Ежелгі, антикалық және ортағасыр мәдениеттерінің тарихи-мәдени шолуы: антикадан Қайта өрлеуге


Slide 1

Ежелгі мәдениет, антикалық және ортағасыр мәдениеттері.

Орындаған: Турсынханова Нурай

Тобы: 6В01501-Математика

Тексерген: Саурбаева Райса Санаковна

Slide 2

Антикалық мәдениет

Ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің б. з. д. XII - I ғғ. Қамтитын дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі. Антикалық мәдениет адамзат өркениетгілігінің ең басты ошақтарының бірі деп есептелінеді. Ол еуропалық мәдениеттің архетипіне жатады. Зерттеушілер Антикалық мәдениеттің архаикалық, классикалық, эллинистік және римдік кезеңдерін атап өтеді. Антикалық мәдениеттің ақыры - 476 жыл. Батыс Рим империясының құлауы. Антикалық мәдениетте казіргі білімнің, философияның, әдебиеттің, құқықтың, жалпы кітап мәдениетінің іргетасы қаланады. Антикалық мәдениет архаикалық 1 рекиядан бастау алады. Бұл кезеңді кейде гомерлік мәдениет деп те атайды. Осы кезеңде өзінің рәміздік, тылсымдық мәңгілігімен әлі күнге дейін адамзаттың рухани азығы болып келген танғажайып грек мифологиясы қалыптасты. Антиктік дүниетанымға Ғарышпен үйлесімдік тән. Кіші Ғарыш ретіндегі адам үлкен Ғарыштың нұсқасы болып табылады. Антикалық мәдениет өрістеген уақыт - классикалық грек мәдениеті. Әлеуметтік орта - полисті жеке азат тұлғамен үйлесімді байланыстыра білген антикалық адам өз болмысына мәдениеттілік өлшемдерін енгізе бастады

Slide 3

Орта ғасырлардағы мәдениет

Еуропалық орта ғасыр мәдениеті шарықтауы мен құлдырауы бар он екі ғасырлық қиын жолды қамтиды. Ол - негізгі типологиялық белгілерден тұратын жалпы әлемдік мәдени процесс бөлігі. Нағыз мәдениет ретінде ол оны жасаған халықтардың көптеген жалпы және ерекше белгілерінен тұратын терең жеке бейнеге ие. Орта ғасырдың рухани мәдениеті үшін Абсолютке жетуге тырысу, универсализмге ұмтылу, символизм және аллегориялық, танымның діни құрылымын тудыру, беделге ие болуға, форма тұрақтылығына ұмтылу, индивидтің оны қоршаған әлеуметтік ортамен тұтастығы ретінде белгілер болды. Алайда орта ғасырлық мәдениет өзгермей тұрып қалған мәдениет болған жоқ, ол біртіндеп қозғалмалы сипатқа ие болды. Мәдени өмірдің жаңа формалары, философиялық ағымдар, көркем стильдер, әдебиет жанрлары туды. Мәдениеттегі жаңа құбылыстар бір-бірін байыта отырып, мәдени алуандықтың өсуіне мүмкіндік жасай отырып, алдыңғылармен өзара әрекет етті.

Slide 4

Орта ғасыр мәдениеті

Европалық орта ғасыр мәдениеті шарықтауы мен құлдырауы бар он екі ғасырлық қиын жолды қамтиды. Ол - негізгі типологиялық белгілерден тұратын жалпы әлемдік мәдени процесс бөлігі. Нағыз мәдениет ретінде ол оны жасаған халықтардың көптеген жалпы және ерекше белгілерінен тұратын терең жеке бейнеге ие. Орта ғасырдың рухани мәдениеті үшін Абсолютке жетуге тырысу, универсализмге ұмтылу, символизм және аллегориялық, танымның діни құрылымын тудыру, беделге ие болуға, форма тұрақтылығына ұмтылу, индивидтің оны қоршаған әлеуметтік ортамен тұтастығы ретінде белгілер болды. Алайда орта ғасырлық мәдениет өзгермей тұрып қалған мәдениет болған жоқ, ол біртіндеп қозғалмалы сипатқа ие болды. Мәдени өмірдің жаңа формалары, философиялық ағымдар, көркем стильдер, әдебиет жанрлары туды. Мәдениеттегі жаңа құбылыстар бір-бірін байыта отырып, мәдени алуандықтың өсуіне мүмкіндік жасай отырып, алдыңғылармен өзара әрекет етті.

Орта ғасырлық мәдениеттің хронологиялық шеңберлері: V ғасырдың соңы, дәлірек айтсақ, 476 жыл - Батыс Рим империясының құлаған жылы, ол ерте феодалдық мемлекеттер орнында пайда болды, XVII ғасырдың екінші жартысы - Ағылшын буржуазиялық революциясының кезеңі, бұл Европада феодализмді жойып, капиталистік қатынастарды орнатуға негіз болды. Осы кезеңнің барлық мәдени өмірі көбінесе христиандықпен анықталды, бағыт-бағдардың жаңа этикасын дайындады, дүниеге және ондағы адамның орнына жаңа көзқарасты қалыптастырды.

Slide 5

Итальян қайта өрлеуі

Итальян Қайта Өрлеуі іштей кезең-кезеңге бөлінеді: түпкі ренессанс (XIII-VIV ғ. ғ. ), ерте Қайта Өрлеу (XV ғ. ), кемелденген немесе жоғары (1550-1530 ж. ж. ), кейінгі (XVI ғ. Ортасы) .

Түпкі ренессанстың жалпы сипаттамасы Өңдеу

Түпкі ренессанстың өтпелі кезеңін түсіну үшін ең тамаша материал - Данте Алигьери (1265-1321 ж. ж. ) шығармашылығы. Оны Орта ғасырдың соңғы ақыны және жаңа дәуірдің алғашқы ақыны деп атайды. Данте 1300 жылды адамзат тарихының ортасы деп санаған және сондықтан әлемнің жалпы және қорытынды сипатын беруге тырысты. Мұны ол «Ғажайып комедияда» (1307-1321 ж. ж. ) тамаша бейнелеген. Поэманың антикамен байланысы «Комедиядағы» негізгі кейіпкерлердің бірі - рим ақыны Вергилий екендігінен көруге болады. Ол - жер бетіндегі даналықтың, ағартушылықтың, өнегеліктік символы. Антика әлемінің атақты адамдары - пұтқа табынушылар Гомер, Сократ, Платон, Гераклит, Гораций, Овидий, Гектор, Энейді ақын тозақтың алғашқы тоғыз шеңберлерінің біріне орналастырған.


Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуірден Қайта өрлеуге дейін саяси ойдың тарихи қалыптасуы
Саяси ілімдердің қалыптасуы мен негізгі кезеңдері: ежелгі дәуірден қайта өрлеуге дейін
Ежелгі мәдениеттер: Грекия, Қазақ және Египет өркениеттерінің тарихи-мәдени шолуы
Шымкент қаласының тарихи, мәдени және экономикалық шолуы
Шығыс Еуразияның қола дәуірі: көне шұңқыр, катакомба және қима мәдениеттерінің шолуы
Жетісу қалалары: Талғар, Қарамерген және Ежелгі Алматының тарихи-археологиялық шолуы
Антикалық дәуір: ежелгі Греция мен Римнің мәдениеті мен мұрасы
Ежелгі Грекия мен Рим өнері: тарихи-мәдени шолу
1930-1960 жылдардағы жастар субмәдениеттерінің тарихи-мәдени шолуы
Ежелгі Грек-Рим өркениетінің тарихи-мәдени типі: қалыптасуы, даму кезеңдері және өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz