Дәрілік шөптерді оқыту
Презентация қосу
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕ ДӘРІЛІК
ӨСІМДІКТЕРДІ ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ
Орындаған: Пернебекова
Жетекшісі: Сыпа Гулнар
Дәрілік өсімдіктер
■ Дәрілік, шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын
алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың
құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің,
эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына
байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік
өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік
өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .Дәрілік өсімдіктер
кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді
дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні,
көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды
дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден
жасалған.Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей
медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате
пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік
қасиеті бар екенін анықтаңыз.Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық
мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда
қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
КІРІСПЕ
■ Мындаған жылдар бойы адамзат адамның әртүрлі аруларымен күресуге дәрілік өсімдіктерді
пайдаланды. Әрине ол әртүрлі елдерде әрқалай, әртүрлі дәрежеде пайдаланылады.
Өркениетті елдерде дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың өте бай тәжірибесі жинакталды. ХХ
ғасырда ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде фармакологияда синтетикалық
химияның дамуы көптеген ауруларды емдеуге пайдалануға болатын жасанды
препараттарды өмірге әкелді. Соның нәтижесінде көптеген елдерде сол синтетикалық
препараттарды пайдаланудың нәтижесінде дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгере
бастады, яғни қызығушылық төмендеді. Бірақ та соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерге деген
көзқарасы өзгеріп, оларды кеңінен пайдалана бастады.Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей
мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан
олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүние жүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір
Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Индия бұрынғыша қазіргі заманғы
медицина жетістіктерімен қатар халық емшелерінің емдерін кеңінен қабылдауда.Соңғы
жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардың көбісі табиғи жолмен алынған дәрілерді
арттық көре бастады. Мысалы, Жапонияда фармацевтикалық жолмен алынған
препараттарды сатып алу 2,6 есе өссе, табиғи жолмен алынған дәрілер 15 есе өсті. Қытайда
1993 жылы өсімдіктерден алынған дәрілер сатудың жалпы бағасы 2,5 млрд. доллар болды.
Дәрілік шөптерді оқыту
■ Дәрілік шөптер мен өсімдіктерді оқытудың оқушыларға пайдасы
өте зор. Осындай дархан даламызда кездесетін пайдасы орасан
зор өсімдіктеріміз адам баласына тигізетін әсерін жас буынға үлгі
насихат етіп ой саналарына сіңіріп өсірсек: жастарымыздың
буыны қатты, денсаулығы мықты болып өсуіне кәміл сенемін.
Халық медицинасында
қолданылатын дәрілік
өсімдіктер
■ Ерте кезден қазақ халқы алуан түрлі жемістерді, өсімдік
тамырларын, түрлі-түрлі шөптердің қасиеті арқылы әртүрлі
аурудың емін тапқан.
■ Дәстүрлі дінімізді қарайтын болсақ, Пайғамбарымыздың (с.а.с)
хадистерінен бірнеше өсімдіктер атауларын кездестіреміз.
Сондай-ақ, Алла елшісі (с.ғ.с) өзі ұнатқан жеміс-жидектер мен
көкөністердің адам ағзасына пайдаларын баян етіп кеткен.
■ Қазіргі таңда медицина Құранда аталған барлық өсімдіктердің
адам ағзасына пайдасы зор екендігін дәлелдеді. Сондай-ақ,
көптеген аурулардың алдын алып, емдеуге әсер ететінін
дәлелдеді. Елімізде дәрілік өсімдік түрі өте көп. Атап айтсақ,
арша, алтын тамыр, жолжелкен, жусан, итмұрын, т.б. шөптердің
кез келген ауруды жазатын емдік қасиеті бар.
Алтын тамыр
■ Бұл — сабағы тік өсетін, көп жылдық
шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат
ретінде 2,5-3 жылға дейін шипалық
қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың
құрамындағы экстракт ағзаның дене
жұмысына шыдамдылығын
арттырады, жүрек-қан тамырлары
жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке
жүйесінің ырғағына жағымды әсер
етеді, қан қысымын реттейді. Оны
орнымен қолданбаса, кейбір
адамдардың қан қысымын арттырып
жібереді.
Жұпаргүл
■ Бұл өсімдік бронхит, пневмония кезінде
қақырық түсіру мақсатында қолданады.
Басқа шөптердің қосындысымен
бронхиальді астманы да емдеуге қолданады.
Жұпаргүл тұнбасынан экзема, қышыма
дерматоз, фурункулез, іріңді ісік, диатез
кездерінде компресс немесе шипалық ванна
жасаған дұрыс. Бас жиі ауырған кезде де
жылы қайнатпасымен басты жуған абзал.
Бірақ, жұпаргүлден жасалған тұнбаларды
екіқабат әйелдерге, созылмалы гастриттің
гиперацидтік түрі кезінде, асқазан немесе
ұлтабар жаралары барларға,
гипертоникалық ауыруы барларға ішуге
болмайды.
Ащы ермен:
■ Ащы ерменді ата-бабамыз ертден-ақ әр түрлі
ауруларға қолданған. Бастың сақинасына, аяқ-қол
сырқырағанда буланған. Асқазан ауруына
тұнбасын ішкен. Халық медицинасында:
■ 1. Тамаққа тәбет ашуға; 2. Асқазан бүріп
ауырғанда; 3. Аяқ астынан дене құрысып,
қалтырап діріл пайда болғанда (лихорадка); 4.
Әсіресе аяқтағы көктамыр бадырайып шығып
білініп тұрғанда; 5. Қан жасушалары азайғанда;
6. Бауыр, көкбауыр ауырғанда; 7. Суық тигенде;
8. Ұйқы қашқанда; 9. Іштегі паразит құрттарды
түсіруге және т.б. Ветеринария саласында қоюлау
тұнбасын паразит жәндіктерді құрту үшін
жағады. Күйіс қайыратын малдардың күйіс
қайыруы бәсеңдесе ұнтағын ұнға, тұзға, суға
араластырып береді.
Табиғатта таралуы.
Республикамыздың Алматы,
Жамбыл, Шығыс Қазақстан ,
Талдықорған, Шымкент
облыстары тауларының
субальпілік және альпілік
шалғындарында, қарағайлы
ағаштардың арасында жиі өседі.
Сондай – ақ, бұл өсімдік тау
етектеріндегі жабайы
бұталардың арасында, өзен
жағалауларында, сазды –
көкалды жерлерде кездесі.
Дәрілік шикізат ретінде гүлдеп
біткеннен кейін, яғни күзде
сабағы, жапырақтары қурай
бастаған, ал гүл шоғыры
қарайған кезде,тамыры қазып
алынады.
Шүйгін шөп
өгізтіл
Бұл көп жылдық шөп тектес
өсімдік. Биіктігі 0,6-2м. Тамыры
жуан болады жанама бұтақтары
болмайды жапырағы жапырағы
жебелі жұқа қағаз секілді
қандауыр формалы келеді. Түпкі
жапырағы жалпақ өседі. Гүлдері
аталық және анеалық болып
бөлінеді. Тұқымы жұмыптқа
формалы, үш қырлы болады . Тау
бөктерлерінде, дол
жағаларында, теріскей, күнгей,
беттерде өседі. Дәмі ащы,
қышқыл, азырақ улы болады
Ем болатын аурулары:
■ Ыстықты уытты қайтарады, қанды тияды. Үлкен дәретті айдайды, қарттар ды
өлтіреді.
■ 1) тік ішектің айналдық еті қабынғанда 30-40г жас өгізтіл тамырын суға қайнатып,
шекер қосып, таңертең ашқарынға ішеді
■ 2) қышыма бөртпеде аз мөлшерлегі өгізтілді арпамен араластырып ішсе жөтелге
ем болады
■ 3) теміреткі жарасына дауа. Өгізтіл тамырын аз мөлшерде спиртке араластырып
7тәулік брйы жағып отырады және т.б
Соңғы жылдары осы мәселенің өзектілігін ескере отыры Қазақстан үкіметі Республикалық
ғылыми техникалық бағдарламаларға көңіл бөліп қаржыландырып келеді.
Кейбір институттардың, акционерлік қоғамдардың және жеке кәсіпкерлердің белсенділігі
нәтижесінде соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерден алынған шикізат мөлшері айтарлықтай артты.
Дәрілік өсімдіктерден алынатын препараттарды жасау жолындағы жұмыстардың ауқымы кеңеюде.
Әрине бұл бағыттағы жұмыстардың табиғат үшін әсіресе кейбір дәрілік өсімдіктер үшін қауыпты
жақтары да жоқ емес. Осыған байланысты дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәрілік
өсімдіктермен жұмыс жасаудың нұсқауын жасады. Ол нұсқау барлық елдердің азаматтары үшін
бұлжытпай орындалатын ереже болуы керек. Соңдықтан сол ДДСҰ-ң нұсқауын халыққа тезірек
жеткізіп түсіндіру үшін Қазақстанда академик Н.Д.Беклемишевтің басшылығымен біраз маман
ғалымдар Рахимов К.Д., Сатыбалдиева Ж.А., Суходоева Г.Н., Адекенов С.М., Тулемисова Қ.А.
Қазақстан республикасының фармакологиялық мемлекеттік комитетінің ұсынысымен және
мақұлдауымен 1999 жылы «Дәрілік өсімдіктермен жұмыс жасаудың нұсқау» деген арнайы жинақ
кітап шығарды. Бұл жинақта дәрілік өсімдіктерді зерттеуге байланысты халықаралық талаптар
келтірілген. Бұл жинақ негізі төрт бөлімнен тұрады:
Дәрілік өсімдіктермен жұмыс жасаудың ДДСҰ-ң ұсынған нұсқауы.
Өсімдіктен алынған дәрілердің қауыпсіздігін және тиімділігін зерттеудің нұсқауы.
Өсімдіктен алынған дәрілерді бағалаудың нұсқауы.
Жақсы өндірістік практика: дәрілік өсімдіктерден өнім өндіруге қосымша нұсқау.
Түйін:
■ Осы жерде көрсетілген өсімдіктердің түрлерін, пайдасын, өсетін орнын оқушылар
жастайынан мектеп бағдарламасында көрңп, біліп өссе кәзір еліміздегі өлімге жиі
соқтырып жатқан елеулі аурулардан аулақ болар еді. Мәселен: қант диабеті, қан
қысым, бүйрек бездері. Ал еліміздің таулы аймақтарында осы дерттерге шипа
болатын өсімдіктер жоқтың қасы. Ауруға ем іздегенше ауырмайтын жол ізде дейді
дана халқымыз. Ауырмаудың жолын іздеп, дені сау болашақ қалыптастыру үшін
дәрілік шөптерді біліп өсу өте маңызды
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz