Дезинфекциялық ерітінділер


Slide 1

Дезинфекция

Slide 2

Дезинфекция (зарарсыздандыру) - қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады.

Дезинфекцияның мақсаты: ЕСМ палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою.

Зарарсыздандырудың екі түрі бар: профилактикалық және ошақты.

Slide 3

Профилактикалық зарарсыздандыру емдеу сауықтыру мекемесінде АІИ алдын алу үшін жүргізіледі.

Ошақты зарарсыздандыру инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі

Ошақты дезинфекцияның үш түрге бөлінеді: күнделікті, қорытынды, соңғы.

Күнделікті -үйде немесе емдеу сауықтыру мекемелерінде бірнеше рет ылғалды зарарсыздандыру ерітіндісімен жууды айтамыз. Эпидемиялық ошақта күніне бір рет жасалынып отырады. Мысалы: палатада күніне 2 рет, процедуралық бөлмеде 3 рет, асханада әр тамақтан кейін, әжетханада ластанған сайын, манипуляциялық бөлмеде әр бір манипуляциядан кейін зарарсыздандыру жүргізіліп отырады.

Slide 4

Қорытынды - науқас емделіп жақсы болып емханадан шыққан соң, науқасты бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырғаннан кейін немесе қайтыс болғаннан соң бір рет өткізілетін шара. Зарарсыздандыру мақсаты эпидемиялық ошақты инфекцияда толық бір жолата босату. Ол 1 рет жасалынады, қалалық жерде 5-6 сағат ішінде, ауылдық жерде 12 сағат ішінде келесі жағдайларда жүргізілу керек.

- науқасты ауруханаға жатқызғанда үйінде жасау керек;

науқас жазылып шыққаннан кейін аурухана палатасына

жасау керек;

науқас басқа бөлімшеге ауыстырылғанда палатаға

жасалуы керек;

- науқас қайтыс болғанда;

Slide 5

Дезинфекция

ошақты

қорытынды

соңғы

күнделікті

профилактикалық

ЕПҰ-да АІИ алдын алу үшін жүргізіледі

терапия бөлімінде айына 1 рет жүргізіледі

науқас ауруханадан шыққан соң жүргізіледі

үйде немесе ЕПҰ-да күнде бір неше рет жүргізіледі

инфекция ошағында алғашқы 6-12 сағат ішінде жүргізіледі

инфекция ошағында алғашқы 6-12 сағат ішінде жүргізіледі

Slide 6

Дезинфекция жүргізуге қажет заттар

Slide 7

Күнделікті дезинфекция жүргізу

Slide 8

Соңғы - терапия бағыттағы бөлімшелеріге айына бір рет, ал хирургиялық

бағыттағы бөлімдерге және операциялық, таңғыш таңу, босану залдары, жаңа туылған балалар, шала туылған балаларға аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізіледі

Slide 9

Зарарсыздандырудың әдістері: механикалық, физикалық, химиялық, аралас.

Механикалық - жуу, шансорғышпен өңдеу, желдету, кір жуу, ылғалды жинау, қолды жуу.

Физикалық - қайнату, ыстық құрғақ ауа, сулы бумен әсер, УКС т. б.

Химиялық әдіс- ЕПҰ-да дезинфекцияның химиялық түрінің толық батыру әдісі жиі қолданылады. Науқаспен қарым-қатынаста болмайтын заттар, оның бөліктері үшін дәке, бөз шүберекті дезерітіндіге малып, 2 рет сүрту әдісі қолданылады.

Slide 10

Дезинфекцияның комбинацияланған (аралас) әдістері

Аралас әдісі арнайы дезинфекциялық камераларда жүргізіледі.

Булы-ауалы 110˚С температурада ылғалды ауамен, 0, 5 атм қысым, экспозиция - 20 минут.

Параформалинді - 0, 5 атм режимі, температура 90˚С, экспозия -30 минут

Камералы дезинфекцияда заттар ыстық ауамен белгілі температурада жоғары қысыммен, кейде будың әсерін күшейту үшін қосымша формальдегидті (формалин) камераға жіберу арқылы дезинфекцияланады

Slide 11

Дезинфекция

аралас

биологиялық

химиялық

физикалық

механикалық

күн сәулесін қолдану

лизоформин қолдану

кір жуу

шаңсорғышпен өңдеу

Дезоксон-1 қолдану

формалин қолдану

УКС қолдану

қалдықтарды өртеу

желдету

Камералы дезинфекция

глутарал қолдану

антибиотиктерді қолдану

булы-ауалы дезинфекция

сарысуларды қолдану

кір жуу

қайнату

шаңсорғышпен өңдеу

УКС қолдану

қалдықтарды өртеу

күн сәулесін қолдану

кір жуу

қайнату

шаңсорғышпен өңдеу

УКС қолдану

қалдықтарды өртеу

желдету

Slide 12

Дезинфекциялық ерітінділер

Slide 13 Slide 14

Жуғыш ерітіндіні дайындау

1. 5 грамм Лотос ұнтағы. т. б.

2. 27, 5% -17 мл сутегінің асқын тотығы.

3. 978 мл су.

Жуғыш ерітіндіні 20-25˚С жылытамыз.

Slide 15

Антисептикалық және дезинфекциялық заттар

Химиялық тобы

Препараттары

1. Құрамында галогені бар қосылыстар

Құрамында хлоры бар: хлорамин Б, хлоргексидин биглюконаты.

Йодты: йодтың спиртті ерітіндісі, люголь ерітіндісі, иодоповидон, йодинол, йоданат, йодопирон

Тотықтырғыштар

Сутегі асқын тотығы ерітіндісі, калий перманганаты

3. Ауыр металл тұздары

Сынап: сынап дихлориді /сулема/, сынаптың сары тотығы.

Күміс: күміс нитраты, проторгол, колларгол.

Мырыш: мырыш сульфаты, мырыш тотығы,

Мыс: мыс сульфаты

Висмут: ксероформ, дерматол

Slide 16

4. Альдегидтер мен спирттер

Формальдегид, гексаметилентетрамин

Этил спирті

5. Фенол мен оның туындылары

Таза фенол /карбол қышқылы/, ихтиол

6. Нитрофуран туындылары

Фурациллин

7. Бояғыштар

Бриллиантты жасыл, метилен көгі, этакридин лактаты.

8. Қышқылдар мен сілтілер

Қышқылдар : бор, салицил

Сілтілер: аммиак ерітіндісі

9. Детергенттер

Церигель, дегмицид, роккал, жасыл сабын

10. Табиғи препараттар

Тұнбалар, тұндырмалар және басқа да препараттар: календуланың, жапон сафо-расының, түймедақ гүлінің, шалфейдің, эвкалиптің, шайқурай, сарымсақ, пияз және т. б.

Антисептикалық өсімдік жинақтары: эктерицид, лизоцим, бализ-2

Slide 17

ЛИЗОФОРМИН ЕРІТІНДІСІН ДАЙЫНДАУ ҮШІН

0, 5% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 40мл лизоформин;

1% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 80мл лизоформин;

2% лизоформин дайындау үшін 8л суға 160 мл лизофрмин;

3% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 240 мл лизоформин.


Ұқсас жұмыстар
Дезинфекцияның мақсаты
Дезинфекциялық ерітінділерді қолданғанда медицина қызметкерлерінің қорғану ережелері
Антисептика
Зарарсыздандыру мақсаты эпидемиялық ошақты инфекциядан толық бір жолата тазарту
Дезинфекция жүргізу тәртібі
Дезинфектанттардың сапасын саралау
Қолды өңдеу
Медициналық қызметкерлер арасында АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары
Көп көлемде суды және жуғыш заттарды пайдаланып тазалау
Заттарды өңдеуге арналған құралдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz