Сыртқы құлақ


Slide 1

Есту талдағышының перифериялық бөлімі

Slide 2

Қандай болмасын талдағыштар сияқты есту мүшесі, немесе есту

талдағышы үш бөлімнен тұрады: перифериялық, өткізгіш және

орталық. Есту талдағышының перифериялық бөліміне құлақ жатады,

оны анатомиялық жағынан үш бөлімге бөледі: сыртқы, ортаңғы және

ішкі құлақ.

Slide 3

Сыртқы құлақ құлақ қалқанынан және

сыртқы құлақ түтігінен тұрады. Құлақ қалқаны воронка тәрізді

шеміршекті пластинкамен, сырты терімен қапталған. Құлақ

қалқанының төменгі бөлімінде шеміршек болмайды. Сыртқы құлақ

түтігі шеміршекті (сыртқы) және сүйекті (ішкі) бөлімдерден тұрады.

Сыртқы есту түтігінің жалпы ұзындығы ересек адамдарда шамамен

2, 5 см. Шеміршекті бөлімнен сүйекті бөлімге өту кезінде сыртқы есту

түтігі иін түзеді.

Сыртқы құлақ

Slide 4

Сыртқы құлақ түтігі терімен қапталған. Шеміршекті жауып

жатқан теріні түктер жауып жатыр және осы терінің құрамында май

бездері мен күкіртті бөліп шығаратын без бар. Сыртқы есту түтігінің

диаметрі біркелкі бірдей емес.

Жасөспірімдер мен ересек адамдарға қарағанда сәби балаларда

сыртқы құлақ түтігі қысқа, өйткені оның сүйекті бөлімі дамуға әлі

үлгерген жоқ, ол тек сүйек сақинасы түрінде болады, мұнда дабыл

жарғағы бекітілген. Жаңа туған нәрестелер мен сәбилерде сыртқы

есту түтігі саңылау тәрізді; бала өскен сайын есту түтігі біртіндеп

сопақтана бастайды.

Slide 5

Дабыл жарғағы сыртқы құлақ пен ортаңғы

құлақты бөліп тұратын пластинка. Есту түтігі жағынан дабыл жарғағы

жұқа эпидермиспен, ал ортаңғы құлақ жағынан кілегейлі қабатпен

қапталған.

Дабыл жарғағының пішіні дөңгелек-сопақша пішінді,

қалындығы шамамен - 0, 1 мм. Дабыл жарғағының мөлшері жас

ұлғайған сайын сондай өзгермейді: жаңа туған нәрестенің дабыл жарғағының мөлшері шамамен ересек адамдікіндей. Дабыл

жарғағының орналасуы балалардың дамуына қарай өзгереді. Екі

айлық балада ол сыртқы есту түтігінің жоғарғы қабырғасының

жалғасы сияқты горизонтальды орналасқан, горизонтальды

жазықтықта 10-20є бұрыш құрайды, ал жасы үлкен балаларда 40-45є

бұрышқа жетеді.

Дабыл

жарғағы

Slide 6

Дабыл жарғағының үлкен бөлігі сағаттың шынысы сияқты есту

түтігінің түбінде орналасқан сүйекке бекітілген, оны созыңқы бөлім деп атайды. Ал дабыл жарғағының кіші, алдыңғы жоғарғы бөлігін босаңқы, немесе шрапнеллді жарғақ деп атайды.

Дабыл жарғағының фиброзды қабығының циркулярлы және радиарлы талшықтары өзара оралған, бұл дабыл жарғағының созыңқы бөліміне серпімділік қасиет береді; ауа қысымы біртіндеп жоғарлаған кезде төзімді болады.

Slide 7

Дабыл жарғағының

созыңқы бөлігі үш қабаттан тұрады:

Slide 8

а- тартылып тұрған бөлім; б -босаңсып келген бөлім (шрапнеллді жарғақ) ;

1-жарық рефлексі; 2 - балғашықтың қысқа өсіндісі; 3-дабыл жарғағының

артқы қатпары; 4- алдыңғы қатпар; 5- балғаша сабы; 6- кіндік.

Дабыл жарғағының танымдық пунктері:

Slide 9

1 - артқы- үстіңгі;

2 - артқы- төменгі;

3- алдыңғы-үстіңгі;

4-алдыңғы-төменгі.

Дабыл жарғағының бөлімдерге бөлінуі:

Slide 10

Ортаңғы құлақ ауа өткізгіш қуыс жүйе болып

табылады. Ол дабыл қуысынан, есту түтігінен (евстахиев түтігі) және

сүйекті ұяшықтары бар емізікше тәрізді өсіндіден тұрады

Ортаңғы құлақ

Ортаңғы құлақ қуысы:

1 -есту түтігі; 2 -дабыл қуысы; 3-үңгір; 4-емізікше тәрізді өсіндінің ұяшығы.

Slide 11

Дабыл қуысында алты қабырғаны ажыратады. Сыртқы

қабырғасы дабыл жарғағы болып табылады. Ішкі қабырғасы дабыл

қуысын ішкі құлақтан бөліп тұрады. Қалған қабырғалар сүйекті болып

келеді. Ішкі қабырғада екі саңылау бар, оны сопақша тәрізді (диаметрі

3-4 мм) және дөңгелек тәрізді (диаметрі 1-2 мм) терезелер деп атайды.

Сопақша терезеге үзеңгінің негізі сақина тәрізді байланыс арқылы

бекітулі. Дөңгелек тәрізді терезе серпімді қабыршақпен қапталған,

оны екінші дабыл жарғағы деп атайды. Жоғарғы қабырғасы, немесе

дабыл қуысының қақпақшасы дабыл қуысын ми сауыты қуысынан

бөліп тұрады. Төменгі қабырғасы ірі қан тамырымен ұштасады.

Алдыңғы қабырғасының төменгі жағында евстахиев түтігіне әкелетін

саңылау бар.

Дабыл қуысы бұл жүйенің орталық бөлімі болып саналады, ол

самай сүйегі қуысының шамамен 1 куб. см. көлемін алып жатыр.

Slide 12 Slide 13

1 -балғаша;

2 -төсше;

3-үзеңгі.

Есту сүйекшелері:

Slide 14

Ішкі құлақ, немесе құлақ лабиринті самай сүйегіндегі каналдар

жүйесі мен қуысты бөлім болып табылады. Ол кіре берістен,

жартылай айналмалы каналдардан және ұлудан тұрады. Лабиринтті

сүйекті және жарғақты деп ажыратады, сүйекті лабиринт жарғақтының футляры сияқты. Жарғақты лабиринт эндолимфа деп

аталатын сұйықтықпен толы, ал жарғақты және сүйекті

лабиринттердің арасындағы кеңістік перелимфамен толы болады.

Slide 15

1 -кіре беріс; 2 -жоғарғы жартылай айналмалы канал; 3-сыртқы жартылай

айналмалы канал ; 4-артқы жартылай айналмалы канал; 5- ұлу.

Сүйекті лабиринт:

Slide 16

Кіре беріс лабиринттің орталық бөлімі, ол екі жарғақты

қапшықтардан тұрады: дөңгелекті және сопақшалы. Дөңгелек тәрізді

қапшық ұлумен, ал сопақшалы қапшық жартылай айналмалы

каналдармен байланысады.

Жартылай айналмалы каналдардың саны үшеу: үстіңгі,

артқы және сыртқы. Олар үш өзара перпендикуляр жазықтықта

оналасқан. Әрбір каналдардың бір ұшы тегіс, ал басқа ұшы

кеңейтілген (ампула түрінде) болады.


Ұқсас жұмыстар
Есту тепе - теңдік мүшесі
Құлақ аурулары
Ортаңғы құлақ Дабыл жарғағы мен есту түтігі
Балалардағы тамақ, құлақ аурулары
Сыртқы құлақ Ортаңғы құлақ Ішкі құлақ
Рецепторлы жасушалар және рецепцияның механизмдері
Анализаторлар физиологиясы
Тері қабаттары мен құрылысы
ЛОР мүшелерінің жарақаттары
Сезім мүшелерінің жалпы мінездемесі және анализаторлар туралы ілім. Көру және иіс сезу ағзалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz