіне температуралық импульстар бас
бөлімдерінен немесе мүшелерінен
сәйкесті бассүйек жүйкелерінің – V,
VII, IX, X жұптары арқылы олардың
сезімтал ядроларына, бұл
ядролардан таламусқа және одан әрі
орталық артындағы бөлімге келеді.
Қорытынды:
Жұлынның өткізгіштік қызметі жұлындық афферентті, эфферентті нейрондар
мен интернейрондар көмегімен жүзеге асады. Афферентті нейрондар арқылы
жұлынға қозу мойын, дене, аяқ пен қолдың экстерорецепторлары мен
проприорецепторлары, сонымен қоса висцерорецепторлар арқылы жеткізіледі.
Жұлынның эфферентті нейрондары, беттен басқа, барлық қаңқа бұлшық
еттерін жүйкелендіреді. Сонымен қатар, олар вегетативті жүйке жүйесінің
ганглийге дейінгі талшықтарын құрайды. Жұлынның қатысуымен зәр бөлу
және жыныс мүшелері жүйесі, тік ішектің қан тамырларын қозғалтқыш
рефлекстерін , ұлпалық алмасуды реттейтін рефлекстер жүзеге асады.
Қолданылған әдебиеттер
Х.Қ.Сәтбаева,А.А.Өтепбергенов,Ж.б.Нілдібаева 2010 Адам
физиологиясы
Қасымбеков В.Қ. Қалыпты физиология 2016
Н.Б.Нұрмұхаммедұлы Медициналық физиологиясы
Л.З.Тель Адам физиологиясы 2012
Косицкий Физиология 2014
К.В.Судакова Нормальная физиология 2008
Интернет желісі
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz