Өсімдіктер географиясы




Презентация қосу
Bot 1201 “Ботаника»

«Ботаника» (грек. ботане – шөп, өсімдік)
ғылымы өсімдік мүшелерінің ішкі құрылысын
микроскопиялық деңгейде зерттей отырып,
өсімдік жасушасының, содан кейін өсімдік
ұлпаларының сипаттамасынан бастап, олардың
әртүрлі мүшелерге орналасу заңдылықтарын
зерттейді. Ботаника мәдени өсімдіктердің
сорттарының арасындағы айырмашылықты
олардың экономикалық құнды белгілері
бойынша анықтауға мүмкіндік береді.
Негізгі әдебиеттер:
Аметов А.А. «Ботаника». Алматы, 2009.
http://lib.kazmkpu.kz/res/Botanika_Ametov.pdf
Қурманбаева, М.С.Ботаника негіздері мен өсімдіктер әлемінің әр
алуандылығы [Электрондықресурс] /М.С.Қурманбаева.-7,65 МБ.-
Алматы: ҚызМемҚызПУ,2011ж.-102б.
http://lib.kazmkpu.kz/res/Botanika_negizderi_men_osimdikter_alemini
n_araluandylygy_Kurmanbaeva.pdf
Ботаника [Электронный ресурс]: учебно-методическое пособие /
Н.В. Степанов [идр.].-2,82Мб.-Красноярск:ИПКСФУ,2009г.-285с.
http://lib.kazmkpu.kz/res/Botanika_2009_Stepanov.pdf
Қожантаева, Ж. Ботаникадан дала практикасы [Электронный
ресурс]: Оқу құралы /Ж. Қожантаева, Б.Н. Саурамбаев, Л.Е.
Ануарова.- 5, 02МБ.- Алматы: Қыздар университеті,2014.-224б.
http://lib.kazmkpu.kz/res/Botanikadan_dala_praktikasy_2014_Kozhant
aeva.pdf

http://lib.kazmkpu.kz
1-лекция. Өсімдіктердің табиғаттағы
маңызы.

Өсімдіктердіңадам өміріндегі маңызы
Ботаника ғылымының бөлімдері
Жасуша туралы ғылым
Жасуша компоненттері
Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы

Жер шарының жалпы аумағы 510 млн. шаршы км болса, оның
149 млн шаршы км, яғни 29,21% құрлық, 316 млн. шаршы км
немесе 70,79% мұхиттар алып жатыр.
Өсімдіктер мен жануарлар мұхиттар әлемінде де, құрлықта да
мекендейді. Бұл екеуінің де әртүрлілігі орасан зор. Қазіргі кезде
өсімдіктердің 500 мыңға, ал жануарлардың 1 млн-ға жуық
түрлері белгілі.
Өсімдіктер мен жануарлар біртұтас органикалық дүниені түзеді.
Сырттай қарағанда олардың әртүрлі өкілдерінің –
бактериялардың, саңырауқұлақтардың, гүлді өсімдіктердің,
балықтардың, құстардың, насекомдардың бір-біріне жалпы
ортақтығы аз да, өзара айырмашылығы көп сияқты. Ал
негізінде барлық тірі организмдерге тән жалпы қасиеттер
арқылы біздер органикалық дүниенің, бейорганикалық
дүниеден айырмашылығы, материя құрылысының әртүрлі
деңгейде екендігін байқаймыз.
Өсімдіктер мен жануарлардың құрылысы мен тіршілік әрекетінің
ұқсастығын олардың шығу тегімен және олардың тіршілік
құбылыстарындағы жүретін химиялық процестердің ортақтығымен
түсіндіруге болады.
Зат алмасудың негізін құрайтын химиялық құбылыстар екіге бөлінеді:
ассимиляция және диссимиляция.
Ассимиляция (лат. – сіңіру, игеру) сыртқы ортадан қоректік заттарды
сіңіру барысында, жай құрамды қосындылардан организмде күрделі
заттардың синтезделуі. Ассимиляция процесі белгілі мөлшерде энергия
сіңірумен жүреді. Ассимиляция сыртқы мәні – қоректену. Цитоплазма,
ядро, пластидтер және т.б. Жасушаның тірі құрам бөліктері ассимиляция
нәтижесінде пайда болған заттардан түзіледі.
Диссимиляция (лат. – ұқсас емес, ұқсамайтын) зат алмасудың кейбір
соңғы өнімдерін организмнің сыртқы ортаға бөліп шығаруы және
олардың күрделі құрамдардан жай қосындыларға бөлшектенуі.
Диссимиляцияның сыртқы мәні – тыныс алу және ашыту. Диссимиляция
кезінде бөлінген энергия организмде синтетикалық және басқа да
құбылыстардың жүруіне пайдаланылады. Бұл екі процес бір-бірімен
тығыз байланысты. Зат алмасу тіршілікке тән ең маңызды қасиет.
Өсімдіктердің басым
көпшілігінің көк-жасыл түсті
болуы , жасушаларында ерекше
пигменттер, хлорофилл
дәндерінің болуында.
Хлорофиллдердің қатысуымен
өсімдіктер ауадағы
көмірқышқыл газынан,
топырақтан тамыр арқылы
алатын судан, күн сәулесінің
қуатының әсерімен фотосинтез
құбылысы жүріп, органикалық
заттар түзіледі және дербес
оттегі бөліп шығарады.
Органикалық заттарды алғашқы ситездейтін
организмдер автотрофтылар (грек. автос – өзім,
трофа – қоректену, қорек) деп аталады. Бұлар тек күн
сәулесінің энергиясын пайдаланатындары
фототрофтылар, ал органикалық заттарды алғашқы
синтездеуге химиялық реакциялардың энергиясын
пайдаланатыдарды хемотрофтылар деп аталады.
Оларға кейбір бактериялар жатады.
Жануарлар афтотрофты өсімдіктер сияқты органикалық
заттарды бейорганикалық заттардан синтез жасай
алмайды. Олар дайын органикалық заттармен
қоректеніп, оны денесінде қорытып, олардың
энергиясын өз қажетіне пайдаланады. Оларды
гетеротрофты (грек. гетерос – басқа, трофа -
қоректену) организмдер деп атайды.
Ботаника ғылымының бөлімдері

1. Морфология
*Цитология
*Гистология
* Анатомия
*Эмбриология
2. Өсімдіктер физиологиясы
3. Өсімдіктер систематикасы
4. Палеоботаника
5. Фитоценология
6. Өсімдіктер географиясы
7. Өсімдіктер экологиясы
Жасуша туралы ғылым

Цитология – клетканың
микроскопиялық және
субмикроскопиялық структура және
тіршілік әрекеті жөніндегі ғылым. (грек
т. kytos – жасуша).
Жасуша туралы алғашқы тусініктер ХІХ
ғасырда пайда бола бастады.
Алғашқы микроскоп 1609-1610 жылы
Г.Галилей жасады. Осы оқиға
микроорганизмдерді зерттеуде шешуші
рөл атқарды
1665 жылы Роберт Гук емен пробкасы
мен өсімдік сабағын зерттеп, ғылымға
алғаш «жасуша» сөзін енгізді.
Ғ ыл ым ғ а үл ес қо сқа н ғ ал ым да р

Роберт Броун Ян Пуркинье
Ағылшын ботанигі Чехия физиологы
1831ж “Ядро” ашқан 1839 ж “Цитоплазма” ашты
Неміс ғалымдары
1838-1839 жж “Жасуша теориясы” ашты
Теорияның мәні – жасуша барлық тірі организмдердің –
өсімдіктердің де, жануарлардың да негізгі қарапайым
структуралық бірлігі болып табылады.
Жасушаны зерттеу тәсілдері
Жасуша
Жасуша компоненттері

Ядро мен цитоплазма жасушаның тірі бөлігі және олар бірігіп
протопластты түзеді. Қабықша мен вакуольдер жасушаның өлі бөлгі,
олар протопласттың тіршілік әрекетінің нәтижесінде пайда болған.
Цитоплазма мембраналардан тұратын жасушаның құрамды бөлігі.
Оның құрылысын жұқа (4-10 нм) біршама тығыз белоктардан және
фосфолипидтерден тұратын биологиялық мембраналар түзеді.
Биологиялық мембраналардың негізгі қасиеттерінің бірі сұрыптап
өткізгіштігі.
Плазмалемма цитоплазманы жасушаның қабықшасынан бөліп тұратын
мембрана. Ол әдетте жасуша қабықшасына тығыз жабысып тұрады.
Плазмалемма жасушаны сыртқы орамен зат алмасуын реттейді, сонымен
бірге заттардың синтезделуіне қатысады.
Вакуоль – кейбір жануарлар мен өсімдіктер жасушасының
цитоплазмасындағы сұйықтыққа толы қуыс. Вакуольдің сұйықтығының
құрамына ерітінді күйінде минералды тұздар, көмірсулар, жасушаның
тіршілігіне қажетті органикалық қышқылдар, пигменттер және т.б. заттар
болады. Онда қор заттармен қатар жасушаға қатерлі улы заттар, сондай ақ
екінші реттік метоболиттер жиналады.
Цитоплазма ішінде бір – бірімен тығыз байланысқан түтікшелердің,
вакуольдердің, цистерналардың жиынтығынан тұратын күрделі
жарғақшалар. Екі түрі бар: түйіршікті, тегіс бетті.
Қызметі: 1.Түйіршікті ЭТ рибосоманың болуына байланысты ақуыз
синтезіне қатысып, жасушаның қажетті жеріне тасымалдайды.
2. Липидтердің, гликогеннің синтезіне қатысады.
Рибосома
Рибосома – жасушаның ақуыз биосинтезіне қатысады.
Рибосома рибонуклеин қышқылы мен ақуыздан тұрады (50 –
63%)
Қызметі: 1. Ақуыз синтезіне қатысады.
2. ЭТ жарғақшасындағы рибосомалармен бірігіп,
полирибосома құрайды. Олар жасуша тіршілігіне қажетті ақуызды
синтездейді.
3. Митохондрия мен хлоропласттағы рибосомалар
олардың құрылыс қызметін атқарады.
4. Магний мен кальций болуына байланысты зат
айналым процесіне қатысады.
Гольджи аппараты
Орақ,
таяқша пішінді жеке денешіктер түрінде кездеседі.
Құрылысы: 1. Жарғақшамен шектесіп, 5 – 10 топтаса орналасқан қуыстар.
2. Қуыстармен байланыса орналасқан ірі түтікшелер.
3. Майда көпіршіктер.
Лизосома
Лизосома (гр. «лизео – ерітемін», гр. «сома – дене») – кішкене
денешіктер.
Қызметі: 1. Өсімдіктер жасушаларында лизосоманың рөлін
ірірек вакуольдер атқарады. Жануар жасушасында ферменттер
жиынтығын ыдырата алады.
2. Жасуша қартайған кезде лизосома
жарғақшасының құрылысы бұзылып, жасуша тіршілігін
жояды.
Митохондрия
Митохондрия (гр. mitos – жіпше, гр. сhondrion – дән, түйіршік) –
барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек
тәрізді. Жарғақшамен қапталған түпнегізден, жарғақша аралық
кеңістіктен, сыртқы жарғақшалардан тұрады.
Қызметі: Энергия қоры АТФ түзіледі.
Пластидтер
Пластидтер – жасыл өсімдіктер жасушаларының тұрақты
органоиды.
Үш түрі бар: 1. жасыл – хлоропласттар (жапырақ, жасыл мүшелер
мен балдырлар).
2. қызыл, қызғылт – сары, сары – хромопласттар
(жемістерде, жапырақтарда).
3. түссіз – лейкопласттар (сора, тұқым, түйнек
тамырларда).
Ядро

Ядро – (гр. «карион» - ядро) жануарлар мен өсімдіктер
жасушаларының негізгі және тұрақты жиынтығы.
Қызметі: 1. Генетикалық ақпаратты сақтайды.
2. Рибосомада жүретін ақуыз биосинтезі барысында
ДНҚ-дан РНҚ арқылы ақпарат беріп отырады.
3. Жасушаның тұқым қуалау мен дамуын басқарады.
Бақылау сұрақтары

Протопласт дегеніміз не?
Клетканың өлі компоненттеріне нелер
жатады?
Микроскоп қандай бөлімдерден
тұрады?
Фототрофтылар дегеніміз не?
Жасушада ядро қандай қызмет
атқарады?
Тапсырма
Ә.Ә.Әметов “Ботаника” оқуылығынан
2-34 бет оқып, түсінік жазу.
Орталығы (центрасома) құрылысы мен
қызметін оқу.

Ұқсас жұмыстар
ГЕОБОТАНИКА
Өсімдік географиясы
Жануарлар экологиясы
Фитоценоз структурасы
Топырақтың түрлері
АЛАКӨЛ
Топырақтың органикалық бөлшегі
Топырақтардың жер бетінде таралу заңдылықтары жəне оның қоршаған ортаның экологиялық факторлармен əсері
Төртжолақты қарашұбар жылан
Экологияның бөлімдері
Пәндер