Гравитациялық байыту әдістері және отсадкалау процесінің физикалық негіздері


Slide 1

Байыту әдістері

Орындаған:Төрехан Олжас

Тексерген:Ахметканов. Д

Slide 2

Гравитациялық байыту әдістері

Гравитациялық байыту әдістері - пайдалы қазындыларды байытуда кеңінен қолданылатын әдіс. Кен құрамындағы минералдарды бөлу олардың тығыздықтарына, соған байланысты түйіршіктер мен кесектер салмақтарының айырмашылықтарына негізделген. Гравитациялық байыту әдістері күрделі көпкомпонентті және көпфазалық жүзгілерде атқарылады. Минералдық түйіршіктердің жіктелуі бөлінудің бір белгісімен гидро және аэродинамикалық әрекетімен атқарылады. Бөліну белгілері ретінде қызмет атқаратын: бөлуші ортаның реологиялық параметрлері; ортаның реологиялық параметрлеріне бірдей әсерін тигізетін электрлік және магниттік өрістер; өзгермелі сұйық ағынындағы түйіршіктердің қозғалу жылдамдығы; көлбеу бетпен ағатын сұйық ағынындағы түйіршіктердің жылдамдығы; тік бағытта ағатын сұйық ағынындағы түйіршіктердің жылдамдығы; жуып-шаю ж. т. б.

Slide 3

Отсадка

Гравитациялық байыту процесінің ішінде отсадка ең жиі қолданылатын және ең өнімді процесс. Егер кен байытылса отсадканы 0, 2-50 мм аралығында, ал көмір байытылса 0, 5 - 200 мм аралығында қолдануға болады. Отсадка деп әртүрлі минералдар түйіршіктерінің (кесектерінің) тік бағытта жоғары-темен қозғалатын су не ауа әсерімен тығыздықтарына қарай бөліну процесін атайды. Отсадкалау процесінің (сол сияқты барлық байыту процестерінің) негізін түсіну үшін қажетті жай-сол процесте минерал түйіршіктеріне қандай күштер әсер ететінін білу керек.

Slide 4

Төменгі қабатта жиналған ауыр минерал түйіршіктері (кесектері) бастапқы заттың ірілігіне байланысты екі түрлі әдіспен камераның түбіне түседі. Төменгі қабатқа жиналып шығатын өнім ауыр фракция, ал үстіңгі қабатқа жиналатын өнім жеңіл фракция деп аталады.

Егер кен байытылса ауыр фракция конңентрат ретінде алынады. Себебі қүрамында бағалы зат бар минералдың көбінің тығыздығы тау жыныс мипералдарының тығыздығынан артық болады. Егер көмір байытылса жеңіл фракция концентрат ретінде алынады. Себебі көмірдің тығыздығы (1, 2-1, 4) барлық минералдардың тығыздығынан аз.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Гравитациялық байыту әдістері мен аппаратурасы
Тәрбие процесінің теориялық негіздері мен әдістері
Шикізатты дайындау және байыту: дәрілік өсімдіктер мен жануарлар шикізаты, негізгі байыту әдістері
Тас көмірді флотациялық әдіспен байыту: әдістері, реагенттері және өндірістік нәтижелері
Ядролық энергия: физикалық негіздері, алу әдістері және тәуекелдері
Салыстырмалық теориясының негіздері және Кеплер мен Ньютонның гравитациялық заңдары: постулаттар, эффектілер және есептер
Бюджет процесінің құқықтық негіздері: республикалық және жергілікті деңгейлердің ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байыту әдістері
Физикалық теориялар, физикалық шамалар және өлшеу негіздері
Тәрбиенің мақсаты, әлеуметтік негіздері және процесінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz