Бас және бет сүйектерінің анатомиялық құрылымы: самай, сына, торлы, жоғарғы мен төменгі жақтар және тіласты сүйек


Slide 1

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ Стоматология мамандығы, 1 курс 2020-2021 оқу жылы. Презентацияны дайындаған: Келдіғұлова Үміт Құдайбергенқызы

№4 практикалық сабақтың тақырыбы:

«Бас және бет сүйектері»

Slide 2

№4 практикалық сабақтың сұрақтары

Бас және бет сүйектері.

Самай сүйек. Сына тәрізді сүйектің құрылысы. Самай сүйектің арналары.

Жоғарғы және төменгі жақ сүйек құрылысы.

Таңдай сүйек. Бетсүйек. Мұрын және көзжас сүйектер. Тіласты сүйегі.

Төменгі мұрын қалқаны, желбезек.

Slide 3

Самай сүйек (лат. os temporale)

Ми сауытының негізі мен қақпағының бүйір қабырғасын құрауға қатысушы, құрылысы күрделі жұп сүйек. Бұл сүйектің құрылысының күрделі болу себебі: терең қабатында есту, тепе-теңдік органдардың және ішкі ұйқы артерияның, бет ми нервінің және дабыл-жұтқыншақ атты өзекшелер орналасқандықтан.

Slide 4

Самай сүйек қабыршақтық, дабылдық және тастық бөліктерден тұрады.

Қабыршақтық бөлік (pars squamosa), самай шұңқырының қабырғасын түзеді.

Дабылдық бөлікті (pars tympanica), сыртқы есту жолы мен қуысты дабыл сүйегі құрайды.

тастық бөлік (pars petrosa) ішкі құлақтың қаңқасын құрайтын қатты сүйектен тұрады.

Slide 5 Slide 6

Самай сүйектің өзекшелері

l. Ішкі ұйқы артериясының өзекшесі, canalis caroticus,

2. Ұйқы -дабыл өзекшесі, canaliculi caroticotympanici,

3. Бет ми нервінің өзекшесі, canalis facialis,

4. Дабыл шегі нервінің өзекшесі, canaliculis chordae tympanizi,

5. Дабыл өзекшесі, canalis tympanicus,

6. Бұлшықет-түтік өзекшесі, canalis musculotubarius,

7. Еміздік тәрізді өсіндінің өзекшесі, canaliculis mastoideus,

8. Дабыл қуысы, cavum tympani,

Slide 7

Сына сүйек, os sphenoidale,

Сына сүйегі, os spһеnoidale, бас сүйектің негізінде орналасқандықтан немесе ми сауыты сүйектерінің өзара бір-бірімен түйіскен жерінде орналасқандықтан сына тәрізді сүйек деп аталады. Топографиялық орналасуына қарай төрт бөліктен: денесінен, үлкен, кіші қанатынан және қанат тәрізді өсіндісінен тұрады.

Slide 8 Slide 9

Торлы сүйек

Торлы сүйек, os ethmoidale, Бұл сүйектің жартысынан астам бөлігі мұрын қуысының маңында орналасса, қалған бөлігі ми сауытының негізін құрауға қатысады. Терең қабаты, бір-бірімен өзара перпендикуляр бағытта қиылысып, орналасқан горизонталді және перпендикулярлық табақшадан және өту жолы өте күрделі, бір-бірімен өзара жалғасқан лабиринттен тұрады.

Slide 10 Slide 11

Жоғарғы жақсүйек

Жоғарғы жақ сүйегі, os maxilla. Бұл сүйектің төрт өсіндісі бар:

маңдайлық,

альвеолярлық,

таңдай

бетсүйектік

Slide 12

Таңдай сүйек, os palatinum, ауыз қуысы мен мұрын қуысының, көз шарасының және қанат таңдай ойысының қабырғаларын құрауға қатысушы жұп сүйек. Ол, перпендикулярлы бағытта қиылысып, орналасқан горизонталді табақша мен перпендикулярлы табақшадан тұрады.

Таңдай сүйек

Slide 13

Төменгі жақсүйегі, os mandibulae,

бет сүйектер тобының ішіндегі ең ірі көрнекті тақ сүйек болып саналады. Топографиялық орналасуына қарай денесінен, өсінділерінен және денесінің артқы қапталынан жоғары қарай бағытталған бұтақтарынан тұрады.

Slide 14 Slide 15

Тіласты сүйегі

Тіласты сүйегі, os hyoideum, сыртқы пішіні таға тәрізденіп, мойын аумағына төменгі жақ пен көмекейдің аралығында орналасқан. Топографиялық орналасуына қарай: денесінен үлкен кіші мүйізшелерінен тұрады.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Бассүйектің бет сүйектері, жоғарғы және төменгі жақтың анатомиялық құрылысы мен клиникалық аспектілері
Бет және үшкіл нервтердің зақымдануы: клиникасы, диагностикасы және емі; самай-төменгі жақ буынының (СТЖБ) қабыну мен дистрофиялық аурулары
Бассүйек анатомиясы және самай сүйегінің морфологиясы
Қол және аяқ қаңқалары: иық және жамбас белдеулерінің анатомиялық құрылымы мен сүйек терминологиясы
Сүйекті балықтардың қаңқа құрылымы және бас сүйек анатомиясы
Қаңқа сүйектерінің және буындардың анатомиялық байланыстары мен түрлері
Қаңқа сүйектерінің байланыстары: тұтаса және буынды байланыстар, бассүйек пен омыртқаның құрылымы
Самай сүйегінің өзектері: анатомиясы мен қызметі
Бас, бет және ауыз қуыстарының жарақаттары мен аурулары: конгениталдық ақаулар, ісіктер және жарақаттану
Тілжұтқыншақ нервінің невралгиясы, жоғарғы көмей нервінің невропатиясы және тіласты нервінің невропатиясы: этиология, клиника, диагностика және ем
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz