Жөтел және тыныс алудың қиындауы



ИӨЖ
Тақырыбы: Жөтел және тыныс алудың қиындауы. Пневмония. Науқаста астмоидтық тыныс және стридор. Коклюш. Туберкулез.
Орындаған:Мамадалиева Н.
Тобы: ЖТД-720
Тексерген: Калменова П. Е.
Шымкент-2020

БАБЖ жоспарын құрастыру(жөтел және қиындаған тыныс)
Балалар ауруларын бірлестіріп жургізу, бұл балалар ауруларын және өлімін төмендетуге бағытталған кең спектрлі стратегия. Аталған стратегияда ауруларының диагноздары жоқ аурудың ауырлық дәрежесін анықтайтын категориялар және классификациялар бар.

Баланы қарап жалпы қауіп белшілерін анықтаймыз

БАБЖ бағдарламасындағы жедел тынысты инфекциялар.
БАБЖ дәрігері өз көңілін жөтелдің ауырлығына немесе температураның бар болуына емес, бала тыныс алуына көңіл бөлуі керек.
Ерте жастағы балаларда пневмонияның этиологиясын анықтау қиын.
Тыныс алу жиілігі - пневмонияның көрсеткіші.
Тыныс алу жиілігін санау керек.

Балалардағы пневмонияның диагностикалық критерийі
Егер бала
Тыныс жиілігі
2 айға дейін
60дейін
2 - 12ай арасы
50 дейін
12 ай - 5 жас
40 дейін

Пневмонияның үдеуінің көрсеткіштері - өкпенің серпімділігі бірте бірте төмендейді және кеуде қуысының тартылуы.
Кеуде қуысының төменгі бөлігінің тартылуы балада ауыр пневмонияның болуын көрсетеді.
Кеуде қуысының тартылуы астма, бронхиолит, респираторлы инфекция кезінде байқалатын ысқырықты астмалық тыныс алумен жүретін бронхиалды кедергілермен де негізделуі мүмкін.

Негізгі шағымдарын сұраймыз:
балада жөтел немесе тыныс тарылуы бар ма?
Бар болса: қашаннан бері?
Қарайсыз, тыңдайсыз:
Минутына тынысы қанша рет?
Кеуде торы төмен түскен бе?
Астмалық тыныс бар ма көріп, тыңдаңыз.
Астмалық тыныс бар болса бұл қайталамалы түрде ме?
Бала тыныштық жағдайда болуы керек
Бағалаймыз :жөтел мен тыныс жетіспеуін.

Белгілері
Жіктелуі
Емі
-Кез келген жалпы қауіпті белгілер болады
- Кеуде қуысының тартылуы
Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру
Тез арада ауруханаға жолдау
Сәйкес келетін антибактериалды препараттың алғашқы дозасын беру
Тыныстың жиілеуі
Пневмония
3 күн сәйкес антибиотик беру
Тамағын жұмсарту және жөтелін жеңілдететін заттарды қолдану
Анасына қайта келетін уақытын түсіндіру
Келесі келу уақыты 2күн
Пневмония немесе өте ауыр ауру белгілері жоқ
Пневмония жоқ.
жөтел немесе суықтау
Егер жөтел 30 күннен көп болса тексеруге жіберу
Тамағын жұмсарту және жөтелін жеңілдететін заттарды қолдану
Анасына қайта келетін уақытын түсіндіру
Келесі келу уақыты 5 күн егер жеңілдену болмаса

-Кез келген жалпы қауіпті белгілер болады
Кеуде қуысының тартылуы
тыныштық жағадайда стридор
Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру
Тез арада ауруханаға жолдау
Сәйкес келетін антибактериалды препараттың алғашқы дозасын беру. Пневмонияны классификациялау алдында тез әсер ететін бронхиолитиктің сынамасын жасау.
-Тыныстың жиілеуі немесе демікпесіз тыныс (тез әсер ететәін бронхолитикпен 3 цикл ингаляция жасағаннан кейін)
-температура 37, 5 С немесе одан жоғары
Пневмония
Сәйкес келетін антибиотикті 3 күн тағайындау. Ингаляциялық және оральдаы бронхиолитикті 5 күн тағайындау, егер демікппелік тыныс болса. Тамағын жұмсарту және жөтелін жеңілдететін заттарды қолдану
Анасына қайта келетін уақытын түсіндіру. Демікпелік тыныс қайталанса тексеруге жіберу. Егер ол алдын жасалынбаса. Келесі келу уақыты 2күн
Демікпелік тыныс
(тез әсер ететәін бронхолитикпен 3 цикл ингаляция жасағаннан кейін)
Пневмония жоқ. демікпелік тыныс
Егер жөтел 30 күннен көп болса тексеруге жіберу.
Ингаляциялық және оральдаы бронхиолитикті 5 күн тағайындау, егер демікппелік тыныс болса. Демікпелік тыныс қайталанса тексеруге жіберу. Егер ол алдын жасалынбаса. Келесі келу уақыты 2күн.


Сәйкес антибактериалды препарат беру Пневмонияда:АНТИБАКТЕРИАЛДЫ ПРЕПАРАТ АМОКСОЦИЛЛИН
АМОКСОЦИЛЛИН
Мөлшері 25мг/кг. Пневмонияда күніне 2 реттен 3 күн
Жасы немесе салмағы
ТАБЛЕТКА СИРОП
250мг 125мг 5мл де
2 айдан 12айға дейін(4-9кг)
½ 5мл
12 айдан 3жасқа дейін(10-14кг)
1 ½ 15мл
3 жастан 5 жасқа дейін(15-20кг)
2 20мл







Көкжөтел (лат. pertussіs) - жедел таралатын, көбінесе, 8 жасқа дейінгі балаларда болатын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы қысқа таяқша тәрізді бактерия (Bordetella pertussіs) . Қоздырғыш бактериялар науқас бала жөтелгенде оның демі мен қақырығы арқылы тарап, сау балаға жұғады. Бактериялар баланың тыныс органдарында өсіп-өнеді.
Бұл сырқат кезінде көбіне жүйке жүйесі, тыныс жолдары зақымданады, жөтел ұстамалары байқалады.

Микроағзалар ауа арқылы таралады. Көкжөтелмен ауыратын науқастың немесе инфекцияны тасымалдаушының сілекейінде бактерия өте көп мөлшерде болады. Жөтелгенде және түшкіргенде бордетелла қоршаған кеңістікте бір жарым-екі метр арақашықтыққа таралады.
Бордетелла қоршаған ортаға өте төзімсіз, ол зарарсыздандырғыш дәрі-дәрмектер мен күн сәулесі әсерімен төмен температурада тез жойылады. Осындай ерекшелігінің себебінен инфекцияның таралуы бойынша таралудың анаэробты (ауа арқылы) жолы ерекше мәнге ие. Жанасу жағдайында инфекцияның берілуі тіркелмеген, өйткені жеке қолданылатын заттарда, ойыншықтарда, ыдыс-аяқтарда бактерия өзінің белсенділігін және жұғу белсенділігін жоғалтады.
Балаларда көкжөтел 10 жасқа дейін айрықша жақсы дамиды. Сонымен бірге көкжөтел таяқшаларына қарым-қатынасы бойынша осалдық танытатын жас - балалар өмірінің алғашқы 2-3 жасы.
Көкжөтелге қарсы екпе егілмеген балалар науқаспен жақын қарым-қатынаста болса, 90-100 пайыз жағдайда ауруды жұқтырады. Көкжөтелден жазылғаннан кейін ағзада тұрақты иммунитет пайда болады.

Балалардағы көкжөтелдің белгілері аурудың сатысына байланысты
Көкжөтелдің кезеңі
Сипатты белгілері
Ұзақтығы
Инкубациялық
Көңіл күйінде ешқандай өзгеріс жоқ.
5 күннен 2-3 аптаға дейін
Қабыну
Инфекцияның болар-болмас белгілері, бұл көбінесе ауыз қуыратын ринит болады. Біртіндеп жөтел құрғақ бола бастайды, бала ашуланшақ және мазасыз болады.
7-10 күн
Булығып жөтелу кезеңі
Жөтелдің ұстауы қатты, бірақ қысқа жөтелдің пайда болуымен сипатталады. Көбінесе кешкі уақытта немесе түнде жөтел ұстайды, ауыр жағдайларда лоқсуға, мойындағы тамырлардың ісінуіне, шелдердің қызаруына, беттің ісінуіне, көзден жас ағуға алып келеді. Көкжөтел кезінде жөтел ұстағанда тіл барынша жоғары бүгіледі, ол тіл жүгеншігінің зақымдануына алып келеді.
3-4 апта
Стадия разрешения
Жөтелдің ұстауы ақырындап өзінің күшін жоғалтады. Ауырып жазылған балада әлсіздік, селқостық, мазасыздық сақталады.
2 аптадан 2 айға дейін
Қалпына келу кезеңі
Баладағы көкжөтелдің қалпына келу кезеңіндегі белгілері - мазасыздық, тез шаршағыштық, инфекциялық ауруларға тез шалдыққыш.
6 айға дейін

Бала көкжөтелмен ауырған кезде қандай жөтел аурудың ауырлығына байланысты болады:

Балалардағы көкжөтелді емдеу принциптері
Көкжөтелмен ауырып жатқан бір жасқа дейінгі сәбилер мен жағдайы ауыр, ауруы асқынған балалар аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылады. Қалған жағдайларда үйде емделеді. Оған мыналар кіреді:
Режим сақтау. Көкжөтелмен ауыратын балаға үнемі таза ауа келіп тұруы және тыныштық керек, өйткені белсенді ойындар ауруды қоздыруы мүмкін. Күн сайын далада жалғыз серуендеуі керек, себебі көкжөтелмен ауыратын бала өзгелерге де жұқтырады;
Емдәм терапиясы. Жұтқыншақтың шырышты қабығын тітіркендірмейтін тағамдар ішуі керек. Сондықтан ащы және тұзды тағамдар, газдалған сусындар, сүрленген, ысталған ет тағамдары, жаңғақтар, цитрустар, кептірілген нан рационнан алып тасталады;
Дәрі-дәрмектер. Көкжөтел таяқшалары антибиотиктердің әсерімен өледі. Алайда олар тек қана қабыну кезеңінде ғана тиімді, оларды ары қарай жұқтыру мүмкіндігін азайту мақсатында қолданған жөн. Жөтелге қарсы дәрілер көкжөтелдің ұстауын аздап қана басады, дәрігерлер көбінесе Бромгексин, Коделак, Мукалтин сияқты қақырық түсіретін дәрі-дәрмектерді қабылдауды ұсынады. Олардың әсерімен қақырықтың жабысқақтығы азайып, оның тыныс алу жолдарынан шығарылуы жеңілдейді. Көкжөтел кезінде жөтелге қарсы дәрілерді 1-2 апта сайын ауыстырып тұру керек.
Балаларға қосымша гистаминге қарсы препараттар мен тыныштандырғыш заттар белгіленеді. Оларды қабылдау арқылы ашуланшақтығы азайып, ұйқысы жақсарады. Дәрумендер кешенін қабылдаған кезде балада ауру жеңілірек өтеді, ал азға тезірек қалпына келеді. Әлсіреген ағзаға әсіресе, аскорбин қышқылы, В тобының дәрумендері қажет.

Туберкулез - микобактериялармен шақырылатын жалпы жұқпалы ауру. Туберкулез қоздырғышы - туберкулез микобактериясы (ТМБ) , бактерия мен саңырауқұлақ арасында аралық орын алатын микроорганизм.
Жұғу көздері : негізгі жұғу көзі - туберкулезбен науқас адам, яғни, оның табиғи бөліністері, соның ішінде қақырығы маңызды.
Туберкулез жұғуының негізгі механизмі - ауа-тамшылы жол, ол шаң арқылы және аэрозольді жолмен іске асырылады.
Туберкулездік инфекцияның кіру қақпаларына тері, шырышты қабат, альвеолярлы -өкпелік эпителий жатады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz