Сангвиник Ширақ тип Күшті Тепе - тең


Slide 1

Темперамент

Slide 2

Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақты жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы

Slide 3

Ежелгі Греция ғалымы, дәрігер Гиппократ

Төрт түрлі сұйықтықтың араласуының пропорциясын грекше “красис” деп атаған, ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.

Темпераменттер төрт түрлі сұйықтық заттарға байланысты: денені жылытатын - қан, салқындататын - шырын, құрғататын - бауырдағы өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ) .

Slide 4

Организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (лат. “сангиус” - қан), ал шырын басым болса (гр. “флегма” - шырын) флегматик темпераменті деп, ал организмде қара өт басым болса меланхолик (гр. “мелайне - холе” - қара өт), сары өт басым болса, холерик (гр. “холе” - өт) темпераменті деп те аталды.

Slide 5

Неміс философы И. Кант өзінің “Антропология” деген еңбегінде темпераменттің 4 түрі туралы толық психологиялық сипаттама береді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір - біріне балама ретінде қарастырды.

Неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Н. Л. Зеланд ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді.

Орыс педагогы П. Ф. Лесгафт темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады.

Slide 6

Сангвиник

-Ширақ

-Жүйке жүйесі күшті

-Қозуы мен тежелуі тең

-Қозғалғыш адам

Флегматик

-Жүйке жүйесі күшті

-Қозғалысы баяу

-Қозуы мен тежелуі тең

Холерик

-Ұстамсыз

-Жүйке жүйесі күшті

Меланхолик

-Жүйке жүйесі әлсіз

И. П. Павлов бойынша адамның жүйке жүйесінің типтері

Slide 7

Темпераменттердің түрлері (Гиппократ терминологиясы бойынша)

Жүйке жүйесінің типтері (И. П. Павлов терминологиясы бойынша)

Жүйке процестерінің (қозу, тежелу) қасиеттері

Күші

Тепе - теңдігі

Қозғалғыштығы

Холерик

Сангвиник

Флегматик

Меланхолик

Ұстамсыз тип

Ширақ тип

Баяу тип

Әлсіз тип

Күшті

Күшті

Күшті

Әлсіз

Тең емес (қозуы тежелуінен басым)

Тепе - тең

Тепе - тең

Қозғалғыш

Баяу қозғалады

Slide 8 Slide 9

Темпераменттің конституционалдық негізін салғандар: Э. Кречмер, У. Шелдон. Бұл теорияға сәйкес адамдардың темпераменті дене бітіміндегі айырмашылықтармен анықталады. Осыған байланысты дене бітімінің төрт типін Э. Кречмер ажыратты.

Slide 10

Ұлылардан - ұлағат

Темперамент тәжiрибенiң арқасында ортаның ықпалымен . . . дамып жетiледi. . . ол адамның дара өзгешелiктерiмен, ақылдың жетiлуiмен, ерiк, адамгершiлiк сипаттарының толысу дәрежесiнен, қоғамдық игiлiгiнiң қалыптасуымен байланысты және осы сипаттарға тәуелдi дамиды.

Сәлкен Балаубаев

Темперамент деп . . . адамның жүйке саласының туыстан берiлетiн ерекшелiктерiнiң жиынтығын айтады. . . Темперенттер түрлi жағдайлардың әсерiмен өмiр сүру барысында аздап өзгерiске түсiп отырады. Төлеген Тәжiбаев

Slide 11

Темперамент

Холерик

Флегматик

Сангвиник

Меланхолик

Slide 12

Холерик

Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай адамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді. Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады. Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде, кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді.

Slide 13

Флегматик

Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процестер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері: тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті, талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.

Slide 14

Сангвиник

Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып-қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиникте жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады

Slide 15

Меланхолик

Бұл темперамент өкілінде психикалық процестер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы, үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық, таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады.

Slide 16

Әртүрлі типтегі адамдарға мамандық таңдауда

берілетін кеңестер

Slide 17

Жұмыстың типі: жұмысқа деген үлкен қабілеттілік,

ортаға тез бейімделеді, бір мезетте бірнеше жұмысты орындай алады.

Жаңа жұмысқа үлкен қызығушылықпен кіріссе де тез суып қалады, жаңа бір жұмысқа ауысқысы келіп тұрады. Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы.

Жауапты және қауіпті жерлерде жақсы жұмысшы. Жаңа мамандықтарды тез меңгере алады. Қол астындағы сангвиник жақсы жұмыс жасау үшін оның алдына үздіксіз жаңа да қызықты тапсырмалар қою шарт

Сангвиник

Сәйкес келетін мамандық түрі: менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы, даяршы, инженер- технолог, жақсы жүргізуші, із кесуші т. б

Slide 18

Жұмыстың типі: үлкен энергия жұмсайтын жұмыс түрлері сәйкес келеді. Қиындықтар мен кедергілерді оларды жеңуді ұнатады. Жұмысқа тез кіріседі. Жоспарын іске асыра алады. Біреуге бағынғаннан гөрі өз бетінше жұмыс істегенді ұнатады. Айтқаннан қайтпайды. Холерикпен жұмыс жасағанда байқау керек, ескертпелердің орнына қателіктерін түзейтін тапсырмалар берген жөн.

Холериктер флегматиктермен, меланхоликтермен жақсы жұмыс жасай алады, бірақ екі холерикті біріктіруге болмайды, олар бақталасып, шиеленіске келіп қалуы мүмкін.

Сәйкес келетін мамандық түрі: телеоператор, әртіс, дипломат, журналист, кәсіпкер, керемет ұшқыштар, каскадерлер т. б

Холерик

Slide 19

Жұмыстың типі: флегматик жұмысқа да, оқуға да жәйбасар.


Ұқсас жұмыстар
Күшті тип Әлсіз тип
Темперамент түсінігі
Темперамент туралы жалпы ұғым
ЖОҒАРҒЫ ЖҮЙКЕ ӘРЕКЕТІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Балалардың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері
Ішкі жан дүние
Жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі
Темперамент жөнінде түсінік
Гуморальді теориялар
Темперамент теориялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz