Көз жарақаттары




Презентация қосу
Көру органдарының
физиологиясы
Орындаған: Тұраш Назерке,Жарылқасын
Толсынай,Тұрсынбекова Асем,Жаксылык
Қайсар,Құттыбаева Амина, Мұхтар Аяулым
Жоспары:
1 Көрудің бұзылу себептері

2 Көрудің закымдалуы

3 Көз аурулары

4 Көзге лазерлі ота

5 Көз гигиенасы
Көрудың бұзылу себептері.
Туғаннан ішкі даму жағдайы тұқым
қуалаудан,зақымдану әсерінен созылмалы
ауруға шалдығудан болады.Жүре бара:көру
мүшесінің ауруға ұшырауы,организмнің
жалпы асқынып ауруы,мидың трамвалық
соққыға ұшырауы(әсіресе көру аймағы)
мұнда (бастың жарылуы,көздің
жарақаттануы,көзге тиген қатты
соққы).Көруі бұзылған тұлғалардың жалпы
қоршаған ортамен қарым-қатынаста өзіндік
сипаты анық байқалады.Көруі бұзылған
тұлғалар соқырлар,нашар көретін.Көру
ақаулығының болуы жалпы жеке тұлғаның
қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.
Соқырлар - көру қабілетінен мүлдем айырылған тұлғалар немесе толықтай көру
түйсігі мүлдем бұзылған тұлғалар.Бұлар бұзылу дәрежесіне қарай абсолюттік және
практикалық соқыр.Абсолюттік соқырларды кей әдебиеттерде тотальдік деп
атайды.Бұл екі көзі соқыр көрмейтін көру түйсігі мүлдем болмайтындар (түсті
ажырату және жарықты түйсінуі болмайды).Ал практикалық соқыр бұлар жарықты
және түсті аз да болса түйсініп қабылдай алады.Жарықты қараңғыдан айыру зат
пішінін ажырату,оны қабылдай алу аз да болса саңылау болады.
Нашар көретіндер - көруі бұзылған тұлғалар,бірақ көзілдіріктің көмегімен көре
алатын тұлғалар.
Бұларға кеңістікті бағалау қиынға түседі.Жалпы көру
анализаторы іс-әрекетте(ойын,оқу,еңбек) және
айналадағы ортамен қарым-қатынаста негізгі орын
алады.Көруі бұзылған тұлғаның айналадағы ортамен
қарым-қатынас жағдайы қалыс қалады,кеңістікті
бағдарлай алуы бұзылады.Ұғым түсініктер
жайындағы білімнің қалыптасуы заттармен іс-
әрекеттік қызметі,эмоциялық ерік сапасы,еңбекке
бейімделу әлеуметтік комуникациясы бұзылып
келеді.Бұл тұлғалармен арнайы жұмыс жүргізу қажет
болып табылады.Көруі бұзылған тұлғалардың оқу
және жазу әрекетінде қиындыққа ұшырауы
байқалады.Дер кезінде көру бұзылысын түзету
бойынша алдын-ала шаралар өтілмесе,көру
ақаулығы асқына түседі.Көруі бұзылған тұлғалармен
түзету жұмысын жүйелі жүргізуді қажет етеді.
Көз жарақаттары
Көру ағзаларының зақымдануы – соқырлық пен мүгедектікке
алып келетін басты себептердің бірі.Көз бен қосалқы
ағзалардың жарақаты механикалық, термиялық, химиялық
зақымдаушы факторлардан, сондай-ақ сәулелік
зақымданулардан болуы мүмкін. Тесетін, кесетін, жұмыр
заттардың әсері әр түрлі жарақаттар мен контузияларға
соқтыруы мүмкін. Термиялык, химиялық факторлардың
әсері, сондай-ақ көзге көрінетін және ультракүлгін
сәулелердің ықпалынан көз ағзалары күюі мүмкін.Көз
жарақаттары сипаты мен жарақат алған жағдайға
байланысты жіктеледі. Әдетте өндірістік, тұрмыстық және
әскери көз жарақаттары деп бөледі. Көз ағзасы жарақат
алған жағдайда зардап шегуші адамды мамандандырылған
офтольмологиялық клиникаға дер шағында жеткізу аса
маңызды. Ол жерде наукасқа білікті медициналық жәрдем
көрсетіледі. Өйткені жарақаттанған көздің тағдырын күндер
емес, сағаттар шешеді. Көз алмасының ішкі қабаттарының
шығып кетуі, көз ішіне қан құйылу, көз ішілік іріңді жұқпаның
дамуы секілді асқынулар адамның көзден айырылуына алып
келуі мүмкін.Көз ағзалары зақымданған науқастардың
хирургиялық және терапиялық емін тек көз дәрігері ғана
жүргізеді.
Көз ұясының жарақаттануы және контузиясы көбіне бас миының зақымдануымен
қатар жүреді. Сондықтан жарақатқа залалсыздандырылған таңғыш байлап,
науқасты зембілге жатқызып, жедел жәрдем көлігімен аурухананың
нейрохирургия немесе көз бөліміне жеткізеді. Жарақаттанған адамды ауруханаға
жаяу жіберуге үзілді-кесілді тыйым салынады.Қабақ жарақаттанғанда жарақат
айналасындағы теріге жасыл бриллианттың 1 пайыздық ерітіндісін жағады.
Жараға залалсыздандырылған таңғыш байлап, тез арада дәрігерге жеткізеді.
Жарақатты жууға, жыртылған жерлерін жұлуға болмайды. Егер қабақ бүтіндей
жұлынып қалса, оны тастамай дәрігерге апару керек. Оны өз орнына тігуге
болады.Қабаққа түскен бөгде зат ауыртып қана қоймай, көз жасын ағызады. Егер
зат қабақтың астыңғы жағында тұрса, көзді жыпылықтатқанда және жас аққанда
ол сыртқа шығып кетеді. Егер шықпаса, астыңғы қабақты сыртқа аудару керек.
Бөгде затты сіріңкеге оралған, қайнаған суға малынған мақтамен, беторамал
ұшымен немесе дәкемен алып тастайды. Егер бөгде зат қабақтын үстіңгі жағына
түссе, оны дәрігерге барып алдыртқан дұрыс.
Химиялық күйік кезінде алғашқы
көмек аса маңызды: алдымен
күйген қабақты мол ағын сумен
жуады, күюге алып келген
химиялық затты да тез арада жуып
тастау маңызды. 5-10 минут жуған
соң дәрігерге көріну керек. Егер
күйік химиялық зат ұнтағынан
немесе ұсақ бөліктерден болса,
жумас бұрын оларды кұрғақ
мақтамен немесе пинцетпен алып
тастау керек. Бұл жағдайда қабақты
жуу химиялық заттың еріп, одан әрі
күйдіруіне алып келеді.
Көз алмасының жарақаттары ішке енген және енбеген
болып бөлінеді. Бұны тек дәрігер анықтайды. Сілеймелі
қабық пен қасаң қабыктағы бөгде затты өз бетінше алуға
болмайды, бұның салдарынан адам көзінен айырылуы
мүмкін. Тек теріні жасыл брилианттың 1 пайыз спирттік
ерітіндісімен өңдеп, көзге 30 пайыздық натрий
сульфацилы ерітіндісін немесе 0,25 пайыздық
левомицитин ерітіндісін тамызып, шұғыл түрде
ауруханаға жеткізу керек.Көзді соғып алганда зақымның
ауырлығын өз бетінше бағалау қиын. Сондықтан зардап
шегушіні тез арада маман дәрігерлерге жеткізу керек.Көз
термиялың күйік алған жағдайда қабақ пен көз
айналасын жасыл брилианттың 1 пайыз спирттік
ерітіндісімен өңдеп, көзге 30 пайыздық натрий
сульфацилы ерітіндісін немесе 0,25 пайыздық
левомицитин ерітіндісін тамызып, сондай-ак 1 пайыздық
тетрациклин жақпамайын салып, көзді
залалсыздандырылған таңғышпен таңып, шұғыл түрде
ауруханаға жеткізу керек.
Қабаққа қышқыл не сілті түскенде, химиялық күйік орын алады. Бұл заттар
әбден жуылғанша әсерін тоқтатпайды. Сондықтан алғашқы көмекті дұрыс
көрсету және дәрігерге тез арада жеткізу аса маңызды. Әсіресе сілтіден күю
қауіпті. Ол тіндердің кұрамындағы бірқатар заттарды ерітіп жібереді де терең
енеді. Бұнда да химиялық зат ұнтақтарын алып тастаған соң көзді жуу керек.
Наукасты тез арада ауруханага жеткізу ләзім. Алайда мамандандырылған көмек
тез және сапалы көрсетілсе де, химиялық күйіктер ауыр зардаптарға соқтырады.
Сондықтан өндірісте және тұрмыста қышқылдармен, сілтілермен жұмыс
жасағанда, міндетті түрде қорғаныш көзілдірік немесе бетперде кию керек.
Жиі кездесетін көз аурулары.
Көз ауруларының түрлері көп. Оның ішінде жиі кездесетін
көз ауруларына: маусымдық аллергиялық конъюнктивит,
астигматизм, миопия және гиперметропия жатады. –
Аллергиялық конъюнктивит – маусымдық көз ауруы. Ол
көздің шырышты қабығының аллергиялық қабынуы болып
табылады. Қазіргі кезде көзін тексеруге келетін он баланың
тең жартысы конъюнктивитпен ауырады. Бұл маусымдық
аллергиялық ауру болғаннан кейін оны болдырмау мүмкін
емес. Себебі ол қоршаған орта аллергиясы болып табылады.
Аллергиялық конъюнктивиттің басты себебі – аллергендер.
Олар сан алуан: шаң-тозаң, гүлдер, тіпті жануарлардың жүні
мен терісінің бөлшектерінен пайда болуы мүмкін.
Конъюнктивит көктем айларында басталып, тамыз-
қыркүйекке дейін созылады. Оны жеңілдету үшін көзге
арналған арнайы препараттар мен тамшылар
тағайындалады. Бұл аурудан арылу үшін теңізге баруға
болады, – дейді Талғат Өскенбаев.
Аллергиялық конъюнктивиттің туындауына жарық
энергиясы, косметикалық және тұрмыстық заттар мен
иондаушы сәулелер әсер етуі мүмкін. Алдын алу үшін
аллергияны тудыртын заттармен байланысу мүмкіндігін
төмендету керек.
Көздің нашар көруін миопия дерті деп атайды. Ол туа бітеді немесе уақыт өте
келе пайда болуы да мүмкін. Көрудің нашарлауы көзге шамадан тыс артық
салмақтың түсуінен пайда болады. Басты себептері - монитор алдында ұзақ
отыру, телефонға телміру, бөлме жарығының дұрыс болмауы және жазғанда,
оқығанда дұрыс отырмау. Дерттің белгілері байқалған сәтте, бірден емделу керек.
Одан бетер асқындырып алмас үшін көзілдірік немесе линза таққан дұрыс.
Жалпы дәрігер ретінде беретін кеңесім - көзді жылына бірнеше рет тексеруден
өткізіп отырған артықтық етпейді, – дейді маман.
Жиі кездесетін көз ауруларының бірі – астигматизм. Ол көздің анық көрмеуі.
Яғни көз рефрекциясының бұзылуы. Астигматизмді емдеу үшін көзілдірік
қолданылады. Кей жағдайларда лазерлік және микрохирургиялық түзету
жүргізіледі. – Астигматизнің алдын алу көздің арнайы жаттығуларымен және
физикалық белсенділігімен алмастырылады. Астигматизм балаларда ерте
мектеп жасында көрініс табады. Астигматизмге шалдыққан балалар әріптерді
шатастырады және көру қабілетінің нашарлағанын өзі де сезіп, шағымдануы
мүмкін, – дейді дәрігер-офтальмолог.
Гиперметропия (алыстан көргіштік) – әдетте
бұл ауру көздің қарашығының дұрыс емес
пішінімен байқалады. Гиперметропия үш
дәрежелі болады. Оны емдеудің түрлі
тәсілдері бар. Қазіргі кезде
гиперметропияны емдеуге хирургиялық
операциялар, термокератопластика,
термокератокоагуляция қолданылады.
Көзілдірік пен линзаның артықшылығы мен кемшілігі неде?
Мәселен, кейбір мамандық иелері үшін көзілдірік кию ыңғайсыздық тудыратын
кездер болады. Ондай жағдайда адамдар арнайы контактілі линза киеді. Линзаны
жарамдылық мерзімінен артық пайдалану, тазалық шараларын сақтамау - көздің
көру мүмкіндігін төмендетуі мүмкін. Сол сияқты көзілдіріктің шынысының сынуы,
булануы немесе көз аумағын шектеуі де сіз үшін ыңғайсыздық тудыруы мүмкін.
Адамның жасының үлкейуіне байланысты көздің
көру деңгейі де өзгеріске ұшырап отырады.
Көзілдірік пен линза көзді қалыпқа келтіру мен
түзету жасаудың бір жолы. Контактілі линзаның
күндіз және түнде киюге болатын түрлері бар.
Көзілдірікті көбіне 12-14 жасқа дейінгі балаларға
тағайындаймыз. Линзаны ғылыми еңбектерде 12
жастан бастап киюге болады деп жазады. Бірақ
кейбір жасөспірімдер контактілі линзамен жүргенін
ұмытып кетіп, қолын жумай көзі уқалап қояды.
Мұндай жағдайда көзге инфекция кіріп, кейін көзі
іріңдеуі мүмкін. Сондықтан жасөспірімдерге 14
жастан бастап линза киюлеріне рұқсат беріледі.
Сонымен қатар, көз ауруларында
тұқымқуалаушылық кездеседі. Алайда, мұндай
тұқымқуалаушылықтың кейінгі ұрпағына
берілмейетін жағдайлар да болады, – дейді
офтальмолог. Көзілдірікті таңдағанда оның
линзасының сапасына мән берген жөн. Сонымен
қатар көзілдіріктің жақтауының сапасы жоғары
материалдан болғаны дұрыс.
Көзге лазерлі ота жасаудың пайдасы мен
зияныБүгінде көзге түрлі лазерлі оталар
жасалынады. Қазір ол тәсіл өте кең таралған.
Отаның пайдасы мен зияны көздің
жағдайына байланысты болады.
Көзге жасалатын ота көздің қасаң қабығына
жасалады. Сол қасаң қабықтың қалыңдығына көп
нәрсе байланысты. Егер қасаң қабақ жіңішке болса,
ота жасалынбайды. Себебі лазермен ота жасағанда,
қасаң қабақ жұқа болса, көздің көру қабілеті
бұрынғыдан да төмендеп кетуі мүмкін. Көз – жалпы
өте нәзік мүше. Ал оның қасаң қабаты – қағаз
секілді өте жұқа. Сондықтан тек толық тексеруден
өткеннен кейін ғана көзге ота жасалады. Егер
көзіңіз ота жасауға сәйкес келсе, көру қабілетіңіз
бұрынғыдан жақсарып, 100 пайыз жақсы көріп кетуі
мүмкін. Негізінен кез келген хирургиялық ота
жасатқан адам үлкен тәуекелге барады. Отаның
сәтті өтіп-өтпеуі, ағзаның отаға әсері, оның ауру
тудырғыш микробтарын жұқтыруы әбден мүмкін.
Сондықтан барынша мұқият болып, дәрігердің
кеңесіне жүгіну қажет,– дейді Талғат
Балықбердіұлы.
Көз гигиенасы
Көру мүшесі – көз. Сондықтан көз адамның ең маңызды дене мүшесі
саналады.Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай
білу керек. Сондықтан төмендегі талаптарды біле жүріңіз. 1. Көзіңізге бөгде
заттың түсуінен қорғаңыз. 2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру; ол
тым шаңқиған жарық немесе тым көмескі, әлсіз болмауы керек. 3. Үстелге
қоятын шамның жарығын сол жақтан түсіру. 4. Кітапты оқығанда, іс тіккенде
көзден 30 - 35 см қашықтықта ұстау. 5. Теледидарды ұзақ қарамау, 2, 5 - 3 м
қашықтықтан көру. 6. Витаминді (әсіресе «А») тамақ ішу. 7. Ой еңбегі мен
дене еңбегін алмастырып отыру.8. Темекі тартпау, ішімдік ішпеу. 9. Кітапты
көлікте, жатып оқымау. 10. Серуендегенде, орман - тоғай аралағанда көзді
бұтақ тиюден сақтау. 11. Көзге бөгде заттардың тиюі өте зиян, мұндайда
көзге ақ түседі. Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем егер көзге
бөгде зат түссе, дереу қайнатылған жылы сумен көзді сыртынан ішіне қарай
жуу; көзге қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе, суды ағызып қойып жуу;
көзді еш уақытта қолмен уқалауға, сүртуге болмайды; тек таза, жұмсақ
шүберекпен сүртеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Омыртқа жарақаттары
Көру ағзасының жарақаттары
КӨЗ АУРУЛАРЫНЫҢ БАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Миға жарақаттық қан құйылу
Көздің бұршақ денесі
Көз аурулары
Көздің шаршауы
Жарақаттар
Жатыр жарақаты
Қойдың аяқ, қабырға сүйектерінің сынуы
Пәндер