Семантика және синтагма пәні жоба тақырыбы



Семантика және синтагма пәні жоба тақырыбы: Қуатты және әлсіз семантика

қуатты (сыртқы)
әлсіз (ішкі)
Белгілі ағылшын философы және ойшылы У. Куайн логикалық тұрғыдан семантикалық зерттеулер мен семантикалық мектептердегі талдаулардың негізінде семантиканы шартты түрде екіге жіктейді

Қуатты семантикаға логикалық семантика, яғни тілдердің мәнін, көріну түрлерін ғаламның тілдік бейнесін әлем моделі тұрғысынан түсіндіретін ғылым жатады. Бұл ғылым өкілдеріне шетел ойшылдары У. Куайн, Д. Дэвидсон, С. Крипке, П. Стросон, З. Вендлер, Г. Грайс т. т. жатқызады.

«Қуатты» семантиканың ең ықпалды мектебі - американ ойшылы Ричард Монтегю ойларына негізделген формалды семантика. Формалды семантиканың басты зерттеу нысаны - логикадағы шын мен жалғандық категорияларының әлем моделіне қатысты сөйлемдердің мағынасының шын не жалған тұрғысынан бағалануы. Формалды семантика шетелде, И. М. Кобозеваның көрсетуінше, АҚШ, Германия, Нидерланды мемлекеттерінде орналасқан, ал Ресейде Е. В. Падучева, Н. Д. Арутюнова, Т. В. Булыгина сияқты зерттеушілер мен олардың шәкірттерінің еңбектері «қуатты» семантикаға жатады.

М. А. Кронгауз «қуатты» семантикаға Дж. Барвайстің еңбектерінде алғаш зерттелген ситуациялық семантиканы жатқызады. Бұл ағымда тілдік бірліктердің мағыналарын тек контекстен ғана емес, сөйлесу жүріп жатқан ситуацияға (жағдай) қатысты деп зерттеу жүзеге асады. «Қуатты» семантикаға қарсы семантика саласы - жалпы семантика деген атқа ие болды.

М. А. Кронгауз жалпы семантиканың басталуын 1933 жылы американ ғалымы А. Кожибскийдің тұңғыш еңбегінің шығуынан бастайды және бұған А. Рапопорт, С. Хаякава, С. Чейз сияқты және т. б. зерттеушілерді қосады. А. Кожибский ұлы орыс ғалымы И. П. Павловтың шартты рефлекстері туралы ілімін дамыта келіп, «қуатты» семантика өкілдері ұсынған ғаламның тілдік бейнесі сол ғалам бейнесін бұзып, тіпті, ауыстыратынын байқайды. Оның ойынша, шын объективтілікке жету үшін қоршаған заттарды тек саусақпен нұқу қажет, сөйлеуге болмайды, сөзбен жарыққа шыққан ой жалғандық категориясы не оның жартысы болады.

Әлсіз семантика тілдік бірліктердің мағынасын әлем моделін сипаттайтын категория емес, адам санасындағы ойлар бірліктерінің мағынасы деп ұғынып, тіл аумағынан шықпай, қарастырады. Бұл ағым, негізінен, тілшілердің еңбектерінде орын алған. Әлсіз семантикада тілдік мағыналар - әлем туралы үзіктер емес, керісінше, олардың адам санасында бейнелеу әдісі, яғни санадағы бейне. Бұл семантика бұрыннан семасиология аясында сөз болған мәселелерді бүгінгі дамыған ғылым тұрғысынан, сонымен қатар, әртүрлі ғылымдар тоғысында зерттейді.

Соның бірі - мағынаны ойлаудың бірлігі ретінде зерттейтін когнитивті семантика. Семантиканың бұл түрі АҚШ-та Дж. Лакофф, Ч. Филлмор, М. Джонсон, Р. Лангакер, Л. Талми, Р. Джекендофф т. т. ғалымдардың еңбектерінен басталып, басқа мемлекеттерде өз ізбасарларын тапты. Мысалы, Ресейде Р. М. Фрумкина, Е. С. Кубрякова, Е. В. Рахилина, А. Н. Баранов, И. А. Стернин, З. Д. Попова, т. т. ғалымдардың мектептерін атауға болады. Когнитивті семантиканың маңызды сұрақтарына И. А. Стернин, Н. Ф. Алиференко т. т. ғалымдар концепт пен мағына, концепт пен сөздің ішкі формасы, тілдік бейне мен концепт, концепт пен тілдік сана, сөз және концепт синергетикасы, концепт және таным, ойлау т. т. жатқызады.

Когнитивті семантикада мағына жеке адамның психологиялық аспектісімен бірлесе зерттеледі. Осыған орай, әлсіз семантикаға мағынаның тілдік категория ретінде психологиялық ерекшелігін ашу сияқты мәселелер енеді. Сол себептен, дәстүрлі семантиканың біраз сұрақтары психолингвистика ғылымымен байланыста қарастырылып, осының негізінде психосемантика ғылымы пайда болып, қалыптасуда.

Сөздің тілдік мағынасын, оның ішінде, лексикалық мағынасын, оның тілдегі көрінуі, актуалдануы, құбылуы ерекшеліктерін басқа тілдермен салғастырмалы түрде зерттейтін трансляциялық семантика түрі де «әлсіз» семантика аясына кіреді. Лингвистикалық семантика, оның ішінде, тілдегі лексикалық мағынаны семантикалық теория бойынша, компонентті талдау әдісі арқылы зерттеуді Дж. Катц, Дж. Фодор, Э. Бендикс, Ю. Найда, М. Бирвиш, А. Вежбицкая сияқты көрнекті зерттеушілер бастап, әрі қарай дамытты.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz