Жаһандану және Қазақстан экономикасы


Slide 1

Қазақстан жаһандық әлеуметтік-экономикалық жүйеде

Орындаған:Әзімханова Ғайни

Қабылдаған:Қаныбекова Қарлығаш

Тобы:ЭЭМ-011

ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Slide 2

Жаһандану дегеніміз не?

Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. Global - «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») - жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.

Slide 3

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСІ

Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін алған уақыттан бастап жаһандану үрдісінің әсеріне ұшырауда. Жаһандану Қазақстанда көптеген салаларға өзгеріс әкелді.

Қазақстанның ішкі саясаты. Қазақстан социалистік жүйенің бір бөлігінен жеке демократиялық мемлекетке айналды.

Қазақстанның сыртқы саясаты. Қазақстан тәуелсіздігін ала сала әлем елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас жұмсауға күш салды. Бұл Қазақстанның әлемдік интеграция үрдісіне араласуын үдетті және Қазақстанның жаһандану үрдісіне араласуына жол ашты.

Slide 4

Қазақстанның экономикасы. Қазақстан жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшті.

Қазақстанның мәдениеті. Қазақстан халқының мәдениеті әлем халықтарының мәдениетімен интеграциялануына жол ашылды.

Slide 5

Жаһандану және Қазақстан экономикасы

Жаһандану процессі әлем елдерінің интеграциясының нәтижесінде жүреді. Сонымен, экономикалық жаһандану экономикалық интеграция, яғни халықаралық сауда, тауарлар, қызметтер экспорты және импорты нәтижесінде жүреді.

Slide 6

Жаһандануға қандай факторлар жәрдемдесуде?

1. Бірінші кезекте, бұл тараулардың елдер мен экономика секторлары арасындағы қозғалысы. Сауда-саттықты өрістету экономиканың дамуы мен өсуі үшін стратегиялық тұрғыда қажет.

2. Жаһандану жолындағы екінші қадам капиталдардың еркін қозғалысы. Мысалы соңғы 20-жылдарда дамушы елдерге тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны жүздеген есе өсті.

3. Үшіншіден, адамдардың кедергісіз қозғалысы. Бүгінде әлемде елеулі көші-қон өзгерістері жүріп жатыр, Батыс елдерінде, әсіресе Еуропалық Одаққа, АҚШ-қа, Канадаға мигранттар ағыны күшейді.

4. Төртіншіден, жаһандану факторларының бірі халықаралық валюта рыногтарындағы валюталық операциялардың серпінді дамуы болып табылады. Әлемдік валюта жүйесі үш ревоюцияны: реттеудің алынып тасталуын, интернационалдануды және инновацияны бір мезгілде бастан кешті.

5. Бесіншіден, ақпараттың, интеллектуалдық өнім мен идеялардың еркін қозғалысы жаһандану факторларының бірі және салдары болып табылады. Интернеттің, электрондық поштаның, халықаралық телефон қызметтерінің, ұяля телефон мен электрондық конференциялардың қарай дүние әлдеқайда өзара байланысты бола түсті.

Slide 7

ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ САЯСАТТАҒЫ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде” деп айтқан сөзі, ол тек ұлттың тілі ғана емес, мемлекеттігіміздің негізі екенін баса көрсетуі болды. Қазақ халқының қиын-қыстау замандарды бастан кеше жүріп, болашақ ұрпағына жеткізген аманаты, асыл мұрасының негізгісі де осы тілі болатын.

Slide 8

Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы - қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік берді.

Slide 9

«Қазақ тілі» қоғамының республикада және одан тыс жерлерде де бастауыш ұйымдары жұмыс істейді. Омбы, Орынбор, Астрахань, Қорған, Санкт-Петербург, Саратов, Волгоград қаласында, Моңғолия, Түркия, Қарақалпақстан, Түркіменстанда «Қазақ тілі» қоғамыныңның бөлемшелері бар. Сондай-ақ Франция, Швеция, Америка, Қытайда тұратын отандастарымыз «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі болып табылады.

Slide 10

ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ : ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Ұлттық идеяға деген қажеттілік, бірінші кезекте, қазақстан қоғамын біртұтас азаматтық қауымдастыққа біріктіру мақсатынан туындап отыр. Сонымен бірге, идеология, қоғамды жаңа сапалы әлеуметік - саяси деңгейге көтеру, үлкен серпіліске жұмылдыру үшін қажет. Әлемнің анағұрлым дамыған елдерінің қатарына қосылу мақсатында жедел жаңару жолына түскен Қазақстан алдында осы тектес модернизацияның стратегиясын, оның идеологиялық өзегін қалыптастыру міндеті тұр.

Slide 11

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа идеологияның басты құрамдас бөліктері:

Біріншіден, заманауи және қарқынды дамушы мемлекет құрудың маңызды алғышарты келісім - шарттық қатынастар мен жеке меншік институтын құрметтеуге, қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылдығы мен іскерлігіне негізделген бәсекеге төзімді және ашық нарықтық экономика болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
Жаһандану тарихы
Экономикадағы кәсіпкерліктің мәні
Қазақстанда телекоммуникация саласының дамуы
Аумақтық Жаһандану - мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі
Демографиялық проблема
Аумақтық жаһандану
Жаһандану, ғаламдану
Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер туралы мағлұмат
Қазақстандық фармацевтикалық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
Жаһанданудың құрамдас бөліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz