Стильдердің тілдік құралдары


Slide 1

Әртүрлі стильдегі мәтіндерге талдау жасау жолдары

Альтаева Шакизат Кудайбергеновна,

Тараз қ. ПШО ЖМ филиалының тренері

Балтабекова Раушан Тұрсынбаевна,

Шымкент қ. ПШО ЖМ филиалының тренері

Slide 2

ВЕБИНАР МАҚСАТЫ:

Қазақ тілі пәнінен тіл стильдері жүйесі бойынша мәтіндердің құрылымы, оның тілдік құралдарының қолданысына талдау жасау. Қазақ тілі пәнінің оқу мақсаттарының ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырма әзірлеу тәжірибесін жетілдіру.

Slide 3

3

ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

Қазақ тілі пәнінен тіл стильдері жүйесін мәтіндегі сөздердің құрылымы, оның қолданысын тілдік құралдар арқылы талдайды. Қазақ тілі пәнінің оқу мақсаттарының ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырма әзірлеу тәжірибесі жетіледі.

Slide 4

Стиль дегеніміз - өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі.

Slide 5

5

Хабарлау қызметі

Қарым-қатынас жасау қызметі

Әсер ету қызметі

Ауызекі сөйлеу стилі

Ғылыми стиль;

ресми-іскери стиль

Көркем әдебиет стилі;

публицистикалық стиль

Стильдердің әлеуметтік қызметтері

Slide 6

Чатта ой бөлісіңіздер.

КІРІСПЕ СҰРАҚ:

1. Білім алушылармен стильдік талдау жүргізу қаншалықты маңызды?

2. Мәтіннің стилін қалай анықтайсыздар?

3. Мәтінге стильдік талдауды қандай үлгіде жүргізесіздер?

4. Қазақ тілі оқу бағдарламасында тілдік стильдерді анықтауға арналған қандай оқылым мақсаттары берілген?

Slide 7

Оқушыларға тіліміздегі стильдерден білім мен дағды берудегі маңызды жаттығу жұмыстарының бірі - ол стильдік талдау жүргізу.

Талдау жасату арқылы оқушылар тіл стильдерінің қолдану аймағын, ойды жеткізу формасын және олардың тілдік құралдарын жете ажыратуға дағдыланады.

Slide 8

Тіл стильдерін оқытуда жаттығу жұмыстары қандай мақсаттар бойынша жүргізіледі?

Slide 9

Оқу мақсаттары

Slide 10

10

Мәтін мазмұнын игерту, түсініп оқуға баулу;

Мәтіндегі форма, сөз және сөз тіркесі мен сөйлемдердің қолдануындағы стильдік ерекшеліктер мен реңдерін таныстыру;

Сөз, сөйлем, мәтіндерді синоним және басқа нұсқаларымен ауыстыру арқылы салыстыра білу, олардың стильдік ерекшеліктерін ажырата алу;

Тіл стильдеріне байланысты сөйлем немесе мәтін құрастыра білуге жаттықтыру.

Тіл стильдерін оқытуда жаттығу жұмыстарының мақсаттары

Slide 11

Сұрақ:

Мәтіннің стилін анықтау үшін қандай сұрақтар қоясыздар?

Slide 12

Мәтіннің қай стильге жататынын анықтау үшін мынадай жетелеуші сұрақтар қойған тиімді:

Мәтіндер қай стильде жазылған?

Оның себебі не?

Тілдік құралдарында қандай айырмашылықтар байқалды?

Автордың айтайын деген ойы қандай?

Мәтін қандай тақырыпта жазылған?

Slide 13

Мәтінді тілдік талдаудың бірнеше аспектілері бар:

Мәтінді әдеби тілге және оның нормаларына қатысы тұрғысынан талдау.

Мәтінді мағыналық жағынан талдау. Ол арқылы түсініксіз сөздердің не идеялық-тақырыптық үлкен жүк көтеріп тұрған сөздердің мәтін ашылады.

Мәтінді көркем бейне жасауға қатысы жағынан алып талдау.

Мәтінді жазушының дара стилін айқындау тұрғысынан талдау. Бұл - өзара бір-бірімен байланысты зерттеу аспектілері.

Ескерту:

Мәтінді талдау кезінде осы аспектілердің бірі аз, бірі көп дәрежеде қамтылуы мүмкін.

Slide 14

Мәтінге стильдік талдауды қандай үлгіде жүргізесіздер?

Стильдік талдау жүргізуді реті бойынша айтыңыз.

Slide 15

Стильдердің тілдік құралдары

Ғылыми стильде - ғылыми терминдер жиі қолданылады. Көбіне хабарлы сөйлем болып келеді. Осы шақ, өткен шақта жиі қолданылады.

Ресми іс-қағаздар стилінде -кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер мен даяр тіркестер мен құжат тілдері жиі қолданылады.

Публицистикалық стильде - риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза пайдаланылады.

Көркем әдебиет стилінде - ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары(теңеу, метафора) қолданады.

Ауызекі сөйлеу стилінде - қарапайым сөздер мен сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады, көбінесе диалог түрінде келеді

Slide 16

16

Таныс ортада, бейресми жағдайда емін-еркін әңгімелесуде қолданылады. Сөйлеу тілі диалогтен құралады. Диалог репликалар (диалог үстінде қарсылық білдіру, құптау мәнінде айтылатын қысқаша жауап) тізбегінен тұрады да, қысқа, тұжырымды болып келеді.

Стильдік белгісі:

1. Тілдесу емін-еркін, бейресми түрде өтеді, еркін құбылтып айту.

2. Сөйлеуші тілдік амал-тәсілдерді толық пайдаланып, ойын белгілі бір жүйемен беруге аса көңіл бөлмейді.

3. Фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік нормалар толық сақталмайды.

Тілдік құралы:

1. Сөйлеу тілінің лексикалық ерекшеліктері: қарапайым сөздер, диалект сөздер, тұрпайы сөздер, бейтарап және эмоционалды сөздер, тұрмыстық сөздер, варваризмдер, сөйлеу тілінің фразеологизмдері;

- көріктеу тәсілдері (метонимия, синекдоха, табу, эвфемизмдер) қолданылады;

2. Сөйлеу тілінің фонетикалық ерекшеліктері: дыбыстарды түсіріп айту(кеп отыр, басың қағыр) ; дыбыстық қайталаулар: аллитерация, ассонанс

3. Морфологиялық ерекшеліктері:

1) қыстырма, қаратпа, одағай сөздердің жиі қолданылады.

2) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының құрамында келген соң шылауы кейде қысқартылып, жалғау тәрізді түрде айтылады.

3) Сөйлеу тілінде эмоционалды-экспрессивті бағалауыш, бейнелеуіш, көркемдегіш сөздер де жиі қолданылады.

4. Синтаксистік ерекшеліктері. Сөйлеу тілінде сөйлем түрлері аралас келеді. Сұраулы, лепті, риторикалық сұраулы, толымсыз, жалаң сөйлемдер көп қолданылып, сөйлем диалогке құрылады.

Синтаксистік құрылымдардың тілдік-стильдік қызметі, синтаксистік құрылымдар арқылы жасалған айрықша сөз қолданыстары (параллелизм, парцеляция т. б. ), синтаксистік стилистика, дауыс ырғағына қарай сөйлеуші қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөздерді қолданады

сөздердің орын тәртібі еркін болады;

- әдеби тілдің қалыпты нормалары толық сақталынбайды;

Қолданылатын орны

Айтылу мақсаты: қатынас жасау, араласу, өзара тілдесу, жедел ақпарат беру

Ауызекі сөйлеу тілі - адамдардың бір-бірімен күнделікті қарым-қатынасының тілі

Slide 17

Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді оқып, стиль түрін, қолданылатын орнын, мақсатын, стильдік ерекшелігін, тілдік ерекшелігін табыңыздар.

- Әй, Сәлима, сенен несін жасырайын, соңғы кезде ұйқым онша болмай жүр.

Жайшылық па? Денсаулығыңыз жақсы ма, әйтеуір? - деп жақындай түсті Ханымгүл.

Денсаулығым жаман емес сияқты . . .

Е . . . Құдайға шүкір . . . Кейде адам бірдеңені еске алып мазаланса да, ұйқының қашатыны бар.

Таң атпай «Молоко, творог, айран!» деп айқайлайтындары жаманақ . . .

Енді қайтсін . . . олар да ерігіп жүр дейсіз бе?. . Мынадай қиын кездегі тіршіліктері де . . .

Оны түсінемін ғой, таң алдында тәтті ұйқыға кетіп бара жатқанымда, ауыздарына әнебіреуді тақап алып, он шақты үйді басына көтере қақсайтынын қайтерсің?. .

Ханеке, бұл өмірде неге үйренбей жүрміз, әйтеуір, балалар аман болсын да.

Балаларға да, немерелеріме өкпем жоқ. Айналайындар ерекелеп-ақ тұрады. Оны қайтесің, Ханымгүл, мені де еркелетеді.

Бақытты екенсіз ғой. Соның бәрі келініңіздің тәрбиелігінен. Ақылды ғой айналайын Күмістай. Бір-біріңізді құдай бақтарыңызға бере салған да . . . Тіл-көзден сақтасын.

Дұрыс айтасың, Ханымкүл, «апалап» сонау ауылдан әдейі алып келген сол Күмістайжан емес пе?! Екі дүниеде де ризамын.

(Қалада тұратын екі әйелдің әңгімесінен)

Мәтін тақырыбы:

Стиль түрі:

Қолданылатын орны:

Мақсаты:

Стильдік ерекшелігі:

Тілдік ерекшелігі:

Slide 18

Мәтінді оқып, стиль түрін, қолданылатын орнын, мақсатын, стильдік ерекшелігін, тілдік ерекшелігін табыңыздар.

- Әй, Сәлима, сенен несін жасырайын, соңғы кезде ұйқым онша болмай жүр.

- Жайшылық па? Денсаулығыңыз жақсы ма, әйтеуір? - деп жақындай түсті Ханымгүл.

- Денсаулығым жаман емес сияқты . . .

- Е . . . Құдайға шүкір . . . Кейде адам бірдеңені еске алып мазаланса да, ұйқының қашатыны бар.

- Таң атпай «Айран, молоко, творог!» деп айқайлайтындары жаман-ақ . . .

- Енді қайтсін . . . олар да ерігіп жүр дейсіз бе?. . Мынадай қиын кездегі тіршіліктері де.

- Оны түсінем ғой, таң алдында тәтті ұйқыға кетіп баратқанымда, ауыздарына әнебіреуді тақап алып, он шақты үйді басына көтере қақсайтынын қайтерсің?. .

Ханеке, бұл өмірде неге үйренбей жүрміз, әйтеуір, балалар аман болсын да.

Балаларға да, немерелеріме өкпем жоқ. Айналайындар ерекелеп-ақ тұрады. Оны қайтесің, Ханымгүл, мені де еркелетеді.

Бақытты екенсіз ғой. Соның бәрі келініңіздің тәрбиелігінен. Ақылды ғой айналайын Күмістай. Бір-біріңізді құдай бақтарыңызға бере салған да . . . Тіл-көзден сақтасын.

Дұрыс айтасың, Ханымкүл, «апалап» сонау ауылдан әдейі алып келген сол Күмістайжан емес пе?! Екі дүниеде де ризамын.

(Қалада тұратын екі әйелдің әңгімесінен)

Мәтін тақырыбы: қала тұрмысы

Стиль түрі: ауызекі сөйлеу стилі

Қолданылатын орны: аулада/көшеде

Мақсаты: өзара тілдесу

Стильдік ерекшелігі: тілдесу емін-еркін, бейресми түрде жүргізілген.

Тілдік ерекшелігі:

Фонетикалық ерекшелігі: түсінем ғой, баратқанымда

Лексикалық ерекшелігі: бейресми, кірме сөздер.

Морфологиялық ерекшелігі: одағай сөз, қыстырма сөз.

Синтаксистік ерекшелігі: риторикалық сұраулы сөйлем.

Slide 19

19

1-практикалық тапсырма.

Дәт ақсақал:

- Бөтен жақтың аты-жөніңді білмес, ажарыңды танымас адамымен кәйтіп саудаласып, қол соғысып жүресін, Мағаш шырақ. Жасың кіші інім екенсің, Абайдың баласына базардан ат іздетіп жүрмей-ақ қоялық. Бұ яқтағы ел де Абайдың елі. Жатың емес, жақының. Аттың орайын Әбсәметтің үйіне барып табамыз. Жүрелі! - деп Мағаштар жатқан Әбсәметтің үйіне әкелген.

Жамбыл Мағаш бәйгіге қосқан Торжорғаға сүйсініп:

- Табанынан жарылған жануар-ай! - деп екі қолын жұдырығын түйе созып көрсетіп. - Айызыңды қандырды-ау! Алматының төресі мен қарасы, шоқы мен шорасы сүйсінгеннен таңдай қақты. Шұлғып қалды ғой мүлдем. Атама, әкем тегі. Әмісе жолың боғай-ақ та. Жақсы ағаның баласы екесің. Атаң да жақсы, атың да жақсы босын десем, десемдей екесің, Мағаш мырза! (М. Әуезов) .

Мәтін тақырыбы:

Стиль түрі:

Қолданылатын орны:

Мақсаты:

Стильдік ерекшелігі:

Тілдік ерекшелігі:

1-топ: https://docs. google. com/document/d/-XE/edit?usp=sharing

2-топ: https://docs. google. com/document/d//edit?usp=sharing

3-топ: https://docs. google. com/document/d/1JZEy--u5m0uAJ6iIpE5WE/edit?usp=sharing

Slide 20

Оқу мақсаттары:

5. 2. 2. 1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану, түсіну, қолдану

5. 2. 4. 1 ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру талдау

Тапсырмаларды талқылау:

Оқу мақсаттарына сай тапсырма әзірлеңіздер және тапсырмалардың бағалау критерийлеріне сәйкестігін анықтаңыздар.

Бағалау критерийлері:

-бағалау критерийінің оқу мақсаттарына сәйкестігі;

-тапсырманың оқу мақсаттарына бағытталуы;

-дескриптролардың нақты, анық берілуі.

Slide 21

21

Жазбаша түрі: әдеби көркем шығармаларда қолданылады.

Ауызша түрі: сахнада айтылатын әңгіме, аңыз, пьеса, т. б. жанрларда қолданылады.

Стильдік белгісі:

Тілдік құралы:

а) лексика-фразеологиялық: нақтылы сөздер(жалпы ағаш емес, алма не өрік ағашы туралы) . ауыспалы мағынадағы сөздер(жиналыстың аяғы, көңіл кілті), суреттемелік, көркемдеуіш құралдар (теңеу, метафора, эпитет, антитеза . . . ), бейәдеби бірліктер, синонимдер мен антонимдер, бейнелі сөз орамдары, т. б. ; Авторлық баяндаудың құрылымына қарай, кейіпкерлердің іс-әрекет, болмысына қарай тілдің бар байлығы қолданылады: кәсіби, диалект сөздер, этнографизмдер, қарапайым сөздер мен жаргондар, сирек қолданылатын сөздер, тарихи, көнерген сөздер, окказионализмдер т. т.

ә) морфологиялық: одағай, шылаулар, қыстырма, қаратпа сөздер;

б) синтаксистік: риторикалық сұраулы сөйлемдер, қайталамалар, парцелляцияланған құрылымдар, инверсия.

Қолданылатын орны

Мақсаты: Ақиқат шындықты, өмірдегі зат, құбылыстарды суреттеу, бейнелеу арқылы оқырман сезіміне әсер ету.

Сөз деректі, образды эмоционалды-экспрессивті мәнде, т. Б.

Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың тілі.

Slide 22

2-практикалық тапсырма


Ұқсас жұмыстар
Ауызекі Көркем сөйлеу стилі әдебиет стилі
Мәтіндердің ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық стильдері
Стиль түрлері
Публицистикалық стиль
СӨЗДІҢ ФУНКЦИОНАЛД
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері
Іс –қағаздарының стилі
Тілдің функциялары
Стилистика пәнінің зерттеу нысаны мен бағыттары
Көркем әдебиет стилі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz