Топалаңды балау және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру
Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университеті
Ветеринария факултеті
Биологиялық қауісіздік кафедрасы
7-зертханалық сабақ
Тақырыбы: Топалаңды балау және індетке қарсы
шараларды ұйымдастыру
Топалаң ауруы
Топалаң (anthrax, сибирская язва) – жіті өтетін, өлі
тиіп, күйдіргі тектес қабыну ретінде байқалатын
жұқпалы ауру.Топалаңның адамға бұл індетпен
ауырған жануарлардың терісінен және одан
жасалынған бұйымдардан жұғатындығына
байланысты тері өңдеу мекемелеріне түспес бұрын
преципитация (Асколи) реакциясымен (ПР) топалаңға
тексерілуі шарт. Бұл реакцияны Асколи деген ғалым
ұсынған.
Сібір жарасының көрінісі
Bacillus anthracis
қоздырушы
Асколи реакциясы
Теріні тексеруге дайындау. Қоймаларда жиналған терінің
жарамсыз пұшпағынан алынып, автоклавта қыздырылған
кесіңдісінің 2—3 грамы 15—20 см3 фенодданған
физиологиялық ерітіндіде 1 тәулік мөлшерінде
бұқтырыльш, оның сүзіңдісі зертгеледі. Егерде теріні тез
арада тексеру қажет болса, тері пұшпағынан алынып,
дайындалған кесіндіге физиологиялық ерітінді құйып,
қайнағанға дейін қыздырып, сүзіндіні қоддануға болады.
Біріншісін суық (баяу), екіншісін преципитация әдісінің
ыстық (жедел) тәсілі деп атайды
Асколи реакциясы (ПР)
Асколи реакциясы
Реакцияны қою реті. Ішіңде топалаңға оң 0,3см3 қан сарысуы
бар Уленгут пробиркасына Пастер түтігі арқылы 0,3 см3
зерттеуге даярланған сүзіндіні топалаңға оң сарысудың
беткі қабатына немесе астына жібереді.
Реакция дұрыс қойылған жағдайда топалаңға оң сарысу мен
сүзіндінің аралығында шекара сызық қалуы қажет, яғни
ерітінділер бір-бірімен араласпай қабаттасып орналасуы
шарт.
Міндетті түрде реакцияның дұрыс қойылғандығын білу үшін,
оң және теріс бақылаулар қойылады. Оң бақылау
биофабрикалық жағдайда даярланған топалаң антигені мен
оң сарысумен, ал теріс бақылау антиген және сау малдың
қан сарысуымен қойылады.
Асколи реакциясы
Реакцияньщ нәтижесі 10—15 минут аралығында есепке альшады. Егер
де топалаңға оң қан сарысуы мен тері пұшпағынан дайындалған
сүзіндінің аралығындағы шекара сызықта ақ жолақ сақина түзілсе
реакция оң деп есептеледі, яғни тері топалаңмен ауырған
жануардікі, керісінше ақ жолақ сақина түзілмесе - реакцияның теріс
болғаны (сау жануардың терісі). Реакцияның оң және теріс
бақылауларында өздеріне сәйкес оң немесе теріс нәтижелер алынуы
тиіс.
Преципитация реакциясымен терінің сүзіңдісі ғана емес, топалаңға
толық бактериологиялық зерттеу жүргізгенде өлекседен немесе еріксіз
сойылған малдан алынған патологиялық материалдың (ет, ішкі ағзалар
кесінділері) сүзіндісі де тексеріледі. Екі жағдайда да зерттеу
материалдарынан сүзінділерді даярлау, реакцияны қою және оның
нәтижесін есепке алу тәртіптері бірдей.
Топалаңға зертханалық зерттеу үшін өлген
жануардың:
1) өлексенің жатқан жағының, алдын ала негізінен шпагатпен екі жерден
байланған және байланған жерінен кесілетін (кесілген жерін металдан
жасалған затты қыздырып күйдіру) құлағы;
2) топалаңға күдік туған кезде өлексені сою немесе тұшасын бөлшектегенде
жұмыс дереу тоқтатылады – көкбауырдың бір бөлігі және зақымдалған лимфа
түйіндері;
3) шошқалардың өлекселерінің – ісік торшасының бөлігі, жұтқыншақ немесе жақ
асты лимфа түйіндері жіберіледі.
4. Ветеринарлық-зертханалық зерттеулердің нәтижесін алар алдында өліктер,
еттері немесе ішкі ағзаларымен және терісімен қоса, барлық тұшасы қатаң
оқшаулау жағдайында сойған жерде қалады.
5. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, патологиялық материалдарды
ветеринарлық зертхана жібереді. Ветеринарлық зертханада материал
микроскопиялық әдіспен – материалдың келіп түскен күні
бактериологиялық – үш тәулік бойы, биологиялық – он тәулік бойы зерттелуге
тиіс.
6 Микроскопиялық зерттеудің оң нәтижелерін алған кезде ветеринарлық
Тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттік
ветеринарлық инспекторы алдын ала оң нәтижені
алған кезде:
1) жоғары тұрған аумақтық ветеринарлық қадағалау органына және тиісті
аумақтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органына
хабарлайды;
2) тиісті аумақтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет
органының өкілімен бірлесіп сол жерге барады, эпизоотолого-
эпидемиологиялық тексеру жүргізеді және карантинге жататын аумақтың
шекарасын белгілейді;
3) топалаңның қоздырғышын жұқтыруға күдікті өнімді (сүт, ет, тері) сатуға
және ошақтың аумағынан әкетуге болмайды.
Зерттеудің оң түпкілікті нәтижесін алған кезде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шектеу
іс-шаралары (карантин) енгізіледі;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттік ветеринарлық
инспекторы ветеринария саласындағы уәкiлеттi органға қолданыстағы
заңнамада белгіленген тәртіппен жануарлардың ауруы туралы дереу
хабарлайды;
Карантин кезінде тиім салынады:
1) барлық жануарлар түрлерінің әкелінуіне, шығарылуына;
2) мал етінен жасалған өнімдер мен шикізатты дайындауға және әкетуге,
шаруашылық ішінде жануарларды бір топтан басқа топқа ауыстыруға
(ауыстыруға);
3) ауру жануарлардың сүтін пайдалануға;
4) жануарларды етке союға;
өлекселерді союға және өлген жануарлардың терісін сыпыруға;
шұғыл түрде болмаса, ветеринарлық хирургиялық операцияларды жасауға;
қолайсыз объекті аумағына бөтен адамдардың кіруіне;
жануарларды тоғандар мен басқа да су айдындарында суғаруға;
жануарлар мен жануарлар етінен жасалған өнімдердің саудасына,
ауылшаруашылық жәрмеңкелерді, көрмелерді (аукциондарды) және
адамдар мен жануарлардың жиналуына байланысты басқа да қоғамдық іс-
шараларды өткізуге рұқсат етілмейді.
Тексеру нәтижесі бойынша
жануарларды екі топқа бөледі:
1) ауыратындар мен ауруға күдіктілер: бұл топқа аурудың
мынадай клиникалық белгілері бар жануарлар жатады: дене
қызуының жоғарылауы, тимпанит, шаншулар, метеоризмдер,
карбункулдар, инфильтраттар. Осы топтың жануарлары
топалаңға қарсы сарысумен, топалаң гаммаглобулинімен және
антибиотиктермен емделеді. Клиникалық айыққаннан 14 күннен
кейін оларды топалаңға қарсы вакцинамен егеді;
2) қалған сезімтал жануарлар: аурудың клиникалық белгілері
жоқтары және топалаң белгіленген жердегілер (табын, қора,
аула, отар). Екінші топ жануарлары кейіннен үш күн ішінде күн
сайын қараумен және қызуын тексерумен топалаңға қарсы
вакциналанады.
“Топалаң” диагнозын қойғаннан кейін ауру немесе
өлген жануарлар болған аумақты және үй-жайды
тазалау мен дезинфекциялау ұйымдастырылады.
Барлық жануарларды жәндіктерден өңдейді.
Бірінші топтың жануарларынан алған сүтті барлық емдеу кезеңінде 20 литр
сүтке 1 килограмм (бұдан әрі – кг) есебінен кемінде 25% активті хлордан
тұратын хлор әк қосумен залалсыздандырады және 6 сағат ұстағаннан
кейін кәдеге жаратады. Екінші топтағы жануарлардың сүтін
вакциналағаннан кейін үш күн ішінде 4-5 минут бойы қайнатады және
эпизоотиялық ошақта топалаңға қарсы вакциналанған жануарға ішкізеді.
Көрсетілген мерзім өтіп кеткеннен кейін бұл сүт ветеринарлық мамандардың
бақылауымен майға айналдырылады.
Топалаңмен ауырған немесе одан өлген, не болмаса басқа да жолмен
контаминацияланған жануарлар болған учаскелерден алынған астықты,
жемдерді әкетуге тыйым салынады және топалаңға қарсы вакциналанған
жануарларға тұрған жерлерінде азықтандырылады.
Ауру жануарлардың шығарылымдарымен ластанған қиы, төсеніші және
жемнің қалдығы өртеледі, тұрақтағы қи – қидың 20 литріне 1 кг есебінен
құрғақ хлор ізбесімен (кемінде 25% активті хлордан тұратын)
араластырылады.
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz