Тотығу - тотықсыздану процесі


Slide 1

Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Орындаған: Сәбит Б.

Тексерген: Кенжеев Б. Ж

1

Сәбит Бейбарыс

Slide 2

мазмұны

1. Тотығу-тотықсыздану реакциялары, үлес қосқан ғалымдар3-5

2. Тотығу-тотықсыздану процесі. . 6-11

3. Реацияларды теңестіру әдістері . . . 12-14

4. Тотығу-тотықсыздану реакциялары типтері . . . 15-17

5. Қорытынды. . 18-19

6 Пайдаланылған әдебиеттер. . 20

Сәбит Бейбарыс

2

Slide 3

Тотығу-тотықсыздану реакциялары - реакцияға қатысушы заттардың құрамындағы элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруімен жүретін реакциялар.

18 ғасырдың аяғында А. Лавуазье жанудың оттекті теориясын ұсынған кезден бастап тотығу заттардың оттекпен қосылуы, ал тотықсыздану оттекті бөліп алу процестері деп қаралған.

1920-1930 ж. химияда электрондық түсініктің қалыптасуына байланысты оттек қатыспайтын реакциялардың да Тотығу-тотықсыздану реакциялар болатындығы анықталды.

3

Сәбит Бейбарыс

Slide 4

Тотығу-тотықсыздану процесінің осы күнгі теориясын жасаған

біздің еліміздің ғалымдары - Л. В. Писаржевский,

Я. И. Михайленко, A. М. Беркенгейм және С. В. Даин.

Ол теорияның негізгі қағидалары мыналар:

Тотығу дейтініміз, атомның, молекуланың, ионның электрон беру процесі. Мысалы:

а) атом электронын берсе, оң зарядты ионға:

С1 -7ē→С1 + 7 айналады.

б) теріс зарядты ион электрон берсе, нейтрал атомға: C1+ + ē →С10,

оң зарядты ионға С1--2ē→С1 + айналады,

в) оң зарядты ион электрон берсе, оның оң заряды берген электрон санына сәйкес өседі:

C1+ -4ē→С1+5

4

Сәбит Бейбарыс

Slide 5

Тотықсыздану дейтініміз атомның, молекуланың немесе ионның электрон қосып алу процесі.

Мысалы:

а) атом электрон қосып алса, теріс зарядты ионға айналады:

Сl0 + ē = Сl-;

б) оң зарядты ион электрон қосып алса, заряд саны кеміген оң зарядты ионға:

Сl + 5 + 4ē→Сl+,

нейтрал атомға:

Сl+5 + 5ē→Сl0,

теріс зарядты ионға:

Сl + 5+6ē→Сl- айналады.

Тотықтырғыш- электрон қосып алушы бөлшек (нейтрал атом, молекула, ион) .

Тотықсыздандырғыш - электрон беруші бөлшек (нейтрал атом, молекула не ион) .

5

Сәбит Бейбарыс

Slide 6

Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш дейтініміз электрон алатын, беретін заттың аты; тотығу, тотықсыздану дейтініміз электрон беру нсмесе алу процесінің аты. Тотықтырғыш электрон қосып алатын зат, ал электрон қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады, демек тотықтырғыш реакция кезінде өзі тотықсызданады. Енді тотықсыздакдырғьии электрон беретін зат, ал электрон беру процесін біз тотығу дедік, демек тотықсыздандырғыш реакция кезінде өзі тотығады.

6

Сәбит Бейбарыс

Slide 7

Тотығу-тотықсыздану реакциялар процестері көбінесе электрондық теңдеулермен өрнектеледі. Зарядтардың сақталу заңына қайшы келмес үшін Тотығу-тотықсыздану реакциялар кезінде тотықтырғыштың қосып алған электрондар саны тотықсыздандырғыштың берген электрондар санына тең болуы керек деген жалпы ереже сақталады. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын коэффиценттер қойып теңестірудің екі әдісі бар: электрондық тепе-теңдік және электрон-ион. Электрондық тепе-теңдік әдісі бойынша берілген және қосып алған электрондар саны элементтердің реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі тотығу дәрежесінің негізінде анықталады.

7

Сәбит Бейбарыс

Slide 8

Тотығуды электрон беру процесі дедік, бірақ осы процесте сол берген электронды алатын процесс,

яғни тотықсыздану процесі болмаса тотығу процесі жеке бола алмайды.

Демек, электрон көшуімен байланысты әрбір реакция қарама-қарсы екі процестің - тотығу мен тотықсызданудың - б і р л е с у і.

Осындай реакциялардың барлығын қазіргі кезде тотығу- тотықсыздану реакциялары деп атайтын болды.

8

Сәбит Бейбарыс

Slide 9

Анорганикалық химиядағы реакциялардың барлығын екіге бөлуге болады: 1) реакцияласушы элементтердің валенттігі өзгермей реакцияласу, 2) валенттігі өзгеріп реакцияласу. Біріншісіне жататын түрлі иондар арасындағы алмасу реакциялары, ол реакциялардың теңдіктерін де жазу оңай. Екіншісіне жататын қосылу, ығыстыру және бір сыпыра, көбінесе, күрделі болып келетін, химиялық реакциялар. Реакцияласушы элементтердің валенттіктерінің өзгеруі, реакция кезінде оның атомдарының, молекулаларының, иондарының электрондары бірінен-біріне ауысып кетуінен болады, ондайда олардың тотығу күйі (дәрежесі) өзгереді. Осындай реакцияларды тотығу-тотықсыздану реакциялары деп атайды. Мысалы:

Mg + Cl2 = MgCl2

9

Сәбит Бейбарыс

Slide 10

Тотығу дәрежесінің оң, теріс және нөлдік болуы мүмкін, әдетте оны араб сандарымен көрсетіп жанына - таңбаларын жазып элементтің символының үстіне жазылады.

Тотығу деген термин ертеден келеді, ол кезде тотығу деп оттекпен қосылуды ғана айтатын. Тотықсыздану, одан да ерте, алхимиктер заманында, оксидтерден таза металл шығарып алу кезінде қолданылған. Сонымен тотығу - оттекті қосып алу, тотықсыздану оттекті қосылыстан тартып алу деген түсінік ұзақ уақыт қолданылды.

10

Сәбит Бейбарыс

Slide 11

Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестірудің екі тәсілі бар, электронды баланс және ионды-электронды тәсілдері.

Екі тәсілдің де негізі бірдей: ол - тотығу-тотықсыздану процесінде тотықсыздандырғыш

берген электрондардың саны тотықтырғыш қосып алған электрондар санына тең болуы шарт.

11

Сәбит Бейбарыс

Slide 12

Электоронды байланыс әдісі бойынша күкірт сутектің қышқылдық ортада калий перманганатымен әрекеттесу реакциясын мысал ретінде алып теңдеуін құрастырып, теңестірейік. 1) ең алдымен реакцияға қатысатын және реакция нәтижесінде түзілетін заттардың формулаларын жазамыз: H2S+ KMnO4 + H2SO4 → S + MnSO₄ + K₂SO₄+ H₂O 2) Реакция кезінде тотығу дәрежелері өзгеретін элементтерді тауып, олардың тотығу дәрежелерін формула үстіне таңбалаймыз: H₂S⁻² + KMn⁺⁷O₄ + H₂SO₄ → S⁰ + Mn⁺²SO₄ + K₂SO₄ + H₂O Бұдан күкірт пен марганецтің тотығу - дәрежелері өзгеретіні Н2S тотықсыздандырғыш, KMnO4 - тотықтырғыш байқалады. 3) Электрондарды беру және қосып алу процесі бойынша негізгі яғни тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш коэффиценттерді тауып, электрондық теңдеуін жазамыз: тотығу S-2-2ē=S° 5 тотықсызданады тотықсыздану Мn+7 + 5ē = Мn+2 2 тотығады 4) Реакцияға қатысатын және түзілетін атомдарының коэффициенттерін тауып, өзара теңестіреміз: 5H2S + 2КМnО4 + 3H2SО4= 5S + 2MnSО4+K2SO4+8Н2О

12

Сәбит Бейбарыс

Slide 13

Осы келтірілген реакцияның теңдеуін енді жартылай

реакция немесе ионды-электронды әдіс бойынша теңестірейік.

Ол үшін:

Тотығу-тотықсыздану процестің иондық теңдеуін жазамыз:

H2S + MnО4- + H+→S + Mn2+ + H2О

2. Тотығуға және тотықсыздануға қатысқан бөлшектерді екі бөліп,

оны жартылай реакция түрінде жазамыз:

тотығу H2S - 2ē = S + 2H+ 5 тотықсызданады

тотықсыздану МnО4ˉ + 8Н+ + 5ē = Мn2+ + 4Н2О 2 тотығады

Соңғы теңдеуде МnO4- аниондағы 4 оттегі атомын

байланыстыру үшін 8Н+ қоса жазылады.

13

Сәбит Бейбарыс

Slide 14

3. Табылған коэффициенттерге жартылай реакциялар теңдеуін қосып, теңестірілгсн жалпы иондық теңдеуді жазамыз:

5H2S + 2MnO4- + 6Н + = 5S + 2Мn2+ 8Н2О

Соңында реакцияның иондық теңдеу негізінде

молекула- лық теңдеуді толық жазамыз:

5H2S + 2KMnО4 + 3H2SО4 = 5S + 2MnSО4 + K2SО4 + 8Н2О

Теңестірудің бұл екі әдісі іс жүзінде бірдей қолданылады,

Алайда ерітінділерде өтетін тотығу-тотықсыздану реакцияларын тек ионды-электронды әдісі бойынша ғана құрастырған жөн.

14

Сәбит Бейбарыс

Slide 15

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері

Үш түрлі тотығу-тотыксыздану реакциялары болады:

Атомдар немесе молекулалар арасындағы тотығу- тотықсыздану реакциялары.

Бұған электрондардың атомдар, молекулалар немесе иондар арасында болатын алмасу реакциялары жатады:

2Са+2 + О2° = Са+2О-2;

H20 + Cl20 = 2H+Cl- ;


Ұқсас жұмыстар
PIZA тапсырмалары кіріктірілген тотығу-тотықсыздану реакциялары. Презентация
Элементтер және олардың тотығу-тотықсыздану қасиеттері
Тотығу – тотықсыздану реакциялары. Электрохимия Электродтар
Тотығу -тотықсыздану реакциясы тақырыбына бақылау
Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесі
Ашу процесі
Титриметрлік талдау
Тотығу - Тотықсыздану реакцияларына анықтама
Тотығу - тотықсыздану реакцияларының түрлері
Кешенді қосылыстардың аналитикалық химиядағы маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz