Темпераменттің түрлері
Презентация қосу
Темперамент
Дайындаған:Мұхтарқызы Мерей
Мухамбеткалиева Мадина
Тексерген:Мұса Қ.М.
Римнің атақты дәрігері К.Гален темепраменттің физиологиялық
ерекшеліктерімен қоса, психологиялық, тіптен адамның адамгершіліктеріне
қатысты сапалармен байланысты деп түсіндіріледі.
В.Д.Небылицин темпераментті үш компонентке бөледі:
1. индивидтің белсенділігі
2. оның моторикасы
3. эмоциясы
Темпераменттің түрлері
1. Флегматик
2. Сангвиник
3. Меланхолик
4. Холерик
Флегматик - Флегматик темпераменті сезімнің болымсыз білінуімен
сипатталады; флегматикті өзі үшін байсалды кәдуілгі күйде шығарып әкету
оңайға түспейді; ол жүріс-тұрысы мен сөзінде сылбыр, оның мимикасы онша
айқын емес, қимылдары сараң.
Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп
ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу
өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады,
сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін, дене қимылдарын білдіріп
тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бірсарынды монотонды
сөйлейді. Кісімен араласып жақындасуда мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып
барып кіріседі. Іс-әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін
қадағалап істейді, аяқтап шығады. Флегматик байсалды, баяу, орнықты болады.
Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалға шақырса,
есебін тауып жалтарып кетеді, тыныштықты жақсы көреді. Көңіл көтеретін
сауыққа да әуес емес, бөтен кісіге міндет артып өкпелемейді.
Сангвиник — оптимист адамды белгілеу үшін қолданылатын термин.
Сангвиник типті адамның эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ
көп тұрақтамайды. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Сангвиник — әсершіл адам.
Ұнатқан, сүйсінген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы
да жылдам. Төңірегіндегі оқиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп,
көңілденіп, басқа әсерге ауысып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі келеді. Ұзақ
уақыт мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із
қалдырмайды. Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті тірі, сергек келеді.
Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі
сөйлейді, мимика, қимылы көп. Ақжарқын, ашық келеді. Мұндай адам
басқалармен тез тіл табысады, бірақ қарым-қатынасқа онша мән бермейді.
Қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпыну көп, бірақ оп-оңай басылып
қалады. Бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады. Іске
қатысуға әр уақыт дайын тұрады. Кейде бірнеше жұмысқа бірдей кіріседі.
Басында көңілі көтеріңкі болып, іс үстінде лезде суыйды.
Холерик — темпераменттің типі (Мінезді, қызу мінезді, жігерлі адам).
Холериктің эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта
көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп-сәтте қызып кетіп, күйіп-
піседі. Ашуланса, бұрқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан
кешкен сезімі санасында терең із қалдырады, қимыл-қозғалысы шапшаң.
Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс-
әрекет атқаруға бейімді келеді. Жұмысқа құмарта беріліп, екпінмен істеуші,
анық, әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика,
пантомимикасынан білініп тұрады. Холерик белсенді, батыл келеді, іске
шапшаң кіріседі, бастаған іс-әрекетін аяқтап шығады, көп адам қатысқан
ойындарға құмар. Өзі де ұйымдастырып, аяғына дейін белсене қатысады,
шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, әп-сәтте ашуланады және ашуын ұзақ
сақтайды. Холерик темпераменті тез туатын күшті сезімдерімен, эмоциялық
қозғыштарымен, шамданғыштығымен, жігерімен, үлкен қозғалғыштығымен,
ұтымды қимылдарымен, бай мимикасымен сипатталады.
Меланхолик — адамдарға тән төрт темпераменттің бірі.
Меланхолик сәл нәрсеге сезімтал, тұйық, сөзге сараң,
жайбасар адамға қатысты айтылады. Мұндай адам жүйке
жүйесі әлсіз типке жатады. Өйткені оның қозу, тежелу
жүйке процестері өте баяулығымен ерекшеленеді. Не нәрсе
болса да ішінде сақтайды. Меланхоликтің де жағымды және
жағымсыз жақтары болады. Егер де меланхолик —
темпераментті адам дұрыс тәлім-тәрбие алмаса, ондай адам
өзінен-өзі тұйықталып, жұрттан өзін оқшау ұстауы мүмкін.
Адамда болатын темпераменттердің қай-қайсысы да жүйке
жүйесінің туа біткен қасиеттерінен туындайтын, адамның
тұқым қуалайтын, жеке дара қасиеті болып саналады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz