Булану аппараттары
Презентация қосу
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Булану және конденсациялану
процесі және олардың
аппараттары
Дайындаған: Өтемұратов Даниал
Мазмұны:
Кіріспе
1.Булану процесі
1.1.Судың сұйық немесе қатты күйден газға (буға) айналу
процесі
1.2.Буланғыштық
1.3.Булануды есептеу және оның өлшегіштері
2.Конденсация туралы жалпы ұғым
2.1.Булану аппараттары
2.2.Булану аппараттарының құрылымдары
2.3.Булану аппараттарының түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Курстық жұмыстың өзектілігі: булану және
конденсация процесінің түрлері, аппараттары
Курстық жұмыстың мақсаты: булану және
конденсация ұғымдарының жалпы сипаттамаларын
ұғыну
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
қосымшалардан тұрады.
Кіріспе зерттеудің өзектілігін негіздейді, оның
мақсаты мен міндеттерін тұжырымдайды; зерттеу
объектісі мен пәні анықталады.
Кіріспе
Газдардың көптеген қасиеттерінің олардың тегіне тәуелсіз
болатыны белгілі. Бірақ неғұрлым температура төмен, ал
қысым жоғары болған сайын, газ қасиеттерінің оның тегіне
тәуелділігі біліне бастайды. Мұндай газды бу деп атайды,
бұл атау оның сұйықтан пайда болғанын білдіреді.
Температураны одан әрі төмендетіп, ал қысымды
арттырсақ, онда газ сұйыққа айналады.
Газ сұйық күйге өтуден алысырақ болса, онда оның
қасиеттері идеал газ қасиеттеріне жақын болады, ол
қасиеттер бізге белгілі. Сондықтан біз бұдан әрі заттың
сұйық күйден газ күйіне және керісінше өтуі кезінде
білінетін қасиеттеріне ғана тоқталатын боламыз. бу
қасиеттерін зерттеуді біз, міне, осы процестерден
бастаймыз.
1.Булану
Булану (Испарение) — заттың сұйық немесе қатты агрегаттық
күйден газ тәрізді (бу) күйге (бірінші текті фазалық ауысу) ауысу
процесі. Булану – кебу және қайнау түрінде жүреді.
Сұйықтың газ түріндегі ортамен немесе вакууммен шектесіп жататын
еркін (ашық) бетінен пай-да болатын булануды кебу деп атайды.
Температура жоғарлау нәтижесінде қаныққан будың қысымы
сұйықтың сыртындағы қысымға жеткенде, сұйықтың ішіндегі бу
көпіршіктері тез өсіп, сұйық бетіне шыға бастайды. Бұл процесс
сұйық-тың қайнауы деп аталады. Қайнатып буландыру процесі
үшін тек физика-химиялық температуралық депрессияның бар
болуы ерекше емес, сонымен қатар бұл процесте ертіндінің
концентрациясы өзгергенде, оның физикалық тұрақтылары да
өзгере бастайды. Ертіндінің концентрациясы жоғарылағанда, оның
тұтқырлығы, тығыздығы және температуралық депрессиясы артып,
жылу сыйымдылығы мен жылу өткізгіштігі кемиді
1.1. Cудың сұйық немесе қатты күйден газға
(буға) айналу процесі
Заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруі
Затты бір күйден екінші бір күйге қалай ауыстыруға болады?
Мұндай өзгерістерді жүргізу үшін белгілі бір жағдайлар жасау
керек. Мысалы, мұз еру үшін оны алдымен балқу
температурасына дейін (0°С) қыздыру қажет. Тоңазытқыштан
алған мұздың бірден еріп кетпейтінін байқағанбыз, бұл —
оның бастапқы температурасы 0°С-тан төмен болған деген сөз.
Яғни, біз оны алдымен көрсетілген температураға дейін
қыздырамыз. Буға тезірек айналдыру үшін суды қайнату қажет.
Су 100°С-та қайнайды.
1.2.Буланғыштық
Буланғыштық (Испаряемость) - белгілі бір метеорологиялық жағдайда
жеткілікті ылғалданған, төселген беттен мүмкін болатын ең көп булану
(буландыру бетіне су беру жылдамдығы қанша үлкен болса да) шамасы.
Әдетте, Буланғыштық шамасы ретінде су бетінен булану мөлшерін немесе
тұрақты толық ылғалданған топырақ бетінен булану шамасын алады.
Суқойма бетінен буланған су қабатының қалыңдығымен (мм) өлшенеді.
Топырақ пен өсімдік бетінен (әсіресе шөлдерде) буланудан айтарлықтай
дәрежеде ерекшеленуі мүмкін.
Буланғыштық — жердің бетінен және су айдынынан белгілі бір ауа райы
жағдайында судың барынша булану мөлшерін сипаттайтын шартты өлшем.
Буланғыштық мм-мен өлшенеді. Судың бетіндегі Буланғыштық әрқашан
нақты буланған су мөлшеріне тең. Құрлықта топырақ суға толық
қаныққанда ғана нақты буланған су мөлшеріне тең болады. Буланғыштық
өлшемі және оның жанама сипаттамалары жер бетіндегі ылғалдық
мөлшерін анықтайтын көрсеткіштердің бәріне кіреді.
1.3.Булануды өлшеу және оның
өлшегіштері
Булануды есептеу (Расчет испарения) — жер
бетінің ылғалдық булануы жөнінде нақты
деректер болмаған кезде булану мөлшерін
есептеулер арқылы анықтау тәсілі.
Булану өлшегіштері - су бетінен булануды өлшеу
үшін қолданылатын аспаптардың толық жинағы.
Мұндай толық жинаққа буландырғыш ГГИ-3000,
жер бетіндік көлемдік бюретка, өлшегіш түтік
кіреді.
2.Конденсация туралы жалпы ұғым
Конденсация (газдың сұйыққа айналуы; condensatio —
тығыздалу, қоюлану) — заттың газ қалпынан сұйыққа
айналуы немесе қатаюы. Конденсация белгілі бір
шектеулі температурадан төмен жағдайда ғана болуы
мүмкін. Мысалы, будың суға айналуы ылғалдылық
молайып, температура төмендегенде, буға қаныққан
ауаның қозғалысы температурасы жоғары жақтан
төменге карай ығысуынан болады.
Конденсация тұман және бұлт қалыптасуы түрінде
білінеді. Конденсация температураның төмендеуінен
немесе қысымының өзгеруінен болады. Булануға
қарама-қарсы процесс.
2.1. Булану аппараттары
Химия және сыбайлас өнеркәсіп өндірістерінде ерітінділерді концентраттау
(қоюландыру) үшін буландыру аппараттарын, сондай-ақ концентраттаудың
қажетті дәрежесіне орай бірнеше буландыру аппараттарынан тұратын
буландыру қондырғыларын қолданады. Осы мақсатта қолданылатын
буландыру аппараттар қыздыру камерасынан және сепоратордан тұрады.
Қыздыру камерасы бастапқы ерітіндіні қайнатуға арналса, сепоратор-
буландырылған ерітіндіден бөлінген екіншілік буды бөліп алып жинауға
арналған. Өнеркәсіпте қолданылатын буландыру аппараттары келесі
белгілері бойынша топтастырылады: аппарат өсінің кеңістікте орналасуына
қарай тік, горизонтал және сирек қиғаш; қыздырылу түріне қарай-бумен,
газбен және жоғарытемпературалы жылутасмалдағышпен(май, даутерлі
және т.б.) және электрлі қыздырумен; жылуды беру тәсіліне қарай қабырға
арқылы (құбырлы, ирекқұбырлы, жейдешелі) және тікелей
араластырылатын (батырылмалы оттықпен); циркуляциялану принципіне
қарай – табиғи және жасанды (мәжбүрлі) циркуляцияланудағы;
циркуляциялану еселігіне қарай-бірреттік және бірнешереттік.
2.2.Буландыру аппараттарының құрылымдары
Булану
аппараттары
Бір корпусты Көп корпусты
Суретте: бір корпусты буландырғыш аппараты
(орталық циркуляция құбыры бар буландыру аппараты)
1-ысыту камерасы;
2-сепаратор;
3-қайнату құбырлары;
4-циркуляциялық құбырлар;
2.3. Булану аппараттарының түрлері
Суретте: ирек құбырлы буландыру аппараттары
1-корпус (тұрқы);
2-булы ирек құбырлар;
3-тамшыұстағыш;
Еркін циркуляциялы буландыру аппараттар
Еркін циркуляциялы буландыру аппараттары құрылымы жағынан
қарапайым болғанымен жылу коэффицентінің төмендігі және аз
өнімділігіне байланысты өндірісте сирек кездеседі.
Табиғи циркуляциялы буландыру аппараттары
Табиғи циркуляция ысытылмайтың циркуляциялық құбыр (1) (9.9-
сурет) және ысытылатың (қайнатқыш) (2) құрылатың жабық жүйеде
пайда болады. Егер сұйық құбырда (2) қайнау темперкатура дейін
ысытылса, онда сұйықтын бір бөлігінің булануы нәтижесінде бұл
құбырда бумен сұйық қоспа пайда болады. Бұл қоспаның тығыздығы
сұйық тығыздығынан аз. Сонымен, ысытылмайтың құбырдағы (1)
сұйық бағанасының салмағы ысытылатың құбырға (2) қараганда көп
болады, және соның салдарынан қалнаған сұйықта мынандай
қозғалыс пайда болады: қайнайтың құбыр (2) - бу кеністігі -
ысытылмайтың құбыр (1) - қайнайтын құбыр (2) және т.с.с.
Суретте:
Ысытатын камерасы аспалы буландыру аппараты: 1 - ысытатын
камера; 2 - сепаратор; 3-циркуляциялы құбыр; 4 -
тамшыұстағыш; 5 - бастапқы ерітінді берілетің құбыр.
Еріксіз циркуляциялы буландыру аппараттары
Мұндай аппараттарға (9.14-сурет) ерітінді насос (4) арқылы
береіледі. Қоюландырылған ерітіндінің бір бөлігі
сепаратордан (2) алынып, калған бө-
лігі циркуляциялық құбыр (3) арқылы насосқа (4) беріледі де,
онда бастпқы ерітіндімен араласады. Аппараттын қайнатқыш
құбырларындағы ерітіндінің жылдамдығы 1,5 3,5 м/с
аралығында болады. Осындай үлкен жылдамдықта жылу беру
коэффициенті табиғи циркуляцияға қарағанда 3 4 есе
көбейеді. Сонымен бірге құбырлар қабырғасы ластанбайды.
Мұндай аппараттарда тұткыр ерітінділерді ысытатын бу мен
ерітінді арасындағы температулар айырмасы 3-4°С болғанда
буландыруға болады.
Кемшілігі: насостын жұмыс істеуіне энергиянын шығындалуы
Қабықшалы буландыру аппараты
Бұл аппараттардың табиғи циркуляциялы аппараттардан айырмашылығы
буландырылатын ерітіндіні құбырлар арқылы бір-ақ рет өтуінде, яғни
ертіндінің циркуляциясы болмайды. Ерітінді құбырдын ішкі беті
бойынша жүқа кабықша түрінде қозғалады. Кұбырдың орталық
бөлігінде оның өсі бойынша екіншілік бу қозғалады. Бұл жағдай
гидростатикалық депрессияның төмендеуіне әкеліп соғады.
Қабықшаның құбыр ішінде бағытына байланысты мұндай аппараттар
қабықша жоғары көтерілетің және төмен ағатың болып бөлінеді.
Қабықша жоғары көтерілетің аппарат (9.15-сурет) ұзындығы 7 9 м,
диаметрі 15 22 мм құбырлар шоғырынан түзілген ысытатын камера
(1) және сепаратордаң (2) құралған. Қайнау температурасына дейін
ысытылған бастапқы ерітінді құбырларға төменгі жағынан беріледі.
Қоюландырылған ерітінді сепаратордың төменгі жағынан, ал екіншілік
бу тамшы ұстағыш (4) арқылы онын жоғары жағынан шығарылады.
Ысытатын камеранын жоғары жағына шағылыстырғыш (3)
орнатылған. Мұндай аппараттар тұтқырлығы аз, көбіктенбейтін және
жоғары температураға шыдамсыз ерітінділерді буландыруда
қолданады.
Қорытынды
Бұл курстық жобада булану, конденсация процестері және
буландыру аппараттары, қондырғылар олардың түрлері және
құрылымдары жайлы толықтай таныстық. Булану
аппараттарының өндірістегі түрлерімен, суреттер арқылы
қондырғылардың әрбір жұмыс атқаратын бөліктерінің
маңызына да толықтай сипаттама берілді.
Булану және конденсация процестерін түсіндіріп, екі процесті
салыстырып, талдап, қорытынды жасалды.
Бұл процестердің қай-қайсысының болсын жекелей бір мәнге
ие екенін түсіндіру арқылы, практикада осы берілген
материалдарды керекті жерінде пайдалануы үшін
түсіндірілді. Сонымен бірге екі процестің артықшылығы,
айырмашылығы, жалпылама мағынасы ашылып, булану
аппараттарының кемшіліктері туралы көрініс берілді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-О.Алмасбеков, С.Наурызова «Жалпы химиялық технология пәнінен қысқаша
дәрістер жинағы»;
-А.Е.Битемірова «Органикалық химия: оқу құралы(Қарағанды 2-ші басылым)
-Ешова Ж.Т «Химиялық технологияның процестері және аппараттары» -оқу
құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2007 жыл;
-Пафлов К.Ф., Романков П.Г.Носков, А.А «Химиялық технологияның процестері
және аппараттары, мысалдар және есептер» (қазақшаға аударылған нұсқасы),
Шымкент қаласы 1992-2000 жж;
-Ғаламтор материалдарынан:
https://ppt-online.org/626745
https://kursovyebest.blogspot.com/2019/07/blog-post_6396.html
https://helpiks.org/8-85365.html
https://kk.wikipedia.org/wiki/Булану
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz