Жануарлар ішкі аурулары клиникалық балаумен пәні




Презентация қосу
Клиникалық ветеринариялық
медицина кафедрасы

«Жануарлар ішкі аурулары
клиникалық балаумен» пәні

№6 Дәріс
Тақырыбы: Өт жолдары және іш
перде аурулары
Мақсаты: Өт жолдары
және іш перде ауруларын
оқып-білу
Міндеттері: Өт жолдары
және іш перде
аураларының жіктелуін,
себептерін, дамуын,
симптомдарын, емдеу және
сақтандыру шараларын
оқып-білу
Дәріс жоспары:
1. Холецистит
2. Холангит
3. Өтке тас байлану ауруы
4. Перитонит
5. Іш шемені
• Холецистит (Cholecystitis) - өт қабының
қабынуы, холангит (Cholanqitis) - өт
жолдарының (өзегінің) қабынуы. Бұл
аурулар көбінесе бір мезгілде дамиды. Бірде
басымырақ қуық зақымданса, бірде
басымырақ өт жолдары зақымданады.
• Себептері. Негізгі себебі - бактерия және
вирустармен зақымдануы. Витаминдер мен
белоктар тапшылығынан және азықпен,
сумен бірге күшті әсер етуші заттар келіп
түскендіктен бауырдың
ретикулогистиоцитарлы ұлпасының
төзімділігі (резистентность) төмендеуімен
қосарланып жүреді.
• Дамуы. Өт жолдары мен өт қабына микрофлора
ішектерден, сирек бауырдан, қанмен, лимфадан
өтеді. Холециститте және холангитте холестаз
дамыйды - өт тұрығады, оның химиялық құрамы
өзгереді. Өт жолдары мен өт қабының
қабырғасында катаральді, іріңді және аралас
қабыну процестері пайда болады. Холецистит пен
холангит көбінесе өтке тас байлану ауруымен
қосарланып жүреді.
• Симптомдары. Азыққа зауқы төмендейді, азық
қорыту бұзылады, іш өтеді, артынан іш тоқтайды.
Бауырды пальпациялағанда ауырсынады. Таяқша
ядролы жағына ығысқан нейтрофильді лейкоцитоз,
ЭШЖ көбейеді. Тріңді холециститте және
холангитте субфибрильді лихорадка (қызба)
болады.
• Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер. Өт
жолдары мен өт қабының қабырғасында
қабынудың белгілері болады: ісіну,
гиперемия, инфильтрация, іріңдер. Өт
жолдары тарылған, өт қабы ұлғайған,
қабырғасы қалыңдаған, қызғылт-көк түсті.
Өт жолдары қуысында катаральді, іріңді,
іріңді-катаральді өтке араласқан эксудат
бар. Тш перденің жақын жатқан жері
қабынуы мүмкін.
• Балау. Малды ұзақ мерзім бақылауға,
клиникалық зерттеулерге, қанның анализіне
байланысты диагноз қояды. Холецистипен
холангитті өтке тас байлану ауруынан,
гепатиттен, гепатоздан дербестеу керек.
• Емі. Кең ауқымды антибиотиктерді
тағайындайды: оксациллин, ампициллин,
олететрин, тетраолеан. Өттің жүруін
жақсарту үшін, өт айдайтын дәрілерді
береді: оксафенамид, аллахол,
дегидрохолий қышқылын, холензимді, шай
шөп (салау бас) гүлінің тұнбасын (10:25),
жүгері шашағының тұнбасын (10:200) т.б.
Оксафенамидті ішке береді, күніне 2 рет.
Мөлшері: ірі қара малға - 0,6 -5 г, шошқаға -
0,25 - 1,5 г, қойға - 0,1 - 0,7 г, итке - 0,12 -
0,25 г.
• Дегидрохлорий қышқылын ішке: жылқы мен
ірі қара малға -
3 - 6 г, шошқаға - 1 - 3 г, итке - 0,1 - 0,5 г
• Дехолинді ішке тәулігіне 2 - 3 рет береді.
Мөлшері: ірі қара малға және жылқыға - 2 -
5 г, итке - 0,25 - 1 г.
• Ішке аллахолдың мөлшері: бұзауларға - 1 - 2
таблетка, итке -
1 таблетка, тәулігіне 3 мезгіл.
• Өте күшті өт түзетін және өт айдату үшін ет,
сәбіз бен қызылша нәрін, өсімдік майларын
(жүгері, күнбағыс, зығыр) береді. Өт
жолдары мен өт қабының түйілуін жазу үшін
атропин сульфатын, ношпа жәнеде басқа
түйілуді жазатын (спазмолитиктер)
қолданады.
• Өтке тас байлану (Cholelitiasis)-
бауырдың өт қабымен өт жолдарында
тастардың пайда болуымен сипатталатын
ауру. Бағымдағы бұқашаларда, терісі
бағалы аңдарда, үй және басқада
жануарларда жиі кездескенімен олардың
тіршілігінде холелитиаз өте сирек
диагностикаланады.
• Себептері. Аурудың дамуы негізгі үш
факторлармен байланысты: холестерин мен
билирубин алмасуының бұзылуымен өт қабы
мен өт жолдарының қабынуымен және өттің
жүруінің бәсеңдеуімен. Бұқашалардың өт
құрамында клетчаткасы аз жоғары
концентратты рационда ұстағаннан болады.
• Холелитиазға кейде малды ұзақ
мерзім шектен тыс азықтандырғаннан,
семіруге әкеліп соқтырады. Ал ауруға
мүмкіндік тудыратын себепке
гиподинамия жатады. Холелитиаз,
холециститпен және холангитпен
тығыз этиологиялық байланыс бар.
Сол себепті бұл үш ауруды малдарда
жиі бір ауру деп айтуға болады.
• Дамуы. Өт қабы мен өт жолдарының
қабынуы және белокты азықпен шектен тыс
малды азықтандырғаннан өттің
қышқылдығы (РН) төмендейді. Ал бұл
кезегімен холестериннің кристал түрінде
тұнбаға түсуіне және тастардың пайда
болуына ықпал етеді. Өт қабының
қабынуында экссудатпен бірге белокты
заттардың көптеген мөлшері
бөлінгендіктен, ол өттің коллоидті және
химиялық құрамын өзгертіп, соның
салдарынан холестерин, кальций және
билирубин тұнбаға түседі. Өт түтікшелері
бітелгендіктен өттің ағып кетуі бұзылады.
• Симптомдары. Малдың азыққа зауқы
бұзылады, ішектердің метеоризмі болады,
іші өтеді, нәжісі сасық. Ал өт жолдары
бітелгенде мал мазасызданады, бауыр
шаншуы пайда болған кезде тамыр соғуы
мен тыныстануы жиілейді. Ауру мал ішіне
бұрылып қарайды, жиі жатып тұрады,
бауырды сипағанда ауырсынады, анорексия
пайда болады, кейде өт араластырып құсуы
мүмкін. Өт жолдарының бітелуінде
механикалық сарғаю болады, терісі
қышынады, теріде қасынған жерлер бар.
Дене қызуы қалыпты немесе аздап
көтеріледі. Кейде өтке тас байлану ауруы өт
қабындағы тастар өттің ағуына кедергі
жасалмаған кезде ол симптомсыз өтеді.
• Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өт
қабы мен ірі өт жолдарындағы тастардың
көлемі құм қайырдан ірі өріктің
үлкендігіндей болады. Олар шар тәрізді, көп
бұрышты, жылтыр, өте қатты емес. Олардың
саны бірнешеуден мыңға дейін, ірі малдарда
жалпы массасы 3 килограмнан астам
болады.
• Өтуі. Өт жолдарының бітелуінде мал өзін-өзі
улаудан болмаса өт қабы жыртылғаннан
және перитониттен өлімге ұшырайды.
• Болжамы. Жағымсыз.
• Балау. Тірі кезінде диагностикалау қиындау.
Ал диагнозды негізгі клиникалық
симптомдарына байланысты қояды (бауыр
• Емі. Диетамен емдеу. Үнемі малды серуенге
шығару. Өттің бөлінуін күшейтетін дәрілер
тағайындайды-аллахол, холензим, холагон,
оксафенамид, шай шөбі (салаубас) тұндырмасы.
Бауыр шаншуы кезінде түйілуді жазатын және
холинолитиктер енгізеді: атропин сульфатын, но-
шпа, анальгин. Жылу қолдану тиімді. Егерде
холецистит қосарланса, онда кең ауқымды
антибиотиктер тағайындайды (олететрин,
левомицетин, канамицин, тетраолеан ж.т.б.).
• Сақтандыру. Физиологиялық тұрғыдан қалыпты
азықтандыру қажет. Азықпен шектен тыс
азықтандырмайды, сапасыз азықтар бермейді.
Үнемі малды серуенге шығарады. Өт қабы мен өт
жолдарының қабынуынң алдын алады.

• Перитонит (Peritonitis) - бұл жергілікті
және жалпы белгілерімен байқалатын
организмнің маңызды жүйелері мен
ағзалары қызметінің бұзылуымен өтетін іш
перденің шектелген, болмаса таралған
қабынуы.
• Себептері. Перитонит көбінесе іш пердеге
жарақатты ретикулитте, қарын мен ішектер
жыртылғанда, мес қарынды дұрыс
теспегенде, дәрі- дәрмектерді құрсақ
қуысына енгізгенде асептика мен
антисептиканы сақтамаудан, іш перденің
жарақатында микрофлора келіп түсіп
дамуынан болады.
• Бауырда (іріңдіктер), өкпеде жәнеде басқада
ағзалардағы қабыну ошағынан микрофлоралар іш
пердеге келіп түскеннен перитонит дамыйды. Іш
перденің асептикалық қабынуы оған әртүрлі
инфекциялық емес агенттер (қан, несеп, өт, ұйқы
безінің сөлі) келіп түсіп, олар сірілі қабатқа жайсыз
әсер етеді.
• Дамуы. Құрсақ қуысынан бөлінген сұйық сипатына
байланысты перитонит серозды, фибринозды,
фибринозды - іріңді, іріңді, гемморагиялық, шірікті
және жайылмалы және ошақты болады. Дамуы
күрделі және біржақты емес. Ол инфекцияның
шыққан жеріне, сипатына және микрофлоралардың
вируленттілігіне (уыттылығына), патологиялық
процестің іш пердеде таралуына байланысты
болады.
• Іш пердеге келіп түскен микрофлора
негізгі белгілері бар қабыну туғызады:
гиперемия, капиллярлардың өткізгіштігі
артады, ісіну, экссудация жалпы қанға экзо-
эндотоксиндер келіп түсіп, организмді
жалпы уландырады. Тш пердеде ошақты
қабыну ішектердің перистальтикасын
төмендеткендіктен азық қорыту бұзылады.
• Перитонит ауыр өткен жағдайда маңызды
ағза мен жүйелердің қызметтері бұзылады
(өкпе, өкпе - жүрек, бауыр - бүйрек
әлсіздіктері, мес қарынның гипотониясы,
атониясы және мес қарынның, ас қазанның,
ішектің салдануы, организмнің иммундық
қорғанысының төмендеуі).
• Симптомдары. Клиникалық белгілері
қабыну процесіне, іш перденің зақымдану
аумағына, түліктің түріне байланысты
болады. Жылқыда іріңді жайылмалы
перитонит ауыр өтеді, ал ошақты перитонит
байқалмайды, мысалы, ірі қара малда
жарақатты ретикуло-перитонитте.
• Перитонитке тән белгілер - азыққа зауқы
төмендеу немесе мүлдем болмау, ауырсыну,
дененің қызуының көтерілуі, асқазан мен
ішектердің перистальтикасының бәсеңдеуі.
Қимылы шектеулі, жүрісі ауыр, аяқтарын
ішіне тартып еріксіз тұрады (ірі малдар)
немесе ұзақ мерзім жатып алады (ұсақ
малдар).
• Қанды зерттегенде ядросы солға ығысқан
лейкоцитозды, ЭШЖ көтерілгенін,
гематокритті, диспротеинемияны
анықтайды. Жылқыда перитонит «шаншу»
түрінде өтеді, дене қызуы көтеріледі,
ішектер салданады. Ал ет коректілер мен
шошқалардың перитонитінде құсу болады.
• Ұсақ жануарларда бимануальді
пальпациялау арқылы ауырсынуды ғана
емес, сонымен қатар экссудат жиналғанын
байқайды. Жайылмалы перитонитте
перкуссиялау арқылы горизонтальді бәсең
дыбысты немесе толқын тәріздес бәсең
дыбысты сызықты анықтауға болады. Ол
сызық малдың кеңістікке орналасуына
• Жайылмалы перитонитте асқазан мен
ішектер жыртылып кеткендіктен
малдың күйі өте ауыр: әлсірейді,
тахикардия, коллапс. Жатыр
жыртылып, тесіліп кеткенде
перитонит белгісі 2-5 күнде дамыйды:
дене қызуы көтеріледі, тамыр соғуы,
тыныстануы жиілейді, іш перде
ауырсынады, құрсақтың бұлшық еттері
қатаяды, іші тартылған, ет коректілер
мен шошқалар құсуы мүмкін.
• Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер.
Асқазан мен ішектер газға толған. Құрсақ
қуысында серозды, серозды - фибринозды,
іріңді немесе шірікті экссудат жиналған.
Жіті перитонитте іш перде қызарған, кедір -
бұдырланған, майда қанталаған. Ал
созылмалы перитонитте дәнекер ұлпалы
түрлі өсінділерді немесе іш перде
ішектердің иінімен жабысқанын көреміз. Тш
перде қалындаған, капсулаланған іріңдік
пайда болған. Ал ретикулоперитонитте
қабыну ошағы, жұмыршақ қарын мен мес
қарын қабырғасында орналасқан, кейде
жұмыршақ қарын көк етпен және
диафрагмамен бірге бітіп кетеді.
• Өтуі. Ауру 2 күннен 2-3 аптаға онанда ұзақ
мерзімге созылады. Жылқыда жіті, сиырда
созылмалы түрде өтеді. Жылқыда
жайылмалы перитонитте болжамы
жағымсыз, ал басқа малда абайлау керек.
Ошақты перитонит созылмалы түрде өтеді.
• Балау. Клиникалық белгілеріне және қанның
зерттеу қорытындыларына байланысты
қояды. Сұйықтың сипатын анықтау үшін
құрсақ қуысын теседі (перитонитте -
экссудат, іш шеменінде - трансудат).
Экссудатта белок 5 % дейін және онанда
жоғары, іріңді денелер жоғары микробтар,
трансудатта белок 2 % - дан жоғары,
жұғындыда лейкоциттер бар.
• Емі. Малды ашықтырады. Азықты аз
мөлшерде береді. Алғашқыда құрсақ
қуысы қабырғасына суық болады,
сонан соң жылу қолданады. Құрсақ
қуысы қабырғалы жарасында
хирургиялық жолмен өңдейді. Іш
қатқанда іш жүргізетін дәрілер береді
(кастор майын, глаубер тұзын) клизма
жасайды, іш кепкенде-іш кебуге
қарсы, дезинфекциялаушы заттар
қолданады.
Бұлшық етке немесе құрсақ қуысына
стрептомицин немесе пенициллин (тәулігіне 1
кг тірідей салмаққа 5-10 мың ӘБ). Бициллин
(ірі малдың 1 кг тірідей салмағына 10-15 мың
ӘБ, ұсақ малдың 1 кг тірі салмағына 10-20
мың ӘБ) енгізеді. Ампициллин, эритромицин,
олеандомицин ж.б. қолдануға болады.
Патогенетикалық терапиядан кальций
хлоридін, кальций глюконатын, глюкозаны,
кофеин-бензоат натрийді, карловар тұзын,
руминаторлы заттарды қолданады.
Плевра үсті, құрсақ және симпатикалық
жүйкелері тармақ шекарасын блокадалау.
Ұсақ малдың жайылмалы перитонитінде
хирургиялық жолға жүгінеді.
• Сақтандыру.
• Іш пердені тескенде және операция
жасағанда асептика және
антисептика ережелерін сақтайды.
Асқазан мен ішектердің жыртылуын,
жатырдың тесілуін болдырмайды.
• Іш шемені (Ascites) - бұл құрсақ қуысына
трансудаттың жиналуымен өтетін бір негізгі
ауру синдромы.
• Себептері. Асциттің себептеріне бауырдың
беріштенуі (цирроз) жатады. Бұл қақпа
венасында қанның қысымының көтерілуімен
жүреді. Амилоидозда, фиброзда, бауырдың
эхинококкозында, қатерлі ісіктерде, төменгі
қуыс венасы мен оның ірі бұтақтары
қысылғандықтан, жүрек әлсіздігінен,
кахексияда және де басқада ауруларда
құрсақ қуысына трансудат жиналады.
Дамуы. Асциттің күрделі дамуының негізгі
бөлігіне портты гипертензия,
гипоальбуминурия және организмде
электролит алмасуы бұзылуы жатады.
Портальды гипертензия салдарынан қақпа
венасында қан іркілгендіктен қан
тамырларынан сумен қанның құрамы құрсақ
қуысына шығады. Асциттік сұйық қанның
плазмасынан тұратын сұйық.
Бауырдың зақымдануынан альбуминдердің
түзілуі төмендейді, ұзақ мерзім ашығу, бүйрек
ауруларында қанның онкотикалық
қысымының төмендеуне, капиллярлардың
қабырғасы қуысының кеңеюінен
трансудаттың құрсақ қуысына жиналуына
• Бауырдың беріштенуінде және кейбір басқа
ауруларда натрий организмде
жиналғандықтан осмостық қысым артып, су
сарқылады, сол себепті құрсақ қуысына
шығады. Жүрек әлсіздігінде асциттің дамуы
қанның ағысының баяулауынан болады.
• Симптомдары. Ауру малдың құрсақ
қуысының екі жағыда симметриялы сыртқа
теуіп тұрады. Тштің қабырғасы қатты,
ауырсынбайды. Дене қызуы қалыпты немесе
кахексияда төмендейді. Құрсақ қуысына
сұйық көптеп жиналғандықтан тыныс алуы,
жүрек жұмысы қиындайды.
• Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер.
Құрсақ қуысында сұйық жиналған (итте 20
л, ал жылқыда 100 л дейін). Сұйықтың түсі
сарғыштау, 1-2 % белок бар. Тш пердеде
өзгеріс жоқ. Перитонит белгілері
байқалмайды. Бауырда, жүректе,
бүйректерде өзгерістер бар.
• Өтуі. Ұзақ мерзімге созылады.
• Болжамы. Жағымсыз.
• Балау. Клиникалық белгілерге негізделеді.
Диагнозды анықтау үшін құрсақ қуысын
теседі. Асцитте-сұйық трансудатқа, ал
перитонитте экссудатқа тән.
• Емі. Негізгі ауруды емдейді. Рационда
тұзды, суды азайтады. Зәр айдайтын,
жүрекке әсер ететін дәрілер береді.
Симтомдық ем қолданады. Құрсақ
қуысы қабырғасын тесіп, сұйықты
сорып алады. Қан тамырлары
қабырғасы қуысын тарылтатын
дәрілер қолданады.


Бақылау сұрақтары:
1. Холецистит (себептері,
симптомдары, балау, емі)
2. Холангит (себептері,
симптомдары, балау, емі)
3. Өтке тас байлану ауруы
(себептері, симптомдары, балау)
4. Перитонит (себептері,
симптомдары, балау, емі)
5. Іш шемені(себептері,
симптомдары, балау, емі)
Ұсынылған әдебиеттер
• 1. Ө.К.Есқожаев, М.А. Молдағұлов М.А. Жануарлар
ішкі аурулары. Алматы, 2018
• 3. А.В.Щербаков., А.В. Коробов. «Внутренние
болезни животных».Москва, 2005
• 4. В.М. Данилевский. Внутренние незаразные
болезни сельскохозяйственных животных. Учебник
под. ред.. –М. Агропромиздат, 2009.
• 5. И.Г. Шарабрин. Внутренние незаразные болезни
сельскозояйственных животных. Учебник под. Ред.-
М. Колос, 2007.
• 6. М.А. Молдагулов., А.Н. Ермаханов Жануарлар
ауруларының клиникалық диагностикасы. Алматы,
2007

Ұқсас жұмыстар
Бауырдың потофизиологияы
Аурудың себептерін жойып
КҮЙІСТІЛЕР АВИТЕЛИНОЗЫ
Індетке қарсы шараларды жоспарлау және карантин мен шектеу шараларын ұйымдастыру
Несеп шығару жүйесі аурулары
Көмірсу алмасудың диагностикасы
Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы
Қан тамырлары
Тыныс алу жүйесінің аурулары
Токсин түзуі
Пәндер