Иіс түйсігі


Slide 1

Түйсік

Орындаған:Мұхтар Аяулым

Қабылдаған:Есентаева Бакыткуль

Slide 2

Мазмұны

4

Түйсік жөнінде жалпы түсінік.

1

2

3

5

Түйсіктің түрлері

Түйсіктердің негізгі қасиеттері.

Адаптация, сезгіштік.

Синестезия, сенсибилизация

Slide 3

Түйсік

Түйсік дегеніміз сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың және қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болатын мидағы бейне. Қарапайым келген, бірақ та өте ерекше танымдық процесс түйсік деп аталады.

Slide 4

Ол біздің өзіміздің организмізде дәл осы сәтте не болып жатырғанын хабарлайды. Олар біздің қоршаған орта жағдайына икемделуімізге және өз іс-әрекетімізді жинақтауымызға мүмкіндік береді.

Түйсік әлем туралы біздің барлық білімдеріміздің алғашқы байлығы. Түйсік арқылы біз көлем, пішін, түс, температура, иіс, дәм, айналадағы заттар мен құбылыстар жайында әртүрлі дыбыстарды ұғамыз, қозғалыс, кеңістікті бағдарлауды да білеміз.

Slide 5

И. П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады:

Slide 6

Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады. Ш. Құдайбердіұлы : “Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын - иіс, тіл - дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек. ” деп түйсік процесін сипаттайды.

Slide 7

Адамда пайда болатын түйсікті үш топқа бөлуге болады:

Slide 8

Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты :

көру түйсігі,

дəм түйсігі,

иіс түйсігі,

тері түйсігі,

есту түйсігі,

қозғалыс түйсігі.

Slide 9

Көру түйсігі

сәулеленуші заттардың жарық толқынынң нәтижесінде пайда болатын жарық толқындары көздің қарашығы арқылы көру рецепторлары болып көз торына әсер етеді. Адам түйсінетін түстер ахроматикалық (ақ, қара, сұр) және хроматикалық ( қызыл, көк, көгілдір, күлгін, жасыл, сары т. б. ) болады

Slide 10

Есту түйсігі

Есту түйсіктерін туғызатын тітіркендіргіш дыбыс толқындары, дыбыс беруші денедегі ауа тербелісі. Бұл дене тербеліс рецепторы құлақтың келте органы болып есту анализаторынаәсер етеді. Онда есту нервтерінің сезімтал ұштары болады. Құлақтың шамамен 24000 мембрана болады. Құлаққа жеткен дыбыс түйсік мембранасының бір талшығын қоздырады. Мембранаға әсер етеді де, миға беріледі, нәтижесінде есту түйсігі пайда болады.

Slide 11

Иіс түйсігі

Иіс түйсіктері жағымды иістерге рахаттануға және денсаулыққа зиянды заттардан сақтануға мүмкіндік береді. Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш клеткалары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады.

Slide 12

Дәм түйсігі

Бұлардың тітіркендіргіштері біздің ауызымызға түсіп, тілдің, жұтқыншақтың, таңдайдың, көмейдің нерв ұштарына әсер ететін заттардың ұсақ бөлшектері. Дәм түйсіктерінің төрт түрі бар: тәтті, ащы, тұщы, қышқыл. Тәтті дәм тілдің ұшында, ащысы - тілдің түбі, қышқылы - тілдің екі жақ шеті. Тұзды тілдің екі жақ шеті мен ұшы жақсы сезеді.

Slide 13

Тері түйсігі

Сипап сезу. Бұлар комплексті түйсік, өйткені онда жанасу және қозғалыс түйсігі ұштасып жатады. Бұлар қозғалып отыратын қолдың немесе денелердің басқа заттарға тиіп кетуінен туады.

Қазіргі ғылымның дамуы адамдардағы түйсік түрлері туралы білімін біршама кеңейтті.

Slide 14

Кинестезиялық түйсік

Қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер . Қозғалыс анализаторының қызметі арқылы адам өз қозғалысын бақылап реттей алады. Қозғалыс түйсігінсіз біз қалыпты түрде қозғалысттарды жасамаған болар едік.

Slide 15

Тепе-теңдік

Тепе-теңдік түйсігі - кеңістікте біздің денеміздің орналасуы. Біз алғаш екі аяқты велосипедке отырғанда, ролик, коньки, су шаңғысына тұрғанда - мұнда ең қиыны тепе-теңдік ұстау болып табылады. Тепе-теңдікті түйсіну ішкі құлақта орналасқан.

Slide 16

Ауырсыну

Ауырсыну түйсігінің өзінің қорғаныстық маңызы бар. Олар адамға организмдегі қолайсыздық жөнінде хабарлайды. Егер ауырсыну түйсігі болмаса, адам салмақты, жарақатты сезіне алмас еді. Ауырсыну нүктелері (арнайы рецепторлар) терінің беткі қабатында және ішкі органдарда, бұлшық етте орналасқан.

Slide 17

Органикалық

Органикалық түйсік - біздің организмнің жұмысы туралы айтады. Бұған ашығу, тою, шөлдеу денелердегі, ішкі органдардағы өзгерістер жатады. Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бұл түрін байқай бермейді. Бұл түйсік ішкі органдардың біріндегі қалыпты әрекеттің бұзылуынан пайда болады.

Slide 18

Түйсік қасиеттері

Адаптация - сезім органдарының өзгерген жағдайға бейімделуі. Сезім органдарының қоршаған ортаға бейімделуі өте зор. Адаптация құбылысы адамға таныс.

Slide 19

Түйсік қасиеттері

Түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштік деңгейінің жоғарылауы екі сипатта көрініс береді: А. Р. Лурия 1) ұзаққа созылған, тұрақты ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты; 2) уақытша, субъектті кейпіне, физиологиялық немесе психологиялық себептерге байланысты тосыннан болған әсерлерден туындайды.

Slide 20

Түйсік қасиеттері

Синестезия - грек сөзінен алғанда қосарласқан түйсік деген мағынаны білдіреді. Сырттан әсер еткен тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің бірінде ғана түйсік туғызып қана қоймайды, сол сәтте басқа түйсіктердің болуына жағдай жасайды. Мысалы, алманы көргенде оның түсін, көлемін қабылдайды, оның иісін сезіп, дәмін еске түсіреді. Немесе, адамдардың бірі қызғылт түстен жылылықты, ал көгілдір түстен суықтықты сезінеді. Яғни түйсіктердің қосарласып келуі болып табылады.

Slide 21

Түйсік қасиеттері


Ұқсас жұмыстар
ТҮЙСІК
Түйсік пен қабылдау
Түйсік және қабылдау
Көру түйсігі
Қабылдаудың негізгі қасиеттері
Иіс түйсіктері
Тері туйсіктері
Иіс кірпікшелері
Психикалық құбылыстардың түрлері
Иіс буылтығының жіңішке кірпікшелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz