Бұлшықет ұлпалары


Slide 1

Өсімдік пен жануарлар ұлпаларының негізгі ерекшеліктері мен қызметтерін сипаттау

Slide 2

Оқушы біледі:

Ұлпа терминін анықтай алады;

Ұлпалардың классификациясын;

Жануар ұлпасының түрлерін: дәнекер ұлпасы, бұлшық ет ұлпасы, жүйке жүйесі ұлпасы, эпителий ұлпасы;

Өсімдіктер ұлпасының түрлері: меристема, эпидерма, паренхима, колленхима, склеренхима, ксила мен флоэма

Оқушы түсінеді:

Жасушалар мен ұлпалардың өзара байланысы мен функциялық қызметі

Оқушы жасай алады:

Өсімдік және жануарлар ұлпаларының маңызын түсіндіру

Топ ішінде жұмыс істей алады

Ақпаратты анализдеу және қорытындылау

Slide 3

Өткізгіш ұлпа

Ұлпа - шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы.

жасушалар тобы → ұлпа → мүше → ағза

.

Ұлпа түрлері

Тірек ұлпасы

Бөліп шығарушы

ұлпа

Негізгі ұлпа

Жабын ұлпа

Түзуші ұлпа

Slide 4 Slide 5

Өсімдік ұлпасының түрлерінің жіктелу тарихы

Ұлпа туралы ғылымның негізін салған белгілі ита­лия ғалымы М. Мальпиги мен ағылшын ғалымы Н. Грю (1671 ж. ) болған. Олардан кейін микроскопиялық техниканың даму барысында ұлпалар туралы көптеген жаңалықтар мен жаңа эксперименттік деректер жинақтала басталды.

1807 жылы фитогистолог Г. Линк өзінің зерттеулерінің нәтижесінде ұлпаларды жасанды түрде паренхималық және прозенхималық деп екі топқа бөлді. Бұл сипаттама әлі күнге дейін сақталып қалды. Ал П. Ван-Тигем (1891) ұлпаларды тірі және өлі ұлпалар деп бөлді. Олай бөлу заңды да еді, егер олардың атқаратын қызметтерін ескермегенде.

Алғашқы табиғи әрі нақты жіктеуді физиолог Ю. Сакс (1868) ұсынды. Ол морфологиялық ұқсастықтарын, физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ұлпаларды үш топқа бөлді:

жабындық, негізгі, өткізгіш. Және олардың элементтеріне, өсімдіктер денесінде орналасуына, атқаратын қызметтеріне түсінік беріп кетті. Сонымен қатар ұлпалар туралы түсініктерді дамытуда С. Швенденер мен С Габерландт (1879) өз үлесін қосты. Олар ұлпаларды физиологиялық қызметі тұрғысынан зерттеп өсімдіктер әлемінің анатомиялық және физиологиялық дамуына зор үлесін қосты. Бірақ олардың жіктеулерінің барлығы жасанды болғандықтан, бұл нақты ғылыми жүйе жасауға, тіпті ол туралы ғылыми пікірлер айтуға қиындықтар туғызды. Оның себебі біріншіден, белгілі бір жасқа келгенде ұлпа қызметін өзгертеді немесе алғашқы қызметтерінің кейбіреулері ғана сақталады. Екіншіден өсімдік ұлпаларының басым көпшілігі бір мезгілде екі, үш қызмет атқарады.

Slide 6

Соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша ұлпаларды негізінен мынадай алты топқа бөледі: меристемалық (түзуші), жабындық, негізгі, арқаулық (механикалық), өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар.

Осылардың ішіндегі түзуші ұлпалардан басқалары түпкілікті ұлпалар

Slide 7

Жасуша аралық заттар

Бұл заттар жасуша мен ұлпаның арасында болады

Негізгі ұлпалар жасуша қабықшалары жұқа болып келетін тірі паренхималық жасушалардан тұрады. Бұл жасушалардың жасуша аралық қуыстары болады.

Паренхималық жасушалар әртүрлі қызмет атқарады. Оларда фотосинтез процесі жүреді, артық қор зат­тары жиналады, әртүрлі заттарды бойына сіңіреді және басқа да қызметтер атқарады.

Slide 8

Негізгі ұлпаларды атқаратын қызметіне қарай мынандай түрлері болады. Ассимиляциялық, немесе хлорофилл түзетін, паренхима (хлоренхима) . Жапырақтарда және жас сабақтардың қабағында орналасады. Ассимиляциялық паренхималардың жасушаларында хлорофил дәндерінің болуы. Олар фотосинтез процесін іске асырады. Өсімдктердің жапырағында, шөптесін өсімдіктердің сабағында, шикі жемістерінде, эпифиттердің ауа тамырларында кездеседі. Негізгі атқаратын қызметі ауа алмастыру және суды буландыру. Олардың пішіндері мен мөлшері өсімдік түріне байланысты әр түрлі болып келеді. Қос жарнақтыларда бағыналы, борпылдақ ұлпалары болса, қылқан жапырақтыларда қатпарлы ұлпалар болады.

Тығыз ұлпа

Борпылдақ ұлпа

Шалаң сабағындағы аэренхима:

1-жасуша аралық қуыс.

Slide 9

Колленхима - колленхима тірі, әдетте паренхималық жасушалардан тұрады.

Склеренхима - өсімдіктер мүшесіне ерекше мықтылық беретін ұлпа. Олар жасуша қабықшалары бірдей болып қалыңдайтын прозенхималық жасушалардан тұрады. Тек жас жасушалары ғана тірі болады.

Тірек ұлпа.

Тірек ұлпа өсімдіктің мүшелеріне беріктік қасиет беретіндіктен жануарлардың қаңасы сияқты салмақ күшіне, қатты соққан желге, нөсер жамбырға майыспай, сыңбай төтеп береді. Жылдан-жылға өсімдіктің өзарып өсуі, бұтақ жаюы оның көлемін ұлғайтып, көп салмақ түсіретіндігне қалың жауған қарға, желге, соққан дауылға тірек ұлпасы болса ғана қарсы тұра алады. Алғаш түзіле бастаған мүшелерде тірек ұлпасы бірден жетіле қоймағанымен, өсіп ұлғая келе жақсы жетіліп, тірек қызметін атқара бастайды. Сабақтағы тірек ұлпалар сақина тәрізді тұтаса немесе үзік-үзік болып орналасатандықтан үш қырлы, төрт қырлы, көп қырлы. Сабақтар барлық салмақ күшіне төзімді болып, қанша дауыл соқса да қатты майысып, иіліп барып қайта қалпына келеді. Жасуша пішіні мен құрылысна қарай тірек ұлпашс 3 типке бөлінеді: колленхима, склеренхима, склереида (склеренхима мен склереида бірге топтастыруға болады) .

Slide 10

Түзуші ұлпалар

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жануарлардан басты айырмашылығы сол, олар өмірінің соңына дейін өсуін тоқтатпайды және жаңа мүшелер (органдар) түзіп отырады. Бұл жағдай өсімдіктердің белгілі бір жерлерінде түзіліп қалыптасатын меристемалық ұлпалардың (түзуші ұлпалардың) болуымен байланысты.

Түзуші ұлпалар (меристемалар) деп - түпкілікті ұлпалардың жасушаларын жасап, үнемі толықтырып отыру арқылы өсімдіктердің денесін құрайтын ұлпаларды айттады (грекше «меристос» - бөлінгіш, «стема» - ұлпа) .

Slide 11

Өсімдіктің әртүрлі мүшелерының негізгі бөлігін құрайтын ұлпаларды негізгі ұлпалар деп атайды. Кейбір әдебиеттерде бұл ассимиляциялаушы, қор жинаушы, сорушы, ауа алмастырушы ұлпалар деп жеке қарастырады. Негізгі ұлпалар жасуша қабықшалары жұқа болып келетін тірі паренхималық жасушалардан тұрады. Бұл жасушалардың жасуша аралық қуыстары болады. Паренхималық жасушалар әртүрлі қызмет атқарады. Оларда фотосинтез процесі жүреді, артық қор зат­тары жиналады, әртүрлі заттарды бойына сіңіреді және басқа да қызметтер атқарады. Негізгі ұлпаларды атқаратын қызметіне қарай мынандай түрлері болады. Ассимиляциялық, немесе хлорофилл түзетін, паренхима (хлоренхима) . Жапырақтарда және жас сабақтардың қабағында орналасады.

Ассимиляциялық паренхималардың жасушаларында хлорофил дәндерінің болуы. Олар фотосинтез процесін іске асырады. Өсімдктердің жапырағында, шөптесін өсімдіктердің сабағында, шикі жемістерінде, эпифиттердің ауа тамырларында кездеседі. Негізгі атқаратын қызметі ауа алмастыру және суды буландыру. Олардың пішіндері мен мөлшері өсімдік түріне байланысты әр түрлі болып келеді. Қос жарнақтыларда бағыналы, борпылдақ ұлпалары болса, қылқан жапырақтыларда қатпарлы ұлпалар болады.

Негізгі ұлпа

Жапырақтың негізгі ұлпасы

Тамырдың негізгі ұлпасы

Slide 12

Эпидерма күрделі ұлпа, олардың жасушалары әр түрлі типтерден тұрады: 1) эпидерманың негізгі жасушалары, 2) устьица аппаратының жанаспалы және қосалқы жасушалары, 3) трихомалар (түктер) - эпидерма жасушаларының сырт жағынан өсіп шығатын өскіншелер. Эпидерманың негізгі жасуша қабықшалары әдетте иректелген болып келеді, соған байла­нысты олар өзара тығыз байланыса алады. Қабықшалардың қалындығы бірдей емес. Қоршаған ортамен шектесетін, сыртқы қабықша басқаларына қарағанда біршама қалыңдау және кутинмен (кутикула), немесе балауызбен (воскамен) жабылған болып келеді

ҚАБЫҚША -

Алғашқы жабын ұлпасы жас жапырақ пен сабақтың сыртын қаптап тұрады.

Устьица - бұл саңылаулар, өсімдік жапырағының

астыңғы, үстіңгі ұабытында болады. Қоршаған ортададан ауаны өткізеді, су буландырады.

Slide 13

Жабын ұлпа

Соңғы жабындық ұлпа. Алғашқы жабындық ұлпа өсімдіктерде мәңгі сақталмайды, жасының артуына байланысты түлеп түсіп оның орнына соңғы жабындық ұлпалар қалыптасады.

Перидерма (пробка) . Эпидермистің жасушалары сабақтың жуандап өсуінің нәтижесінде өзгеріске ұшырап өледі. Осы кезде соңғы жабын ұлпасы перидерма пайда болады. Перидерма жасушалары тығыз орналасқан, сондықтан шамадан тыс жылуды, газды, микроорганизмдерді ішке жібермейді, судың булануын азайтады.

Slide 14

Өткзгіш ұлпа

Өткізгіш ұлпа - ксилема (құрлықта өсетін өсімдіктердің әр түрлі клеткалардан құралған негізгі өткізгіш ұлпасы) мен флоэмадан (өсімдікте органик. заттарды тамырға жеткізетін түтікше-талшықты күрделі ұлпа) тұрады.

Slide 15

Қор жинаушы ұлпа

Өсімдіктегі органикалық заттардың (нәруыз, көмірсулар, май) артығын қорға жинауға бейімделген жасушалардың тобы. Әдетте жасуша қабықшасы жұқа болғанмен атқаратын қызметіне қарай біртіндеп қалыңдайтын кездері болады. Өсімдіктердің барлық мүшелерінде қоректік ұлпа кездеседі, мысалы: бір жылдық және көп жылдық өсімдік тұқымдарының эндоспермінде (ұрығында), түйнегінде, пиязшығында, жуан тамырларында, сабақ өзегінде, жапырағында. Қор заттары ерітінді күйінде(пияз қабыршағында, қант қызылшасының тамырларында) қатты күйде (картоп түйнегінде, бидай дәнегінде, тұқымында, түйнек тамырда) кездесе береді.

Slide 16

Бөліп шығарушы ұлпа.

Тіршілік әрекетінің нәтижесінде өсімдік мүшелерінде ақырғы өнімдерді (қалдық заттар) бөліп шығаратын және жиналатын орындар бар, олар: безді түктер, безді қабыршақтар, шайыр жолдары, сүт жолдары, шірнеліктер, жасушааралық кеңістіктер, су жанаспалы жасушалар, т. б. Осылардың барлығын қосып бөліп шығарушы ұлпа дейді. Зат алмасудың ақырғы өнімі жасушаның ішінде немесе арайы орында жиналады. Орналасқан орынына, физиологиялық қасиетіне, сұйық және қатты түріде болуына қарай бөліп шығарушы ұлпалар екі түрлі жолмен пайда болады: а) схизогенді; ә) лизегенді.

Slide 17

Жануар ұлпасының түрлері

Эпителий ұлпасы

Дәнекер ұлпасы

Бұлшықет ұлпасы

Жүйке ұлпасы

жалпақ эпителий

текшелі (кубический) эпителий

бағана тәрізді эпителий

кірпікшелі эпителий

сезгіш эпителий

безді эпителий

Тығыз талшықты дәнекер ұлпасының

Шеміршекті дәнекер ұлпа

Сүйекті дәнекер ұлпа

Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының

Қан - сұйық дәнекер ұлпа

көлденең жолақты

бірыңғай салалы бұлшықеттер

Жүректің бұлшықеттері

дендриттер → дене → аксон

Slide 18

Эпителий ұлпасы жабын (тері жабыны) ұлпа мүшелердің сыртқы жағын жауып, ішкі мүшелерді (асқазан, ішектер, несепағар, мұрын қуысы, ішкі секреция бездері және т. б. ) астарлап жатады

Текшелі (кубический) эпителий бүйректің өзекшелерін іш жағынан астарлап тұрады

Жалпақ эпителий (көп қабатты) жасушалары көп қырлы, терінің үстіңгі қабаты мен ауыз қуысы, өңештің ішкі жағын астарлайды

Slide 19

Кірпікшелі эпителий бағана тәрізді жасушаларының бетінде цитоплазмадан түзілген кірпікше тәрізді өсінділері болады

Егер жасушалары бірнеше қабат түзіп орналасса - көп қабатты деп аталады.

Мысалы, терінің сыртқы қабатының жасушалары көп қабатты болғандықтан, қасаңданып түлеп түседі.

Оның орнын терең қабатындағы жасушалар толықтырады.

Slide 20

тері эпителиі

Жапырақтың эпидермисі

Slide 21

Сабақтың түгі

Бұлшықет талшығы

Slide 22

Тін талшығының көлденең кесіндісі

Бұлшықет ұлпасының көлденең кесіндісі

Slide 23

Жапырақ паренхимасы

Шеміршекті ұлпа

Slide 24

II. Особенности строения и функции растительных тканей

Ұлпа түрлері

Құрылысы

Қызметі

Сыртқы түрі

Түзуші ұлпа

Жасушалары жас, ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, бүршіктер мен гүлшанақтары ашылады. Тұқымнан жас өсімдіктер өсіп шығады

Өсімдік өседі

Жабын ұлпа

Жасушалары бір-біріне тығыз жатады.

Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан сақтап қорғайды.

Негізгі ұлпа

Жасушаларында хлоропластары көп болғандықтан органикалық зат түзеді. Су, ауа жинаушы жасушалары болады

Жасушалары өте ірі, онда қоректік заттар қоры жиналады.

Өткізгіш ұлпа

Жасушалары ұзын, түтік тәрізді, қорек заттар мен су әр мүшелеріне өтеді.

Өсімдік бойымен қоректік заттардың қозғалуын қамтамасыз етеді

Тірек ұлпа

Жасуша қабықшалары қалың, мықты, тірек қызметін атқарады. Сабаққа, жапыраққа мықтылық қасиет беріп, сынудан, майысудан қорғайды.

Өсімдікке мықтылық қасиет береді.

Slide 25

Бұлшықет ұлпалары

Бұлшықеттер - бұлшықет ұлпасынан, тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады.

Бұлшықет ұлпасы:

Бірыңғай салалы бұлшықет

Көлденең жолақты (қаңқа бұлшықеттері)

Жүректің бұлшықеттері

Slide 26

Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы

Бірыңғай салалы бұлшықеттер ішкі мүшелердің ішкі жағын (ішек, асқазан, қантамырлар, қуық, бездердің өзектері) астарлап жатады. Жиырылғанда ішкі мүшелердің көлемін өзгертеді. Олардың жиырылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады

Slide 27

Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы

Қан тамыры

Бұлшықет талшықтарының жіңішке шоғыры (пучки)

Көлденең жолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көлденеңінен жолақтанып жатады. Көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді, диаметрі 0, 1 мм, ұзындығы бірнеше ондаған мм-ге жетеді.

-қаңқа бұлшықетін түзеді

-жиырылуға қабілетті

Slide 28

Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы

Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы адам еркіне сай жиырылады. Жүректің бұлшықеті көлденең жолақты болғанымен адам еркінен тыс жиырылады. Ондағы бұлшықет талшықтары өте жіңішке және олар өзара торланып жатады. Жүректің бұлшықет жасушасында да бір ғана ядро бар.

Slide 29

Дәнекер ұлпасы

Қан және лимфа

Талшықты

Шеміршек

Сүйек

Slide 30

Дәнекер ұлпасы

Өзінің атына сәйкес барлық ұлпалар тобын біріктіріп, дәнекерлеп тұрады. Дәнекер ұлпасына - сүйек, шеміршек, сіңір, майлар, қан, лимфа жатады. Дәнекер ұлпасы: тығыз талшықты дәнекер ұлпасы, шеміршекті, сүйекті, борпылдақ талшықты, қан ұлпасы деп бөлінеді.

Slide 31

Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының (рыхлая) талшықтары бір-бірімен өріліп, жасушалары тығыз орналасқан. Қантамырларын, жүйкелерді қоршап, мүшелердің арасындағы кеңістікті толтырып тұрады. Теріні бұлшықеттермен байланыстырып, терінің астында борпылдақ қабат түзеді

Тығыз талшықты дәнекер ұлпасының жасушалары бір-бірімен тығыз тор тәрізді жанасқан. Жасушааралық заттары аз, талшықтары көп болады. Теріде, сіңірде, артериялық қантамырларының қабырғасында орналасқан. Жасушалары бір-бірімен тығыз орналасып, ұлпаның біркелкі мықтылығын қамтамасыз етеді.

Май ұлпасы

Slide 32

Шеміршекті дәнекер ұлпа жасушалары домалақ пішінді, әр жерде топтанып тұрады. Жасушааралық заттары мөлдір болады. Омыртқалардың бір-бірімен байланысқан жері, көмекей қақпақшасы, кеңірдек пен құлақ қалқаны шеміршекті дәнекер ұлпасынан түзіледі. Мұрынның, жіліктердің, қабырғалардың ұштары да шеміршекті ұлпа. Шеміршектер қатты болғанымен серпінділік қасиеті бар.


Ұқсас жұмыстар
СӨЖ Бұлшықет ұлпалары эволюциялық динамикасының жалпы сипаттамасы
Бұлшықет ұлпасы туралы ақпарат
Эпителий ұлпасы
Жануар жасушасы
Қан ұлпасы
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпалары
Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясы. Өмір сүру салтына және жасқа байланысты бұлшық еттердің өзгерісі. Жүрек ет тканінің регенерациялық қабілеті. Эпидермальды және нейралды ет ткані
Ағзаның құрылымдары
Жүрек бұлшықет тіні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz