Өнердің түрлері



4-дәріс. МӘДЕНИЕТ ФОРМАЛАРЫ: ӨНЕР, ДІН, МОРАЛЬ, ҚҰҚЫҚ, САЯСАТ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Дәріс жоспары:
1. Өнер және оның түрлері
3. Құқық пен мораль, дін.
4. Ғылым мен техниканың мәдениет тарихындағы рөлі және орны.

Мәдениеттің өзекті бөлігі - өнер. Өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы.

Өнердің түрлері:

Ән және би өнері
Би - саз ырғағымен түрлі қозғалыстар жасап орындалатын, көңіл-күйге негізделе көрсетілетін көне өнер түрі. Адамның сөйлеуі ілкіде ым, ишара қимылдарынан басталып, кейін жекелеген дыбыстардың айтылуы нәтижесінде дамып, қалыптасқандығы белгілі. Осылайша адамның алғашқы дыбысы музыканың негізін салды.
Ән (күй өнері) - ең кең таралған музыкалық шығармалар жанры, музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы. Ән мазмұнына қарай (азаматтық, революциялық, лирикалық, еңбек, әзіл т. б. ), шығу тегіне байланысты (халықтық, авторлық, қалалық, әскери, балаларға арналған, діни т. б. ) және орындалуы мен құрылымына байланысты (жеке дауысты, көп дауысты) болып бөлінеді.

Күйшілер

Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен.
Бейнелеу өнерінің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер. Жер шарының әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан Бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері табылған. [Альтамир (Испания), Ласко (Франция), Кимберли (Австралия) үңгірлері] .

Суретші Ә. Қастеев шығармалары

1. Леонардо да Винчи «Мона Лиза» 2. Рафаэль Санти шығармасы

Архитектура, сәулет өнері - құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері - техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан.


Эмпайр-стейт-билдинг. Нью-Йорк

Дубайдағы гүл бағы

Театр (грек. theatron - ойын-сауық орны; ) - сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Кино өнері - өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі.
Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор, продюсер, каскадер, экономист, менеджер, т. б. қатысады. Кино өнерінің даму жолы шартты түрде 4 кезеңге бөлінеді. Алғашқы кезеңі - тұңғыш киноның шыққан жылы (1895, ағайынды Луи және Огюст Люмьерлер ойлап тапқан) .

Мүсіндеме, мүсін, скульптура (лат. sculptura, seuplo -қашаймын) - бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсіндеме туындылары үш өлшемнен (биіктік, ендік, аумақтық) құралады. Мүсіндеме қатты заттардан немесе пластикалық материалдардан жасалады. Осыған байланысты, мүсіндеме жасайтын адамды - мүсінші деп атайды.

Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.



"Әдептілік", "мораль" және "этика" ұғымдары.
Этика (грек. ethos - дағды, әдет-ғұрып) - зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады.
Этика үш бөліктен тұрады:
теориялық этика;
нормативті этика;
эмпириялық этика.
Теориялық этика - этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пөнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді.
Нормативті этика - негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-үждан, үят, абырой, парыз және т. б. қарастырады.
Эмпириялық этика - белгілі бір кезеңдердегі адамзат үйымдарының накты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді

Әдептілік - адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Ә-ке ерекше мән беріледі. Әбу Наср әл-Фараби“Қайырымды қала адамдарының көзқарастары” атты еңбегінде Ә-ті әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы деп есептейді. Ғұламаның этика жөніндегі тұжырымдарында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады.

Мораль (латын moralіs - әдет-ғұрып) - адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т. б. ) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады.

Мораль - адамның өзін-өзі ұстау үлгісі
Моральдық таңдау
Таңдау критериі
Ережелер көп
таңдау
Қоғамдық пікір
Жеке қалауын
Ұждан

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz