Көркем мәтіндерде көркемдік уақыт



Көркемдік әлем және оның негізгі компоненттері

Қарастырылатын мәселелер: 1. Теория бөлімі. Ақпарат алу кеңістік континуум және оны мәтінде өткеру құралдары 2. Практика бөлімі. Талдау және тапсырма орындау қазақ ертегілеріндегі уақыт және кеңістік ұғымдары Абай өлеңдерiндегi кеңістік пен уақыт

Мәтіннің логикалық түзімі, оның құрылымы уақыт пен кеңістік сияқты категориялармен ұйымдастырылады.
Континуум (лат. continuum-толассыз, жаппай) - уақыт пен кеңістіктегі қозғалыстың толассыз ағымы. Уақыт пен кеңістік - бүкіл материалдық дүниенің әмбебап қасиеті, құбылыстар әлемі болуының қажетті шарты.
Континуум - мәтін категориясы. Континуум мәтіннің грамматикалық категориясы - когезия (байласым) мен үзілістің синтезі сияқты. Уақыт және кеңістік континуумдарын оқиғалар континуумы ретінде де белгілеуге болады.

объективті (күнтізбелік)
концептуальдық (оқиға)
перцептуальды немесе перцептивті (эмоциялық-экспрессивті
Мәтін лингвистикасында мәтіндік уақыттың үш темпоральдық негізі болады:

Көркем мәтіндерде көркемдік уақыт
Информативтік регистр бірыңғай үдерістің нақты ұзақтығынан ауытқыған фактілер, оқиғалар, қасиеттер туралы хабар ұсынады. Бұл-тікелей бақылаудың емес, не жанама бақылау нәтижесінде, не ойлау операцияларының нәтижесінде алынған білім.
Генеритивті регистрде «уақыттан тыс» және «уақыт бойғы» іс-әрекет қасиеттерді, қабілеттерді, сипаттаманы айту тәсіліне айналады. «Бақылау орнын» болып жатқан жайға қарай өзгерте отырып, айтушы түрлі регистрлердің сөз бірліктерін құрайды. Оларды біріктіріп, мәтіннің кеңістік-уақыт көлемділігін, оқиға уақытын жасайды.
Перцептуалды (перцептивті) уақыт айтушының (жазушының) мәтін оқиғаларына қатысты уақыт пен кеңістікке шынайы немесе ойша позициясын танытады (лат. perceptio - қабылдау) .
Перцептуалдылық дәрежесі ғылыми, іс мәтіндерінде минималды, көркем мәтіндерде максималды болады, соңғысында перцептуалды уақыт жеке уақытпен қосылып, жаңа құбылысты - көркем уақытты тудырады.

Көркем уақыт - сюжеттің, бейнеленген құбылыстардың өмір сүру формасы, шынайы, перцептуалды және жеке уақыттардың өзінше араласқанын сипаттайтын әлемді танудың ерекше формасы. Көркем және шынайы уақытты бейнелеудегі айырмашылық объективті шынайылық пен ирреальность (шарттылық) бейнесі үйлескен көркем шынайылық әлемінің ерекше табиғатының көрсеткіші болып табылады.

Кеңістік континуумы уақыт континуумымен тығыз байланысты. Мұнда субъектінің қабылдауы арқылы өтетін шынайы әлемді көрсететін объективті кеңістікті бөліп алуға болады, сонымен қатар кеңістік сипаттарды өзінде кеңістік табиғаты жоқ ұғымдарға телуге болады, яғни мәтіндік кеңістіктің басқа түрлері- концептуалдық, психологиялық, әлеуметтік түрлері туралы айтуға болады.
Сондай-ақ жеке түрлерге ие (роман-эпикалық хронотоптар, мифопоэтикалық кеңістік) көркемдік кеңістік бар.
Материалдық құбылысты көрсететіндіктен мәтінде шынайы кеңістік те болады.

Кеңістік жүйесінде бастапқы нүкте болып табылатын сөйлеу субъектісіне қатысты әлдебір «осында» нүктесі «қазір» темпоралдық нүктесімен үйлесіп, мәтіндік хронотоптың «мен-осында-қазір» бастапқы антропоцентрлік пунктін құрайды.
Шынайы уақыт жаһандық, үзіліссіз және бөлшекті. Көркемдік осыларға қоса нақтылықты тудырады. Концептуалдық кеңістіктен көркем кеңістіктің айырмасы - ешқашан дерлік абстрактылы болмайды, орталыққа (орталық дегеніміз тұтас мәтін субъектісі, авторы, шекарасын олар белгілейді) қатысты белгілі бір шекарасы не бағдары бар.

Ертегілерден қазақ халқының түрлі материалдық нәрселердегі өзгерістер негізінде уақытты, сондай-ақ өз тіршілігінің алаңы болып табылатын кеңістікті тану түсінігінің қалай қалыптасқаны көрініс береді. Кеңістік пен уақыт ұғымы ертегілерде ерекше көрініс табады. Мысалдар келтіре кетейін

Мысалға:
Қазақ ертегілеріндегі тілдік деректер мазмұнына қарағанда, көне дәуірлерде адамның уақыт туралы өзіндік таным-түсінігінің болғаны аңғарылады. «Бұрынғы заманда Нұрманбет деген хан болған, хан жүз тоқсан екі жасаған» (Желкілдек ертегісі) деген сөйлемдегі бұрынғы сөзі және жас мөлшерінің көрсетілуі бұған бұлтартпас дәйек болады.

Уақыттың «материя болмысының формасы, оның өзгерісінің өлшемі» деген ғылыми түсініктемесіне сәйкес қазақ ертегілерінде де уақыттың созылыңқылығы нәрселердегі өзгерістер сипатымен түсініледі.
Мысалы, «Темір етіктен теңгедей, темір таяқтан тебендей қалғанда, алыстан сағым көтерген бел көрінеді» (Ер Төстік ертегісі) немесе «Өз үйіне келсе, әкесіне жинап беріп кеткен таудай отыннан бір жағым, үйдей еттен бір асым, жеңді білектей судан қанжығадай қалған екен» (Делдаш батыр ертегісі) .

Қазақ ертегілеріндегі тілдік деректердің семантикалық-концептуалдық талдауына қарағанда, идеалды мәнге ие уақыт түсінігі және оның созылыңқылық, қысқа мерзімдік сипаттарын халықтың визуалдық тұрғыдан елестету арқылы тануға тырысқаны байқалады.
Яғни, таудай отын және бір жағым отын, үйдей ет және бір асым ет, темір етік және теңге, темір таяқ және тебен ине сияқты көлемі жағынан аса алшақ нәрселерді қатар қойып, көз алдына келтіріп, олардың тозу және азаю процестері созылыңқылығы арқылы уақыт созылыңқылығын түсінген.

Ер Төстік ертегісінен алынған мына үзіндіге сәйкес Уақыт материя өзгерісінің өлшемі ретінде қарастырылмайды «Кенжекей мен Құба інген екеуін Ер Төстік таниды. Сол арада амандасып, мәз болып қалысады. Бәрі де баяғы айрылған күндегі қалыптарына келіп, қайтадан жасарады. Ер Төстік жас жігіт, Кенжекей жаңа түскен келіншек, Шалқұйрық бесті ат қалпына келеді» (Ер Төстік ертегісі) .
Осы үзіндідегі аталмыш кейіпкерлердің жас шағынан кейін орын алған бақытсыз оқиғалар, Ер Төстіктің алысқа шеккен ауыр сапарлары, ерлік соғыстары, қиындықтары аралық уақытта ескерусіз қалдырылып, кейіпкелер өмірі бірден осы шаққа өтіледі. Яғни халықтың Уақыт туралы әлем бейнесінде өткен шақ пен осы шақ аралығында табылатын тағы бір шақ - «көрген түстей» шақ.

Ал келешек Уақытты, келешекті жақсы үмітте сабырмен күту - ұлттық мінезге тән қасиет.
Себебі келешекте орын алуы тиіс жағдайларға дейінгі уақыттың созылыңқылығын қазақ халқы алдын ала түйсінген және соған мойынсұна білген.
Мысалы: Төстік жүрерде Кенжекей Құба інгенді бураға шөгереді. «Не Төстік өлді деген күні ботала, не Төстік келді деген күні ботала» деп, серт қылады. Өзі белін он екі құлаш торғын орамалмен тартады. «Не Төстік өлді деген күні, не Төстік келді деген күні шешіл» деп, серт қылады.
Ер Төстік ертегісінен алынған бұл үзінді мазмұнына қарағанда, халықтың келер шақ Уақытты материалдандыру арқылы түсінетінін байқаймыз.
- Алдан күткен оқиғалар орындалуы тиіс келер шақтың Уақыты келгенін боталаған Құба інген мен белдегі торғын орамалдың тарқатылуы білдіреді.

Тапсырмалар (7-10 мин)
Әдебиеттегі уақыт пен кеңістік ұғымдарына сипаттама беріңіз?
2. Жоғарыдағыдай қазақ ертегілерінен мысалдар келтіру?

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz