ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ТУРАЛЫ ЗАҢЫНДА СЫБАЙЛАС




Презентация қосу
ҚазақстРеспубликасының
сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясаты

Орындаған:Филология 201-1топ Нығмет
Ағжан
Тексерген:Эльмира Куккузова
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған
жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және
мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды
тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың,
лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де
лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып
мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКСЫНЫҢ «СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНДА СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА КЕЛЕСІДЕЙ ҰҒЫМ БЕРІЛГЕН:

Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ,
соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және
соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік
пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке
өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер
мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және
заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа
қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп
ұғынылады.
«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасы этимологиялық
қарау мұны, «параға сатып алу», «пара» ретінде «corruptio» деген
латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында
сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда
«сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу»
деген түсінік берген де, құқыққақарсы іс-әрекетті білдірген.
Сыбайлас жемқорлық – өздерінің лауазымдық
өкілеттіліктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді
пайдаланып, немесе мүліктік пайда табу үшін заңда
қарастырылған мемлекеттік қызметтегі және оларға
теңестірілген тұлғалардың өздері немесе делдал арқылы
мүліктік игіліктерді немесе артықшылықтарды қабылдау
емес, ол лауазымды адамдарды оларға заңды және жеке
тұлғалардың аталған игіліктерді және артықшылықтарды
құқыққа қайшы жолмен ұсынып, параға жығуды болып
табылады [1].
Қазақстан Республикасында
тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл
аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң
мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз
ТМД мемлекеттерінің арасында
бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
арнайы заңын қабылдады. Кейіннен
бұл саладағы ұлттық заңнаманы
жетілдіру барысында Қазақстан
Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық
ұйымдасқан қылмысқа қарсы
конвенцияларын және басқада жалпы
жұртта халықаралық актілерді
ратификациялап, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік
қоғамдастықтың тең мүшесіне
айналды.
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың
немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi игiлiктер
мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас
жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады:
1) өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер
заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан,
сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар
түрiнде кез келген сыйақы қабылдау;
2) өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не
қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе
қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау;
3) жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың есебiнен;
егер қарым-қатынасы шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетiнiң мәселелерiн
қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды
адамның немесе органның келiсiмiмен);
жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен, ұйымдардың қаражаты
есебiнен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық шараларға
қатысу үшiн жүзеге асырылатын, оның iшiнде осындай қоғамдық бiрлестiктердiң
(қорлардың) жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарларды
қоспағанда, шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды
тұлғаларының есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру
және өзге де сапарларға шақыруды қабылдау;
4) несиелер, қарыздар алуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын және өзге де мүлiктер
сатып алуда заңдарда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану [1].
Қазақстан Республикасы Қалмыстық заңнамасы
сыбайлас жемқорлыққа түсінік бермейді, алайда сыбайлас
жемқорлыққа қарсы әрекет етудің жеткілікті құралдарын
қамтиды. ҚР Қылмыстық кодексі бойынша сыбайлас
жемқорлықпен байланысты қылмыс деп сыбайлас
жемқорлыққа қатысты барлық негізгі белгілері бар
лауазымдық қылмыстарды санаған жөн. Сыбайлас
жемқорлықпен байланысты қылмыстар тізімі қылмыстың
16 құрамын қамтиды [2].
«Аса маңызды міндет –
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
жаңа стратегияны қалыптастыру
және іске асыруды жалғастыру.
Әкімшілік реформа қажетсіз
қағазбастылық пен құжат
айналымының қолайсыз үдерісіне
айналмауға тиіс. Халық алдында
есептілігін арттырып, нәтижеге
деген жауапкершілігін күшейте
отырып, жергілікті жерлердегі
басқару органдарына көбірек
дербестік беру керек» [3].
Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі
мәселелерді шешу қажет:

1. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру;
2. Сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту бойынша
мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру;
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты
жоғарылату;
4. Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету [4].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1)Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күресу
туралы» заңы
2)Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы
3)Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету
түрлері туралы» заңы
4)ҚР Елбасының «Қазақстан:2050» жолдауы
5)Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы
6)«НұрОтан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы
7)«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің
жаңа идеологиясы туралы», (Астана, 2014ж).

Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты жоғарылату
Сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Жемқорлық саяси әлеуметтік қиын құбылыс
Жемқорлықтың алдын алу - басты міндет
Сыбайлас жемқорлықтың алдын - алу шаралары
Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық нысандары
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ЖАЛПЫ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Пәндер