Семиотика қорытындылаушы жүйе




Презентация қосу
ТАҚЫРЫП: Мәдениет семиотикасы.
Семиотика
Семиотика— таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына
қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт – дәстүр , кино т.б.),
табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз
қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық
пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі
таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін
зерттейтін ғылым Семиотика таңба мен белгілерді зерттейді. Ғылыми
еңбектерде Семиотиканың үш денгейде жіктелетіні көрсетілген: Таңбалар
арасындағы, сөз тізбегіндегі қарым-қатынасты білдіретін синтактика;
Таңба мен сол арқылы белгіленген заттың арасындағы қарымқатынасты
білдіретін семантика; Таңба мен оны пайдаланушылардың арасындағы
қарымқатынасты білдіретін прагматика.
Семиотика үш топқа бөлінген:
• Бірінші топ таңбалық – иконы. Бұл таңба мен таңбалық объект
арақатынасы. Мысалы: «портрет» нақты адамды бейнелеу.
• Екіншісі таңбалық – индексы. Кеңістік пен уақыт аралығындағы
таңба мен белгіленетін объект. Оған мысал келтірер болсақ:
«түтін» оттың белгісі, «жол көрсеткіштер».
• Үшінші топ таңбалық – символ. Таңба мен объектің арасындағы
конвенционалды келісім. Бұл таңбалық – символға келісім, салт –
дәстүр немесе жай ғана кездейсоқтық жатады
Мәдениет Семиотикасы
Мәдениет семиотикасы туралы сөз қозғағанда біз мәдениеттің таңбалық
сипатын , мәні мен ақпарат беруші жүйесін айтамыз . Бір мәдениетті түсіну
дегеніміз - оның семиотикасын түсіну , оның таңбалық сипаттагы
құпияларын ашып оқу.
• Семиотика нақты тарихи жайттардан бөлек таңбаларды зерттемейді .
Семиотика қорытындылаушы жүйе . Семиотика және семантиканы
зерттеу әр кезеңдерде Ч. Пирс, Ч. Моррис, Э. Кассирер, К. Лангер, М.
Фуко, Б. Рассел, Р. Барт, В. Тэрнер, К. Леви - Стросс, А.Ф. Лосев , сияқты
т.б. ғалымдардың еңбектерінде қамтылады .
• Мәдениеттің рәміздік функцияларын зерттеу - бірқатар ғалымдардың:
этнология , мәдениеттану , философия , лингвистика , археология және
тағы басқаларының да өзекті тақырыптары болып табылады . Рәміз ,
белгі және олардың мәдениеттегі маңызды мәселесімен М.А. Бахтин,
• В.Я. Пропп, П.А. Флоренский, т.б айналысты . КСРО-да семиотиканы В.
Иванов , Т.В. Гамкрелидзелер және т.б өңдеді . Рәмізді мәдениеттанулық
категория ретінде Ю.М. Лотман , В.Я. Пропп, В.Ч. Антоновтар
қарастырған . Мәдениеттегі белгі теориясын және белгілік жүйелерді
Тарту - Мәскеу мектебінің өкілдері: Ю.М. Лотман, Б.А. Успенский , В.Н.
Топоров, Т.В. Цивьян, Ю.К. Лекомцев, А.М Пятигорский және басқалары
дайындаған еді.
Алғашқы қауымдастық кезеңіндегі
мәдениет
• АДАМЗАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫРЫНЫҢ ӨЗІНДЕ
МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСҚАН БОЛАТЫН.ОЛЛАРҒА МЫСАЛ
КЕЛТІРЕР БОЛСАҚ
• Құрал-жабдық ұстау, Қолдану мәдениеті
• Аң аулау өнері
• Әйел мен ер адам арасындағы мәдениет
Кейінірек энеолит,мыс,қола дәуірлеріне адамдар қара металлды
игере бастады және де осының әсерінен мәдениет өркендей түсті.
Жазу=Таңба
Таңба (знак; character, symbol) —
есептеуіш техникасында
қолданылатын алфавиттің жеке
символы. Арифметикалық
амалдар таңбасы (знак
арифметической операции;
arithmetic operation character) —
арифметикалық амалдарды
анықтайтын алфавит белгісі
(әдетте, +,-,*,/ ). Таңба -
әлеуметтік хабардың
материалдық көрсеткіші
Жазу=Таңба
Жазу — адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап айтқысы
келген сөзін, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді
қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Оның алғашқы
нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы
ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден
кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар
әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы, кеткен бағытын
көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен
ағашқа садақтың оғын қадап кеткен. Ойды зат арқылы
білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы
елшілік қарым-қатынастарда да пайдаланылған. Үндістер
соғысатынын хабарлау үшін қарсы жаққа айбалта жіберетін
болған. Елші оны әкеліп жерге қояды, егер жау жақ оны
көтерсе — соғысуды мақұлдағаны. Кейін мұндай рәміздік
зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар қолданылған.

Ұқсас жұмыстар
Мәдениет семиотикасының сипаты
Тілдік таңба
Мәдениеттің белгілер жүйесінің типологиясы
ТАҢБАЛАР ЖҮЙЕСІ
Мәдениетті зерттеудің семиотикалық тәсілі
Тіл білімі: таңбалық жүйе. Синхрония және диахрония
Мәдениет семиотикасы
Пирс ойлары
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖҮЙЕСІН ҚҰРАСТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
Ұлттық экономиканың құрылымы
Пәндер