Тар мағынасында - бір сөздің барлық формаларының жүйесі


Slide 1

Қазақ тіліндегі коммуникативтік бағыттың көріністері

Slide 2

Парадигматика мен синтагматика туралы түсінікті алғаш қалыптастырған лингвист-ғалым - Фердинанд де Соссюр еді.

«Жалпы лингвистика курсы» атты зерттеуінің «Синхрониялық лингвистика» атты екінші бөліміндегі «синтагматикалық қатынастар және ассоциативті қатынастар» атты бесінші тарауда, тілдегі сөздердің мағыналарының ерекшеліктерін сөздердің қатынасқа түсу негізінде тілдің өмір сүруіне қажетті адамның ойлау қызметінің екі түрлі формасына сәйкес келетін қатынас деп көрсетеді.

Slide 3

Ф. де Соссюрдің теориясына сәйкес, тілдік жүйе қатынастың екі типі арқылы құрылады: парадигматикалық және синтагматикалық. Синтагматикалық қатынастар байланысты мәтін негізінде табылатындықтан тілде, яғни сөйлеуде тікелей бақыланады және тіл таңбалары арасындағы қатынастар ретінде анықталады. Синтагматика нақты сөйлеу ағынында немесе мәтіндегі тілдік бірліктердің бір бірімен тікелей тіркесуін қарастырады. Парадигматика - парадигмалар жүйесі. Парадигматикалық қатынастар тіл жүйесі негізінде табылады және сөйлеуде тікелей бақыланбайды. Яғни екі түрлі қатынас туралы сөз болып отыр: біріншісі тілді сипаттайды, ал екіншісі сөйлеуді сипаттайды.

Slide 4

Парадигматикалық қатынастарға сызықтық сипат тән емес және сөйлеу ағынында бір уақытта көрінбейді. Санада қандай да бір ассоциация арқылы біріктірілген тіл элементтері арасындағы қатынастарды танытады. Олар бұл элементтерді я формалық, я мазмұндық, я осы екі белгілерінің де ортақтығы тұрғысынан байланыстырады. Парадигматикалық қатынастар тілде семантикалық немесе формалды ортақтығы принципі бойынша ажыратылған кез келген топтар мен кластардың құрылымын сипаттайды.

Slide 5

Синтагматикалық тізбекте парадигма мүшелерінің бірінің болуы басқасының болуын жоққа шығарады, бірақ орнын ауыстыру мүмкіндігін тудырады. Лексикалық, морфологиялық, синтаксистік және сөзжасамдық парадигма түрлері ажыратылған. Кең мағынасында парадигма деп бір-біріне қарама-қарсы қойылған, сондай-ақ сол уақытта ортақ белгілері бойынша біріктірілген немесе бірыңғай ассоциация туғызатын лингвистикалық бірліктердің кез келген класы түсініледі, яғни парадигматикалық қатынастар арқылы байланысқан тілдік бірліктер жиынтығы. Тар мағынасында - бір сөздің барлық формаларының жүйесі.

Slide 6

№1 тапсырма (7-10 мин)

Фердинанд де Соссюрдің осы айтылғандардан бөлек тағы басқа қандай тұжырымдары мен пікірлерің білесіздер? Еске түсіреміз!!!

Slide 7

Сонау ХХ ғасырда тіл білімі дамуындағы ғылыми бетбұрыс - стилистика ғылымының да қарқынды дамуына әсер етіп, әсіресе тілдің коммуникативтік-функционалдық аспектісі жан-жақты зерттеуге алынып, оның функционалды стилистика деген дәстүрлі бағыты пайда болды. Орыс стилистика ғылымында В. В. Виноградов жаңа бір кезеңнің тарихи бастамасы болды деп айтуға болады. В. В. Виноградовтың еңбектерінде тілдік-функционалдық концепция басым бағыт болса, оның теориялық базасы тілдің қатысымдық (коммуникативтік) жағдайдағы қызмет ету ерекшеліктерін зерттеуге негізделеді.

В. В. Виноградов

Slide 8

Жалпы, тілдің стильдік жағынан тармақталуы - тілдік құрылымның ішіндегі дамуы жағынан қоғаммен ең тығыз байланысты сатысы. Стильдік құрылымы басқа тілдік құрылымдарға қарағанда тілдің қоғамдағы қызметінің, қоғамдық сана түрлерінің дамуымен әрқашан бірлікте болады. Ал қоғамдық сана дегеніміз - обьективті дүниені танып білудің формалары. Қоғамдық сананың түрлеріне: ғылым, дін, өнер, саясат, құқықтық қатынастар, бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиет, т. б. жатады. Сөйлеуші қоғамдық сананың қай саласында тілдік амал-тәсілдердің қай түрін қолдану керектігін біледі. Қатысым мақсатының өзгеруі қажетті тілдік құралдарды қолдануда да өзіндік ерекшеліктер қалыптастырады. Яғни сөйлеушінің қатысымдық мақсатына қарай тілдік бірліктерді дұрыс таңдап, тиімді пайдалана білуі стилистика, сөз мәдениетінің қатысымдық(коммуникативтік) аспектісі болып табылады. Мысалы, қарапайым әңгімелесуде ауызекі сөйлеу стилі, ақпарат беруде ғылыми, ресми стиль, әсер ету үшін публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилі т. б. қолданылады.

Slide 9

Әрбір функционалдық стиль бір-бірімен өзара тығыз байланысты:

1. Функционалдық стиль ұғымы қоғамдық тұрғыдан

танылған, мойындалған тілдік құралдардың шоғырлануын негіз ететіндіктен, лингвистикалық әлеуметтануға қатысты;

2. Функционалдық стиль нақты мақсатқа қызмет етеді;

3. Стиль үшін арнаулы тілдік құралдар іріктеліп, таңдалып

алынады;

4. Белгілі бір стильдің ерекшеліктерін басқа тармақтармен

салыстыру немесе қарама-қарсы қою арқылы анықтауға болады.

Slide 10

Ғалымдар сөйлеу актісінің коммуникацияға дейінгі кезеңіне интенцияны қосады. Адам тілдік жағдаятқа тап болып, уәждемелік кезеңін жүзеге асырғаннан кейін, өз ішкі сөзін сыртқа шығару үшін қажетті тілді таңдауы, таңдалған тілдің деңгейін белгілеуі, функционалды-стильдік әрлеуі (бұл адресатқа байланысты) қажет. Міне, осыларды интенция деп атайды. Бір ғалымдар интенцияны коммуникативтік ниет (сөйлеу интенциясы) ретінде таниды.

Сөйлеу актісінің коммуникация кезеңінің өзі екі бөліктен тұрады:

1) сөйлеушінің ойын акустикалық (ауызша) немесе графикалық (жазбаша) кодтарға өткізуі;

2) тыңдаушының аталған кодтарды қабылдауы.

Slide 11

«Кез келген мәтінді түсіну үшін алдымен оны сөйлеу тіліне аудару керек»

Ауызекі сөйлеу тілі - күнделікті тұрмысқа тән. Анық емес артикуляция, дыбыстар мен сөздерді «жұтып қою», тез екпінмен сөйлесу - бұл тілге тән ерекшеліктер.

Толық әдеби сөйлеу тілі - барлық дыбыстардың анық, түсінікті, асықпай жай екпінмен айтылуымен ерекшеленеді. Бұл сөйлеу тілінің үлгілерін тәжірибелі шешендердің көпшілік алдында сөйлеулерінен, радио мен теледидардың кәсіби дикторларының сөздерінен көреміз.

Л. В. Щерба

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Түбір морфема
Әлеуметтік топтар, қатынастар
АНОМИЯ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Еңбекақы есептеу
Қоғам дамуының сатылары
Сөз құрамы
ҚОҒАМ- ӘЛЕУМЕТТІК ЖҮЙЕ
RISC және CISC архитектурасы
Нөлдік морфема
ИНВЕКТИВТІ СӨЗДЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz