Ірі қара мал лейкозы


Slide 1

«Ірі қара мал лейкозы»

Slide 2

Сиыр лейкозы

Сиыр лейкозы (Leicosis bovum, лейкоз крупного рагатого скота) - қатерлі ісік шалу негізінде жетілмеген қан түзу және лимфоидты торшалардың шамадан тыс көбейіп, әр түрлі ағзаларды жайлап алуы және ісікті ұлпалардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Лейкоз туралы алғашқы хабарлар Германияда бұл дертке адам (Р. Вирхов, 1845), жылқы мен шошқа (Лейзеринг, 1856), сиыр (Зидамгродский, 1876) шалдығатындығы туралы басылды. Қазіргі уақытта бұл ауру барлық жануарларда, соның ішінде салқын қандыларда да (балық, рептелий ) анықталып отыр. Лейкоз дүние жүзінің барлық елдерінде кездеседі, әсіресе АҚШ, Орталық және Солтүстік Европада, Таяу Шығыста кең тараған. Сиыр лейкозы Қазақстанда 60-7 жылдары Балтық жағалауындағы елдер мен Белоруссиядан әкелінген сиырлар арқылы тарады.

Slide 3

Лейкоз кезіндегі қан өзгерісі

Slide 4

Қоздырушысы - Bovin leucosis onkovirus - Retroviridae туыстастығына Onkarnoviridae туыстық тармағына жатады. Құрамында РНҚ бар, көбейгенде ДНҚ көшірмесі бар провирус түзеді. Провирус иесінің торшасындағы хромосоммен бірігіп, торшаның негізгі қалпын өзгертіп, трансформацияға ұшыратады. Сиыр лейкозының вирусы (СЛВ) онковирустардың С типіне жатқызылып келеді. Соңғы зерттеулер бойынша оның антигендік құрамы және жануіар организмінде сақталу ерекшеліктері негізінде адамның Т- клеткалық лейкозының қоздырушысымен бірге онковирустардың ерекше Е типіне жатқызылу ұсынылып отыр

Slide 5

Төзімділігі мен індеттік ерекшеліктері

Төзімділігі. СЛВ сыртқы ортада төзімсіз. Жоғары температураға сезімтал. 56 С-та 15 минутта жойылады. Сүт пастерленгенде 74 С-та 15 сек, ашыған кезде (pH 4, 75) зарарсызданады. Дезенфекциялау үшін күйдіргіш натрий, формальдегид және т. б дезинфектантар әтеттегі концентрациясында пайдаланылады.

Індеттік ерекшеліктері. Сиыр лейкозының вирусына сиырмен қатар буйвол, енеке, қой және ешкі бейім. Қолдан жұқтырғанда қой сиырдан да гөрі тез ауырады. Вирусты жаңа туған қозылардың организміне массаж жасау арқылы оның лейкоз қоздыру қабілетін арттыруға болады. Адамның лейкозы мен сиыр лейкозының арасында байлан. ыс анықталған жоқ.

Лейкозбен сиыр малының барлық тұқымының қай жастағысы болмасын ауырады. Әйтсе де ауру 4-8 жас аралығында жиі байқалады. Басқа тұқымдарынан гөрі қара-ала және қызыл тұқымды сиырлар бұл ауруға бейім болады.

Slide 6

Дерттенуі және өтуі мен симптомдары

Дерттенуі. Лейкоз вирусының геномы иесінің лимфоидтық торшаларында өмір бойы сақталыпп, өсіп-өнген торшалардың келесі ұрпақтарына жетілген вирион стадиясына ауыспай-ақ беріле береді. Ал бір торшадан баасқа торшаға «cellular kissing» (жасушалардың түйісуі) деп аталған құбылыс арқылы беріле алады.

Өтуі мен симптомдары. Сиыр лейкозы негізгі екі түрге бөлінеді: энзоотиялық және спорадиялық . Энзоотиялық лейкоз бұл аурудың клиникалық және патологиялық анатомиялық белгілері айқын білінген түрі, негізінен ересек жануарларда 5-8 жас аралығында жиі байқалады. Жасырын кезеңі табиғи жағдайда 2-6 жыл, қолдан жұқтырғанда 2 айдан 2 жылға дейін. Клиникалық белгілерінің айқындалуы 3 кезеңге (байқалғанға дейінгі, бастапқы жайылған ижәне титықтаған) бөлінеді.

Slide 7 Slide 8

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Энзоотиялық лейкоздың екі патологиялық-анатомиялық түрі болады. Біріншісі, лимфоциттердің қан түзу ағзаларына шоғырланып, дерттің сүйек майына шабуымен сипатталады. Мұндай лейкоз қан жасушаларының басым түрлеріне байланысты лимфоидты, миелоидты, шала түрленген (гемоцитобластоз), түрленген (диференцияланбаған) деп аталады. Екінші түрі, лимфосаркома, ретикулосаркома, лимфогранулематоз түрінде сөл түйіндерін, көк бауырды және басқа да лимфоидты ұлпаларды зақымдайды.

Өлексені сойғанда қан түзу мүшелерінде, сірі қабықтарда, ішекте, жүректе, бауырда, бүйректе, жатырда және басқа ағзаларда ошақты немесе шашыранды пролиферация (азғындаған) жасушалардың шоғырлану байқалады. Лейкозға тән өзгерістер гистологиялық зерттеулер арқылы айқындалады.

Slide 9

Балау, ажыратып балау

Балау. Алдын ала диагноз індеттанулық деректерді ескере отырып, клиникалық белгілері бойынша қойылады. Клиникалық балаудың басты әдісі - гематологиялық тексеру. Српорадиялық лейкоздың бұзаулық түрі лейкемия арқылы, ал тимустық және терідегі түрлері лейкемияссыз өтеді. Гематологиялық тексеру, әсіресе, энзооотиялық лейкоз кезінде құнды. Ауруға шалдыққан, бірақ, көзге түсер клиникалық белгілері жоқ жануарлардың қанында лимфоцитоз байқалады. Түпкілікті диагноз гистологиялық тексерудің нәтижесінде патологгиялық-анатомиялық әдіспен қойылады.

Ажыратып балау. Көптеген жіті және созылмалы өтетін аурулар (туберкулез, паратуберкулез, лептоспериоз, актиномикоз), кезінде организмнің қорғаныс реакциясы незінде қанда лимфоидтық рреакциялар байқалады. Бұл реакциялар лейкозбен салыстырғанда қысқа мерзімді, жануардың күйі жақсарғанда қалпына келеді. Лейкоз кезінде қандағы өзгерістер тұрақты болады және жүйелік құрылымға әсер етеді.

Slide 10

Емі, Иммунитет

Емі. Лейкоз кезінде емдік шаралар жүргізілмейді. Ауру малдар сойылады.

Иммунитет. Лейкоздың вирусына қарсы қанда антиденелер пайда болады. Олардың диагностикалық маңызы бболғанымен қорғаныс қабілеті дүдәмал. Лимфоидты ағзаларды зақымдайтын болғандықтан лейкозды иммунодефицит ауруларының қатарына жатқызуға негіз бар.

Slide 11

ІҚМ-дың лейкоз ауруының алдын-алу және жоюдың ұсынылған негізгі әдістері

Серологиялық және гематологиялық тексерулердің біріккен әдістерін ендіру нәтижесінде төмендегі нақты лейкозға қарсы шараларды жүргізу қолға алынды:

1. Аурудан сау шаруашылықтардағы жалпы алдын-алу шаралары.

2. Эпизоотиялық бақылау және шаруашылықтардағы лейкоз ауруын анықтау.

3. Лейкоз ауруы бар ошақтардағы шектеу шаралары.

4. Лейкоз ауруы бар ашылықтардағы сауықтыру шаралары.

5. Жеке қожалықтардағы сауықтыру шаралары.

6. Мал төлдерін өсіру барысындағы сауықтыру шаралары.

7. Асыл тұқымды шаруашылықтардағы сауықтыру шаралары.

8. Селекциялық-генетикалық шаралар.

9. Лейкозбен ауырған малдарды лейкоз ауруының вирусын жұқтырған малдарды және олардан алынатын өнімдерді тасымалдау және қайта өңдеудің талаптары.

10. Лейкоз ауруымен ауырған малдардың ұшаларын және олардың ішкі органдарын ветеринариялық-санитариялық бақылау.

Slide 12

ҚР-да ІҚМ-дың лейкоз ауруының пайда болуымен таралу факторы

Лейкоз ауруын жұқтырған ІҚМ-дың сау малдардың табына кіруі.

Жұқтырған жануарлардың секретімен экскреті. (қан, мұрын сұйықтығы, зәрі, сүті)

Сау және лейкоз ауруын жұқтырған жануарларды туу бөлімінде, қора-жайларда, жайылым алаңында, сауу бөлмесінде бірге ұстау шараларынан.

Бұзауларға лейкоз қоздырғышын жұқтырған сиыр сүтін беру арқылы.

Ветеринариялық-зоотехникалық іс-шараларды жүргізу кезінде асептикалық және антисептикалық ережелердің сақталмауынан.

Лейкоз қоздырғышын жұқтырған жануарларды дер кезінде оқшауламағандықтан.

Әртүрлі факторлардың иммуннодепрессивтік әсерлері аурудың өрбуінің қосымша себепкері болуы мүмкін.

Slide 13

Қолайлы шаруашылықтардағы жалпы профилактикалық іс-шаралар

Лейкоз қоздырғыштары анықталған шаруашылықтардан (ұрық, эмбриондар) малдарды тасымалдауға тиым салынады.

Ветеринариялық және зоотехникалық айла-шарғы жасау кезінде қатаң асептикалық және антисептикалық ережелерді сақтау

Жылына бір рет ұрғашы мал бастарын сонымен қатар барлық сатуға шығарылатын, мал басына серологиялық (РИД) тексерулер жүрггізу.

Жануарларды күтіп-бағу, азықтандыру, көбейту бойынша ұйымдастырушылық, зоотехникалық және вет-санитариялық іс-шараларды кешенді ұйымдастыру.

Тоқсан сайын барлық мал басын клиникалық тексерулерден: ұша мен ішкі мүшелерге вет-сан экспертизалық сараптамалар жүргізу

Келіп түскен жануарларды карантинге қойып, (басында және аяғында) серологиялық (РНД) тексерулер жүргізу.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Лейкоз
Сиыр лейкозы
Құс лейкозы
Біріктірілген иммун тапшылығы
«Ірі қара қарасаны кезінде сойыс өнімін ВСС және санитарлық бағалау»
Ірі қара малдарының гигиенасы
Сүтті тұқым
Малды союға дайындау
ТАСЫМАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІ: АВТОКӨЛІКПЕН, ТЕМІРЖОЛ, СУ ҚАТЫНАСЫ АРҚЫЛЫ, АЙДАП ЖЕТКІЗУ
Түрлі жануар организміне ұстау әдісінің әсер етуін эксперимент жүзінде зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz