Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган




Презентация қосу
Мемветинспекторлармен толтырылатын нұсқамалар және беру тәртібі,
әкімшілік құқық бұзушылық туралы ережелер және хаттамалар.
Ветеринариялық инспекторлардың нұсқауларды жасауы және
беруі

Жалпы ереже

1. Ветеринариялық инспекторлардың нұсқауларды жасаудың
және берудің осы Ережесі (әрі қарай – Ереже), Қазақстан
Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 18 бабының,
2 тармағының, 1 тармақшасына байланысты жасалынды

Осы Ережеде қолданылған негізгі ұғымдар

Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік – мемлекеттік
ветеринариялық қадағалау объектілерінің олар
пайдаланылатын дағдылы (белгіленген) жағдайларда
жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп тӛндірмейтін
күйі.

Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер –
жануарлар, жануарлардан алынатын ӛнімдер мен шикізат,
ветеринариялық препараттар, жемшӛп, жемшӛптік қоспалар.
Нұсқаулардың нысандары

3. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау кезінде, Қазақстан Республикасының ветеринария
саласындағы заңдылықты бұзғаны үшін, тәртіп бұзылғанына қарай, заңды шаралар қолдану
ретінде ветеринариялық инспекторлар келесі нұсқаулардың нысандарын шығарады:

1) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының бұзылуын
жою (Қосымша 1);

2) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне ветеринариялықсанитариялық
сараптама мен диагностика жүргізу (Қосымша 2);

3) жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшін,
жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлі түрде вакцина егу, індет ошақтарындағы мал
шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, кӛлікте,
дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу (Қосымша 3);

4) жануарлар ман адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті және
басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе қатер тӛнген жағдайларда жеке және заңды
тұлғалардың шаруашылық қызметіне үш күннен аспайтын мерзімге, аталған мерзімде сотқа
міндетті түрде талап-арыз бере отырып, сот шешімінсіз тиым салу немесе оны тоқтата тұру.
Бұл орайда қызметке тиым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шыққанға
дейін қолданылады (Қосымша 4);

5) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының ветеринариялық
нормативтерін бірнеше рет бұзған мамандарын қайта аттестациялау (Қосымша 5);

6) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп тӛндіретін жануарларды,
жануарлардан алынған ӛнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемш ӛп
және жемшӛптік қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), ӛңдеу (Қосымша 6).
Нұсқаманы жасау тәртібі

4. Қазақстан Республикасының заңдылықтарының талаптарының бұзылғанын жою туралы Нұсқаманы заңды және жеке тұлғалардың, оларға шара қолданбаған жағдайда
жануарлардың халықтың денсаулығына және экономикаға нұқсан келтіретін, жануарлардың аса қауіпті ауруларының пайда болуына, таралуына әкеліп соғуына, сонымен қатар
ветеринариялық заңдылықтың талаптарын бұзғанылығы анықталған жағдайда, ветеринариялық инспекторлар толтырады.

5. Ветеринариялық инспекторлар мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудағы объектілеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама және диагностика жүргізу туралы
Нұсқаманы (Қосымша 2) мынандай жағдайларда толтырады:

1) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау жүктерін тасымалдағанда, сақтағанда немесе әкелгенде орнатылған ветеринариялық-санитариялық тәртіптердің бұзылғандығына
күдіктенгенде;

2) малдан ӛндірілген ӛнімдері мен шикізаттарының шығарылған жері анықталмағанда (ветеринариялық серіктестіру құжаттары жоқ болса);

3) немесе малдан ӛндірілген ӛнімдері мен шикізаттаға сараптау актісі жоқ болса;

4) мал ӛнімдері мен шикізаттарының жануарлар мен адам денсаулығына қауіп т ӛдіретін объектілерімен жанасқаныдығына күдіктенгенде.

6. Жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшін жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлі түрде вакцина егу, індет ошақтарындағы мал
шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, к ӛлікте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу туралы Нұсқаманы (Қосымша3)
ветеринариялық инспекторла мына жағдайларда толтырады:

1) жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошағы пайда болғанда және оларды жедел түрде жоюдың іс-шаралары қажет болғанда;

2) қауіп тӛнген аумақта профилактикалық іс-шаралар жүргізу қажет болғанда.

7. Жануарлардың аса қауіпті жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың пайда болу немесе таралу қатері т ӛнген
жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметіне сот шешімінсіз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы Нұсқаманы (Қосымша 4) ветеринариялық
инспекторлар мына жағдайларда толтырады:

1) ӛңдеу мекемелеріне малдың аса қауіпті ауруларымен ластанған жануарлар ӛнімдері мен шикізаттарының қайта ӛңдеуге түскені байқалғанда;

2) нақты сол мекемеден шығарылған ӛнімдерінен адамдардың улануы туралы мәлімет түскен жағдайда;

3) ӛңдеу мекемесінің аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруының шығуы байқалғанда;

4) шұғыл шара қолданбаған жағдайда сол объект – індеттің шығуы және таралу ошағына айналған жағдайда.
Ветеринариялық инспектор нұсқаманы берген соң, тезарада
қажетті мәліметтерімен заңды және жеке тұлғалардың
қызметіне қоса тиым салу немесе уақытша тоқтата тұру
туралы сотқа талап-арыз береді.

8. Ветеринариялық-санитариялық сараптама
зертханасының ветеринариялық нормативтерді бірнеше рет
бұзған мамандарын қайта аттестациялау туралы Нұсқамада
(Қосымша 5) базарлардың ветеринариялық-санитариялық
сараптау зерханаларының ветеринариялық мамандары 2 және
оданда кӛп бұзған жағдайда ветеринариялық инспекторлар
толтырады.

9. Жануарлардың және адам денсаулығына қауіп тӛндіретін
жануарларды, жануарлардан алынатын ӛнімдер мен
шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшӛп пен
жемшӛптік қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру),
қайта ӛңдеу туралы Нұсқаманы (Қосымша 6)
залалсыздандырылмай (зарарсыздандырылмай), немесе қайта
ӛңдемей қолдануға болмайтын жануарлар ӛнімдері мен
шикізаттарын, шемӛпті және жемшӛп-қоспаларын,
ветеринариялық препараттарды ветеринариялық
инспекторлар тапқан жағдайда толтырылады.
10. Нұсқамаларда келесілер кӛрсетіледі:

1) нұсқама жасалынған облыстың, ауданның, қаланың, ауылдық округ-тің
атаулары;

2) ветеринариялық инспектор жұмыс істейтін ветеринария саласын-дағы
уәкілетті органның аймақтық бӛлімшелерінің аталуы, мекен-жайлары, байланыс
телефондары;

3) нұсқаманы шығарған ветеринариялық инспектордың аты-ж ӛні;

4) заңды тұлғаның аталуы, жеке тұлғаның аты-ж ӛні;

5) қаралған мал ӛнімдері мен шикізатының шыққан жері мемлекеттік
ветеринариялық бақылау объектілірінің түрі, к ӛлемі, саны;

6) мемлекеттік ветеринариялық бақылау объектіліріне серіктестірілген құжаттар
туралы мәлімет, бұдан бұрын тексерілгені туралы мәлімет (бар болған кезде);

7) анықталған бұзылушылықтың түрі;

8) нұсқайтын бӛлімде анықталған ветеринариялық заңдылықтың бұзылуын
орнына келтіру жолдары мен тәртібі к ӛрсетіледі;

9) нұсқауды орындау уақыты; 10) тәртіп бұзушының осы нұсқамамен танысқаны
туралы белгі;

11) нұсқаманың орындау уақытын созу туралы; 12) нұсқаудың нақты орындалған
уақыты;

13) нұсқама орындалмаған кезде әкімшілік жаза қолданылғаны туралы

белгі;
11. Нұсқама, ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы
заңдары талаптарының бұзылған жерде, заңдылықты бұзған
адамның қатысуымен, екі дана жасалады және міндетті түрде
нұсқаманың орындалу уақыты к ӛрсетіледі, Нұсқаманың бір
данасын заңдылықты бұзған жеке немесе заңды тұлғаға береді, ал
екіншісі істі бақылауға алу үшін Нұсқаманы жасаған
ветеринариялық инспекторда қалады. Ветеринариялық
инспекторлар, ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген
тәртіп бойынша, нұсқамаларды беру кезінде оларға есептілік
жүргізеді және жоғарыдағы органға есеп береді

12. Нұсқамада кӛрсетілген кемшіліктерді уақытында, тәртіп
бұзушыға байланысты емес жағдайларда, орындау мүмкіншілігі
болмағанда, ветеринариялық инспектор нұсқаманың орындалу
уақытын ұзартады, ол туралы нұсқамаға орындалмау себептерін
кӛрсетіп жазады.

13. Нұсқамада кӛрсетілген мерзімде, анықталған тәртіп
бұзылушы-лықты орындамаған жағдайда, ветеринариялық
инспектор Қазақстан Республикасының заңдылық актілеріне
сәйкес әкімшілік жаза қолдануына құқылы.

14. Нұсқаманың орындалуын қадағалау, нұсқаманы
жасаған ветеринариялық инспекторға жүктеледі.
Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексi 2014 жылғы 3
шiлдедегі № 226-V Кодексімен

280 бап. Ветеринариялық ережелердің
бұзылуы

1. Эпизоотияның таралуына немесе
басқа да ауыр салдарларға әкеліп
соққан ветеринариялық ереженің
бұзылуы айлық есептік
кӛрсеткіштердің бес жүзден мың дейінгі
кӛлемімен немесе айлық жалақы
кӛлемімен немесе сотталғанның бес
айдан бір жылға дейінгі мерзімдегі
басқа табысымен, немесе екі жылға
дейін мерзімге түзелу жұмыстарымен,
немесе үш жылға дейін бостандығын
шектеумен, немесе үш жылға дейін бас
бостандығынан айырылумен
жазаланады.
310-1-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу

1. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын:

1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің

бағалаудан ӛтпеген асыл тұқымдық ӛнімді (материалды) ӛткізуі;

2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық куәлік берусіз асыл тұқымдық ӛнімді (материалды) ӛткізуі;

3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің деректер есебін жүргізуден бас тартуы және есептілік бермеуі;

4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды мал шаруашылығы жӛніндегі мемлекеттік инспекторлардың актілерін орындамауы;

5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген
асыл тұқымды малдан алынған ұрықтар мен эмбриондарды пайдалануы;

6) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің бағалаудан ӛтпеген асыл тұқымды малды ӛз тӛлiнен ӛсiру мақсатында пайдалануы;

7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды малды бағалау нәтижелерін бұрмалауы;

10) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімінде тіркеу үшін жеке және заңды тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды мал туралы деректер беруден бас
тартуы;

11) жеке және заңды тұлғалардың ӛсіру мақсатында бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалану тәртібін бұзуы;

12) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасымен ӛздеріне жүктелген функцияларды тиісінше не уақтылы
орындамауы түрінде жасалған бұзушылық – жеке тұлғаларға – он, лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға –
елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз айлық есептiк кӛрсеткiш мӛлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

1-1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының
Заңында белгіленген хабарлама жасауға жататын міндеттерді сақтамауы – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға – он,
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға
жүз айлық есептік кӛрсеткіш мӛлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, осы баптың бiрiншi және 1-1-бӛлiктерiнде кӛзделген іс-әрекеттер (әрекетсiздiк), сол сияқты осы баптың бiрiншi және 1-
1-бӛлiктерiнде кӛзделген, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметке тыйым салуға әкеп соғады.
311-бап. Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi ӛкiлдi органдары белгiлеген, қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттер мен
мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу – ескерту жасауға немесе үш айлық есептік
кӛрсеткіш мӛлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан нақ сол әрекеттер – он айлық есептік кӛрсеткіш мӛлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.

559-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган

1. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 310-бабында кӛзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Осы Кодекстiң 310-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторы мен оның орынбасарлары;

2) ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторлар;

3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары;

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;

5) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары, мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторлары құқылы.

3. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары:

1) ӛткiзу орындарында – жануарларды, жануарлардан алынатын ӛнімдер мен шикiзатты ӛткізу кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық)
қағидалардың бұзылғаны үшiн;

2) темiржол, су және әуе кӛлiгiнде, жолдарда және мал айдайтын күре жолдарда – Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын),
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ мал
айдау кезінде ветеринариялық (ветеринариялықсанитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;

3) мемлекеттiк шекарада – Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен
таралуынан қорғау бӛлігiнде ветеринариялық (ветеринариялықсанитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн айыппұлды сол жерде ала алады. Ескерту. 559-бап жаңа
редакцияда – ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі).
559-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы
саласындағы уәкілетті орган

1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы
саласындағы уәкілетті органның лауазымды
адамдары осы Кодекстің 310-1-бабында (бірінші
бӛлігінде) кӛзделген әкімшілік құқық бұзушылық
туралы істерді қарайды.

2. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
шаруашылығы жӛніндегі Бас мемлекеттік
инспекторы, Қазақстан Республикасының асыл
тұқымды мал шаруашылығы жӛніндегі Бас
мемлекеттік инспекторының орынбасары,
облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың асыл тұқымды мал
шаруашылығы жӛніндегі Бас мемлекеттік
инспекторлары және олардың орынбасарлары,
аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың
асыл тұқымды мал шаруашылығы жӛніндегі
мемлекеттік инспекторлары әкімшілік құқық
бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік
жаза қолдануға құқылы

Ұқсас жұмыстар
Мемветинспекторлармен толтырылатын нұсқамалар және әкімшілік құқық бұзушылық туралы ережелер және хаттамалар толтыру ережесі
ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу тәртібі
Мемлекеттік органдар
Селекциялық жетістіктердің құқықтық қорғалуы
Жануарларды бірдейлендіру тәсілдері
Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы 1999 ж. 13 шілдедегі No 422-1 Қазақстан Республикасының Заңы
Бизнес-жоспар Ет алу үшін ірі қара мал өсіретін фермалар құру
Атырау облысы өңіріндегі қой шаруашылығы
СУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖҮРГІЗУ
Пәндер