Негізгі идеясы


Slide 1

Сағди Ширази

“Гүлстан” туындысы

Орындаған:Шыңғысбекққызы Айзат

Slide 2

Бірінші тарау - ел билеушілер туралы.

Екінші тарау - халық бұқарасы жайында.

Үшінші тарау - қанағат - ынсаптың пайдасы туралы.

Төртінші тарау - тілге сақ болудың пайдасы туралы.

Бесінші тарау - жігіттік шақтық көріністері хақында.

Алтыншы тарау - кәріліктің адамды кәріп етіп қоятын туралы

Жетінші тарау - тәлім - тәрбиенің әсері жайында.

Сегізінші тарау - әңгімедегі әдептілік мәселесі тралы.

Гүлстан 8 тараудан тұрады

Slide 3

Гүлстан гүл бақшасы гүлдер жинағы сияқты өлеңдер мен әңгімелер жинағы

Дастанның идеялық мазмұны. «Гүлстан » әдептілік, тілге сақ болу, өсек айтпау, сыпайылық сияқты көптеген этикалық мәселелерді қозғайтын хикаяттар көп.

Slide 4

Негізгі идеясы:Қанағатшылдық-пенденің ең жақсы қасиеті. Ақиқатында біз бардың қадірін біле бермейміз. Осы хикаятта сабырсыз құлдың іс әрекеті арқылы адамдарды бардың қадірін білуге шақырады. Бейнет көрмеген адам рахаттың қадірін білмейді.

1-хикаят

Бір патша құлымен бірге кемемен жүзіп келе жатты. Бұрын кемеге мініп көрмеген құлы қорқып жылай бастады. Жұрттың мазасын алды. Оны ешкім сөзбен жұбата алмады. Сонда бір данышпан кісі патшаға: «Егер рұқсат етсеңіз, оны тыныштандырайын», - депті. Патша рұқсат беріпті. Данышпан құлды теңізге тастатады. Байғұс құл суға бір батып, бір шығады. Екінші батқанында оны шашынан тартып, қайтадан кемеге шығарып алыпты. Құл кемеге әзер дегенде мініп, бір бұрышқа барып бүрісіп, үн-түнсіз отырып қалыпты. Патша: «Бұл қалай болды?» - дегенде, данышпан: «Бұл адам теңізге қарық болудың машақатын көрмегендіктен, өзінің сау-саламат отырғанының қадірін білмеді. Бейнет көрмеген адам рахаттың қадірін білмес», - депті.

Slide 5

Бір сұлтанның үш ұлы бар еді. Екеуі ұзын бойлы, келбетті, ал бірі қысқа бойлы болыпты. Бір күні сұлтан қысқа бойлы баласына жақтырмай қарап калады. Бала парасатпен әкесінің көзқарасын байқап қалып: «Ай, ата, ұзын бойлы ақымақтан, қысқа бойлы ақылды артық», - депті. Бұл оқиғадан соң бірнеше күн өтті. Сол уақытта сұлтанның еліне дұшпан әскері келді. Бұлар дағы өз әскерімен қарсы шықты. Екі жақтың әскері бетпе-бет келді. Соғысқа бірінші болып сұлтанның қысқа бойлы баласы шықты. Жеңіске жетті.

2-хикаят

Негізгі идеясы:Адамның сыртқы келбеті емес, адамның жан дүниесі маңызды екені айтылады. Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», - деп. Адамның уәдесінде тұра білуі, өзгеге жақсылық жасауы, малға да, жанға да мейірімді болуы, жомарттығы, кеңпейілділігі, қарапайым, мәдениеттілігі, еңбекқорлығы оның қандай адам екенін айтқызбай-ақ танытады, өскен ортасы мен алған тәлім-тәрбиесінен де мол мағлұмат береді.

Slide 6

3-хикаят

Наушаруан киік аулап, біреуін ұстап алды. Оны пісіруге тұз жоқ еді. Құлын кентке барып тұз әкелуге жұмсады. Оған айтты: «Тұзды ақысын төлеп ал, өйтпесең, ақысыз алу рәсімі кентке жайылып кетпесін», - деді. Құлы: «Тұзды тегін алғанда тұрған не бар?» - дейді. Наушаруан айтты: «Әуелде зұлымдық аз еді, әркім аздан қосқанда, бұлайша көбейіп кетті», - деді.

Негізгі идеясы: Әуелде зұлымдық аз еді, әркім азданқосқанда, бұлайша көбейіп кетті.

Slide 7

4-хикаят

Бір уәзірдің бір біліксіз ұлы бар еді. Оны алып ғалымның қолына берді: «Баламды тәрбиеле, тәрбие алса, ақылы кірер», - деді. Ғалым біраз тәрбиелеп көрді, оған тәрбие қонбады. Сонда ғалым айтты: «Бұл баланы әкесіне апарып салыңдар. Сәлем айтыңдар: «Балаңды қанша тәрбиелесем де, ақылды болатын емес, оның есесіне мен ақымақ болуға айналдым».

Негізгі идеясы: Қазақтың «санасызға сан айтсаң да болмайды», «болмайтынға болыспа» деген нақыл сөздері бар. Санасыз адам - ең қауіпті адам. Себебі, ол мемлекеттің мүддесі мен өзінің мүддесін ажырата алмайды. Санасыз адам өзінің елінің алдындағы міндетін қойып, тіпті отбасының алдындағы міндетін де өтей алмайды. Санасыз адамнан бар жамандықты күтуге болады. Санасыздан туған ұрпақ санасыз ұрпақ боп жалғаса береді. Аяқ-қолдары балғадай жігіттердің жұмыссыз жүруі де санасыздық. Себебі, ол - жалқау.

Slide 8

5-хикаят

Шайх Сағди айтады: Бір бай кісінің ұлын көрдім. Әкесінің қабірінің басында отырып, бір пақырдың ұлымен таласты: «Менің атамның қабірі алуан нақышпен өрнектелген, алтынмен жазылған, көк мәрмәр тас қойылған, кірпіштен өрілген, ал сенің атаңның қабірі бірнеше қатар ғана кірпіштен салынған». Бұл сөзді естіген пақырдың ұлы айтты: «Сенің атаң ауыр тастар астынан қозғалғанша, менің атам жаннатқа жетіп барар».

Негізгі идеясы: Бесінші хикаят бойынша пақырдың ұлы айтты: «Сенің атаң ауыр тастар астынан қозғалғанша, менің атам жаннатқа жетіп барар». Пақырдың ұлы бұл сөздерді астарлап, әзілмен жеткізді. Менің ойымша қабірді аса қатты өрнектеп, зәулім қылудың қажеті жоқ. Қабірдің топырағы түйенің өркешіндей биіктікте ғана жерден көтерілуі тиіс. Қабір тек қана өз топырағымен ғана көміледі. Сырттан басқа топырақ қосу, үстін тегістеп, цементпен құю немесе түрлi майлы нәрселер жағу - мәкрүһ (жағымсыз әрекет) .

Slide 9

6-хикаят

Лұқман әкімнен сұрапты: «Әдепті кімнен үйрендің?»Жауап беріпті: «Әдепсіздерден үйрендім. Олардың өзін-өзі ұстауына қарап, қайсысы көңіліме жақпаса, сол әдеттен бездім. »

Негізгі идеясы: Алтыншы хикаят бойыншаЛұқман әкімнен сұрапты: «Әдепті кімнен үйрендің?»Жауап беріпті: «Әдепсіздерден үйрендім. Олардың өзін-өзі ұстауына қарап, қайсысы көңіліме жақпаса, сол әдеттен бездім. »«Әдеп - тәж секілді. Оны киген кісі бар бәледен құтылады». - деген. Ойланып қарасақ, шындығында әдепті кісіге қандай адам жау болады? Ешкімге соқтықпай, құлшылығын жасап, тек жүрген кісімен ешкімнің де ілігі болмасы анық. Керісінше, әдепті кісілерді жұрттың бәрі сыйлайды, тіпті патшадай құрметтейді.

Slide 10

7-хикаят


Ұқсас жұмыстар
ЖАҢАШЫЛ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Ортағасырлық христиан философиясының негізгі даму кезеңдері
Ы. Алтынсарин. «Қыпшақ Сейітқұл»
Ыбырайдың әңгімелері
Жаңа педагогикалық технология
Жаңашыл педагогтар
Славянофиндер философиясы
Диалектика немесе даму философиясы
Жыраулар поэзиясының тақырыптары
Ынтымақтастық педагогика жайлы ұғым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz