Ғарыштың зерттеулерғарышта заттық құрамы


Slide 1

Ғарыш әлемі және күн жүйесі

Орындағандар: Аида Қарақожа

Саят Жаппар

Абдрахман Жанибеков

Ержан Аймангул

Қабылдаған:Ақнұр Бақытжанқызы

Slide 2

Күн жүйесі

1 февраля 20XX

Күн жүйесі - Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Болпан, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және Нептун ), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннің әртүрлі зоналарының айналу периодтары әртүрлі болады. Ең жылдам айналатын экваторлық зона 25 тәулікте бір айналады, полярлық зонаның айналу периоды 30 тәуліктей болады.

2

Slide 3

Күннің орталығында пайда болатын энергия күн бетіне жету үшін миллион жыл алады. Әр секундта 700 миллион тонна сутегі гелий күліне айналады. Бұл процессте 5 миллион тонна таза энергия шығарылады, сондықтан күн нұрлана бастайды.

1 февраля 20XX

3

Күн энергиясы Күннің ішінде пайда болады, онда температура 15 миллион градусқа жетеді, ядролық реакциялар тудыратын өте жоғары қысыммен. Протондар (сутегі ядролары) босатылып, олар альфа бөлшектерін (гелий ядролары) қалыптастыру үшін төрт топқа біріктіріледі.

Образец текста нижнего колонтитула

Slide 4

Күн энергиясының бастауы - ядродағы тізбекті реакциялар. Бұл кезде сутегі ядросының көміртегі ядросы көмегімен гелийге айналу процесі жүзеге асады.

1 февраля 20XX

Күн жүйесі Галактика орталығының 200-220 км/сек жылдамдықпен қозғалып, 180-200 млн жылда Галактиканы бір рет айналып шығады. Жер ғаламшары да өзінің даму тарихында Күнмен ілесіп, Галактиканы жиырма реттей айналып шыққан.

4

Образец текста нижнего колонтитула

Slide 5

Жер тобын ғаламшарлары

5

Ғаламшарлардың Күннен қашықтаған сайын орбита бойымен қозғалу жылдамдығы төмендейді. Ол Күннің тарту күшінің бəсеңдеуімен байланысты. Меркурий 88 тəулікте, Шолпан 228 тəулікте, Жер 365 тəулікте, Марс 687 тəулікте орбита бойымен Күнді бір рет айналып шығады.

Алып ғаламшарлар тобы

Алып планеталардың (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун) өлшемдері мен массалары үлкен, ал орташа тығыздығы аз. Алып планеталар Күннен өте алыс қашықтықта жатыр. Жыл маусымдарының өзгеруіне қарамай олардағы температура әр уақытта төмен. Күннен алған энергиядан көп энергияны шығаратына байланысты ғалымдар алып планеталардың қойнауындағы заттардың температуралары жоғары болу керек деген ұйғарым жасап отыр.

Образец текста нижнего колонтитула

Slide 6

Ғарыш

1 февраля 20XX

6

Әлемі

Образец текста нижнего колонтитула

Slide 7

Ғарыштағы денелер əртүрлі деңгейдегі күрделі жүйелерді құрайды. Жер ғаламшары өзінің табиғи серігі Аймен бірге біртұтас жүйені құрайды. Ол одан да күрделі Күн жүйесі құрамына кіреді. Күн жүйесі өзінің 8 ғаламшары (соңғы мəліметтер бойынша Плутон ғаламшар деп саналмайды) жəне оның серіктері, астероид, комета, метеорларымен бірге Галактика жүйесіне кіреді. Ал Галактика шоғырлары метагалактикаға, яғни ғарыш əлемінің тек арнаулы аспаптар көмегімен көрінетін бөлігіне кіреді.

7

Аспан əлемін құрайтын барлық нысандардың құрамы алғашқыда сутегі (80%) мен гелийден (18%) тұрған, ал қалған азғана бөлігі басқа элементтерден құралған деген болжам бар. Бұл тұжырымның шындыққа жанасатындығын бізге ең жақын орналасқан алып жұлдыз Күннің құрамы дəлелдейді.

Образец текста нижнего колонтитула

Slide 8

Ғарыштың заттық құрамы.

Соңғы астрономиялық зерттеулерғарышта оның дамуын реттеп отыратын энергия барын дəлелдеген. Ғарышты құрайтын аспан денелерінің жалпы массасының тек 7%-ы ғана көзге көрінеді, яғни жарық шашатын зерттеуге мүмкіндігі бар нысандар; 16%-ы - қара материя, бірақ зерттелмеген нысандар; ал қалған 77%-ы - көрінбейтін заттар, яғни «жасырын масса» немесе тылсым энергия көзі деп аталады.

8

Образец текста нижнего колонтитула

Ғарыш кеңістігін зерттеу барысында оны құрайтын аспан денелеріне жаратылыстанудың негізгі заңдылықтарының барлығының да оларға тəн екені анықталды. Алайда ғарыш құрамы тұрақты емес, оның барлық физикалық көрсеткіштері уақытқа тəуелді болып саналады.

Slide 9

ХХ ғасырдың басында неміс астрономы Х. Зелигер мен голланд астрономы Х. Шепли Галактика орталығының бағыты Мерген шоқжұлдызында екендігін, ал Күннің Галактика орталығынан тыс жерде орналасқандығын дəлелдеп берді. Жерден қарағанда, Құс жолы - кең, ақшыл жолақ болып орналасқан аса көп жұлдыздар мен жұлдыздар шоғырынан құралған құс жолына ұқсайды. Алайда аспан кеңістігінде қатарласа орналасқан жұлдыздар бір-бірінен өте қашық орналасқан. Сондықтан əртүрлі бағытта секундына жүздеген километр жылдамдықпен қозғалатындығына қарамастан олар бірі-бірімен ешқашан соқтығыспайды. Жұлдыз аралық заттар да кеңістікте біркелкі таралмаған. Олардың басым көпшілігі тұмандықтар түрінде галактикалық жазықтықта түрліше шоғырланады.

1 февраля 20XX

9

Галактика жүйесіндегі нысандардың абсолютті сызықтық жылдамдығы тұрақты шама, ол 220-250 км/сек тең. Тек өте алшақ орналасқан нысандарда ғана бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін. Күннің Галактика орталығы бойымен айналу уақыты - галактикалық жыл деп аталады. Ол 180-200 млн жылды құрайды. Бұл бірлік - геохронологиялық уақыт өлшеміндегі аса маңызды тұрақты шама.

Ол жер қыртысындағы тектоникалық қозғалыстарға, олардың ырғақтылығына тікелей əсері болуы мүмкін екендігі ғылыми түрде дəлелденіп отыр

Образец текста нижнего колонтитула

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
АНТИКА
Эстетикалық сезім
ЭАЖ ресурстарына шолу
САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ РАДИОАКТИВТІ ИЗОТОПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДАН
Инвестициялық қызметтің құрамы мен құрылымы
Атомдық және молекулалық массаларды анықтау тәсілдері. Заттық мольдік массасы. Эквивалентті және эквивалент арасындағы қатынас. Газдардың заттық мольдік массаларын анықтау
Жерге орналастыру саласындағы заманауи геодезиялық аспаптар
Адам тақырыбы - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі
Нарықтық жағдайда өндірістік кәсіпорындардың шаруашылық қызметі
ЗАТТАР ЭЛЕКТРОЛИТТ БЕЙЭЛЕКТРОЛИТ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz