Амин қышқылдар


Slide 1

Амин қышқылдар. Дәрумендер

Slide 2

Амин қышқылдары дегеніміз - әр түрлі ақуыз молекулаларын түзетін мономерлі жеке заттар. Амин қышқылдары органикалық қышқылдар, яғни маңызды табиғи қосылыстар түрлерінің бірі болып табылады. Амин қышқылдары түссіз қатты заттар болып келеді. Көпшілігі суда жақсы ериді.

Slide 3

Табиғатта жүзге тарта амин қышқылдары бар екені белгілі болса, олардың тек жиырмадан астамы ғана ақуыз молекуласы құрамына кіреді.

Зат алмасуы барысында ағзадағы ыдыраған ақуыздардың орнын толтыру, ескірген жасушалардың орнына жаңа жас жасушалар түзу және т. б. жағдайлар үшін ағзаға әр уақытта тамақпен бірге жеткілікті мөлшерде ақуызды заттарды қабылдап отыруы қажет.

Slide 4

Ақуыздарды түзетін амин қышқылдарының жалпы құрылысын келесі формула түрінде көрсетуге болады:

Аминдік топ

Карбоксильдік

топ

Бұлардың молекуласында карбоксильдік және аминдік

топ бар.

Slide 5

Амин қышқылдары

Ауыстырылатын (тирозин және т. б. )

Ауыстырылмай-тын (адамның және жануарлардың ағзаларында түзілмейтін)

Slide 6

Ауыстырылатын

Ауыстырылмайтын

Аланин

Валин

Аргинин

Гистидин

Аспарагин

Изолейцин

Аспарагин қышқылы

Лейцин

Глицин (гликокол)

Лизин

Глютамин

Метионин

Серин

Треонин

Тирозин

Триптофан

Цистин

Фенилаланин

Slide 7

Амин қышқылдарын өндірісте әр түрлі әдістер мен өсімдік тектес шикізаттардың ақуыздық гидролизаттарын экстракциялау, химиялық синтез және микроорганизмдердің ортада көп мөшерде амин қышқылдарын түзе алу қабілетіне негізделген микробиологиялық синтез арқылы алады. Амин қышқылдарының өндіруіне Corinebacterium, Micrococcuss, Arthrobacter, Brevibacterium және т. б. туыстарының Грамм оң, спора түзбейтін бактериялары жатады.

Slide 8

Табиғатта аминқышқылдардың 150-ден астам түрі бар. Олардың 20-сына жуығы ақуыздар түзілісінде аса маңызды қызмет атқаратын мономер блок-топшалар. Аминқышқылдары барлық ағзалардың зат алмасу процесіне қатысып, гормондар витаминдер мидиаторлар пуринді және пиримидинді азоттық негіздердің алқолоидтердің т. б. гормондар биосинтезінің негізгі қосылыстарын түзу қызметін атқарады. Микроапалардың көпшілігі өздеріне керекті аминқышқылдарын синтездейді. Адам мен барлық жануарлар аминқышқышқылдарын өздері түзіле алмағандықтан оларды дайын түрінде ішіп-жейтін қорегіне алады. Қазіргі кезде адам және жануарлардың тамағына косылатын аминқышқылдары биотехнологиялық синтездеу әдісімен (химия және микробиология) игеріледі. Сонымен қатар олар өнеркәсіптік полиамидтер- бояулар мен дәрі-дәрмек шығаруда да үнемі пайдаланылатын өнім

Slide 9

Амин қышқылдары халық шаруашылығында және медицинада кеңінен қолданылады. Амин қышқылдарды әр түрлі полимерлер (синтетикалық тері, полимерлі талшық, тағамдық өнімдерді салатын қаптағыштар, пленка жасауда) алу үшін, ауыл шаруашылығында мал азығын амин қышқылдармен байытуда дәрілік заттар ретінде қолданылады.

Slide 10

Дәрумендер

Дәрумендер - аз концентрацияда жоғары физиологиялық белсенділік көрсететін төменгі молекулалық заттар.

Slide 11

Дәрумендер - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta - тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.

Slide 12

Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау организмнің улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі.

Slide 13

Витамин жетіспеушілік, авитаминоз - күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.

Slide 14

Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, т. б. аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, т. б. жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет.

Slide 15

Витамин жетіспеушілік, гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.

Slide 16

Дәрумендер

Суда еритін (С, РР және В тобындағы барлық дәрумендер жатады)

Майда еритін (А, D, Е, К дәрумендері)

Slide 17

Майда еритін дәрумендер

А витамині (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. А витамині шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің касаң кабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А витамині бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің кызыл, сары жемістерінде, сәбізде, кызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А витаминінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2, 5-10, 5 мг.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Мүктердің биологиялық белсенді заттардың белсенді заттардың химиялық зерттеуі
АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
ҰЙЫТЫНДЫ МЕН СЫР МАССАСЫН ӨҢДЕУДЕГІ БИОХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР
Генетикалық код туралы қазіргі қалыптасқан көзқарасқа 1960 жылы
Ауыл шаруашылығы құстарының ет өнімділігі
Толыққанды белоктар
Ақуыз гидролизаттары
Аминқышқылдардың стереоизомериясы, жіктелуі, реакциялары
Амин қышқылдардың өндіру биотехнологиясы
Амин қышқылы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz