Білім мазмұнын қалыптастыру принциптері


Slide 1

Білім беру мазмұны

Slide 2

Орындаған:

2

Логопедия 21-1

Мұхтар Аяулым

Slide 3

Жоспар

3

Білім беру мазмұны және оның мәні мен құрылымы

Білім мазмұнын қалыптастыру принциптері

Білім берудің жалпы түрлері, іріктеу критерийі

Білім беру жүйесі, оның принциптері.

Slide 4

1. Білім беру мазмұны

4

Білім беру мазмұны - бұл ғылыми білім, дағды, дүниетаным және адамгершілік-эстетикалық идеялар жүйесі, сонымен қатар әлеуметтік, танымдық және шығармашылық тәжірибенің элементтері.

Slide 5

Білім беру мазмұны:

5

«Формальды білім» - мақсаты - адамның ойлау, есте сақтау қабілеттерін және басқа қабілеттерін дамыту

«Материалдық білім» - мақсат ғылым негіздерін игеру, өмірде қажет нақты білім қалыптастыру

Slide 6

Білім берудің мәні:

6

Жеке тұлға үшін: білімнің сабақтастығы, өзгергіштік, жеке білім беру траекториясы, өзін-өзі тәрбиелеу - қазіргі қоғамдағы тұлғаның жетістікке жетуінің қажетті шарттары.

Қоғам үшін: қоғам мен мемлекеттің дамуын қамтамасыз етеді; белгілі бір нормаларды белгілейді; қоғамға тұрақтылық береді.

Slide 7

Білім беру құрылымы

7

Оқу жоспары - бұл оқылатын пәндердің тізімін, олардың оқу жылдарына және әр пәнге бөлінетін сағаттарының санын қамтитын құжат.

Оқу бағдарламасы - бір оқу пәнін сипаттайтын құжат. Онда зерттелген материалдың тақырыптарының тізімі, тақырыпты оқу барысында қалыптасқан білім, білік және дағдылардың тізімі, оқыту және бақылау құралдары туралы әдістемелік ұсыныстар.

Оқу пәні - мақсатына жету үшін кез-келген ғылымның, өнердің, қызметтің негіздері бойынша дидактикалық өңделген білім.

Slide 8

2. Білім мазмұнын қалыптастыру принциптері

Ғылымилық

Түсініктілік

Жүйелілік

Бірізділік

Халықтық

Теорияның практикамен байланысы

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және даралығына сай болу

Ізгілендіру

Slide 9

Ғылымилық

Түсініктілік

мектептегі оқытылатын білімнің соңғы ғылыми, әлеуметтік және мәдени жетістіктерге сай болуында көрініс береді.

оқу жоспары мен оқу бағдарламалардың құрылымымен, оқулықтардағы ғылыми білімнің баяндалуының тәсілімен, сонымен қатар ғылыми түсініктер мен ұғымдардың енгізілу ретінің тиімділігімен анықталады.

Жүйелілік

Бірізділік

білімнің қалыптастыратын іскерлікпен, дағдының бір жүйеде, оқу жоспарына, бағдарламаларына, әлеуметтік қоғамның, ғылыми техниканың даму деңгейіне сай болуын талап етеді.

жаңа білім мазмұнын жоспарлаудағы, оның алғашқы білімнен тууын және оған сүйенуін жүзеге асыру.

Slide 10

Халықтық

Теорияның практикамен байланысы

мектепте оқылатын курстардың даму тарихын, адамзат тәжірибесін, ғылыми мәселенің дамуын көрнекті қайраткерлер өмірімен байланыстыра отырып білім беру.

оқыған, қалыптасқан біліммен іскерліктің өмірге қажеттілігін тексеруде көрініс береді.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және даралығына сай болу

Ізгілендіру

білімнің, қалыптастыратын іскерлікпен, дағдының оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қабілетіне, дайындығына сай болуын қамтамасыз етеді.

адамның дамуындағы еркінділігіне, жалпы адамилығына, денсаулығына басты мән беруді қамтамасыз етеді.

Slide 11

3. Білім берудің жалпы түрлері

бастауыш білім беру;

орта (жалпы) білім;

орта (Толық ) білім;

орта (кәсіптік ) білім;

жоғары білім беру бакалавриат;

магистратура; аспирантура (интернатура, ординатура, адъюнктура) (ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін ізденгенде) ;

докторантура (ғылым докторы ғылыми дәрежесін ізденгенде) ;

одан әрі кәсіби жетілдіру

Slide 12

Іріктеу критерийі

Педагогикадағы білім мазмұнын іріктеу үшін келесі критерийлер жүйесі әзірленді (Ю. К. Бабанский) :

1. Білім беру мазмұнында жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру міндеттерінің тұтас көрініс өлшемі.

2. Ғылым негізіне енгізілетін мазмұнның ғылыми және практикалық маңыздылығы жоғары Критерий.

3. Мазмұны күрделілігінің осы жастағы оқушылардың нақты оқу мүмкіндіктеріне сәйкестігі критерийі.

4. Осы пәнді оқуға кететін уақыт мазмұны көлемінің сәйкестік критерийі.

5. Орта білім мазмұнын құрудың халықаралық тәжірибесін есепке алу критерийі.

6. Қазіргі мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасы мазмұнының сәйкестігінің өлшемі.

Slide 13

4. Білім беру жүйесі

13

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Slide 14

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

14

Slide 15

15

Принциптер мен ережелер туралы ұғым. принцип - латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.


Ұқсас жұмыстар
ТАНЫМДЫҚ УӘЖДЕМЕЛЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ІРІКТЕУ
Дидактиканың оқыту мақсаты
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ДИДАКТИКАСЫ
Білім мазмұнының компоненттері
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен мазмұнды суреттермен жұмыс
Мектептанудың негізгі мәселелері
Қазіргі мектептегі білім мазмұнының ғылыми негіздері
Тәрбие
Интеграциялау принципі
Оқу бағдарламалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz