Қазақстандағы салық саясаты: типтері, салықтық механизмі және инвестициялық салықтық жеңілдіктер


Slide 1

Салық саясаты - мемдекеттің салық салу аясындағы жүргізіп отырған шараларының жүйесі.

Салық саясатының міндеттеріне мыналар жатады: * мемлекетті өз функциялары мен міндеттерін орындау үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; * жалпы ел шаруашылықтарын реттеуге жағдай жасау; * нарықтық қатынас процесінде пайда болатын халық табысы деңгейіндегі теңіздікті деңгейлестіру (тегістіру) .

*

Салық саясаты

Slide 2

Салық саясатының үш типін бөліп көрсетуге болады.

Бірінші тип - максималды салық саясаты. Ол «мүмкін болған барлық затты алу» принципимен сипатталады.

Екінші тип - дұрыс салықтар саясаты, яғни экономикалық даму саясаты болып табылады.

Үшінші тип - жоғары салықтар саясаты, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін салық саясаты. Салықтық түсімдер әр түрлі әлеуметтік қорлардың ұлғаюына бағытталады.

*

Салық саясаты

Slide 3

Салық саясаты әдiстерінiң бiрi максималды салықтар саясаты болып табылады. Бұл жағдайда мемлекет халықтан барынша көптеп қаржылық ресурстарды алу мақсатында жоғары салық мөлшерлемесін енгізеді, салық жеңілдіктерін азайтып, көптеген салық түрлерін енгізеді және де мұндай саясаттың зардабы қандай болатынына көп мән бере бермейді. Әлбетте салық саясатының бұл әдісі салық төлеушінің және қоғамның экономикалық дамуына ешқандай үміт бермейді. Мұндай саясат мемлекет үшін төтенше жағдайға, экономикалық дағдарысқа алып келеді. Салық төлеушiлерде салықтардың төлемiнен кейiн iс жүзiнде ұлғаймалы ұдайы өндiрiске мүмкiн қаржы ресурстар қалмайды.

*

Салық саясаты

Slide 4

Салық саясатына әсер етудiң екінші формасы экономикалық даму саясаты болып табылады. Мемлекет осы жағдайда кәсiпкерлер үшiн салық прессiн әлсiретедi, әлеуметтiк бағдарламаларға ең алдымен өз шығындарын қысқартады. Осы саясаттың мақсаты атауында көрініп тұрғандай, капиталды басты кеңейтумен қамтамасыз ететіндей етiп инвестициялық белсендiлiктi ынталандыруы болып табылады. Мұндай саясат экономикалық дағдарысқа өтуге қауiп төндiретiн экономикалық тоқырау болайын деп жатқанда жүзеге асырылады.

*

Салық саясаты

Slide 5

Салық саясатының үшінші формасы жоғары салықтар саясаты. Үшінші тип - жоғары салықтар саясаты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін салық саясаты. Салықтық түсімдер әр түрлі әлеуметтік қорлардың ұлғаюына бағытталады. Бұл тип Швеция мемлекетінде кеңінен қолданылады

*

Салық саясаты

Slide 6

Салықтық механизм - бұл салықтық құқық қатынастары (салықтық жоспарлау) субъектілерінің жоспарлы, нақты орындалған, болжамдық салық міндеттерін бағалауын, белгіленуін, ынталандырушы сипаты ретінде мемлекет бюджетінің орындау барысында ағымдағы араласудың ғылыми-негізделген шаралардың қабылдануын (салықтық реттеу) және салық заңының (салықтық бақылау) нормаларының бұзылуы кезінде әсер ету шараларының санкцияларын анықтайтын, мемлекеттің заң актілерінің барлық арсеналдарының айрықша құқықтық нормаларымен регламенттелетін өзара әрекет ететін үш қаржылық- бюджеттік саланың кешені.

*

Салық саясаты

Slide 7

Салықтық механизм негізінен үш элементтен тұрады:

1. Салықтық жоспарлау

2. Салықтық реттеу

3. Салықтық бақылау

*

Салық саясаты

Slide 8

*

Slide 9

Жаңа Салық кодексінің келесідей бағыттары бар:

- айқын және қайшы келмейтін экономикалық анықтама және әлеуметтік- экономикалық мәселелердің заңи ресімделуі және оларды шешу үшін салықтық құралдары;

- экономиканың шикізатты емес секторына салықтық ауыртпалықты төмендету;

- әкімшілік кедергілердің төмендеуі;

- салықтық әкімшілік тиімділігінің артуы.

*

Салық саясаты

Slide 10

ҚР «Инвестициялар туралы» заңына сай инвестициялық бағдарлама жүргізушілердің ҚР заңды тұлғаларына инвестициялық преференциялар жүргізу қарасстырылған.

Өкілетті органмен келісімшарт жасасу арқылы келесідей инвестициялық преференцияларға ие болуға болады:

Инвестициялық салық жеңілдіктері;

Шекаралық алымдардан босату;

Мемлекеттік натурлы гранттар.

Инвестициялық жеңілдіктер басымды қызмет түрлеріне беріледі.

*

Салық саясаты

Slide 11

Инвестицияларға салықтық жеңілдіктер - бұл қайта құрылған салық төлеушілердің өз қызметін тек қана инвестициялық жоба аясында жаңа өндірістерді ашуға байланысты корпоративтік табыс салығынан босату немесе салық төлеуші - заңды тұлғалардың жалпы жиынтық табысынан басқа да қосымша шегерімдер жасауға құқық беру; инвестициялық проектіні іске асырудың мақсаты - қызмет етуші өндірістерді жаңарту немесе жетілдіруге бағытталуы, мұндай салық төлеушілерді салықтан босату жаңадан енгізілген инвестициялық жоба аясында бекітілген активтерді эксплуатациялауға, сонымен қатар жер учаскелері бойынша жер салығынан босату инвестициялық проектіні жүзеге асыру барысында қолданылады.

*

Салық саясаты


Ұқсас жұмыстар
Салық және салық салу: теориясы, құқықтық негіздері және салықтық реттеу
Салықтық жоспарлау мен болжамдау: түсінігі, кезеңдері, мақсаттары және салық менеджментіндегі рөлі
Салықтық жоспарлау және болжауды ұйымдастыру: бюджеттік салық түсімдерін есептеу әдістері мен құралдары
Салықтық кеңес беру және салық аудиті: негізгі ұғымдар мен функциялары
Қазақстандағы жергілікті бюджеттердің салықтық кірістері: талдау және бағалау
Салықтық саясат: ұғымы, түрлері және экономикалық саясаттағы рөлі
Қаржы-құқықтық категория ретінде салық: ұғымы, элементтері, түрлері және салықтық құқықтық қатынастар
Салық саясаты: түрлері, мақсаттары мен міндеттері және Қазақстандағы іске асыруы
Халықаралық салықтық жоспарлау: ұғымы, түрлері және әдістері
Салықтық бақылаудың түрлері мен нысандарының жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz